Бағдарламасы силлабус Дәрістер



бет4/6
Дата07.11.2016
өлшемі2,1 Mb.
#1216
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдармала бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Медицина тарихының анықтамасы, оның міндеттері.

  2. Медицина тарихының зерттеу көздері.

  3. Халық медицинасы мен гигиенаның пайда болуындағы әйелдердің ролі.

  4. Ауру жөніндегі діни түсініктер, ата-баба рухына сену, шамандық және т.б. пайда болуы.

  5. Медицинаның ары қарайғы дамуындағы алғашқы емшілдіктің маңызы.


Әдебиеттер:

  1. Заблудовский П.Е., Крючков Г.Р., Кузьмин М.К., Левит М.М. История медицины. – М., 1981. – 352 с.

  2. Мультановский М.П. История медицины. – М., 1967. – 272 с.

  3. Сорокина Т.О. Атлас истории медицины. – M., 1987. – 166 с.

  4. Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2005. – 560 с.

  5. Итоги и перспективы исследований по истории медицины / Под редакцией М.И. Барсукова. – Кишинев, 1973. – 503 с.


Тақырып 2. ЕЖЕЛГІ Шығыс елдер медицинасы.

Мақсаты: Көне дүниедегі елдерге қысқаша сипаттама жасау. Құлиелену кезеңіндегі кәсіби медицинаның пайда болуының негізгі тарихи заңдылықтарын баяндау. Көне Египет, Вавилон, Ассирия, Грекия және Рим медицинасының жетістіктерін талдау. көрсету. Қазақстан территориясындағы халық медицинасы жөнінде және оның медицинаның кейінгі дамуындағы маңызын көрсету.

Ежелгі дәуір қоғамындағы медицина дамуының жалпы көріністері. Медицинаның дамуы алғашқы қауымдық құрылыстан құл иелену қоғамына ауысуымен байланысты. Ең алғашқы құл иелену қоғамының белгісі пайда болған Мысыр мен Шумер жерлері. Оларда бұл өзгеріс біздің заманымызға дейін (б.з.д.) , шамамен ІV мыңжылдықта қалыптаса бастаған.

Құл иелену қоғамында адамзаттың даму жолы бір саты жоғары көтерілді. Себебі құл иелену заманында әр түрлі кәсіби мамандықтар пайда болады, соның ішінде емдеу де кәсіби жұмыс болып бөлініп шығады.

Көне замандағы мемлекеттердің құрамында, мысалы: қазіргі Кипр, Турция, Сирия, Ливан, Ирак, Иордания, Аравия т.б. болды. Көне мемлекеттердің әр қайсысының дамуының жалпы ерекшеліктері болғанымен олардың сәйкестігі де аз емес, оларға:



  • Жазудың пайда болуы (жаңа дәуірге дейін IV мыңжылдық). Ал ІІІ мыңжылдықтан бастап медициналық жазбалар кездеседі.

  • Медицинаның екі түрі қалыптасады эмпирикалық (тәжірибелік халық медицинасы), діни медицина (храмдық, монастырлық).

  • Аурудың пайда болуы туралы түсінік (табиғи, моральдық-этикалық, діни-мистикалық).

  • Дәрігерлер дайындау (отбасы мектебі, жалпы дәрігерлер мектебі, көбнесе храм жанында).

  • Санитарлық техникалық құрылыс (су құбыры, монша т.б.), санитарлық гигиеналық дағдылар.

  • Емшілердің көбнесе сәйкес бөлінуі және байлардың, кедейлердің емшілеріне бөлінуі.

  • Дәрігерлік этиканың қалыптасуы.

Құл иелену дәуірінң ерекшелігі медицина туралы алғашқы жазбалардың болуы. Ең алдымен бұларға Египет (Мысыр) папирустары жатады, олар көне храмдардың орнынан табылған.

Ал қыштан жасалынған жазбаларда көне Вавилон медицинасы туралы айтылған. Кезінде Вавилон патшалығының құрамында Армения, Азербайжан, Хорезм, Грузия жерлері болған. Сондықтан бұл медициналық жазбалар осы елдердің де межицинасын сипаттайды деуге болады.

Аса маңызды медициналық әдебиеттің ескерткіші ретінде Грек, Қытай және Үнді дәрігерлерінің шығармаларын алуға болады. Бұлар нағыз медициналық қолжазбалар. Олардың мазмұны көбіне дәріні дайындау туралы нұсқаулар. Құл иелену заманында медицинаның эмпирикалық (тәжрибелік) түрімен қатар храмдық медицина қалыптасты. Осыған орай қоғамда діни жұмыс атқаратын адамдар (жрецтер) пайда болды. Жрецтердің өздерінің емдеу әдістері болмаған, олар түгелдей халық медицинасының жетістіктерін пайдаланған. Жрецтердің негізгі мақсаты көпшілікті өздеріне бағынышты ету, тыңдату. Ол үшін олар адам денсаулығына, жан күйіне әсер ететін күннің, жұлдыздардың сәулесі, ал жұлдыздар жоғарыдағы «күшке» бағынады деген.

Көне мысыр елінде дәрігерлер мамандық бойынша бөлінген. Атақты грек дірігері Геродот б.з.д. V ғ. Мысырға барғанын айтады және сол көне Мысыр елінде әрбір адам мүшесін емдеуші бар дейді. Тіпті ежелден оларда дәрігерлік косметиканың дамығаны белгілі. Әрине мұндай операцияны жасатуға тек қана ақсүйектердің мүкіншілігі болған. Сол сияқты емдеудің кейбір түрлері уқалау, өте күрделі құрамы бар дәрілер т.б. тек қана қаражатты адамдар үшін болған.

Сонымен құл иелену қоғамында көне Шығыс елдерінде: Қытай, Үнді, Месопотамия, Мысыр, Урарту (қазіргі Армения жері), Иран, Хорезм т.б. бұрынғы заманға сай негізгі белгілерін сақтағанымен, өз қоғамының дамуына сәйкес жаңалықтар енгізді. Олар:


  • Эмпирикалық халық медицинасының дамуымен қатар, храмдық-теургиялық медицина қалыптасты. (Месопотамияда, кейін Ассирияда).

  • Кәсіптік және ақсүйектерге арналған дәрігерлік әдістер дамыды.

  • Медициналық жазу және заңдарды қабылдау бастамасы болды.

  • Ауруханалық көмек көрсетудің алғашқы белгілері пайда болды.

Ежелгі Үндістан мен Қытай медицинасы. Көне Үндістан медицинасының басты әдеби жазбалары болып үш «Аюр-Вед» кітабы табылады. Үш кітап түрлі авторлармен жазылған. Ең бастысы б.з.д. ІІғ. Сушрута дәрігерінің «Аюр-Веді». Оның негізгі мағынасы мынада:

« Сушрута адам табиғаты жөнінде сұрақ қойып, оны бес космостық элемент жөніндегі ілім негізінде шешеді. Сушрута жаңалығы – аурудың этнологиялық факторы ретінде тамақтануды, климат, жеке бас гигиенасын сақтамау, сонымен қатар, құдайлардың ашулану нәтижесі» деп те атайды.

«Аюр-Ведте» 150 жедел және созылмалы аурудың белгілері келтіріледі: мидың, жүректің, терінің, зәр шығару жолдарының, буындардың және т.б. 760 шөп-дәрілер мен рецепттер сипатталған. Жануар және минерал текті заттарды пайдалану көрсетілген: сүт, май, сынап. Дәрілік заттар әсеріне қарай бөлінген: тер шығарғыш, құстырғыш, іш-зәр айдағыш, наркотикалық, қоздырушы т.б. 120 хирургиялық құралдар мен операциялар сипатталған: қан ағызу, ампутация, жарықты алып тастау, тасты алып тастау, лапротомия, бетке пластикалық операциялар (үді әдісімен), бірқатар акушерлік әдістер. Диета, серуен тағайындауға көңіл бөлінген.

Қытайда вариолация кең тарады. Гигиена мен профилактикаға байланысты қытай медицинасында жалпы күштендіретін емге аса көңіл бөлінді: диета, массаж, су процедуралары, күнге қыздырыну, емдік гимнастикаұ

Өсімдік текті дәрілерден: адам тамыр, лимон, үнді коноплясы, жас бамбук бүйректері, шай, пияз, сарымсақ, смола, аконит және т.б.

Әмбебап әдіс ретінде қытай медицинасында «акпунктура» - үшкір инемен шаншу қолданылады. бұл шаншулардың қоздырушы кейде тыныштандыру әсері болды. Басқа сипаттаушы әдісіне өмірге маңызды нүктелерін шөп түйінділерімен күйдіру – «мокса» жатады. Жансыздандыру үшін мандрагора сығындысы, гашиш қолданылды.

Ежелгі Греция және Рим медицинасы.

Көне Грекия тарихы бес кезеңнен тұрады.



  1. Эгей заманы б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық

  2. Мемлекеттік дәуірден бұрын б.з.д. ХІ-ІХ ғ.ғ.

  3. Мемлекеттік дәуір б.з.д. VIII-VI ғғ.

  4. Классикалық дәуір б.з.д. V-IV ғғ.

  5. Эллинистикалық б.з.д. IV ғ. екінші жартысы б.з. І ғ.

Осы елдің алғашқы әдеби мұралары Гомердің этикалық поэмалары (Гомердің өмір сүрген мезгілі әр түрлі көрсетіледі б.з.д. ХІ-VIIIғғ. аралығы). Оның дүние жүзіне белгілі шығармалары «Иллиада мен Одиссей» - көне заманнан қалған медицина туралы жалғыз ғана мәлімет көздері. Бұл кітаптарда көне грек медицинасының шамамен б.з.д. ХІІ-VІ ғғ. дамуы, жетістіктері жазылған.

Грек медицинасының келесі даму жолдары медицина әдебиетінің атақты ескерткіші « Гиппократ жинақтары». Бұл жинақ шамамен б.з.д. ІІІ ғ. жазылған, бұның құрамына ежелгі замандағы грек дәрігерлерінің шығармалары және Гиппократтың шығармалары кірген.

Тарихи кезеңдерде «Көне Рим» деген ұғым бірнеше рет өзгерген: алғашқы-қала мемлекет болса кейін Рим республикасынанҰлы Рим империясынан дейін дамыған.

Рим тарихында патшалық дәуірден республикалық кезеңге ауысуы шамамен б.д.д. 510 ж. Болған делінеді. Медициналық саласында бұл кезеңде Римде санитарлық заңдар, санитарлық техникалық құрылыстар; кәсіби-дәрігерлер, медициналық ісінің орнығуы және дамуы оны мемлекеттік реттеу, медицинада материалистік бағыт қалыптасу болады.



Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдарлама бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі дәуір қоғамындағы медицина дамуының жалпы көріністерін атаңыз.

2. Ежелгі Вавилон мен Ассириядағы медицинаның даму ерекшеліктерін атаңыз.

3. Ежелгі Қытайда қандай емдеу әдістері қолданылды.

4.. Ежелгі Грекия тарихындағы қандай тарихи кезеңдер белгілі.

6. Ежелгі Қазақстан халық медицинасы мен емдік заттарының маңызы.



Әдебиеттер :

  1. Бигалиева Р.К. Бүкіләлемдік медицина тарихы. – Алматы, 2004. – 390 б.

  2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

  3. Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2005. – 560 с.

  4. Свиридова Л.Е. Вглядимся в прошлое. Из истории здравоохранения и медицины Северного Казахстана. - М., 1990. – 174 с.

  5. Уразаков Е. Казахская народная медицина. – Алматы, 1989. – 140 с.



Тақырып 3. ЕРТЕ ЖӘНЕ ДАМЫҒАН ОРТАҒАСЫРЛАР МЕДИЦИНАСЫ

Мақсаты: Византия мен Араб халифаттарындағы медицинаның дамуына қысқаша сипаттама. Ерте және орта ғасырлардағымедицина дамуының негізгі тарихи заңдылықтары. Византия, Араб халифаттары және Орта Азиядағы медицина жетістіктерін талдау. Азия халықтары медицинасы жетістіктерін талдау. Азия халықтары медицинасы жетістіктерінің дүние жүзі медицинасының дамуына әсерін көрсету.

Феодализм дәуірінде медицинаның дамуы үш кезеңмен байланысты: Ерте заман (V-X ғ.ғ.)



  • Классикалық (дамыған) заман (XI-XV ғ.ғ.)

  • Соңғы ортағасырлық кезең (XV – XVII ғ.ғ.)

Осы үш кезеңде де феодальдық қоғамның дамуының әр елде ерекшеліктері болды. Батыс Еуропа елдерінде діни ұғымның кең таралуының салдарынан ғылымның дамуына көп кедергі жасалды. Керісінше Шығыс мемлекеттерінде феодализмнің алғашқы кезеңінде-ақ ғылымның, оның ішінде дамуына жол ашық болды.

Византия империясында медицинаның дамуы (395-1435). Рим империясы ІV ғасырдың басында екіге бөлінді, оған себеп құлдардың тәуелсіздік алу қозғалысы мен басқа елдер жағынан шапқыншылықтың көбеюі. Сондықтан император Константин(306-337) астананы Римнен Византияға ауыстырады. Империя екіге бөлінеді: Батысқа және Шығысқа. Византия Римнен бөлінгенмен кейінде әсіресе, денсаулық сақтау жүйесінде және медицина білімін беруде Рим империясының дәстүрін жалғастырады. Сол кездегі ірі-ірі қалаларда (Константинополь, дамаск, Александрия, Антиохия және т.б.) жекеменшік ауруханалар мен олардың жанынан ашылған медициналық мектептер болды. Қалаларда әрбір квартал басында үй иелері арасынан коллгия тағайындалды. Олардың міндеті санитарлы не полициялық қадағалау жүргізу болды.

Сөйтіп орта ғасырларда жұқпалы аурулар тез тарап, ел арасында эпидемиялар көп зиян келтірген. Ол кезде барлық жұқпалы ауруларды жалпы бір сөзбен атаған «оба» немесе «ажал». Бірақ сол кезден жеткен деректер бойынша «оба» деп әртүрлі жұқпалы ауруларды біріктірген (оба, шешек, сүзек, іш сүзегі, тырысқақ).

Сонымен қатар ауруханалардың ол замандағы тағы бір түрі жұқпалы ауруларға арналған «изоляторлар», кезбешілерге, қарттарға, мүсәпірлерге, емделінбейтін ауруларға арналған орындар (приют), шіркеулер (богадельни) ашылған. Ауруханалар және де «ксенодохий» атты немесе «бөтен адамдар» үшін деген шетелден келгендерге, саяхатшыларға ашылған үйлерден орын алады.

Осыған орай Шығыс медицинасының аса көрнекті ерекшелігі ең алғашқы азаматтық ірі ауруханалардың ашылуы және кейінірек алғашқы дәріханалардың пайда болуы.

Византия медицинасының ғылымидамуын алсақ ол кезде бірнеше атақты энциклопедиялық білімі бар ғалымдар болған. Олардың ішінде Образий (ІV ғ) , Аэтий Амидийский, Александр Тральский (VІ ғ), Павел Эгинский болып жеткен антикалық медицинаның ғылыми байлығын біркелкі жүйеге келтірген. Ғалымдардың ізденістерінің арқасында Византия ІХ ғасырда алғашқы алғашқы жоғарғы мектептер ашылады, бұл оқу орындарында фәлсафалық, математикалық, астрономиялық, филологиялық пәндермен қатар оқу пәні жеке түрде, шеберлік кәсіп ретінде болған. Ал Византия дәпігерді дайындау алғашқы рет ғылыми-оқулық мекемеде болған және басқа да ғылымдарға үйретумен тығыз байланыста жүргізілген.

Араб халифаттарындағы медицинаның дамуы. VІІІ-ІХ ғғ. Шығыс елдерінде және Араб халифатында қоғамның жалпы даму жолы жоғары деңгейде болған.

Айта кететін жағдай VІІ ғасырдың басында ислам дінін тарату ойымен арабтар Шығыс елдерінің біразын жаулап алады, олардың ішінде ең біріншілері Иран мен Византия болған, кейіннен басқа мемлекеттерді де басып алған. Сондықтан VІІІ ғасырдың ортасында араб халифатының (мемлекетінің) құрамына Аравия, Иран, Сирия, палестина, Мысыр, Армения, Орта азияның бір бөлшегі, Африканың барлық солтүстік жағалауы кірген. Ал, 582 ж. Қазаққа араптар шабуыл жасады, 650 жылдары қазақты арап билеген. Шығыс елдерінде, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан елдерде, Орта азияда және біздің қазақстан жерінде 1930 жылға дейін арап жазуын қолданды, араб тілі негізгі тіл болып есептелген.

Шығыс ғалымдары алғашқы рет спирт, хлорлы сынап, азот және тұз қышқылын шығарған. «Алкоголь» деп аталуы осы шығыс елдерінен тараған.

Орта ғасырларда атақты ғалымдар, ойшылдар, энциклопедиялық біліиі бар ұстаздар Орта Азияда және қазақ жерінде де жетерліктей болған. Олардың ішінде сол кездің өзінде атақтары бүкіл жер дүниесіне тараған Әл-Хорезми, Әл-Бируни, Әл-Фараби, Абу Али Ибн Сина (Авиценна), Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы т.б болған.

Олар келесі ұрпақтарға зор рухани байлық қалдырды, ғылыми еңбектерін зерттей отырып сол замандағы біздің еліміздің өркениеттілік деңгейі, мәдениеті туралы деректер аламыз, себебі, бұл ғалымдар өздерінен бұрын өмір сүрген ғалымдардың еңбектерін игеріп, өз заманында ғылымның дамуына үлес қосқан.

Түркі қағанаттары құлағаннан VІІІ ғ. Соң дала мәдениетімен қоса қала мәдениетінің өркендеуі қазіргі Қазақстан жеріне – Жетісу мен сыр бойына ауысады. Дәл сол кезеңде қазіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім ас сәни» - мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр Әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ емес-ті.

Орта ғасырлар дәірінің ғылыми медицинасы (VІІ-ХV ғ.ғ). Әл-Фараби(875-955 жж), Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы.

Әл-Фарабидің фәлсафалық-медициналық түсінігінде табиғи өиір, от, ауа, су, жер болып келетін төрт элементтен құралады деген. Сондықтан, медициналық дәрігердің құрамында суық, ыстық, құрғақ және сулы деп төртке бөлген.

Әл-Фарабидің көпке танымал болиаған дәрігерлік-фәлсафалық трактатттары бар. Бұл еңбектер Өзбекстанның Әбу-Рейхан Бируни атындағы шығыстану институтында сақталған. Әл-Фараби медициналық-фәлсафалық ілім туралы былай дейді: «Медицина тәжірибеден туындаған ілім, өзіне сай белгілі заңдылықтары, аурудың түріне лайықты оның неден пайда болатынын, қалай емдеу керектігін анықтап, адам тәнінің сау болуы үшін күрес жүргізетін сала». Осы уақытқа дейін медицинаға анықтама бұдан нақты түрде әлі айтылған жоқ деуге болады.

Әл-Фарабидің еңбектері сонау ежелгі заманнан (ХІІІ-ХІV ғ.ғ) бері аударылып, жарыққа шығарылып келеді. ХІХ ғасырда М.Штейннедердің, Фр.Дитрицийдің еңбектерінің арқасында Әл-Фараби қолжазбаларының текстерін «Адам дене мүшесінің бөлшектері және күші»,(Қайырымдылар қаласы тұрғындарының көзқарастары» және т.б. (1895 ж) сын көзімен қарап зерттеудің берін геізі салынжы» - дейді зерттеуші ғалымдар. 1975 ж. Әл-Фарабидің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары» атты жинақ. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасынан шықты. Бұл кітаптың құрамына 4 трактат кірді:

- «Бақыт жолын сілтеу»;

- «Азаматтық саясат»;

- «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері»;

- «Бақытқа жету жайында».

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – ғұлама, қараүзген шипагер, жаһангер, этнограф, тарихшы, философ, ақын, астроном, биолог, химик, психолог, географ, ұстаз, этика, моральдың асқан білгірі. Ұлы баба 1397 жылы туып, 1492 жылы 95 жасында дүние салады. «Шипагерлік баян» - 15 ғ. жазылып, араға бес ғасыр салып, сағындырып жеткен, сөйтіп қолымызға тиген, бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған ұлттық мәдениетіміздегі елеулі құбылыс, асыл кітап, қасиетті қазына.

Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдармала бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:

1. Араб халифаттары билігіндегі территорияның қысқаша тарихы медицинаға тән көріністері.

2. Аль-Рази (850-923), оның еңбектері және олардың медицинадағы маңызы.

3. Ибн-Сина (980-1037), оның еңбектеріндегі медицинаның теориялық және практикалық сұрақтары.

4. Аль-Фараби (870-950), ғалымның қысқаша өмірбаяны, медицина сұрақтары бойынша негізгі трактаттары.

5. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – атақты емші, ғалым, «Шипагерлік баян» энциклопедиялық еңбегінің авторы. – Алматы. 2002 ж.



Әдебиеттер:

1.Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

2.Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2005. – 560 с.

3.Абдуллаев К.А., Тулеубаева А.К. Курс лекций по истории медицины. – Алматы. – 2003. -112 с.

4.Тульчинский Т.Х., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999. – 1049 с.

5.Тынышпаев М. История казахского народа. - Алматы, 1993.





Тақырып 4. ОРТА ҒАСЫР СОҢҒЫ КЕЗЕҢІ МЕДИЦИНАСЫ. ЖАҢА ҒАСЫР МЕДИЦИНАСЫ

Мақсаты: қайта өркендеу дәуірі медицинасы қысқаша сипаттама беру.Құл иелену кезеңіндегікәсіби медицинаның пайда болуының негізгі тарихи заңдылықтарына тоқталу. Орта ғасыр соңындағы медицинаның жетістіктеріне талдау жасау. Қайта өркендеу кезеңіндегіанатомия, клиникалық пәндердеі, хирургияның дамуы туралы айтып беру.

Капитализм кезеңіндегі Батыс Еуропа медицинасының негізгі жетістіктеріне қысқаша сипаттама беру (патологиялық анатомия дамуы, аускультация және перкуссия ашылуы және т.б.). Ресейдегі мемлекеттік медицина туралы деректер және госпитальдық мектептердің ашылуы. Қазақстанда 18 ғ. -20 ғасыр басындағы тарихи ерекшеліктер. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуы мен медицина дамуы арасындағы байланысты көрсету.

XV – XVII ғ.ғ. феодализм дәуірінің аяқталу кезеңі. Бұл уақытта тарихи экономикалық маңызы бар қауымның даму алды деп айтуға болады. Себебі осы кезеңнен бастап өндірістің алғашқы түрі мануфактура пайда болады, сауда – сатықтың кеңейуі байқалды: осының бәрі жұмысшылардың бір жерде шоғырлануына, қарым– қатынастың көбейуіне себеп болды да түрлі өнер заттарын көбірек өндірілуі талап етіледі.

Қайта қркендеу жаратылыстану, оның ішінде физиологияның да, дамуына әсер еткен ағылшын фәлсафа және саясиқайраткері Френсис Бэкон (1561-1626) болды. Ол дәрігер болмасада медицинаның даму жолдарының бағыты туралы айтқан. 1620 ж. Шыққан «Жаңа органон» деген кітабында медицинаның негізгі үш мақсаты бар деген. Олар: денсаулықты сақтау; аурудан жазу; өмірді ұзарту.

Ф.Бэкон медицина ғылымының даму жолдарын болжауда бірнеше ғасырлар бұрын негізгі бағыттары туралы айтқан. Мысалы, дені сау адам анатомиясымен қатар, аурудың анатомиялық өзгерістерін зерттеу, жансыздандыру әдістерін табу,ауруды емдеуде табиғи факторларды кеңінен пайдалану жәнешипалы суларды пайдалануды дамыту туралы.

Ф.Бэконның замандасы аса ірі француз ғылымы Рене Декарт (1596-1650) болған. Ол жаратылыстануда және медицина да «Ядрофизика ( iatros- дәрігер және physis-табиғат ) деген жаңа бағытты қалыптастырған. Онда барлық тірлік физикалық, яғни механикалықзаңдарға бағынады және негізінде болады деген

Осы дәуірінің жаратылыстанудағы тағы да бір жаңа бағыты ятроматематика (сандар қатынасы туралы) ғылым және ятромеханика( қару, машина т.б., туралы). Ятромеханика ұғымы бойынша тірі жан машинаға ұқсайды,себебі ондағы болатын барлық үрдістерді математика және механика арқылы түсіндіруге болады делінген. Ятромеханиканың негізгі ережелері «Жануарлар қозғалысы туралы» деген Джованни Бореллидің (1608-1679)еңбегінде жазылған. Бұл ғалым биомеханикалық негізін қалаушы деп саналады.

Қайта өркендеу дәуірінде зиялы ғалымдарзерттеу жүргізгенде өздерінің тәжірибелікжұмыстарының нәтежиелерінесүйене отырып қоғамдағы өзгерістерге жаңа түсініктеме берген. Бұл дәуірдің мәдениетенің, ғылымының алдына қойған мақсаты адам денесін зерттеу болады. Антикалық фәлсафаалық заманның ережесі «өзіңді өзін таны» деген адамның физикалық дүниесін білу яғни анатомиялық құрылымын жете зерттеу болды. Ол кезде анатомиямен дәрігер емес адамдарда шұғылданған. Солардың ішінде аса ірі суретші Леонардо да Винчи (1452-1519) де болған, бұл қайта қркендеу дәуірінің мәдениетінің атақты қайраткері. Ол анатом Торре мен бірге Солтүстік Италия ауруханаларда мәйітті ашып өзі әзірлеген анатомиялық препараттардан көптеген суреттер салған, олар қазірде әлемнің бірнеше мұражайларының қоймаларында сақталуда. Қайта өркендеу дәуірінде адам анатомиясын зерттеуші туралы, оның ағзаларының қызметіжөнінде нақты да толық та қғым қалыптастыруға үлес қосқан. Осындай қиын заманда христиан дінінің адам денесінің зерттеуге тыйым салынған кезде ғылыми анатомияның негізін қалаған XVI ғ. Дәрігері Андрей Везалий (1514-1564).Ол бірінші блып анатамияны ғылым деңгейіне көтерген. А.Везалий Падуан университетінде оқыған, ол оқу орнында сол кезде Еуропадағы ең жақсы анатомиялық мұражай болған және атақты анатомиялық – физиологиялық мектеп қалыптасқан. 1537 ж. А.Везалий осы Падуан университетінің профессоры болып тағайындалды да анатомиялық зерттеу жүргізугемүмкіншілік туды. Ол өзінің зрттеулерінің нәтежиесінде Галеннің анатомиясыныңбіраз қателерін анықтайды. Сонымен қатар А.Везалий кіші қан айналым шеңберін ашу негізін қалаған. А.Везалийдің еңбектері осыуақытқа дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Оның кітабындағы суреттерді сол заманның ең жақсы суретшілері салған. Адам денесінің мүшелерінің қимылын нақты түрде суреттеген. Кейін А.Везалийдің шәкірттері, оның зертеулерінің анатомия үшінүлкен жаңалық екеніңдәлелдеген.

Реальдо Коломбо (1516-1559), испан ғалымы М.Сервет өкпе арқылы өтетін кіші қан айналым шеңбері туралы жазған. М.Серветті Швейцарияда 1553 ж. Зерттеулері дінге қарсы деп тірідей отқа салып ,өртеген. Габриэль Фоллопий (1523-1562),А.Везалийдің зерттеулерін толықтырып,кейбір жерлеріне өзгерістер енгізген. Бұдансоң Джероламо Фабриций (1530-1619) көк қан тамырлары қақпашықтарын ашқан. Сөйтіп кейін барлық қан айналым жүйесін зерттеуге негіз жасаған. Бұл ғылымы жұмысты ағылшын дәрігері Уильям Гарвей, сол Падуя университетінің шәкірті,аяқталған.

Осы заманда физиологиялық білімнің дамуына зор үлес қосқан ағылшын дәрігері Уильям Гарвей (1578-1657) болған. Ол Падуя университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде қан айналым зерттеумен шұғылданған. 1553 ж. Испандық дәрігер,фәлсафа зерттеуші Мигель Сервет (1509-1553) Еуропада ең бірінші болып өзінің «Христиан дінінің қайта өңделуі» деген кітабында кіші айналым шеңбері туралы жазған. Бірақ М.Серветтен кейінде қан айналым зерттеу жалғастырылған. Осындай ғылыми жетістердің бәрін ескере отырып, талдау жүргізіп математикалық есептеу арқылы У.Гарвей қанайналым жүйесінің теориялық негізін қалаған.

Қайта өркендеу кезеңінде көзге түскен дәрігерлердің ішіндегі ең атақтысы Тефраст Парацельс (1493-1541) болды, ол Швейцарияның тұрғыны болған. Феррариде оқып солтүстік Италиябілім алған. Парацельс «Дәрігер ережесі-ол тәжірибе» деген түсінік қалыптастырған. Ол дәрігер ғалымдарға жұмысты химиялық лабораториядан бастап істеулері керек деп бұйырған, өйткені денеге жүріп жатқан құбылыстар – химиялық құбылыстар деп түсінген еді. Қазба байлықтарын табатын адамдармен, литейщиктердің жұмыстарында қандай денге зиянда заттар бар екен ін тауып жазған.Дәрі жасау жағынан парацельс былай деген: Барлық заттар «у»,болады, олардың улық қасиеті ешқашанда жойылмайды. Егерде оның мөлшері дұрыс болса, ол «ем дәрі » көп болса «у» -деген.

Орта ғасырларда да және қайта Өркендеу дәуірінде де Батыс Еуропада медицинаның даму тарихында Шығыс елдеріне қарағанда ерекшеліктер болған. Себебі Шығыс елдерінде хирургия медициналық қыщметтің арнайы бір бұтағы ретінде бқлініп шығып дамыса, Батыс Еуропада дәрігерлер мен хирургтар арасында айырмашылық көп болған. Дәрігерлер «докторлар» медициналық университеттерде білім алған, ал хирургтардың ғылыми білімі болмағандықтан, оларды дәрігірлерсанына қоспаған. Сондықтан олар өздерәнше бірігіп ұйым «корпарация цех» құраған. Ол кездегі хирургтар үш кәсіби деңгейге бқлінген. Біріншілер күрделі ота жасайтын болған (тасты кептіру һзжағына алып тастау және т.б.). бұлар ұзын киімкиетіндер деп аталған («длиннополные - деген»).Екіншілер «кіші» хирургия немесе тіс жұлу, қан ағызу және т.б. Олар қысқа киім киетіндер деп аталған (« короткополые»). Ең төменгі кәсіби деңгейдегі хирургтар, олар қарапайым қызмет атқаратындар болған. Мысалы, моншашылар, сүйелдерді кесушілер және т.б.

Хирургияда осындай бұрыннан қалыптасқан ұғымға қарсы шыққан француз хирургі Амбраз Паре (1510-1590) болған.Дәрігерлік білімі болмаса да 1536 ж бастап әскери хирург болып қызмет атқарған. А.Паренің оқ дәріден болған жараны емдеудің жаңа әдістерін, емдеу туралы ілімі, оның медицина ғылымының дамуына қосқан зор үлесідеп есептелінеді. А:Паренің хирургияға қосқан тағыда көп жаңалықтары болған. Олар көптеген хирургиялық құрал- жабдықтары жасап енгізу; жасанды қолдың, буындардың нұсқасын жасап және сызып суреттерін қалдыруы, кейін дәуірінің ғалымдары кейінгі заманда медицина ғылымының дамуына көп жаңалық енгізіп ғылымында шындыққа, адамгершілікке жол ашқан келешекке тарихи және мәдени мұра қалдырған деп есептелінеді.

Капиталистік өндірістің алғашқы белгілері Англия, Франция, Жерорта теңізінің кейбір қалаларында XVI – XVII ғасырларда анықтала бастаған.Сондықтан тарихта XV соңы мен – ші ғасырдың XVI ғасырдың алғашқы "капитал жинау кезеңі" деп аталса, бұл уақытта ұзақ өндірістер еріксіз жойылып, жұмыссыздар саны көбейіп, ел арасында жоқшылық орын алады.Жұмыс жағдайының қиындығынан олардың денсаулығына көп зиян келтіріліп, ауру деңгейі өседі;адамның өмір сүру ұзақтығы азаяды өлім саны жоғарылайды.

Келесі кезеңде XVII – XVIII ғасырларда медицинаның тағы бір саласы дами бастайды.Ол патологиялық анатомия, оның негізін қалауДжовани Батиста Морганьи (1682-1771 ж.ж.),туған жері Италия.Сол кездегі аса атақты анатом Вальсальвадан Болония университетінде анатомия кафедрасын басқарған.1711 жылдан Падуя университетінде анатомия кафедрасын басқарған. Ал 1761 ол өзінің еңбегі "Анатом ашқан аурудың себептері және оның орныққан жері" – деген кітабын шығарды.Ол кезде бұл ілім "патологиялық анатомия" деп аталмаған.Д.Б.Морганьи аурудың салдарынан әртүрлі ағзалардың өзгеріп зақымдалуын толық сипаттаған, аурулардың түрлері туралы, олардың себептері туралы түсінікті кеңейтті.

Батыс Еуропада XIX ғасырда физка, химия, зор дамыды, осыған орай медицинаның да ғылыми негізі қаланды.Клиникалық пәндердің дамуына аса көп әсер еткен қалыпты анатомияның, тәжірибелік медицинаның,физиологияның, микробиологияның дамуы. XIX ғасырда бірінен соң бірі аурулардың жаңа түрлері ашылып, олардың сипаттамасы беріле бастады, өте көп жаңалықтар мен өзгерістер аурудың түрлерін анықтауда және емдеу әдістері де болды. XIX ғасырдың басында терапияға екі жаңа зерттеу әдістері енгізіледі:перкуссия және аускультация.

Вена дәрігері Леопольд Ауэнбруггер (1722-1809 æ.æ.), перкуссия (ауырған ағзаны анықтау үшін саусақты белгілі әдіспен тықылдатып дыбыс өзгеруі арқылы зерттеу) әдісін ашып енгізген.Ол 1761 жылы латын тілінде "Жаңа әдіс арқылы адамның кеуде қуысын тықылдатып іштегі ауруларды анықтау" шығармаысн басылымнан шығарды.

Клиникалық медицинаның дамуына маңызды әсер еткен келесі әдіс, аускультация(тыңдау).Бұл француз дәрігері Рене Лаэннектің (1781-1826 ж.ж.),еңбектерінің нәтижесі.1819 жылы Р.Лаэннек өзінің атаққа ие болған "Аускультация туралы немесе өкпе мен жүректің ауруларын анықтау" деген кітабын басылымнан шығарды.Мұнда ол аурулардың түрлерін ажыратуға жаңа әдісті қолданғанын баяндады.Тыңдау үшін стетоскопты түрлі жеңіл ағаштан немесе қамыстан жасауға болады деп жазды.Стетоскоп арқылы тыныс алу, жөтел түрлерін, сырыл, металл дыбыстарын ажыратты, бірақ жүрек ауруларының түрлерін Р.Лаэннек анықтай алмады.Ал 1838 жылы "Кеуде аурулары туралы ілім" атты атақты шығармасында перкуссия мен аускультацияны қолдану арқылы алынған нәтижелері туралы жазды.



Л.Пастер(1822-1895) атақты француз ғалымы, білімі жағынан химик. "Адамзат қорғаушысы" деген атаққа шындығында еңбек сіңірген.Химик ретінде ол басында жүзім қышқылдарының микробиологиялық қасиеттерін зерттеген.Сосын ол ашу құбылысын зерттеді.Шарап пен сыраның ашып кету жағдайларын зерттей келе Пастер ашу процесінің арнайы микробтарға байланысты екендігін анықтайды(1857).Ол аэробты және анаэробты микробтарды ашты.1865 жылы Пастерге жібек құрттарының ауруларын, ал 1877 ж қойларда кездесетін сібір түйнемесін және тауықтардағы тырысқақты зерттеу ұсынылады.Бұл зерттеулер арқылы Пастер жұқпалы аурулардың микробтық табиғатын анықтайды.Сібір түйнемесі бойынша Пастердің кейінгі зерттеулері 1881жылы оған қарсы, алдын алушы екпені егуді қолдануға әкеледі.1885 жылы Пастер өз атын көпке таратқан құтыруғам қарсы егу әдісін ойлап табады.Пастердің бұл тәжірибелері Ресейде ерекше қызығушылық тудырады.Құтыруға қарсы егу станциясы Парижден соң 1885 жылы алғаш рет И.И.Мечниковтың ұйымдастыруымен Одессада ашылады.Сол жылы антирабикалық лабораториялар Петербург, Мәскеу,Варшава, Самара қалаларында ашылады.

Ресей территориясында денсаулық сақтау элементтері ежелгі славяндар кезеңінде басталған (IX). Медицина дамуы мен медициналық істің дамуына Петр I үлкен қызығушылық білдірді. Оның есімімен Ресейдегі алғашқы анатомиялық өлікті ашу, Н.Бидлоо (1670-1735) басшылығымен Мәскеуде алғашқы госпитальдық мектептер мекемелері (1707 ж) байланысты.

Орыс медицинасының жедел дамуы 18 ғ. 1764 ж Мәскеу университеті және медицина факультетінің ашылуынан басталды.

Қазақстан аймағында медицинаның дамуының ендігі бір кезеңі XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Ресейге қосылуынан басталады.

Қазақ жеріндегі алғашқы медицина қызметкерлері 1731 жылы кіші жүз қазақтарының қосылуына байланысты патша үкіметі құрған Шекара комиссиясының дәрігерлері еді.(Бқл аймақ негізінен Қазақстанның батыс бөлігі).Ал Орталық және Солтүстік Қазақстанда алғашқы медицина қызметкерлері 1740 жылдан кейін Қазақ хандығынан Орта тайпаларыРесейге қосылғаннан соң келе бастады.Олар алдымен әскери қызметкерлерді, көшпенді орыс қазатарды қамтамасыз етті.Орта буынды медициналық қызметкерлерді дайындау шаралары тек 100 жылдан соң шешек ауруының тарауымен(1829 - 1831) байланысты болды.

Содан тек қана 1832 жылдың 15 наурыз айында Азия комитетінің ересжесі бойынша Кіші жүздің халқына қызмет көрсететін дәрігер ұстауға рұқсат берілді.Бұл қызметті алғаш иеленген Александр Андреевич Сергачев болатын.Ордаға жүрер алдында хирург аспаптары және керек бола қалар деп біраз дәрі –дәрмек берілген.Ал бұдан басқа шығындарды Хан ордасынан мойына жүктеген.А.А.Сергачев ішкі Ордаға 1832 жылы өз еркімен келген.Сондықтан кейін басқа жерге ауысып кеткен 1836 жылдан 1838 жылға дейін ішкі Ордада дәрігер болмапты.Мұның мәнісі ол кезде дәрігер қызметі тұрақты болмаса керек.Тек 1840-45 жылдары ханның сұрауы бойынша бір дәрігер мен әйел босандыратын маман шақыртылған.Алайда тиісті адам келе қоймай, қызмет орны бос тұрған.Тек 1868 жылғы сәуірдің 24-нде ішкі істер министрлігінің медицина департаменті ішкі ордаға Надежда Лебедева деген әйел босандыратын маманды қызметке жіберді.

XIX ғасырдың 60 жылдары Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталған.Бұл кезең 1861 жылғы буржуазиялық реформа және соған байланысты Ресейде капитализмнің одан әрі дамыған тұсы болатын.1867-1868 жылдардағы реформаларға сәйкес Қазақстанның бүкіл тарихында тұңғыш рет халыққа қызмет көрсетульдшерлері мен әйелдер босандыратын мамандар қызметі енгізілді.Бұл реформа денсаулық сақтау саласында айтарлықтай қалғандай елеулі құбылыс болды.Қазақ халқының сан асырлық тарихында Қазақстан аймағында халыққа жаппай медициналық қызмет көрсетілетін ұйым пайда болды.

1897 жылғы мамырдың 29- да Мемлекеттік кеңес "Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының ояздарында дәрігерлік бөлімдерді қайта құру жөнінде" пікір бекітті.Бұл құжат бойынша ауыл халқына медициналық қызмет көрсетудің учаскелік принциптері көзделді.Ояздар дәрігер басқарған учаскелерге бөлінді.Бір учаскеге ол кезде бірнеше болыс қарайтын болған.1899 жылғы маусымның 11-де "Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының ояздарындағы учаскелік дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қызмет міндеттерін орындау тәртібі туралы " "Нұсқауды" бекітті.

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 1914 жылға қарай барлық 196 дәрігердің 12 маманы қазақтар болды. Алғашқы дәрігер-қазақтар туралы деректі мәліметтер аз: Қарабаев Мұхамеджан Қарабайұлы (1858-1928 ж.ж.), Гүлсім Жаппарқызы Асфендиярова (1880-1941), Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939), Әміре Дұрманұлы Айтбакин, Санжар Жаффарұлы Асфендияров (1889-1938), Қасабулатов Есенгали.

Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдармала бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Медицинада танудың тәжірибелік әдісінің негізін қалаушыларды атаңыз?

  2. Қайта өркендеу кезеңіндегі эпидемияның туындау себептері?

  3. Медицинадағы екі бағытты атап, оған сипаттама беріңіз?

  4. Науқастарды тексерудегі жаңа әдістер (перкуссия және аускультация)

  5. Қазақстан денсаулық сақтау ісі үшін уездік, земдік және көшпенді медицинаның мәні?

Әдебиеттер:

1. Абдуллаев К.А., Тулеубаева А.К. Курс лекций по истории медицины. – Алматы. – 2003. -112 с.

2. Бигалиева Р.К. Бүкіләлемдік медицина тарихы. – Алматы, 2004. – 390 б.

3. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

4. Саятова А.С. Аликеева Г.М. Қазақстанның алғашқы медицина қызметкерлері. Учебное пособие для студентов. Алматы, 2008 г. 47 с.

5. Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2005. – 560 с.



Тақырып 5. ХХ ғасыр медицинасы. Тәуелсіз Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау ісі
Мақсаты: Медицина мен социалистік денсаулық сақтау ісі дамуының жалпы принциптерін ашу. Алғашқы бесжылдық жылдарындағы денсаулық сақтау жағдайын сипаттау. ҰОС жылдарындағы медицинаның маңызы және медиктердің батырлық іс-әрекеті. Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 жылдарынан 80 жылдарына дейінгі медицина мен денсаулық сақтау жүйесі дамуының негізгі сатылары. ХХ ғасыр тарихи процестерін студенттердің диалектикалық түсінуіне атсалысу. Медицина мен денсаулық сақтау ісі дамуының жаңы сатысындағы Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің маңызын ашу. Халық денсаулығын қорғау ісіндегі ҚР Атазаңының негізгі ережелерін баяндау. «Қазақстан – 2030» ұзақмерзімді даму стратегиясы бағдарламасы мен денсаулық сақтауды дамытудың заңдылық негіздеріне талдау жасау. 2010 жылға дейінгі денсаулық сақтауды реформалау бойынша міндеттерді баяндау.

КСРО-ғы медицина мен денсаулық сақтау жүйесінің құрылуы. Социалистік денсаулық сақтау принциптері. Көп уақыттан бері белгі берген саяси тоқыраудың шешімі ретінде Петроградта 1917 ж. 24-25 қазан айында қарулы төңкеріс өтті, кеңестік тарихта ол Ұлы Кеңестік социалистік төңкеріс деп аталған, соның нәтижесінде үкімет билігіне большевиктер келген.

Осы уақыттан бастап өте күрделі және қайшылықтары мол социализм құрылысының үрдісі басталды, оның бір бөлшегі ретінде денсаулық сақтау жүйесін құру болған.

1918 ж. 15-18-ші маусымда Мәскеуде Кеңестік депутаттардың медициналық-санитарлық бөлімдерінің Бүкілресейлік съезі өткен, онда маңызды орын алған Н.А. Семашконың «Жергілікті жерде кеңестік медицинаның негізгі міндеттері» атты баяндамасы оқылды.

Онда мынадай мәселелер көтерілген:

1. Совет медицинасының ұйымдастырушылық міндеттері ретінде бұрынғы салааралық шектеулерді жойып, жергілікті жерде медициналық мекемелерді біріктіру. 2. Емдеу-сауықтыру медицинасы келесі принциптерді іске асыру арқылы құрылуы керек: а) жалпыға бірдей қол жеткізілуі, б) тегін болуы. 3. Тез арада медициналық көмектің сапасын жоғарлатуды қолға алу (арнайы қабылдаулар, арнайы амбулаториялар, арнайы емдеу орындары). Қатаң түрде өздігінен емдеу жүргізетіндерге жол бермеу, себебі олар шетте орналасқан аудандарда әлі де кездесуде. 4. Тек қана кеңестік тазалық сақтау мекемелері қарапайым кедей халықтың тұрмыстық мұқтажын шеше алады. 5. Қарапайым көпшіліктің медициналық көмек алуда сана-сезімі әлі де жеткіліксіз деңгейде болуына байланысты, әсіресе шет жерлерде, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған санитарлық-ағарту қызметін тез арада дамыту керек (сұхбаттасу, дәрістер, көрмелер және т.б.). 6. Халықтың медициналық санитарлық қызметке қатысы және олардың ұйымдастырылу түрлері осы тұрғыда түбегейлі өзгеру керек. Ол үшін күнделікті санитарлық жұмыстарға қалалы жерде мекеме қызметкерлерін, ал ауылдық жерлерде шаруаларды тарту қажет.

1918 ж. 11-ші шілдеде өткен съездің нәтижесінде Денсаулық сақтау халық комиссариаты бекітілді, оны басқаруға Н.А. Семашко тағайындалды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина. Қазақстан соғыс жылдары Қызыл армияны жігерлі офицерлермен және солдаттармен, әскери техникамен, құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі республикалардың бірі болды. Соғыс басталғаннан әскери шайқас жүріп жатқан жерлерден Қазақстанға 150 өнеркәсіп мекемелері және 2 млн. жуық адамдар көшірілген, олардың 38% қалалы жерлерге, ал 62% - ауылдық жерлерге орналастырылған.

Соғыс жылдары денсаулық сақтау мекемелерін денсаулық сақтау халық комиссары С.А.Чесноков басқарды. Оның орынбасарлары В.Г.Ермолаев, М.К.Тлеуқабылов, А.Б.Бисенова, И.С.Корякин болды. Республиканың барлық облыстарында эвакогоспитальдар желісін құру және Қызыл Армияның жараланған жауынгерлерін тездетіп сауықтырып, соғысқа қайта оралу жағдайын жасау; емдеу-профилактикалық мекемелерді көбейтіп және күшейтіп республика халқының соғыс жерлерінен аударылған адамдар санының ұлғаюына байланысты қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету; әскери маңызы бар өндірістік өнеркәсіптердің жұмысшыларына және ауыл шаруашылық өнімімен шұғылданатындарға медициналық-санитарлық көмекті күшейту; барлық жерлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтау; дәрігерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлерді дайындауды тездету, әскери-дала хирургиядан олардың біліктілігін жоғарылату; республика тұрғындары арасынан санитарлық қызмет атқаратындарды дайындау.

Тың игеру жылдарындағы Қазақстанның медициналық қызметі. КСРО-ның 1951-1956 жж. жоспары бойынша даму нұсқауларына сәйкес Қазақ ССР-да халық шаруашылығының дамуы қамтамасыз етілді, ал денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі көрсеткіштері жоспарланған тапсырмалардан әлдеқайда жоғары болды: ауруханадағы төсектер саны 19980-ге (50%) көбейді, дәрігерлер саны 3100-ге (50,4%) көбейді. Ауылдық жердегі ауруханадағы төсектердің өсу үрдісі КСРО-дағы өсу үрдісі бойынша орта есеппен алғанда 2,6 рет жоғары болды.

Тың игеру жерлерінде медициналық көмекті ұйымдастыру бірнеше кезеңде өтті: 1 кезең - медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар дайындау, дәрі-дәрмек жеткізу, оларды алдымен ірі-ірі темір жол стансаларына, облыстық орталықтарға жеткізу көзделді. 2 кезең - ауруханалар мен фельдшерлік акушерлік пунктілер ашу болды, оларды кейбір жерлерде палаткаларға, вагондарға, үйлерге уақытша орналастырды; 3 кезең - ауруханаларды тұрақты ғимараттарға, санитарлық талапқа сәйкес және қыста жылуы бар үйлерге орналастыру болды; 4 кезең -медициналық мекемелерді стандартқа сәйкес арнайы соғылған ғимараттарға көшіру болды.

Білікті медициналық кадрлар дайындау үшін бірнеше медициналық жоғары оқу орындары: 1950 ж.-Қарағанды мемлекеттік медицина институты (қазір Қарағанды мемлекеттік медициналық академия), 1953 ж. - Семей мемлекеттік медицина институты (қазір Семей мемлекеттік медициналық академия), 1957 ж. - Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (қазір М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академия), 1958 ж. - Целиноград мемлекеттік медицина университеті (қазір Қазақ мемлекеттік медициналық академия) ашылды.

1963 ж. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты ашылды. Осы уақыттан бастап, 40000-нан астам дәрігерлер білімін жетілдірді. XX ғ. алпысыншы жылдарында бірнеше ғылыми-зерттеу институттар (ҒЗИ): 1960 ж. - Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ы, 1972 ж. - балалар ауруларын емдеу ҒЗИ-ы, 1974 ж. - Тағамтану ҒЗИ (1974), 1977 ж. - ана мен баланың денсаулығын қорғау ҒЗИ, 1977 ж. - жүрек ауруларын емдеу ҒЗИ ашылды, бүл ҚР ғылыми жетістіктерінің дәлелі ретінде қаралды.

Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің даму тарихы. 1919 жылдың 10 шілдесінде Қырғыз (Қазақ) аймағымен басқару бойынша Революциялық комитет жөнінде РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесі декретіне қол қойылды, ал 1919 ж. 12 қыркүйегінде Революциялық комитет қаулысымен денсаулық сақтау бөлімі – Қырғденсбөлімі құрылды, оның алдында – аймақ халқына медициналық-санитарлық қызмет көрсету мақсаты тұрды.

Қырғденсбөлімін дәрігер Шишкина О.Н. басқарды, бөлімдегі басқа жұмысшылар – техникалық қызметкерлер болды. Қырғденсбөлімінің қызмет ету территориясы Торғай және Орал облыстарын, бұрынғы Бөкей ордасы жерін және Семей мен Ақмола облыстарын қамтыды. Осылай Қазақстан территориясында бүтіндей денсаулық сақтау жүйесін құру бастамасы жасалды.

1920 жылдың 26 тамызында «Автономдық Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру жөніндегі» ЖОСК декреті шықты. Осы декретпен басқа халықтық комитеттермен қатар Денсаулық сақтау халық комиссариаты да құрылды. Бірінші денсаулық сақтау Халықтық Комиссары болып дәрігер Михаил Сергеевич Шамов тағайындалды, ал орынбасары – дәрігер Мажит Мухамеджанұлы Шумбалов болды.

1920 ж. Халықденском құрамында мынадай бөлімдер болды: ұйымдастыру-нұсқаулық, сметалық-қаржылық, статистикалық, әскери-санитарлық, ана мен баланы қорғау, біріктірілген санитарлық ағарту. Одан басқа Халықденском жанында Ғылым-әдістемелік кеңес қызмет жасады. Кейінірек емдеу, санитарлық-эпидемиологиялық, балалар денсаулығын қорғау, фармацев­тикалық және медициналық жабдықтау бөлімдері ашылды.

Халықденском міндеттеріне мыналар кірді: Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру; қалаларды, ауылдарды, тұрғын жерлерді санитарлық бақылау және санитарлық жайландыру; еңбекке жарамсыздықты және соттық-медициналық жұмыстарды медициналық сараптау; внаны, нәрестелікті және баланы қорғау, физикалық мәдениет; аптекарлық істі ұйымдастыру; санитарлық ағартуды ұйымдастыру; әлеуметтік маңызды және жұқпалы аурулармен күрес; санитарлық статистиканы ұйымдастыру және оны бақылау; денсаулық сақтау аймағындағы ғылыми және практикалық сұрақтарды талдау; медициналық білімді ұйымдастыруға қатысу; денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарын қаржыландыру; денсаулық сақтау бөлімдері мен бөлімшелерінің әрекетін басқару.

Республикадағы күрделі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, Халықденскомның санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің жұмысы жетекші болғанын мәлім. Бұл бөлімге республикадағы барлық санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жүргізу жүктелді.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі және халық денсаулығын қорғау ісіндегі алғашқы сатылар

1991 жылғы Мәскеудегі тамыз оқиғалары және Ресей, Белоруссия және Украина лидерлерінің 1991 ж. беловеж келісімдеріне қол қоюы КСРО тарихына нүкте қойды.

1991 ж. 1 желтоқсанында Қазақстанда республика Президентін жалпыхалықтық сайлау жүргізіліп, Нұрсұлтан Абішұлы Назарбаев сайланды. 1991 ж. 10 желтоқсанында Қазақ КСР-сы Қазақстан Республикасы атанды.

1991 ж. 16 желтоқсанында республики Парламенті "О государственной независимости Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі" Конституциялық Заңын қабылдады, ол 7 тарау және 18 баптан тұрады. Бұл күн - 16 желтоқсан – Тәуелсіздік Күні деп аталды.

Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін экономиканың, сонымен қатар денсаулық сақтау аймағында өзгерістер жасауға кірісті. Денсаулық сақтау экономикасын реформалау келесі сатылардан өтті:

1)Тәуелсіз Қазақстан өз бетінше мемлекеттік бюджетін құра бастады, медицина мен денсаулық сақтаудың дамуына кететін бірінші кезектегі шығындар көлемін анықтау. 2) Мемлекеттік медицина жүйесі сақталды, бірақ медицина мен денсаулық сақтауда жеке меншік қалыптасты (1993 жылдан).3) Республикадағы нарықтық экономиканы құру сұраныс нарығының, сонымен қатар ақылы медициналық қызмет түрлерімен қанығуымен жүрді.4) Медицина мен денсаулық сақтауды дамыту ісінде шет ел инвестициясын белсенді түрде қолдана бастады.

Бұл сатылардың әрбірі үдемелі қадам болды, бірақ бұрынғы жүйеден қалған объективті және субъективті себептерге байланысты айтарлықтай қиындықтармен жүріп отырды. Реформалар терең экономикалық күйзеліс және инфляция кезеңінде өтті, 1991-1995 жылдар аралығындағы экономикалық құлдырау 38,6% құрады. Тек 1997 жылға қарай экономикалық құлдырау, соның ішінде денсаулық сақтаудағы, тоқталып келесі жылдары экономикалық өрлеу байқалды.

Қазақстанда ақылы медициналық қызмет Үкіметтің 1995 ж. қараша айының 6-шы жұлдызында қабылданған № 1460 «Денсаулық сақтау емдеу-профилактикалық мекемелерде ақылы медициналық және профилактикалық көмек көрсету тәртібі және ережесі туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі.

Нарықтық қатынастар дамуы денсаулық сақтаудың қаржылық қорын көбейтуге нақты мүмкіншіліктер туғызды да халық денсаулығын қорғауға қаражат беруді тиімді және кең көлемді іс-әрекет ретінде қарауға негіз болды.

Ресми мәліметтер бойынша, денсаулық сақтауға жұмсалған бюджеттік қаржы шығыны (млрд.тенге) 1998 ж. – 36,4 болды да, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ - 2,1 %), 1999 ж. – 44,8 (ІЖӨ - 2,2 %) 2000 ж. 54,3 (ІЖӨ - 1,9 %), 2002 ж. – 70,8 (ІЖӨ - 1,9 %), 2003 ж. – 89,9 (ІЖӨ - 2,1 %) болды, ал адам басына шаққанда 1 жылда – 3449, 3406, 3629, 4812, 6037 тенгеге сәйкес болды.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесінде 2003 ж. 3857 амбулаторлық-емханалық және 1023 ауруханалық мекемелер болды. Халықтың дәрігерлермен қамтамассыз етілуі 10 мың адамға есептегенде 36,5, ал ауруханадағы төсектермен-76,8 болды.

Қазақстандағы денсаулық сақтауды Бүкіләлемдік Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)

1998 ж. мамырдың 18-ші жұлдызында ҚР. Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайларын жақсартудағы алғашқы кезектегі шаралар туралы» жарлығы шықты, онда өте қиын эпидемиологиялық жағдайларды жеңу мақсатымен, медициналық қызмет көрсетуді түбегейлі жақсарту және олардың халыққа көрсетілетін көмегін көбейту, азаматтардың конституцияда белгіленген денсаулығын қорғау құқығын іске асыру үшін мынадай шаралар қабылдану бекітілді:

1. Бес жасқа дейінгі балалардың жаппай иммунитетін нығайтуға дереу кірісетін болсын; 2. Жаңа туған сәбилерге Б вирустық гепатитіне қарсы вакцина егу бағдарламасын іске асыруға, ал дерттену мейлінше көп тараған аймақтарда-балаларға А вирустық гепатитіне қарсы вакцина егуге кіріссін; 3. 1998 жылы ішінде туберкулезге шалдыққан науқастарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдістеме бойынша емдеу бағдарламасын енгізсін; 4. Жаңа туған сәбилердің жыл сайын иммунитетін нығайтумен толық қамтылуын қамтамасыз етсін; 5. Осы мақсаттарға арнап қажетті қаражат бөлінуін көздейтін болсын;

Осы жарлықпен ҚР Үкіметіне «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламаны жасау міндеттелді. 1998 ж. қараша айының 16 жұлдызында Қ.Р.Президентінің жарлығымен бұл бағдарлама бекітілді.

1994 ж. қазан айының 5 жұлдызында ҚР «ЖИТС ауруының алдын алу туралы».

1997 ж. 16 сәуірде «Психиатриялық көмек және оны көрсетуде азаматтардың құқығына кепілдіктер туралы».

1998 ж. 23 сәуірде «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы».

1999 ж. желтоқсанның 2-де «Спорт және дене шынықтыру мәдениеті туралы», 1999 ж. желтоқсанның 10-да «Түбүркулездің жұқпалы түрімен ауырғандарды еріксіз емдеу туралы», 2002 ж. мамырдың 27-де «Нашақорлық ауруларымен ауырғандарды медициналық-әлеуметтік оңалату туралы»,

2002 ж. 10-ші шілдеде «Темекі шегуді шектеу және оның алдын алу туралы», 2002 ж. 4-ші желтоқсанда «Халықтың санитарлық салауаттылығы туралы», 2003 ж. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңдар қабылданды.

Деннің саулығын мемлекеттің ең жоғарғы ұлттың приоритеті деп қабылдау қазіргі Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметтің қолдауын табуда.

Денсаулық сақтау жүйесінің болашақта дамуы ҚР Президентінің Қазақстан Халқына «Бәсекелікке қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекелікке қабілетті ұлтқа» атты Жолдауында белгіленген (Астана, 2004 ж. наурыздың 19-ы).


    1. Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтауда қойылған мақсаттарға сәйкес күрделі және жүйелі өзгерістер жүргізілуі талап етілген.

Ең алдымен осы саладағы реформалар тұжырымдамасын нақты түсіну қажет.

Өткен жылдары біз кеңестік, корпоративтік-мемлекеттік басқару мен қаржыландырудан бас тарттық, бірақ батыстық денсаулық сақтауға тән жекеменшік сақтандыру медицинасына ауыса алмадық.

Мүмкін ол жақсы да шығар, себебі әр мемлекеттерде ол жүйенің де кемшіліктері күннен-күнге көп айқындалуда.

Онда бізге бұл бағытқа бет алу неге керек?

Біздің еліміздегі тәжірибеміз көрсетуде денсаулық сақтауда алым-сатым көбейген сайын дәрігердің қызметке ынталануында өзгерістер пайда болады; ол аурулар санының көбеюін оның нәтижесінде ақылы қызметтің өсуін тілейді.

Сондықтан біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ортақ жауапкершілікте болуы керек: онда мемлекеттің және әр адам өзінің денсаулығына өзі жауапкер болуы көзделеді.

Мемлекет ең аз мөлшерде стандартқа сәйкес кепілді, тегін медициналық көмек көрсетуі керек. Ал одан тыс медициналық қызметтің бәрі әр адам өзі немесе ерікті медициналық сақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік медициналық көмек кеңестіктің өзінде жекеменшік қызметтен бөлек болу керек: заң бойынша мемлекеттік медициналық мекемелерде ешқандай жекеменшік кабинеттер ашылмауы керек.

2005-2010 жылдарға ҚР денсаулық сақтауды реформалау және дамыту Мемлекеттік бағдарламасы. "Қазақстан - 2030" Президент Жолдауында маңызды міндеттердің бірі болып экономикалық өркендеуді және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету табылады.Сондықтан 2010 жылға дейінгі медицина мен денсаулық сақтаудың дамытудың негізгі бағыттары мыналар:

- Қазақстанның денсаулық сақтау экономикасын дамыту, алдағы уақытта да халықаралық инвестицияларды тарту;

- ауылдық денсаулық сақтау жүйесін инновациялық дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

- Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу, халықтың санитарлық-эпемиологиялық салауаттылығын және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Ана мен баланың денсаулығын қорғау құқығын сақтау және кеңейту. әйелдерге әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер жүйесін және жәрдемақыны жоғарылату.

- Халықты білікті медициналық көмекпен қамтамасыз ету көрсеткіштерін арттыру.

Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдарлама бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:

1.Кеңестік денсаулық сақтаудың негізгі ұстанымдарын атаңыз.

2. Алғашқы бесжылдықтағы Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы.

3. Қазақстанда медициналық оқу орындарының ашылуы.

4. Кеңестік Қазақстанда медициналық білім мен ғылым қалай қалыптасты?

5. Егеменді Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі қандай кезеңдерден өтті?

Әдебиеттер:

1.Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

3. Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. – Алма-Ата, 1958. – 164 с.

4. Жакупова М.А. Эвакогоспитали Казахстана в годы Великой Отечественной войны. – Алма-Ата, 1985. – 120 с.

5. Шарманов Т.Ш. Алматинский рубеж мирового здравоохранения (от Алматы к новому тысячелетию человеческого развития). – Алматы-Вашингтон-Женева, 2008. – 184 с.

«Медицина тарихы» пәні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: м.ғ.к. Шахиева А.М., м.ғ.к. Буздаева С.С., м.ғ.к. Нурбақыт А.Н.

Курс: бірінші

2012

Тақырып 1. МЕДИЦИНА ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. МЕДИЦИНА ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ КӨЗДЕРІ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕМШІЛДІК.

Мақсаты: студенттерді медицина тарихы пәнімен ғылым ретінде, болашақ дәрігер үшін медицина тарихының маңызымен, сонымен қатар медицина тарихының зерттеу көздері туралы түсініктеме берумен, алғашқы кауымда емшілдіктің даму кезеңдерімен таныстыру.

Оқыту міндеттері:


  • Медицина тарихының зерттеу көздерін зерттеу;

  • Алғашқы қауымдағы медицина білімінің пайда болуымен және дамуымен танысу;

  • Эмпирикалық медицинаның қалыптасуын зерттеу.

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1. «Медицина тарихы» ғылымы туралы ұғым және болашақ дәрігердің қалыптасуы үшін медицина тарихының маңызы.

2. Медицина тарихының зерттеу көздері мен оның сипаттамасы.

3. Матриархат кезеңіндегі медицина білімінің пайда болу элементтері.

4. Матриархат кезеңіндегі медицина білімінің элементтеріне ие болудағы әйелдердің көшбасшылық рөлін растайтын зерттеу көздері.

5. Аң шаруашылығы кезеңіндегі алғашқы қауымның дамуы және осы кезеңдегі білімнің дамуы.

6. Дәрілік зат ретінде пайдаланылатын жануар өнімдері.

7. Мал шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы.

8. Аң шаруашылығы кезеңіндегі діни медицина элементтерінің пайда болуы – тотемизм.

9. Мал шаруашылығы кезеңіндегі діни медицина элементтерінің өрістеуі – бақсылық.

10. Бақсылардың ішкі ауруларды емдеуде қолданатын емшілдік элементтері.
Оқыту және сабақ беру әдістері:


  • Кішігірім топтармен жұмыс жүргізу;

  • Ауызша және жазбаша сұрау;

  • Көрнекілік материалдарын зерттеу.


Әдебиеттер:

1. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х.История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана.-Алматы, 2004г.- 173 с.

2. Мультановский М.П. История медицины. М., 1967, 272 с.

3.Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. М., 1987, 166 с..

4.Сорокина Т.С. История медицины М., 2005, 560 с.

5. Сорокина Т.С. История медицины М., 2006, 560 с.


Бақылау: (сұрақтар, тест және т.б.)

  1. Медицина тарихы ғылым ретінде және оның құрамдас бөліктері.

  2. Болашақ дәрігердің кәсібилігі мен дүниетанымдылығын қалыптастырудағы медицина тарихының маңызы.

  3. Медицина тарихының зерттеу көздері мен оның сипаттамасы.

  4. Заманауи Қазақстан территориясындағы алғашқы қауым дамуының тарихи сипаттамасы.

  5. Қазақстан территориясындағы медициналық білімнің пайда болуы туралы археологиялық және палеонтологиялық мәліметтер.

  6. Алғашқы қауым (матриархат) кезеңіндегі емшілдік бастамалары.

  7. Алғашқы емдеушілер ретіндегі әйелдердің рөлі, емдік заттар туралы білімнің жиналуы.

  8. Аң шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімінің дамуы.

  9. Дәрілік зат ретінде пайдаланылатын жануар өнімдерінің маңызы.

  10. Діни медицина элементтері мен тотемизм дінінің пайда болуы.

  11. Мал шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы.

  12. Мал шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің трансформация үрдісі.

  13. Ауру туралы түсініктің пайда болуы.

  14. Бақсылық және бақсылар қолданған емшілдік әдістер.

  15. Алғашқы қауымдық дәуірдегі халық медицинасының қалыптасуы.

  16. Алғашқы қауымда гигиеналық машықтар мен білімнің пайда болуы.

  17. Бүкіләлемдік медицина аясында эмпирикалық емшілдіктің пайда болуы туралы теориялар.

  18. Медицинаның әрі қарай дамуы үшін алғашқы емшілдіктің мәні.

  19. Адамдық қауымдағы медицинаның пайда болу ілімі.

  20. Алғашқы қауымдағы халық медицинасына тән жалпы сипаттамалар.


ТАҚЫРЫП 2. ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС МЕДИЦИНАСЫ

Мақсаты: Студенттерді алғашқы қүл иелену қауымының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен, Ежелгі Шығыс (Ежелгі Месопотамия, Египет, Индия, Қытай, Қазақстан) елдеріндегі медициналық және гигиеналық білімнің дамуымен таныстыру.

Оқыту міндеттері:

  • Құл иелену қауымы кезеңіндегі медицинаның дамуын зерттеу;

  • Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицинаның даму ерекшеліктерін зерттеу;

  • Медицина ғылымының кезекті қалыптасуы үшін құл иелену кезеңіндегі медициналық білімнің даму мәнін бағалау.

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1. Құл иеленушілік қауымының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері.

2. Ежелгі Вавилон медицинасының ерекшеліктері.

3. Ежелгі Вавилондағы діни медицина, астрология емшілдік аспектісі ретінде.

4. Ежелгі Вавилондағы кәсіби медицина, оның зерттеу көздері.

5. Ежелгі Египеттегі халық және діни медицина.

6. Ежелгі Египеттегі кәсіби медицина және оның ерекшеліктері, Ежелгі Египеттегі медицинаның зерттеу көздері.

7. Ежелгі Үндістандағы халық және діни медицинаның дамуы, гигиеналық білімнің қалыптасуы.

8. Ежелгі Үндістандағы кәсіби медицина, зерттеу көздері

9.Ежелгі Қытай медицинасының ерекшеліктері, диагностикалау және емдеу әдістерінің өзгешелігі, Ежелгі Қытай медицинасының зерттеу көздері.

10. Ежелгі Қазақстан жеріндегі медициналық білімнің қалыптасу ерекшеліктері, скиф немесе сақтар медицинасы.

Оқыту және сабақ беру әдістері:


  • Тақырып бойынша негізгі сұрақтарды талқылау;

  • Ауызша сұрау;

  • Жазбаша сұрау;

  • Кішігірім топтармен жұмыс жүргізу;

  • Тест және бақылау тапсырмаларымен жұмыс істеу

  • Рефераттарды, эсселерді, хабарламаларды презентациялау.


Әдебиеттер:

1.Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х.История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана.-Алматы, 2004г.- 173 с.

2.Мультановский М.П. История медицины. М., 1967, 272 с.

3.Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. М., 1987, 166 с..

4.Сорокина Т.С. История медицины М., 2005, 560 с.

5. Сорокина Т.С. История медицины М., 2006, 560 с.


Бақылау: (сұрақтар, тест және т.б.)

  1. Құл иеленушілік қауымның әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері.

  2. Құл иеленушілік қауымдағы медицина түрлері, кәсіби медицинаның жалпы сипаттамалары.

  3. Ежелгі Шумер медицинасы.

  4. Ежелгі Вавилон медицинасының ерекшеліктері.

  5. Ежелгі Вавилондағы діни медицина, астрология емшілдік аспектісі ретінде.

  6. Ежелгі Вавилондағы кәсіби медицина, оның зерттеу көздері.

  7. Асуту және Ашипу емшілер.

  8. Ежелгі Египеттегі халық медицинасы.

  9. Ежелгі Египеттегі медициналық білімнің дамуына дін мен діни медицинаның әсері.

  10. Ежелгі Египеттегі кәсіби медицина және оның ерекшеліктері.

  11. Ежелгі Египттегі медицинаның зерттеу көздері.

  12. Харапптық өркениет кезеңіндегі Ежелгі Үндістан медицинасы.

  13. Ежелгі Үндістандағы халық және діни медицинаның дамуы, гигиеналық білімнің қалыптасуы.

  14. Ежелгі Үндістандағы кәсіби медицина, зерттеу көздері

  15. Ежелгі Қытайдың материалистік философиясы және оның медицинамен байланысы.

  16. Ежелгі Қытай медицинасының ерекшеліктері, диагностикалау және емдеу әдістерінің өзгешелігі.

  17. Ежелгі Қытай медицинасының зерттеу көздері.

  18. Ежелгі Қазақстан жеріндегі медициналық білімнің қалыптасу ерекшеліктері.

  19. Скиф немесе сақтар медицинасы.

  20. Скиф медицинасындағы діни сенімдер мен емдеудің сиқыршылық және діни әдістерінің элементтері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет