Сабақ жоспары Сынып: 9



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі1,55 Mb.
#15684
түріСабақ
  1   2   3
Сабақ жоспары


Сынып: 9

Мектеп: Көкшетау қаласындағы НЗМ

Күні: 2.11.15

Мұғалімнің аты-жөні: Оңғарбай Ж.




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Инерциалды санақ жүйелері. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Ньютонның бірінші заңы. Масса инерттілік өлшемі. Күш түрлері. Есептер шығару

Оқу мақсаттары

  • масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін тәжірибеден түсіну;

  • Ньютон заңының тұжырымдамасын келтірілген мысалдардан білу және түсіну;

  • Санақ жүйесін таңдай білу арқылы дененің тыныштықта ма, қозғалыста ма екендігін түсіну, салыстыра білу;

  • Күш түрлерін топтық жұмыс арқылы еске түсіру арқылы ажырата білу.

Сабақ мақсаттары

Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне-өзі баға беруге, өзінің жетістіктерін сезініп, сын көзбен қарауға үйрету.

Жетістік критерийлері

  • масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін тәжірибеден түсінеді;

  • Ньютон заңының тұжырымдамасын келтірілген мысалдардан біледі және түсінеді;

  • Санақ жүйесін таңдай білу арқылы дененің тыныштықта ма, қозғалыста ма екендігін түсінеді, салыстыра біледі;

  • Күш түрлерін топтық жұмыс арқылы еске түсіру арқылы ажырата біледі.

Тілдік мақсаттар


Деформация

Deformation

Деформация

Деформация түрлері

Types of deformation

Виды деформации

Ұзару, созылу

Stretching

Растяжение

Бұралу

Torsion

Кручение

Майысу

Bend

Изгиб

Сығылу

Compression

Сжатие

Ығысу

Shift

Сдвиг

Күш

Force

Сила

Серпімділік күші

Elastic force

Сила упругости

Гук заңы

Hooke's Law

Закон Гука

Ньютон заңы

Newton's law

Закон Ньютона




Құндылықтарды дарыту

Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, қырағылыққа тәрбиелеу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыс

математика

АКТ қолдану

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Күш, масса, үдеу, жылдамдық, қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарын 7 сынып физика курсынан біледі. Вектор жылдың басынан біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы 1-5

Сәлемдесу, мақсатқа бағыттау




Сабақтың ортасы

5-10

10-20


20-30

30-40


40-55

55-65


65-75

Үй тапсырмасын тексеру үшін қабырғада жабыстырлған сұрақтарға оқушылар шеңбер бойымен айнала қозғалып бір екі сөзбен жауап жазады.


  1. Серпімділік күшінің пайда болу шарты не? (деформация)

  2. Күш әсерінен дене өлшемінің сандық өзгерісі не деп аталады (абсолют деформация)

  3. Дененің алғашқы өлшемінің қандай бөлігі абсолют деформация екендігін көрсететін шама (Салыстырмалы деформация)

  4. Бірлік ауданға әсер ететін серпімділік күші (Механикалық кернеу)

  5. Механикалық кернеу қандай әріппен белгіленеді?

  6. Механикалық кернеуді пайдаланып Гук заңы қалай жазылады?

  7. Юнг модулі тек материалдың қасиеттеріне тәуелді емес және дененің өлшемі мен пішініне тәуелді деген тұжырым дұрыс па? (жоқ)

Проблемалық сұрақ: Дененің жылдамдығы қашан өзгереді? (дене тыныштығы күш әсерінен өзгеретінін айтады).

(оқушылар жұппен талқылайды, бірнеше оқушының пікірлерін тыңдалады)

Ал енді дене жылдамдығы қандай шамаларға тәуелді болатындығын тәжірибе жасау арқылы анықтайық.

Оқушылар үш топқа бөлініп тапсырмалар орындайды:



  1. арбашаның үстінде тұрған ағаш кубиктің қозғалысын бақылайды

  2. жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай, ал жылдамдығын күрт арттырғанда артқа қарай қисаятыны неліктен?

  3. көлбеу жазықтықтан кедір бұдырлығы әр түрлі беттерде шариктің домалауын бақылайды

әр топ өз жауаптарын ортаға салады.



Оқушылар демострациялық үстелге келіп әр түрлі тәжірибелерді жасап көреді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет