Туған ел (8 сағат)
Менің елім – Қазақстан. Қазақстан республикасының рәміздері – ән ұраны, ел таңбасы, елдің жалауы (туы). Астана – Қазақстанның астанасы.
Республикада тойланып, атап өтілетін ұлттық мерекелер. Наурыз мерекесі.
Көрсетілімдер:Қазақстан туралы, Астана туралы кинодеректер.
Практиклық жұмыстар. Көшеде жүру және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелеріне рөлдік ойындары.
Қоғамдық-пайдалы еңбек. Үй шаруасына көмектесу. Мерекелік іс-шараларға қатысу.
2 сынып
Адам (8 сағат)
Адамның тіршілік іс-әрекетіне қажетті жағдайлар (үй, киім-кешек, техникалық құралдар, өсімдік өсіру, үй жануарларын ұстау). Адамның тіршілік іс-әрекеті үшін қажетті еңбек.
Адамның сезім мүшелері, олардың маңызы. Тілдің ерекше қызметі. Сезім мүшелерін күту, Салауатты өмір салты.
Табиғат (33 сағат)
Тірі және өлі табиғаттың өзара байланыстары туралы ұғымдар. Өлі табиғат денелері, олардың қасиеті (12 сағат)
Ауа – газ тәрізді зат. Ауаның жалпы қасиеттері. Табиғаттағы және адам өміріндегі ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтау.
Су. Суддың қасиеті (түсі, дәмі). Су – еріткіш. Ерігіш және ерімейтін заттар. Табиғаттағы және адам өміріндегі судың маңызы. Суды үнемдеу.
Топырақ. Топырақтың құрамы мен оның құнарлылығы туралы түсініктер. Топырақтың маңызы. Топырақты қорғау шаралары.
Күн - жарық пен жылу көзі.
Көрсетілімдер: ауада оттың жаңғыштығына, суды түсіне қарай басқа да сұйықтықтармен салыстыруға, судағы ерігіш заттарға қарапайым тәжірибе жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |