Материялық нүкте деп қарастырып отырған жағдайда өлшемдері мен пішіні ескерілмейтін денелерді айтады



бет1/50
Дата22.01.2023
өлшемі5,34 Mb.
#166053
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
физ экз (копия)


1. Механика


1.1. Кинематика



  1. Материялық нүкте деп нені айтамыз?

Материялық нүкте – деп қарастырып отырған жағдайда өлшемдері мен пішіні ескерілмейтін денелерді айтады.

  1. Механикалық қозғалыс деп не аталады?

Механикалық қозғалыс деп дененің кеністіктегі орнының басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгеруін айтады.

  1. Санақ жүйе деп не аталады?

Санақ жүйесі – санақ дене, онымен байланысқан координата жүйесі және уақыт өлшеуге арналған аспаптан құралады. 2 түрі – инерциалды, инерциалды емес немесе үдемелі.

  1. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не? Жол?

Траектория – дененің немесе материялық нүктенің кеністіктегі қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі.
Жол – бұл бастапқы және соңғы нүктелердің арасындағы траектория участкесінің ұзындығына тең скалярлық шама.

  1. Радиус векторы деп не аталады?

Радиус вектор r деп – координаталар басынан О нүктесінен дененің берілген нүктеге М дейін жүргізілген векторды айтады.
r=xi+yj+zk


  1. Материалдық нүктенің қозғалыс жылдамдығы деп не аталады? Жылдамдық векторы қалай бағытталған?

Жылдамдық – қозғалыстың шапшандығы мен бағытын сипаттайтын векторлық шама. Жылдамдық – деп материалдық нүктенің бір өлшем уақыттағы жүріп өткен жолы. U=s/t
Жылдамдық векторы тангенс бойымен нүктенің траекториясына қарай қозғалысқа қарай бағытталған.

  1. Материалдық нүктенің үдеуі деп не аталады? Үдеу векторы қалай бағытталған?

Үдеу – бірлік уақыт аралығында дененің жылдамдығының өзгеру шапшандығын сипаттайтын векторлық шама.
a=∆u/∆t=u-u0/t-t0
Үдеу векторының бағыты дене жылдамдығының өзгеру векторының бағытына сәйкес келеді.
Егер жылдамдық векторы үдеу векторына бағытталған болса, онда дененің жылдамдығы артады.
Егер жылдамдық векторы үдеу векторына қарама-қарсы бағытта болса, онда дененің жылдамдығы төмендейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет