Бағдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: «Бухгалтерлік есеп» Мамандығы: 050508 «Есеп және аудит»



бет9/20
Дата20.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#197721
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
sillabus zholaeva

Алуға қойылған вексельдер - Төлеу уәдесін алған (вексельдер бойынша алушылар) тұлғалардан ұсталын қарапайым вексельдер.
Амортизация (лат. amortisatio) өтеу – құнның өндірілген өнімге жүйелі көшуі түрінде негізгі құрал жабдықтар мен материалдық емес активтердің тозуын құн тұрғысынан көрсету.
Аралақ қаржылық қорытынды есеп - Бір жылдан аз уақыт ішінде даярланатын қаржылық қорытынды.
Аренда – ( arrendake) жалға беру мүліктік жал.
Аудит –Тәуелсіз аудиторлық фирмалар немесе осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жекелеген аудиторлар, аудиторлар жүргізетін фирмалар қызметіне қаржылық, басқарушылық ұйымдық талдау.
Аудиторлық тәуекел - аудит аяқталғаннан және оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін қаржылық есептемеде елеулі алқылықтар табылған жағдайда аудитор өзіне алуға әзір тәуекелдің субъективті түрде белгіленген денгейі.
Аудиторлық қорытынды - бухгалтерлік салық және өзге есептік заң актілері талабына сәйкестігі туралы деректер, ақпараттар келтірілген аудорлардың клиентке беретін ресми құжаты.
Айып пұл өсімі - Заңға сай көрсетілген мерзімде төленбеген (міндетті түрде төленуге тиісті) салық көлемі. Төленуге тиісті салық көлемі мерзімі өткен әрбір күнге өсім айыбын еселеп салу арқылы мәжбүрлі түрде өндіріледі. Жеке адамдардан өсім айыбы сот арқылы өндіріледі.
Акцияның баланстық құны – Міндеттемелерді шегергеннен кейінгі қалған компанияның активтер сомасы, яғни акционерлердің меншікті капиталы немесе акцияға шаққандағы таза активтер сомасы.
Акцияның бөлінуі – Акциялардың номиналдық құнын пропорциялап төмендету арқылы айналыстағы акциялар санын көбейту.
Ауыстыру - Жорналдарға, жорнал-ордерлер мен ведомостыларға жазылған жинақты Бас кітапқа көшіру.
Ашық шот - Тұрақты сатып алушыларға, мұның ішінде сыртқы сауда операцияларын тұрақты жүргізушілерге берілген коммерциялық несие. Қоюшылар ашылған счетқа өздері сататын тауарлар мен т.б. сату бағасын көрсетіп бұл счеттың көшірмесін сатып алушыларға көрсетілген мерзімде төлеу үшін жіберіп отырады. Мұндай коммерциялық операциялар қоюшылар (сатушылар) мен сатып алушылар арасындағы тұрақты сенім келісіміне сай жүргізіледі.
Әділетті құн - Бірінің қызметіне бірі қанық жақтар және тәуелсіз жақтар арасында активтерді айырбастау мүмкіндігіне қойылған сома.
Банктік дәлелдеу - Банк көшірмесіндегі қалдықпен компанияның ақша қаражаттары счетындағы есепті қалдықты салыстырып дәлелдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет