БАҒдарламасы (силлабус) Пән Психологиялық- педагогикалық практикум Мамандығы


Психологиялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайы мен маңыздылығы



бет4/7
Дата01.04.2017
өлшемі1,16 Mb.
#12896
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Психологиялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайы мен маңыздылығы
Психологиялық қызмет деген ұғым – осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі.

АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Югославия, Франция сияқты кейбір елдердің білім жүйесінде практикалық психология басты орынды иеленсе, Қазақстанда енді ғана аяқ басып келеді және әлі де болса психологиялық зерттеулердің нақты жүргізілуін қажетсінеді. Елімізде соңғы жылдары білім саласында психологиялық орталықтардың аяғынан қаз тұрып қызмет көрсете бастауы аз да болса көңілге демеу болғандай. Елімізде психологиялық қызметті ұйымдастыру білім беру жүйесінде де жақсы жолға қойылып келеді. оған дәлел – жекелеген балалар мекемелерінде психолог штатының ашылуы, аудандық, қалалық, облыстық білім басқармаларында психологиялық кеңестің ұйымдастырылуы, жоғары оқу орындарының психология кафедраларында психологиялық ағарту жұмыстарының жандандырылуы. Дегенмен көңіл алаңдатар мәселелер де жетерлік. Олар: мектепте психологиялық қызмет көрсету жөнінде құқықтық құжаттардың заңдастырылмауы мен бекітілмеуі, яғни әлі де жоба күйінде қалуы, психологтың негізгі қызметіне жете мән берілмеу, жұмыс кабинетінің болмауы, қазақ тілінде әдістемелік құралдардың жетіспеуі т.б. Қазіргі білім жүйесін қайта құру мен оны ұйымдастырудың басты жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерде қолдана білу, нақтырақ айтсақ «әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр процесінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бірінші орынға қойылған. Мектептегі мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушіліктен туатын «мектептік мазасыздану», кейбір отбасында жиі болып тұратын ұрыс-керіс, жанжалдар баланың психикалық саулығына жағымсыз жағынан әсерін тигізеді. Мектеп оқушыларының көпшілігін мектептен тыс өмір қызықтырады, олардың кейбірі өз орнын жағымсыз компаниялардан табады. Қазіргі кезеңде мектептерде көптеген негативті көріністердің байқалуы оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәртіп деңгейінің төмендеуі, мектептегі әлеуметтік-психологиялық климаттың дұрыс болмауы, жеткіншектер мен жастардың қоғамда жат мінездерді жиі көрсетуі, құқық бұзуға бейім тұру жас мемлекетіміздің аяғынан нық басуына ықпалын тигізбей өтуі мүмкін емес.

Психология ғылымының тәжірибелік саласы жас болғандықтан, осы бағытта жұмыс жасайтын қызметкерлердің ден әлі де жеткілікті түрде тәжірибе жинақтап үлгермеген жас мамандар мен бұрынғы пән мұғалімдері. Мамандық мәртебесі кәсіптік шеберлікке байланысты қалыптасады. Алайда кәсіптік іскерлікті шыңдайтын түрлі ақпарат көздерін мемлекеттік тілде тасымаладау ісінің қиындығына орай жас мамандардың бойындағы ынта-ықыласы басылып қалады. Оқу-тәрбие мекемелеріндегі педагог-психологтар мектепте психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру, жұмыс жоспарын құру т.б. қажетті құжаттарды жүргізіп, оларды қолдану барысында қиындықтарды жиі кездестіруде.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында оқу мен тәрбие процесінің психологиялық білімдері жеткіліксіз болғандықтан бүгінгі таңда бұл мақсатты іске асыру мектептер үшін қиынға түсуде.

Психологпен бірге білімнің барлық құрылымына көмек көрсетудің ізгілік формасы келеді. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесіне қолдану мен психологиялық көмек көрсету жоғары кәсіби дайындықты, білімділікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың және білім жүйесінде ақпараттар ағымының қарқынды дамуы мен бәсекелестіктің артуына психолог мамандарының белсенділігі мен біліктілігі, білімі арасындағы сәйкестіктің болу заман талабы деп түсіну керек.

Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттары күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді.

Бұрыннан қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас, әдептілік, имандылық бағытындағы кейбір дәстүрлер бұзыла бастады. Соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы дөрекілік пен тәртіпсіздік, балалардың физиологиялық-психологиялық және рухани жұтандығы көбейіп келеді.

Қоғамның әлеуметтік күйінің басты көрсеткіші, оның болашағы-балалардың психикасы мен мінез-құлқында ауытқушылықтар мен олқылықтар көптеп көрініс беруде.

Болашағымызды рухани жұтаңдықтан, азғындықтан құтқару үшін, оны болдырмаудың алдын алу үшін өз деңгейінде ұйымдастырылған психологиялық қызметтің көмегі өте қажет.

Ғылыми дәйектемелер мен білім беру жүйесінде психологиялық қызметті тәжірибе жүзінде ұйымдастыру мәселелері әр елде өзінше қарастырылатыны мәлім. Психологиялық қызметтің дамуы қоғамның белгілі ғылыми психологиялық тұжырымдамалар негізінде және халық білім берудің міндеттері мен қажеттіліктеріне, тұлғаның қалыптасуы мен тәрбие мақсаттары негізінде анықталады.

Сондықтан басқа елдердің практикалық психология саласы бойынша істеген жетістіктері негізінде өз елінің психологиялық теориялары мен мәдени дәстүрлеріне сүйенсек, білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің ғылыми және ұйымдастырушылық принциптерін құрып, жетілдіру керек.

Мектептердегі психологиялық қызметінің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдетуді болдырмаудың жолдарын іздестіру, мұғалімдер ұжымында жағымды психологиялық сауаттандыру, білім беру, сабақтарын ұйымдастыру.

Білім саласындағы психологиялық қызмет мақсаты – мемлекетіміздің білім беру саласы тұтас жүйесінің маңызды компоненті. Білім берудегі психологиялық қызмет-психологияның ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік, ұйымдастырушылық тәрізді төрт тұрғысын қамтитын кіріктірілмелі құбылыс.

Психологиялық қызмет ретінде барлық типтегі мектептерді, психологиялық-педагогикалық, медициналық -әлеуметтік көмек қажет ететін балаларға арналған білім мекемелерін, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар түзету мекемелерін, ғылыми мекемелер, жоғарғы оқу орын бөлімдері, ғылыми-әдістемелік кабинеттер мен білім беретін басқару органдары орталықтары, сондай-ақ білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық көмек көрсететін барлық ұйымдарды түсінеміз.

Қызмет үздіксіз білім берудің барлық сатысында оқушы мен тәрбиеленушінің үйлесімді дамып, қалыптасуына ықпал етіп, олардың шығармашылық қабілетінің ашылып, оқу-білімге деген оңтайлы көзқарасының қалыптасуын, сондай-ақ тұлғалық-әлеуметтік дамуындағы психологиялық ақаудың себептерін анықтап, оның алдын-алу іс-шараларын жүзеге асырады.

Педагогикалық ұжымды, ата-аналарды әлемдік деңгейдегі педагогика, психология ғылымдарының жаңа жетістіктерімен, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы, нәтижелері туралы, баланың психикалық жағынан өзгерістерді анықтай білу, олардың жас және дара ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыру, әрбір баланың білім бағдарламасын игеру мен бейімделуін психологиялық жағынан қамтамасыз ету; білім субъектілерінде психологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру; әрбір тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктерін ашатын білімдік ортаны құру; адамдарға қысылтаяң жағдайда көмек беру; қарым-қатынас субъектілеріне топтық және жекелей түрде кеңестер беру; жеке тұлғаның мінез құлқы мен дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу, түзету жұмыстарын жүргізу; психологиялық тәжірибе құралдарын бірыңғайлау; білімді басқару органдары және білім мекемелерінің педагогикалық ұжымымен бірлесе отырып үздіксіз білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға қатысу.

Міндеттері – психолог психологиялық қызметтің орындалу тәртібін реттейтін құжаттарды басшылыққа алуға; – психология ғылымының ең жаңа жетістіктерін біліп, ғылыми негіздегі диагностикалық зерттеулер, психопрофилактикалық, психокоррекциялық шараларды жүргізуге, - кәсіби құпияны сақтай білуге; – мектеп әкімшілігіне, педагогикалық ұжымға оқушылардың тиісті психологиялық дамуына байланысты олармен жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыруға түрлі қиыншылықтарды шешуге байланысты қажетті көмектер көрсетуге, психологиялық консультациялар үшін қажетті материалдар дайындауға, т.б. міндетті.

Тұлғаның қалыптасуы өмірдің алғашқы кезеңдерінен басталып, баланың психикалық дамуымен бірге жүреді.

Баланың психикалық дамуының негізгі шарты оның әрекеті. А.Н.Леонтьев – «баланың психикалық дамуын сипаттайтын негізгі процесс – адамдардың алдындағы буындарының жетістіктерін игеру процесі болып табылатынын» атап өткен. Бұл процесс бала әрекетінде қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарына қатысы арқылы жүзеге асырылады. Міне, сол баланың өзінің себептелген белсенді әрекетінде оның тұлғасының қалыптасуы өтеді.

Бала кез-келген әрекетті тек қана ересектермен қатынас жасасып, олар мен байланыста және оның жетекшілігімен өтеді. Сондықтан үлкендермен қарым-қатынас – әр баланың психикалық және тұлғалық дамуының маңызды әрі қажетті шарты.

Төменгі мектеп жас үлкендермен қатынас бала тұлғасының дамуының жетекші факторларының бірі болып қалады. Бірақ бұл этаптың соңында құрбылармен қатынас айтарлықтай маңызды орын ала бастайды.

Жас өспірім жаста бірінші қатарға құрбылармен қатынас шығады. Оның негізгі функциясы түрлі міндеттер мен талаптарға байланысты т.б. дәл сол мектеп жасында қарым-қатынас пен бала сапасының өзін тану, өзін-өзі бағалау және реттеу сынды жақтарының байланысы нақты көрінеді.

Тәжірибелік психология үшін барлық жас сатыларында баланың психикалық дамуында оқытудың жетекші рөлін бекітетін принципін дұрыс түсінуі мен кәсіби сауатты қолданудың маңызы зор. Выготский жазатын «Даму процестері – оқу процестеріне сәйкес болмайды, даму процестері жақындағы даму зонасын қалыптастыратын оқыту процестердің артында келеді. Басқаша айтқанда оқыту «жақындағы даму зонасына» яғни ертеңгі күнге бағытталуға тиіс.

«Жақындағы даму зонасы» бала өзі әлі де шеше алмайтын, бірақ үлкеннің көмегімен орындала алатын тапсырмалардың мазмұнымен анықталады. Ол бала дамуындағы келесі қадам. Ол оған дайын. Баланы бірдеңеге үйреткенде үлкен адам бұл қадамды жасауға көмектеседі.

Л.С.Выготский – бала үлкеннің көмегімен де тапсырманы орындай алмаса, ол «жақындағы даму зонасы» алыс жатады және ешқандай дамытушы нәтиже бермейді. «Жақындағы даму зонасы» психикалық процестердің жасырын жетілер шегін көрсететіндіктен, болжау және оқыту тұрғыдан «белсенді даму зонадан» гөрі үлкен маңызға ие.

Бала өзінің жас дамуының әр сатысында өзіне ерекше көзқарасты талап етеді. Білім беру мекемелері, яғни оқытудың тәжірибелік психологиясы мектеп алды жасты, төменгі сынып жасты жасөспірім және ересек жасты қамтиды.

Л.С.Выготский жасты, маңызды дамудың жалпы циклінде орналасуы мен анықталатын және даму жалпы заңдылықтары әркез өзгеше көрініс табатын дамудың жеке мерзімі ретінде қарастырған. Жас ерекшеліктер жастың жалпы өзгешеліктерінің ең типтік, ең тән болып табылатын. Олар дамудың жалпы бағытын көрсетеді.

Кез келген жас мерзімі белгілі психикалық процестер мен қасиеттердің, тұлғаның психологиялық қабілеттерінің дамуына, яғни әсер етудің белгілі түріне сензитивті болады. Әр жас мерзімінің басында бұл жасқа тән, жалғыз және қайталанбас бала мен ортаның арасында қатынас қалыптасады. Оны Л.С.Выготский бұл жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы деп атаған. Басқаша айтқанда баланың жастық психологиялық сипаттамасы әр жас сатысында түрлі болатын тұлғасының құрылымымен анықталады.

Л.С.Выготскийдің сензитивті мерзімдер туралы идеясына негізделіп ғалымдар әр жас мерзімінің психикалық сипаттарының дамуы мен анықтау қажеттігін көрсетеді. Мысалы Н.С.Лейтес балалық кезде пайда болатын даму қабілеттер өтпелі екенін атап өтеді. Сондықтан, дамудың жедел темпінде, балалық шақтың жас артықшылықтары толық көрініп тұлғаның қалыптасуына өз үлесін қосудың маңызы зор.

Дағдарысты кезеңдер теориясына сәйкес, әр ауыспалы кезең дамудың әлеуметтік жағдайының өзгеруінің нәтижесі. Оның негізінде, бір жағынан баланың қоғам қатынастар жүйесінде объективті тұрғысының өзгеруі жатса, екінші жағынан оның ішкі тұрғысының өзгеруі жатады.

Ауыспалы кезеңдер жас дамуының өте маңызды кезеңдері. Бұл кезге орай балада, алдағы кезеңнің барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасу қажет.

Психологтар (Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Н.С.Лейтес, Д.Б.Эльконин, т.б.) мектеп алды және мектеп жылдары ең басты маңыз жас және жеке ерекшеліктер мәселесіне берілетінін атап өтеді. Тұлғаның жас ерекшеліктері міндетті түрде дамудың жеке варианттары түрінде болады.

Қазақстан азаматтарының шығармашылығы потенциал құндылықтары өспей, белсендігі, инициативасы мен қабілеттері дамымай мемлекеттің әлеуметтік дамуы алға баспайды. Бұл қасиеттер мектеп шағында дами түседі. Сондықтан мектеп бағдарламасының негізгі мақсаты тұлғаны және оқушыларды жеке даралық қалыптастыру олардың шығармашылық қабеліттерін дамыту. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында оқу мен тәрбие процесінің психологиялық білімдері жетекіліксіз болғандықтан бүгінгі таңда бұл мақсатта іске асыру мектептер үшін қиынға түсуде. Білім беру орталықтарының басшылары оқу-тәрбие мақсатын құруда мектеп жұмысын оқушылардың психикалық және психологиялық мінездемелеріне сүйенбей бағалайды.

Оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігі оқушының білім-біліктілігіне байланысты. Бұл өте маңызды, бірақ жеткіліксіз. Өйткені өтілген материалдық тұлға үшін қаншалықты маңызды болғанын және материалды ұғу үшін қабілеттердің дамуына қандай әсер бергенін білмейміз.

Мұғалім әрбір жас кезеңдегі оқушының оқу-тәрбие барысындағы келеңсіздіктердің болу себептері қажет уақытында анықтай алмайды (оны кіналауға болмайды және оқушылардың ақыл-ой мен жеке даралық дамуында болатын ахуалдарды болдырмауға кедергі жасай алмайды, конфликт жағдайда психологиялық көмек бере алмайды. Мұғалімдер оқушы тұлғасы туралы информациялары болмағандықтан, олардың жасаған қылықтарының себептерін анықтап алмай өз тәжірибелері мен ішкі сезімдеріне сүйеніп бағалайды.

Мектептегі кәсіби мамандар оқушының психикалық дамуы мен психологиялық ерекшеліктері туралы мағлұматтармен және құралдармен қамтылмаған.

Ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде әрбір жас кезеңіндегі балалар мен оқушылардың психикалық және тұлғалық даму заңдылықтарын танып білуде. Қоғам дамуына сай психологиялық ғылымның өмірмен байланыстылығын талап етеді.

Мұғалімдер бірлесіп тәжірибе негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу мақсаттың шешімін табуда. Оқушыларды дамыту мен оқыту жүйесінде балалардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, кәсіби бейімділіктерін, оқушылармен жеке дара қатынас жасауды, мектепте психологиялық жағдайдың қалыптасуы балалар мен мұғалімдердің шығармашылығын арттырады.

Мектеп мұғалімдерінің тәжірибе барысында қолданған психологиялық ұсыныстар тиімсіз болғандықтан, мұғалімдерді психологиялық дайындықтан өткізді.

Мұғалімдердің жоғары дәрежелі психологиялық кәсіби дайындықтары болмағандықтан елімізде мектеп психологы деген жаңа маман қалыптасты. Білім беру орталықтары мектеп психологы деген жаңа маман қалыптасты. Білім беру орталықтары мектеп психологы кәсіби маман ретінде қабылдайды. Оның мақсаты балалар және педагогикалық психологиялық жетістіктерін мектеп тәжірибесіне енгізу.

Оқушылардың психикалық дамуын, жас және дара ерекшеліктерінің өзгеруін байқап жүру мектеп психологының біліктілігіне байланысты. Осыған орай педагогикалық ұжымға оқу-тәрбие ісінің әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануға көмек көрсетеді. Сондықтан балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінің жақсарғаны мектептегі психологиялық қызметтің болғанын қажет етеді.

Осы таңда біздің елдің қалалары мен ауылдарында мектеп психологтары жұмыс істейді. Мектептегі психологиялық қызметтің өсуін байқауға болады. бірақ психолог құралдары тапшы. Өкінішке орай мемлекетімізде мектеп психологтың жұмысына қажетті бір де бір кітап жазылмаған. Әдебиеттерге деген сұраныс өте көп және келешекте бұдан да жоғары балады деп ойлаймын.

Мектептегі психологиялық қызметтің екі түрі бар. Олардың негізгі айырмашылығы мектеп психологиясының істейтін жұмыс орнына байланысты болады.

Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Бірінші түрі аудандық (қалалық) білім беру орталықтарында психологтар тобының жұмысын ұсынады.

Аудандық білім беру орталықтар қарамағында істеген тәжірибелі практикалық психологтар психологиялық қызметтің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Мұғалімдер мен ата-аналардың психологиялық білімдерін қалыптастыру барысында лекциялар өткізеді, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негіздерімен таныстыруға бағытталған кеңестер өткізеді. Кейбір балаларға жасалған психикалық дамуының диагностикасы негізінде, жүргізілетін жұмыстар жөнінде ұсыныстар береді, жасерекшелік, педагогикалық, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы және тұлғааралық қарым-қатынас проблемаларын бойынша семинарлар өткізеді.

Мектептегі психолгиялық қызметтің негізгі бағыты алдында тұрған өзекті міндеттерінің шешімін табуға. Мектептегі психологиялық қызметтің бұл түрі тар ауқымды және қазіргі қоғамдағы психологиялық тәрбиенің деңгейіне сәйкес келмейді.

Оның себебі неде? Біріншіден психологиялық қызмет оқушылардың оқу-тәрбие процесі мен мектепішілік өмірінен бөлек болады. Бұл жұмыс мінез-құлқында, дамуында ауытқулары бар оқушылар жөнінде мұғалімдер мен ата-аналардың сұранысы бойынша ғана жүзеге асады. Қалған оқушылар психологтың қарамағынан тыс қалады.

А.С.Макаренконың айтқан сөздерін келтіруге болады: «Менде 500 тұлға болады». Бірінші жылдары жас маман болғандықтан мен қателер жібердім. Мен ұрлық жасаған, тәртіп бұзған, ұжымға қарсы шыққан, қашуға ұмтылған балаларға көңіл бөлдім. Соңғы жылдары ойымды өзгерттім. Енді назарымды менен тығылатын балаларға аударамын. Тәрбие жұмысы барысында мынадай мақсат көздедім: белсенді, қуатты, рухы күшті азаматты тәбиелеу.

Екіншіден психологтан нақты проблеманың шешімін тез арада табуды қажет етеді. Мектептегі психологиялық қызметтің жедел көмегінен кейін, мектеп (отбасы, немесе сынып) психологтың көмегін қажетсінбейтін болады. Мектептегі психологиялық қызметі халықаралық білім беру жүйесінің негізгі бөлімі болу керек. Практикалық психолог диагностикалық және басқа тапсырмаларды тек сұраныстар жасалғанда ғана орындайды деген ойдан аулақ болу керек. Ол проблеманы өз инициаимва бойынша таңдайды.

Мектептегі психологиялық қызметтің екінші түрі: практикалық психологтың мектепте жұмыс істеуін қарастырады. Психолог мектептің тәрбие ісін терең ұғады, мұғалімдер мен оқушыларды жақсы танып біледі. Олардың өзара қарым-қатынасын анықтайды, ата-аналармен қатынас жасайды.

Баланың мінез-құлқы мен жеке даралық ерекшеліктеріне анализ жасай отырып, тұлғаны танып біледі. Балаға «әсер беретін жүйесіне» (А.С.Макаренко) анализ жасай отырып, психолог жұмыс нәтижесіне баға алады. (диагностика өткізген негізінде жасалған ұсыныстар, мектепте кеңес беру мен алдын-алу жұмыстары нәтижесінде болған өзгерістер т.б.).

Мектептегі психологиялық қызметтің перспективалық міндеттің шешуін табуға жүктеледі. Әр оқушының дамуына әрекет жасайды және практикалық психологтың іс-әрекет формаларын қалыптастырады: психологиялық алдын-алу, ерекшеліктерін дамытуға арналған арнайы жұмыстар, қызығушылықтар, жеке даралық тұлғалық қасиеттің қалыптасуы, психологиялық түзету, психологиялық тренинг тағы басқалары.

Мектептегі психологиялық қызметтің екі түрін ұштастыру, оның дамуына қажет, мектеп психологы мен аудандық (қалалық) психологтың әрекеттесуін қажетсінеді. Аудандық білім беру мекеменің психологтары ағарту ісіне көбірек уақыт бөлер еді. Халықаралық білім беру орталықтарының қызметкерлердің, мұғалімдердің, басқа да адамдардың психологиялық білімдерін қалыптастырар еді. Мектеп психологы жұмысын балалармен жүргізер еді.[26,27]

Білім беру мекемелерінде балабақша, мектеп тағы басқа орталықтарындағы адамдар бір мақсат көздейді – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру әрқайсысының оқу-тәрбие процесінде өз орны, мақсаты, міндеті мен әдістері болады. Мысалы балабақша тәрбешінің мақсаты мен әдістері топтағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Тарих пәні мұғалімнің міндеті мен әдістері математика, биология, денешынықтыру тағы басқа пәндер мұғалімдердің міндеттерімен әдістерінен айырмашылығы бар. Сынып жетекшінің орнында болғанда мұғалімдердің де міндеттері мен әдістері өзгереді.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің пәні мен міндеттері
Психологиялық қызмет – тұтас білім беру жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі. Психологиялық қызметті ғылыми, қолданбалы, практикалық және ұйымдастырушылық аспектілері құрайды. Әр аспектінің өзінің міндеттері бар. Бұл міндеттерді шешуге арнайы кәсіби дайындығы бар орындаушылар қажет етеді.

Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностикалар жасау, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.

Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу – бағдарламалардың психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.

Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы) немесе білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты.

Ұйымдастырушылық жағы білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің әрекеттік құрылымын құруды көздейді. Ол барлық қызметтердің мазмұндық және ұйымдастырушылық сұрақтары тарапынан өзара байланысын, сонымен қоса педагог-психологтардың кәсіби қызметі мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл кезеңдер мынадай түрде болуы мүмкін: білім беру мекемесінде бір немесе бір топ психологтар; муниципальді органдардағы психологиялық қызметтің ғылыми-әдістемелік бөлімдері (орталықтар, кабинеттер т.б.); министрліктер (департаменттер) құрамындағы психологиялық қызмет бөлімдері;. Тек толығымен құрастырылған құрылым мамандармен қамтамасыз етілген бөлім ғана білім беру жүйесінде толық психологиялық көмек бере алады, яғни балаларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға, білім беру мекемелеріне тұтас білім беру жүйесіне көмек көрсете алады.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет Білім және ғылым министрлігінің психологиялық қызмет бөлімі, білімдегі психологиялық қызметтің аймақтық орталығы, облыстық, аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйіндегі жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.



Білім саласындағы психологиялық қызмет мақсаты-мемлекетіміздің білім беру саласы тұтас жүйесінің маңызды компоненті. Білім берудегі психологиялық қызмет- психологияның ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік, ұйымдастырушылық тәрізді төрт тұрғысынан қамтитын кіріктірмелі құбылыс. Психологиялық қызмет ретінде барлық типтегі мектептерді, психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік көмек қажет ететін балаларға арналған білім мекемелерін, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орын бөлімдері, ғылыми-әдістемелік кабинеттер мен білім беруді басқару органдары орталықтары, сондай-ақ білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық көмек көрсететін барлық ұйымдарды түсінеміз.

Қызмет үздіксіз білім берудің барлық сатысында оқушы мен тәрбиеленушінің үйлесімді дамып, қалыптасуына ықпал етіп, олардың шығармашылық қабілетінің ашылып, оқу - білімге деген оңтайлы көқарасының қалыптасуына, сондай-ақ тұлғалық - әлеуметтік дамуындағы психологиялық ақаудың себептерін анықтап, оның алдын-алу іс-шараларын жүзеге асырады.



Психологиялық қызмет міндеттері- педагогикалық ұжымды, ата-аналарды әлемдік деңгейдегі педагогика, психология ғылымдарының жаңа жетістіктерімен, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы, нәтижелері туралы, баланың психикалық жағынан өзгерістерді анықтай білу, олардың жас және дара ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыру, әрбір баланың білім бағдарламасын игеру мен бейімделуін психологиялық жағынан қамтамасыз ету; білім субъектілерінде психологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру; әрбір тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктерін ашатын білімдік ортаны құру; адамдарға қысылтаяң жағдайда көмек беру; қарым-қатынас субъектілеріне топтық және жекелей түрде кеңестер беру; жеке тұлғаның мінез-құлқы мен дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу, түзету жұмыстарын жүргізу; психологиялық тәжірибе құралдарын бірыңғайлау; білімді басқару органдары және білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымымен бірлесе отырып үздіксіз білім беру үрдсінде психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға қатысу;

Осы мақсаттарға сәйкес психологиялық қызметті ұйымдастыру қажет. Ол мынадай түрде болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет