Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Түйіршіктер. Жартылай коллоидтар. Сабын. Адсорбциялық бояғыштар



Pdf көрінісі
бет141/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
2. Түйіршіктер. Жартылай коллоидтар. Сабын. Адсорбциялық бояғыштар. 
Қатты зольдер. Шыны, эмальдар, құймалар.
Өндіріс пен ауыл шаруашылығында
сол секілді тамақ өнеркәсібі мен өндірісінде қолданылатын көптеген заттар мен 
шикізаттар, товарлар ұнтақ күйінде кездеседі, мысалы, ұнтақ отындар, күйе, ұн, крахмал, 
құрғақ бояулар мен пигменттер, цемент, бор сияқты құрылыс материалдары, минералды 
және органикалық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер мен иісті препараттар, тағам өнімдері 
және басқалар. 
Ұнтақтар өзінің көптеген сипатына орай аэрозольдерге өте жақын, тіпті оны 
қатты дисперстік фазасы жинақталған аэрозоль ретінде қарастыруға да болады. 
Ұнтақтарға ірі дисперстік, седиментациялық тұрғыдан тұрақсыз системаларды да 
жатқызуға болады. 
Ұнтақ бөлшектерінің өлшемі және оған тікелей тәуелді болатын олардың меншікті 
беткі қабатының қолданбалы мәні зор. Айталық, баяу реңінің ашықтығы мен бояғыштық 
қабілеті, тамақ өнімінде қолданылатын ұнтақтардың дәмділігі, тағы да басқалар олардың 
дисперстілік дәрежесіне байланысты. Ал ондағы бөлшек өлшемін микроскоптық, 
седиментациялық және елеу әдістерімен анықтауға болады. Ұнтақтағы бөлшектердің 
меншікті беткі қабатын, азоттың бөлшектерге адсорбциялануымен немесе ұнтақ арқылы 
сүзілген сұйық мөлшерімен, сол сияқты ұнтақ арқылы сорылған ауа көмегімен 
анықтайды. 
Бөлшектерден тұратын қабат бетін, осы қабаттағы кіші бөлшектердің қозғалуын 
қарастырудың мәні зор, өйткені олар ұнтақты тасымалдауға негіз болады. Бұл 
қозғалыстар үш түрлі тәсілмен жүзеге асуы мүмкін: 1. Бөлшектер ұнтақ бетінде домалап 
қозғалады. 2. Бөлшектер ұнтақ бетінен бөлініп, көтеріледі және өте тез, сол сәтте-ақ төмен 
түседі, яғни бөлшек «секіре» қозғалады. 3. Бөлшектер аэрозоль күйінде қозғалады немесе 
ол жел ағымымен бірге жүреді. Бұл қозғалыстың үш түрін де түбіне қалың құм қабаты 
төселген аэродинамикалық трубадан байқауға болады. Ауа ағымының белгілі мәндегі 
жылдамдығы кезінде бөлшек домалай қоз-ғалады. Ал егер олар кішігірім ойысқа кезіксе, 
тоқтап қалады. Егер ауа жылдамдығы бұдан біраз артық болса, онда бөлшектер тағы да 
домалай бастайды. 
Ұнтактарды да коллоидты системадағыдай конденсациялық және дисперсиялық 
әдістермен алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет