Бағдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: «Бухгалтерлік есеп» Мамандығы: 050508 «Есеп және аудит»



бет8/20
Дата20.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#197721
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
sillabus zholaeva

Глосарий (терминдер түсінігі)

Аванс – (франц. Avance) кейінірек толық есеп берілуі керек болашақ төлемдер немесе алдағы шығыстар есебінен берілген ақшалай сома немесе мүлік.
Аванстық есебі – аванстың жұмсалуын растайтын типтік нысандағы құжат.
Акциядан пайда – Таза пайда сомасын айналыстағы қарапайым акциялардың жылдық орташа санына бөлу арқылы есептеледі. Сондай-ақ акцияға шаққандағы таза пайда деп те атайды.
Ағымдағы таза активтер активтерді өткізуге байланысты жұмсалған шығындарды шегергенде ағымдағы активтердің құны немесе ТМБ қорлардың өткізудің таза құны, сату бағасына тең, одан жинақталымдауға және сатуды ұйымдастыруға байланысты жұмсалған шығын шегеріледі .
Айналым капиталы - фирма капиталының ең жедеқабыл бөлігі, ол негізгі капиталдан өзгеше түрде ақшалай қаражатқа оңай айналады.
Айырбасталатын (конвертациялау) облигациялар – Корпорацияның шығарған құнды қағаздарына (акциялар) айырбастауға болатын облигациялар.
Активтер - Бухгалтерлік есептің халықаралық және қазақстандық стандартарына сәйкес-бұл құндық тұрғыдан бағалаған мүлік, мүліктік емес жеке игіліктер және субъектінің құқықтары.
Ақша қаржылар - кассадағы және субъектінің шоттарындағы банктердегі ақшалар, қолма-қол ақшалар. Олардың түсуі және шығуы ақшалай қаражаттарының қозғалысы ретінде қарастырылады.
Адалдық принципі - Өз пайдасынан гөрі қызмет атқару міндетін шындық жолдармен, ашық және адал орындаушы тұлғалардың қызметтік принципі.
Акциз (франц. Accise) - тауардың бағасына енгізілген және сатып алушы төлейтін жалпы мемлекеттік жанама салық..
Акциялар (лат. actio) - акционерлік қоғамдардың айналыс мерзімі белгіленбей шығаратын бағалы қағаздар.
Акционерлік капитал – акцияларды сатып алу кезінде төлейтін акционерлердің алымдарынан тұратын акционерлік коғамның негізгі (жарғылық) капитал.
Активтердің табыстылығы - Таза пайда сомасын активтердің сомалық жинағына бөлу арқылы есептелінеді. Таза пайда алу мақсатындағы активтерді тиімді жұмсаудың дәрежесін анықтайды, таза пайданы өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет