139
Ион алмастырғыш заттар қазір тамақ өнеркәсібінің көп салаларында
пайдаланылады. Олар қант, шарап, сыра заводтарында, сүт өнімінде қолданылады.
Мысалы, кесілген қант қызылшасын және қосымша еріген заттарды ыстық сумен
араластырғанда, ыдыpay және еру процесінің әсерінен олардың құрамынан көптеген
органикалық, бейорганикалық қосылыстар бөлінеді. Оның 15 проценттейі керексіз
қосылыстар. Оны жоғары сапада тазалау үшін ең алдымен күшті негіздік аниониттер,
сонан соң катиониттер арқылы бөлініп шыққан ерітіндіні тағы да әлсіз негіздік
аниониттерден өткізеді.
Сол сияқты иониттер арқылы жеміс-жидек шырындарын зиянды органикалық
және минералды қосылыстардан тазартып, жағымсыз иістерден айырады. Жоғары сапалы
таза иониттерді пайдаланып шарап, сыра құрамындағы темір иондарын басқа да заттарды
бөледі. Ал ашытқы өндірісіндегі меллас құрамындағы керексіз қосылыстарды тек
иониттер көмегімен ғана тазалауға болады.
Сондай-ақ, ион алмастырғыш заттар — сүт заводтарында ашытуға және сүттің
құрамын тұрақтандыруда таптырмайтын зат. Егер сиыр сүтін катиониттің Na түрі арқылы
өткізсе, оның химиялық құрамы мен қасиеті ешбір өзгеріссіз қалып, құрамындағы,
әсіресе, жас сәбиге пайдасы аз кальций мен магний иондары катионитке өтіп, сүттің
құрамы ана сүтіне жақындайды. Сүттен қатық, ірімшік, сузбе алуда иониттердің
атқаратын ролі өте зор.
Қатты адсорбентке ерітіндідегі иондардың тек белгілі тектегі түрі ғана
адсорбцияланатын адсорбция түрін
Достарыңызбен бөлісу: