Механикалық тербелістерд ің теңд еулері мен графиктері
Қате туралы хабарлау
Қараңғы режим
Сǝлем, біздің
Daryndy
, бүгін бізбен бірге біліміңізді шыңдағаныңызға қуаныштымыз! Осы жетістігіңізді өз TikTok, Instagram-
ыңызда бөлісіңіз. Бізді белгілеуді ұмытпаңыз, біздің аккаунтымыз @daryn.online :)
4 /.,m,
Басты бет
Механикалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері
03:56
Платформа
Курстар
ҰБТ
Байқау тесті
Мамандық
Қолданушыларға
Репетитор
Қолданушы келісімшарты
Мақала
Олимпиада
Мұғалімдерге
Daryn Teacher
Халықаралық тесттер
Тегін
Бірлестік
Сыйлықтар
Аккаунтты қалай жоямын?
Мектеп анализі
Оқу мақсаттары
11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және
графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті
,
,
зерттеу
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
білу және түсіну, қолдану
Теориялық материалдарға шолу:
Біз күнделікті өмірде табиғатта көптеген периодты процесстерді қарастырамыз. Мысалы, Жердің
Күнді айналуы, Айдың Жерді айналуы, дөңгелектің айналуы, әткеншектің тербелуі және т.б. Егер
осы периодтық процесстер қандай да бір нүктенің айналасында алма-кезек ауысып отыратын
болса, онда оны
тербелмелі қозғалыс
деп атайды.
Периодты процесстің өтуі барысында оны сипаттайтын барлық физикалық шамалар тепе-теңдік
күйімен салыстырғанда оң және теріс мәндерді қабылдап отыратын болса, онда оны
тербелмелі
процесс
(тербеліс) деп атайды.
Тербелістер табиғатына және таралуына байланысты екіге бөлінеді:
мехникалық
және
электромагнитті
. Оларды ажырату өте оңай: механикалық тербелістерді қандай да бір дене
тасымалдайды, ал электромагниттік тербелістерді электр және магнит өрістері тасымалдайды.
Тербелістердің пайда болуына және сақталу шарттарына байланысты
еркін
және
еріксіз
деп
бөлуге болады. Еркін тербелістер, әдетте, өшпелі болып келеді. Мысалы, әткеншектің тербелісі –
әткеншекті тербеп жібергеннен кейін сырттан тағы бір күш салмайтын болсақ, уақыт өте келе ол
тоқтайды. Ал, еріксіз тербелістер олар қандай да бір тұрақты энергия көзі болғандықтан өшпейді.
Мысалы, әткеншекті бір адам тұрақты тербеп отыратын болса, ол әткеншек ұзақ уақыт тоқтамай
тербеліп тұрады.
Механикалық тербелісті сипаттау
Механикалық қозғалысты сипаттайтын шаманың периодты түрде өзгеруін
механикалық
тербеліс
деп атайды. Оны сипаттайтын шамаларға мыналар жатады:
орны (координатасы) (м);
жылдамдығы (м/с);
удеу (
).
Механикалық тербелістің математикалық өрнегі
Қандай да бір нүктенің шеңбер бойымен қозғалысын механикалық қозғалыс ретінде қарастыруға
болады. Ал сол нкүтенің
осі бойынша тербелісін қарастыратын болсақ, бізге алдымен сол
нүктенің
х
осі бойынша орнын анықтау қажет (1-сурет).
х
м с
+7 775 007 54 41
10:00-19:00
Меню
Курстар Байқау тесті Мақала Олимпиада
Тегін
Сыйлықтар Сұрақ-жауап
Іздеу
KZ
Кіру
1-сурет
Айталық, осы нүктенің осьі бойынша орнын анықтау үшін -ді
көбейтеміз.
;
;
;
;
;
;
;
механикалық тербелістің математикалық теңдеуі.
Механикалық тербелістің математикалық теңдеуі
;
;
Мұндағы,
дененің орны немесе ығысуы (м);
–
максимал ығысу (м);
–
циклдік жиілік (рад/с);
–
бастапқы фаза (рад);
- уақыт (с).
Гармоникалық тербеліс және оның графигі
Егер, кез-келген тербеліс косинус немесе синус заңдары бойынша өзгеретін болса, онда ол
гармоникалық тербеліс
деп аталады. Оның графигі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет
Оқу-әдістемелік ресурстар:
1. С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, М. Абишев, Физика 11 сынып, Мектеп баспасы Алматы
2020.
2. Р. Башарұлы, Қ. Шүнкеев, Л. Мясникова, Н. Жантурина, А. Бармина, З. Аймағанбетова, Физика 11
х
сынып, Атамұра баспасы, 2020
3. А.П. Рымкевич. Физика. Задачник: 10-11 классы, 1996
4. Л.А. Кирик,Физика 9кл., Самостоятельные и контрольные работы, 2010
Достарыңызбен бөлісу: |