Банк көшірмесі - Клиенттер счетының жағдайын көрсету банктік клиенттерге жіберетін есебі.
Байлықтың төмендеуі - Кесіп алу, сырып алу, қазып алу нәтижесінде табиғат ресурстарының біртіндеп азаюы жөніндегі шығындарды есепке алып тарату.
Баланстан тыс шот - (баланстан тысқары - өзінің активтерінде және пассивтерінде көрсеткен, яғни субъектіге меншікті құқығына тиеселі емес құндылықтарды есепке алуға пайдаланатын субъектінің жұмыс жоспарының шоттары, бұған жалгерлік құралдар т.б.
Баға сатушы Тауар бірлігін сатуға, жұмыстарды орындауға мен қызметтерді көрсетуге келіскен, ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат.Баға дегеніміз тауардың, жұмыстардың, қызметтерінің ақшалай құны.
Бағалау - Ақшалай өлшем бірлігін шаруашылық операцияларына жатқызу процесі.
Бақылау - Ұтымдылық мақсатты орындау барысында компанияның қаржылық және операциялық саясатын басқарудың құқығы.
Басқарушылық есеп - жоспарлау, бағалау және бақылау, сондай-ақ өз ресурстарының ұтымды пайдаланатын қамтамасыз ету үшін субъект басшысы пайдаланатын қаржы ақпаратын айқындау, өлшеу, жинақтау, талдау, түсіндіру және табыстау процессі.
Бейтараптық принцип - Ақпараттарды теріс түсініктен сақтауды талап етуі сапалық сипат.
Берешектер қарызының айналысы - Есепті кезең ішінде орташа есеппен берешектер қарызының неше рет айналысқа түсіп, ақшаға айналғандығын өлшеуші коэффициент. Таза сатылған соманы алынатын счеттағы таза соманың орташа жинағына бөлу арқылы есептеледі.
Бизнес – Клиенттерге тауарларсату және қызметтер көрсету нәтижесінде бизнес иесіне қажетті табыс әкелуші бағамен сатушы экономикалық құрылым.
Болашақ кезеңдердің шығындары - фирманың болашақ кезеңдерде өнім өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған ағымдағы шығыстары.
Босалқылар есебін жүргізудің үздіксіз есебі - Босалқыларды (тауарларды) сатып алу мен сату барысында бұлардың қалдығын тұрақты түрде үздіксіз қалдықтап отыру жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |