Профессор Рузуддиновтың медико-стоматологиялық колледжі СӨЖ Тақырыбы:КОМПЛЕКСОНОМЕРТИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ Орындаған:Уәкілбек А.Н Тексерген:Нурдаулет Ж. Алматы 2020 Жоспары: - Комплексонометриялық титрлеу әдісі
- Комплексондар және олардың түрлері
- Қорытынды
Бұл әдіс клиникалық және тазалық гигиеналық зертханаларда ас тағамдарда, ішетін және қалдық сулардың құрамында металдардың катиондарын және кейбір аниондарды анықтауда кеңінен қолданады.
Комплексонометриялық титрлеу әдісі анықталатын иондардың кейбір органикалық қосылыстарымен комплекс түзу реакцияларына негізделген.
Кейде комплекстің орнына хелаттар түзіледі, сондықтан бұл әдісті хелатометрия деп те атайды.
ТЕМІРДІҢ ХЕЛАТЫ
Комплекс түзуші органикалық қосылыстарды – комплексондар деп атайды. Комплексондар аминополикарбон қышқылдарының туындылары болып табылады. Комплексонометриялық титрлеуде үш түрлі комплексон қолданады:
- Комплексон I – нитрилүшсірке қышқылы
- Комплекон II – этилендиаминтетрасірке қышқылы (ЭДТУ)
- Комплексон III – этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы (ЭДТА, Трилон Б)
Комплексонометриялық титрлеуді күшті сілтілік ортада (pH>9) жүргізеді, ол үшін сілтінің концентрлі ерітіндісі не негіздік буферлік ерітінділер қолданады, мысалы аммиакатты буфер жүйесі.
Комплексонометрия әдісімен тек металл катиондары анықталады:
- жер-сілтілік (Ме2+) және ауыспалы металдардың катиондары.
Ең жиі қолданатын комплексон-3 Трилон Б. Ол көптеген металл катиондарымен ішкі комплексті қосылыстарды (хелаттарды) түзеді:
Барлық жағдайда зарядқа қарамастан металл катиондары трилон Б-нің тек бір анионымен әрекеттесіп, оның құрамындағы сірке қышқылының екі сутегі катиондарын ығыстырып шығарады. Сонда титрантпен зерттелетін катионның эквиваленттері олардың мольдік массаларына тең болады.
Комплексонометрияда эквиваленттік нүктені анықтау үшін комплекс түзе алатын арнайы индикаторлар (металлохромды индикаторлар) қолданады.
Олар анықталатын металл катионымен боялған комплексті түзе алатын органикалық бояғыштар. Қазіргі кезде жиі қолданатын металохромды индикаторлар – бұл арнайы эриохром (хромоген) қара және мурексид (Са2+ ионына арнайы индикатор).
Қорытынды Комплексонометрия реакцияларына қойылатын жалпы талаптар барлық титриметриялық әдістегілерге ұқсас: - олар тез, соңына дейін, қосымша процестерсіз және т.с.с. өтуі керек. Комплесонометриялық әдістің сұрыпталуы әдетте үлкен емес және қандай донорлық атомдар катионмен әректесуде қатысатынына байланысты. Иодидтер кейбір элементтермен ғана тұнба және комплекстер түзетін болғандықтан, калий иодидімен титрлеу жоғарғы сұрыпталуға алып келеді. Аммиак және полиаминдердің де, әсіресе, комплексондарға қарағанда сұрыпталуы бойынша ерекшелігі үлкен, себебі ол элементтердің аз санымен тұрақты комплестер түзеді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Пономарев В.Д. Аналитикалық химия 2. Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия.-Алматы.Білім 1994 3. Өтелбаев Б.Т. Химия, б. 2,3,4.-Шымкент,2000. 4. Мендалиева Д.К.,Чекотаева К.А..,Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері-Алматы,2006 5. Ә.Қ.Патсаев,С.Ж.Жайлау,Ш.С.Шыназбекова,Б.Қ.МАхатов
Достарыңызбен бөлісу: |