146
2.4. Қос электрлік қабаттың қурылысы
Бұл тақырыпты баяндауды жеңілдету үшін жазық электрлік қабатты қарастырамыз.
Ал шын мәнінде коллоидтық ертінділерде және уақ тесікті денелерде бұндай жазық
қабаттар іс жүзінде кездеспейді. Егер қос электрлік қабаттың қалыңдығы беттің
қисықтылығының радиусынан кіші болса, онда электрлік қабатты жазық деп қарастыруға
болады.
Бұдан басқа қос электрлік қабатты қарастырғанда тағы
басқа жалпы жағдайларды
еске алу керек. Ол жағдайларды қос электрлік қабаттың теориясын жасағанда теория
авторлары еске ала отырып жасаған қос электрлік қабат дисперстік фазамен
салыстырмалы түрде мықты байланысқан иондардан /потенциал анықтағыш иондардан /
және оған эквивалентті мөлшердегі сұйық дисперсиялық ортада болатын заряды қарама -
қарсы иондардан /қарсы иондардан / тұрады. Беттегі заряд бүкіл бетке бірқалыпты тараған
беттік заряд деп қарастырылады. Қарсы иондар мен қос электрлік қабатқа кірмейтін қарсы
иондардың зарядымен зарядтас, ертіндіде болатын бос иондардың арасында динамикалық
тепе-теңдік болады. Дисперсиялық ортаны қос электрлік қабатқа
әсері тек диэлектрлік
тұрақтылығымен болатын шексіз фаза деп қарастыруға болады.
Міне осы жоғарыда айтылған жағдайларды еске алатын болсақ онда қос электрлік
қабаттың құрылысының теорияларының айырмашылығы,
сол қарсы иондардың
қабаттарының құрылысын әртүрлі түсіндірумен шектеледі. Енді осы қос электрлік
қабаттың құрылысының теорияларына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: