147
7. - суреттегі қос электрлік қабаттың құрылысының сұлбасы
электркинетикалық
құбылыстардың көп ерекшеліктерін түсіндіре алмайды. Сол себепті қазіргі кезде бұл
сұлба коллоидтық химия үшін тарихи жағынан ғана қызықты. Осы сұлбаның негізгі
кемшіліктерін айта кеткен жөн. Гельмгольц - Перрен
жасаған теория бойынша қос
электрлік қабаттың қалыңдығы өте аз, молекуланың шамасындай ғана.
Ал гидродинамикалық зерттеулердің нәтижесінде қос
электрлік қабаттың қалыңдығы одан да көп болатын белгілі
болды.
Егер Гельмгольц - Перрен теориясы дұрыс болса, онда
электркинетикалық
құбылыстар болмау керек еді, ал олардың
болатыны бізге мәлім. Егер, бұрындағыдай қозғалу жазықтығы
қос электрлік қабаттағы екі жақтың арасында болады деп
есептесек те Гельмгольц - Перрен теориясының дұрыс емес
екенін көруге болады.
7-сурет
Шындығында
да
егер
электросмос,
электрфорез
құбылыстарындағы электркинетикалық потенциалдың
мәнін алып қарастырсақ, егер
жоғарғы теория дұрыс болатын болса электркинетикалық потенциалдың мәні, потенциал
анықтағыш ион мен жалпы қарсы ионның арасындағы потенциалдар айырмасына тең
болуы керек. Ал көптеген тәжрибелер электркинетикалық потенциалдың жалпы
потенциалдан кем екенін және оның көптеген факторларға байланысты екенін көрсетті.
Мысалы жалпы потенциал индифферентік электролитке тәуелсіз болса /әрине олардың
иондарының кристалдық торға ену қабілеті болмаған жағдайда/, электркинетикалық
потенциал олардың әсерінен күшті өзгереді екен.
Міне осы айтылғандар, жалпы потенциал мен электркинетикалық потенциал екі
түрлі шама, ал Гельмгольц -Перрен теориясы электркинетикалық құбылыстарды түсіндіре
алмайтындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: