7-дәрістің тақырыбы: Зертханаларда, ұстаханаларда және цехтарда окушылардың еңбегін қорғау. Жұмыс орындарын табиғи және жасанды жарықтандыру.
Дәрістің жоспары:
1.Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.
2. Жұмыс орындарын жарықтандыру түрлері.
Мектептеғі «Технология» сабағында оқушылар түрлі кескіш аспаптармен жұмыс істейді. Оларды дұрыс қолданбаған жағдайда кесіп кету немесе жарақат алу қаупі тұрады. Жарақат алу тек материалды кесу кезінде ғана емес, басқа еңбек әрекеттерін орындауда да ұшырасады.
Қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуы келеңсіз жағдайлардың болуына жол бермейді. Сондықтан аспаптарды, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін білу оқушыға да оқытушыға да міндет болып табылады. Бірінші сабақтан бастап-ақ оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қатаң сақталуын талап ету керек. Техника қауіпсіздік ережелерін кез-келген жұмысқа қатысты – жалпы және жеке жұмысқа қатысты – жеке деп екіге бӛлуге болады.
Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.
1.Жұмысты тек оқытушы рұқсатымен баста. Мұғалім сенімен сөйлесіп жатса, жұмысты тоқтат. Жұмыс кезінде басқа нәрсеге алаңдама.
2.Қолдану ережесін меңгермеген аспаптарды пайдаланба.
3.Аспапты міндеттері бойынша қолдан.
4.Бұзылған, ақауы бар аспаптармен жұмыс істеме.
5.Жұмыс кезінде аспапты оқытушы қалай көрсетсе солай ұста.
6.Аспапты және құралдарды белгіленген жерінде сақта.
7. Жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақта.
8.Аспаптар мен құралдарды мұғалімнің көрсеткен тәртібі бойынша ретте.
9.Жұмыс уақытында сөйлеспе.
10.Жұмысты жан-жаққа алаңдамай ықыласпен орында.
Қайшымен жұмыс істеу ережелері.
1.Қайшының сабынан ұста және оны көрсетілген жерде сақта.
2. Жұмыс кезінде қайшының кесу бағытына назар аудар.
3. Бұзылған қайшыны қолданба.
4. Қайшының ұшын жоғарыға қаратып ұстама.
5. Қайшының жүзін ашық күйінде қалдырма.
6. Қайшымен немқұрайлықпен кеспе.
7. Жұмыс кезінде жолдасыңа кедергі жасама.
8. Қайшыны жүзін жабық күйінде, сабын жолдасыңа қаратып бер.
9. Жұмыс кезінде материалды сол қолыңмен ұста.
Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Газ плитасын пайдалану кезінде.
1. Плитаны пайдаланудың алдында үй – жайды желдетіп алыңдар, желдеткішті қосыңдар. Жанарғылар мен қаңылтыр пеш шүмектерінің жабық екендігіне көз жеткізіңдер солдан кейін газ құбырындағы шүмекті ашыңдар.
2. Жанарғы жалынының біркелкі, көкшіл түспен жануын қадағалаңдар. Егер оның түсі сары болып, жанарғыдан алшақ кетсе, жанарғыны ретке келтіріңдер.
3. Қаңылтыр пешті жанарғысын жағудың алдында оны 2-3 минуттай ашып желдетіңдер.
Электр плитаны пайдаланар кезінде
1. Ас үй электр плитасын қосудың алдында оның тұрқының қорғаныш жерлендіруінің бар екендігі мен ақаусыздығына көз жеткізіңдер және диэлектрик кілемшеге тұрыңдар. Үстел үстілік плитаны жүйеге қосудың алдында қоректендіру бауы мен ашасының ақаусыздығын тексеріңдер, плитаны отқа төзімді тұтқырға орнатыңдар. Ашық шиыршықтық электр плитасын пайдаланбаңдар. Қосудың алдында қоректендіру бауының ақаусыздығын тексеріңдер. Плитаны отқа төзімді тұғырға ( кірпіш, асбест және т.б.) орнатыңдар.
2. Плитаға штепсельдік ашаны қосқанда штепсельдік розетка ұяшығына соңына дейін енгізіңдер. Ашаны баудан тартып ажыратуға жол бермеңдер.
3. Электр плиткада ас әзірлеу үшін тек эмальданған ыдысты ғана пайдаланыңдар.
Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде
1. Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде барынша абай болу керек. Картопты пышақпен, балықты қырғышпен тазалаңдар, етті еттурағышқа ағаш келсаппен нығыздаңдар.
2. Нанды, гастрономиялық бұйымдарды, көкөністер мен басқа да азық – түліктерді кесудің дұрыс тәсілдерін сақтай отырып, бөлшектеу тақтайшаларында кесіңдер. Сол қолдың саусақтары пышақ жүзінен біршама қашықтықта орналасуы тиіс.
3. Қол үккіштермен жұмысістеген кезде сақ болу керек. Өңделетін азық – түліктерді ( жемістерді, көкөністерді және т.б. ) қолдарыңа мықтап ұстаңдар, өте майда бөліктерді өңдемеңдер.
Ыстық сұйықтықтармен ( су, май және басқалармен ) жұмыс істегенде
1. Қайнау кезінде ыдыстың ішіндегі сұйықтықтардың ернеуінен асып төгілмеуін қадағалаңдар. Қатты қайнау кезінде отты азайтыңдар немесе плитаны өшіріңдер.
2. Ыстық ыдыстың қақпақтарын сүлгімен ұстап, өздеріңнен аулақтата ашыңдар.
3. Табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен қойыңдар және алыңдар.
Кұтілмеген жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1. Ас үй мүліктерінің ақаулықтары кезінде, бөлшектеу пышақтары мұқалып, өтпей қалған кезде жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар.
2. Еденге сұйықтық, май төгілген кезде, оны дереу тазалаңдар.
3. Егер де асханалық ыдыс сынып қалса, онда оның сынықтарын еденнен қолмен жинамай, сыпырғыны немесе қылшақ пен күрекшені пайдаланыңдар.
4. Жарақаттану кезінде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету, бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлаңдар, қажет болған жағдайда зардап шегушіні ең жақын емдеу мекемесіне жөнелтіңдер.
Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік шаралары
1. Электр плитаны ток көзінен ажыратыңдар.
2. Жұмыс үстелдерін, ыдыстар мен ас үй мүліктерін мұқият жинаңдар.
3. Сыпырындыны, қалдықтар мен қоқымды арнайы орынға шығарыңдар.
4. Арнаулы киімді шешіп, сорып шығару желдеткішін ажырату және қолды мұқият сабындап жуу қажет.
Тігін шеберханасындағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
1.1. Тігін шеберханасына жұмыс істеуге қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамадан өткен адамдар жіберіледі.
1.2. Қауіпті өндірістік факторлар: - оймақсыз жұмыс істеу кезінде қолдың саусақтарына инелер мен түйрегіштердің шаншылуы; - қайшыларды ұқыпсыз пайдаланудан немесе тігін машинасындағы жұмыс кезінде қолдардың жарақаттануы; - электр тігін машинасында, үтікпен жұмыс кезінде злектр тогынан зардап шегу, қолдың үтіктің қызған металл бөліктеріне тиген кезде немесе материалды мол ылғалдау кезінде будан күюі; - желіге қомылған үтікті қараусыз қалдырған кезде өрттің шығуы;
1.3. Тігін шеберханасындағы жұмыстарды орындау кезінде арнаулы киім: халат немесе алжапқыш, үшкіл орамал, сондай – ақ үтік пен электр тігін машинасындағы жұмыс кезінде диэлектрик кілемше пайдаланылады.
1.4. Оқушылар жарақаттанған кезде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету. Бұл кезде мектеп әкімшілігі мен зардап шегушінің ата – аналарына хабарлау, қажет болған жағдайда оны ең жақын емдеу мекемесіне жөнелту қажет.
.5. Тігін шеберханасындағы жұмыстарды орындағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу. Жұмыс басталардың алдындағы ҚТ.
2.1. Арнаулы киімді кию, шашты үшкіл орамалдың астына жинау.
2.2. Тоттанған инелер мен түйрегіштердің болмауын тексеру.
2.3. Үтіктің, тігін машинасының ашасы мен электр бауын, оқшауланулардың дұрыстығын тексеру.
2.4. Электр тігін машинасы тұрқының қорғаныш жерлендіруінің ( нөлдендіруінің) дұрыстығына, сондай – ақ машинаның, үтіктің жанындағы еденде диэлектрик кілемшенің бар екендігіне көз жеткізу.
3. Жұмыс кезіндегі ҚТ.
3.1. Инелер мен түйреуіштерді белгілі бір орында ( жастықшада, қорапшада, және т.б.) сақтау, оларды жұмыс орнында қалдырмау.
3.2. Тоттанған инелер мен түйрегіштерді пайдаланбау, ешқандай жағдайда инелер мен түйрегіштерді ауызға алмау; инемен жұмыс істегенде оймақ киюді ұмытпау.
3.3. Қайшыларды белгілі бір жерде ғана сақтау, олардың ұшын өзіңнен ары қаратып қою.
3.4. Тігін машинасының қозғалмалы бөлшектеріне жақын еңкеймеу.
3.5. Қолдың саусақтарын тігін машинасының табанына жақын ұстамау.
3.6. Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию.
3.7. Үтікті ток көзіне қосып және ажыратқанда қол құрғақ болуы қажет.
3.8. Үтікті термооқшаулағыш тұғырға қою, бауын ыстық табанға тигізбеу.
3.9. Қолдың күюін болғызбау үшін үтіктің ыстық металл бөліктеріне тимеу және матаны сумен көп ылғалдамау.
3.10. Ток көзіне қосылған үтікті қараусыз қалдырмау.
3.11. Үтіктің қалыпты жұмыс істеуін қадағалау, үтікті ток көзінен бауынан тартып емес, ашасынан ұстап ажырату.
4. Кұтілмеген жағдайлардағы ҚТ.
4.1. Тігін машинасында, үтікте аққаулықтар пайда болған кезде жұмысты тоқтату, аспаптарды тоқтан ажырату және ол туралы мұғалімге хабарлау, жұмысты ақаулықтар жойылғаннан кейін ғана жалғастыру.
4.2. Өрт шыққан кезде үтікті, тігін машинасын элнетр желісінен дереу ажырату.
4.3. Тігін инесі немесе түйрегіш сынған жағдайда олардың сынықтарын арнайы қоқыс жәшігіне салу.
4.4. Жарақаттану кезінде зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету, бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлау, қажет болған кезде зардап шегушіні ең жақын орналасқан емдеу мекемесіне жөнелту.
5. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі ҚТ.
5.1. Тігін машинасын, үтікті ток көзінен ажырату.
5.2. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
5.3. Арнаулы киімді шешу және қолды сабындап жуу.
Жұмыс орындарын табиғи және жасанды жарықтандыру.
Жарықтандыру сандық және сапалық көрсеткіштерімен сипатталады. Сандық көрсеткіштеріне, жарық ағыны, жарықкүші, жарықтылық, ашық жарқындары жатады.
Жарық ағыны – бұл адам жарық деп қабылдайтын (люмен өлшенеді- лм) сәуле ағыны бөлігі. Жарық күші I- жарық ағыны таралатын шектегі; жазық бұрышқа dω, жарық ағыны dΦ қатнасын ұсынатын және дарық ағынының кеңістік ағынын бағалайтын шама:
Жарықтандыру Е- жарық беткі тығыздығы, осы элементтің ауданына беттің элементтеріне dS түсетін, жарық ағынының қатнасы:
Жарықтылықтың өлшем бірлігіне люкс қабылданған (лк)- жарық ағынында 1м2 ауданға 1лм жарықтағы кезіндегі. Беттің жарықтылығы L – жарықтандырылатын беттің, кд /м2, ауданына, қарастырылатын бағытта сәулеленетін, жарық күшінің қатнасы:
Табиғи жарық, терезелік жарықтар тесігі арқылы сезілетінқабырғалық, аэрациялық және зенитті фонар арқылы сезілетін төбелік жарық, қаптамалардағы тесіктер, аралас- қабырғалық төбелікпен бірге болып бөлінеді.
Табиғи жарықтар, қалыптасқан жарықтылық, жыл уақытына, күнге, метеорологиялық факторларға байланысты, төтенше кең шектерде, өзгереді. Сондықтан табиғи жарықтарға, жарықтану шамасын сапалық деп айту мүмкін емес. Табиғи жарық үшін, нормаланатын шама ретінде, салыстырмалы шама қабылданған – ашық аспанның жарық тығыздығымен құрылған, сыртқы горизонтальды жарықтылықтың бір уақытты мәніне Ен, ғимараттың ішіндегі берілген нүктеде Ев, жарықтану қабатының пайызымен, суреттелген, табиғи жарық коэфициенті, (ТЖК):
Демек, ТЖК терезелік тесіктердің өлшемдерін, әйнектелуі мен бекітілу түрін, олардың ластануын, басқаша айтқанда табиғи жарықтың жүйесінің, жарықты өткізу қабілетін, бағалайды.
Қабырғалық жарықтандыруда ТЖК минимальды мәні нормаланады, ғимараттағы жоғарғы және аралас – орташа жарықтандырумен. Мысалы, автокөлік, машина механизм және басқа да қондырғылар сақталатын ғимараттар үшін, ТЖК –ні келесідей қабылдайды: жоғарғы, аралас және қабырғалық жарықтандыруда орташа -0,5%; техникалық қызмет ету мен авто көліктерді және басқа машиналарды жөндеуге арналған ғимараттар үшін, жоғарғы және аралас жарықтандыру – орташа 3 %, ал қабырғалықта – 1 %.
Достарыңызбен бөлісу: |