Бағдарламасы (силлабус)



бет22/32
Дата09.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#149041
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
17 Анатомия, физиология және балалар гигиенасы
лекция анатомия, «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі» пәнінен ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ, КТЖ Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері, млекапитающие, ıcy.Балауса
Зәрдің түзілуі.Бүйректе зәрдің түзілуі 2 фазада өтеді. Алғаш 1-ші фазада алғашқы зәр, 2-де соңғы зәр түзіледі. Алғашқы зәр нефронда пайда болады. Капсуладағы тамырлар шоғырында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлімі капсула ішіне сүзіледі. Капсула қуысына сүзілген сұйықтықты алғашқы зәр деп атайды. Ересек адамда тәулік ішінде нефрондық тамырлар шумағы арқылы 2000 л қан өтеді де, 150 – 180 л жуық алғашқы зәр түзіледі. Екінші фазада каналдарындағы алғашқы зәрдің құрамындағы организмге қажетті су, глюкоза, амин қышқылы, минералдық тұздар қанға сіңеді. Организмге қажетсіз мочевина, несеп қышқылы, сульфат т.б. кері сіңбейді. Кері сіңу каналдар қабырғасындағы эпителий клетканың қызметіне байланысты, нәтижесінде соңғы зәр түзіледі.
Зәрдің сыртқа шығарылуы. Соңғы зәр жинағыш каналдарға, одан ағыс жолдарына өтіп емізікшелерге, одан тостағаншаға, одан бүйрек түбегіне, бұдан несепағар арқылы қуыққа жиналады. Несепағар ұзындығы 30 см жуық түтік. Зәр жолы арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығады. Зәр жолы түтігінің ұзындығы әйелдерде 3-4 см, ал ер адамдарда 18 см шамасында. Қуықтың зәр жолы басталар жерінде оны сақина тәрізді қоршап тұратын 2 сфинктер бар. Қалыпты жағдайда олар зәр жолын жауып тұрады. Бұл сфинктер ашылған кезде қуықтағы сұйық зәр шығару жолына ағады. Нефрон мен оның каналының қан тамыры нерв талшықтарын мол жабдықталған, Симпатикалық нерв зәрдің түзілуін күшейтеді. Зәрдің түзілуіне гумаральдық әсерлер бар: нейрогипофиздік антидуретикалық гормон, бүйрек үсті бездің қыртыс қабат гормоны - минералокортиноид зәр түзілуін азайтады, ал бүйрек үсті безінің ми қабаты гормоны – адреналин оны көбейтеді.
Жаңа туған баларда бүйректің массасы 11-12г, 1 жаста 36-37г, 3 жаста 55-56г. Бүйрек өсуінің алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілуі кезеңінде және 20-30 жас аралығында байқалады. Жаңа туған балаларды бүйректің сыртқы беті бөлікті болып келеді. 2 жаста балаларда бөліктер едәуір тегістеледі, 5 жасар балаларда мүлде байқалмайды. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы жаңа туған балаларда 2 мм-ге тең, ал ми қабатының қалыңдығы 8 мм. Жаңа туған балалардың бүйрегінде нефрондар көп, бірақ майда, каналдардың иірімделуі аз. Иірім каналдарының өсуі 1-ші жылы қарқынды жүреді, 3-4 жаста саңылаулар кеңдігі, канал қабырғасының клеткалары құрылысы мен қызметі ересектерге ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет