Металл/ерітінді фазалар шекарасындағы электродтық потенциалдың пайда болуы металдың және ерітіндінің табиғаттарымен анықталады. Оларға келесі жағдайларды жатқызуға болады:
Электрод бетінде полюсті молекулалардың бағытталуы
Зарядталған бөлшектермен алмасуы
Электрод бетіндегі иондардың адсорбциясы
Диффузияның әсері
Металл пластинкасын аттас иондары бар ерітіндіге батырса, табиғаттарына байланысты келесі реакциялар жүруі мүмкін:
M
0→M
n+ + ne (нәтижесінде анодты ток пайда болады j
a ) M
n+ + ne → M
0 (нәтижесінде катодты ток пайда болады j
к )
Сол себептен пайдаланатын металл пластинкасының беті оң немесе теріс зарядталуы мүмкін. Мысалы, аттас иондары бар ерітіндіге (ZnSO
4) батырылған Zn беті теріс зарядталады, ал CuSO
4 ерітіндісіне батырылған Сu электродының беті оң зарядталады.
Бірінші мысалда бастапқы уақытта j
a > j
к , екіншісінде j
a < j
к.
Бастапқы уақытта Zn/ ZnSO
4 жүйесінде электрод бетінен оң зарядталған иондар (Zn
2+) ерітіндіге ауысады, ал электрод беті (-) зарядталады. Артық теріс заряд мырыш иондарының ерітіндіге ауысуына кедергі болады, сондықтан j
a шамасы төмендей бастайды және қарама-қарсы процестің жылдамдығын жоғарылатады. Кесімді уақытта екі процестің жылдамдықтары теңеседі.
M
0↔M
n+ + ne
Яғни j
a = j
к
Осыдан электрод бетінде белгілі заряд айырымы пайда болады (яғни потенциалдың секіруі байқалады).
Электродтық потенциалдың бірінші сандық теориясын 1889 жылы Нернст ұсынған.
Бұл теория үш негізгі қағидаларға негізделген:
Электродық потенциал металл/ерітінді шекарасындағы потенциалдың секіруімен анықталады;
Электродтық потенциал металл мен ерітінді арасында иондардың алмасу нәтижесінде пайда болады;
Иондарының алмасуының қозғауыш күші-еріген заттың осмостық қысымы (π) мен металдың еруінің электролиттік серпімділігімен (р) сипатталады.
Бұл екі қарама-қарсы процестерден тұрады:
Электролиттік серпімділік иондардың ерітіндіге ауысына әкеледі, ал осмостық қысым кері әсер етеді.
Егер, р> π, металл беті теріс зарядталады. p< π, металл беті оң зарядталады. p=π, металл зарядталмайды.