Сабақтың тақырыбы: Иондардың түзілуі Бөлім: 1а атомдағы электрондардың қозғалысы



Дата20.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#186891
түріСабақ
Байланысты:
8 иондардың түзілуі қмж


Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Иондардың түзілуі

Бөлім:

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

Педагогтің аты-жөні:

Бабажанова Гулфина

Күні:

12.09.2023

Сыныбы: 8 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Иондардың түзілуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну

Сабақтың мақсаты:



Иондардың түзілуін біледі және формулалардан иондарды анықтайды. Иондардың өмірмен байланыстылығын сипаттайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә) Топ ережесін еске түсіру.
б)Топтастыру.

Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.






Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.



1. Иондар дегеніміз?

2.Катиондар мен аниондарға анықтама?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
33 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Иондардың түзілуін біледі.



Тапсырмаға байланысты интернет желісін пайдаланып видеоролик тамашалау.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Тапсырма
Иондардың түзілуін сипаттап береді




Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Суретті талдау

ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



2.Тапсырма
Натрий мен Хлор иондарының түзілуі



3.Тапсырма
Берілген химиялық реакция теңдеулерін аяқтап, толық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:
а)HCl + K2CO3
б)KOH + HNO3
в)Ca(NO3)2 + Na2CO3

1. Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы орындайды

ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.




«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.



Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет