Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Сулану. Ағу. Когезия. Адгезия. Флотация. П.А.Ребиндер жұмыстары



Pdf көрінісі
бет99/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

3. Сулану. Ағу. Когезия. Адгезия. Флотация. П.А.Ребиндер жұмыстары. 
Сорбция. Адсорбция.
Берілген дененің (заттың) дисперстілік дәрежесі жоғарылаған сайын, ол өзінің 
көбейген бетіне басқа дененің көп бөлшегін сіңіреді. Еріген немесе газ қалпындағы 
заттардың қатты дене немесе сұйықтың бетіне өздігінен жиналып, шоғырлана келіп
қоюлану құбылысын сорбция деп атайды. Әдетте өзіне басқаны сіңіруші затты — 
сорбент, 
ал оған сіңірілетін затты 
сорбтив 
деп атайды. Ал сорбцияға кері құбылысты 
десорбция 
дейді. Сорбтив бөлшектері сорбентке қаншалықты терең сіңуіне байланысты 
және ондағы пайда болатын өзара әсер мен байланыс күшіне, табиғатына сәйкес сорбция 
құбылысын қарастырады. Егер сіңіру дененің тек беткі қабатында ғана жүретін болса, 
онда оны адсорбция деп атайды. Мұнда да сіңіруші затты адсорбент, ал сіңірілетін затты 
адсорбтив деп атайды. 


128 
Сорбент пен сорбтив бөлшектерінің табиғаты мен өзара әрекеттесу сипатына орай, 
сорбция құбылысын физикалық және химиялық деп бөледі. Физикалық сорбция әлсіз 
және қайтымды. Ол тек молекулааралық, яғни ван-дер-ваальстік күш әсерімен жүзеге 
асады. Ал химиялық сорбцияны көбіне хемосорбция деп те айтады және ол қайтымсыз
өйткені ол артық не бос валенттілік арқылы іске асады. Хемосорбцияның өзі онан әрі 
жіктеле келіп, абсорбциялық және адсорбциялық болып бөлінеді. Бұл бөлулер тек шартты 
ғана. 
Капилляр 
(жіңішке түтікше) 
конденсациялы 
сорбциялық процестер деп 
аталатын құбылыстың негізгі мәні тек сіңіруде ғана емес, мысалы, активті көмірдің өз 
бойына газдар мен буларды сіңіретіні сияқты, жеңілдетілген қатты қуыс сорбенттердің өз 
бойына конденсациялануымен де ерекше мәнде болады. Капиллярлы конденсация ең 
әуелі оңай да жеңіл қысылатын (сығылатын) газдарда жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет