Түсіну – бір нәрсенің анық-қанығына көз жеткізу.
Қорытынды – организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйеінің өнімі.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі.
Білімнің мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқылатын білім мен біліктер жүйесі
Білім беру стандарты – мемлекеттік норма ретінде қабылданатын параметрлер жүйесі
Оқу жоспары – бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемелекеттік құжат.
Оқу бағдарламасы – білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағат саны бейнеленеді.
Оқулық –оқу бағдарламасына сай,оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндау құралы.
Оқу құралдары – кітаптар, көрнекі және техникалық т.б. құралдар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |