Бағдарламасы (syllabus) 3 Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырып №4 Криминалистикалық трасология



бет19/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#80128
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
kriminalistika

Тақырып №4 Криминалистикалық трасология
Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі. Іздердің жіктелуі. Статикалық және динамикалық іздер. Беткейлі және көлемді іздер. Қабатталу және қатпарлану іздері. Іздердің қалыптасу механизмі.
Адамның трасологиялық іздері. Криминалистикалық дактилоскопия. Адамның аяқтарының іздерін зерттеу. Адамның тістерінің іздерін зерттеу. Еріннің іздері. Қан іздерін зерттеу.
Бұзу құралдарының іздері. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу. Көлік құралдарының іздерін зерттеу. Бүтін затты бөлшек бойынша анықтау. Микрообъектілер.
Трасология (фр. trace – із және грек. logos – ілім) – іздер туралы криминалистикалық ілім. Криминалистік техниканың құрамдас бөлігі. Адамның (аяғының, қолының, тістерінің, ерінінің, аяқ киімінің), жануарлардың, көлік құралдарының, қылмыс құралының іздерін, олардың пайда болу механизмін, із арқылы анықтау және салыстыру тәсілдерін зерттейді. Іздің пайда болу заңдылықтарын, із түсіруші және із қабылдаушы объектілердің қасиеттерін анықтайды.
Яғни, трасология деп, қылмыс механизмiн көрсететiн әр түрлi iздердiң пайда болу заңдылықтарын оқып үйренетiн және қылмысты әшкерлеу мақсатында iздердi жинап, зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.
Трасологияны зерттеу барысында, iздердiң криминалистикалық мағынасын, олардың пайда болу механизiмiн, табу, бекiту және алу тәсiлдерiн, әртүрлi трасологиялық сараптамалар мүмкiндiктерiн, сондай-ақ осындай сараптамаларға материалдарды дайындауға байланысты сұрақтарды ұғыну қажет.
Трасологиялық сараптама, оқиға болған жерден табылған iздердiң топтық қатыстылығын анықтау мақсатында; қалдырылған iздерi бойынша адамды теңдестiру; қылмыс құралдар теңдiгiн анықтау; бұрын бiртұтас болған затты бөлшектерi бойынша айқындау және тағы басқа мәселелердi шешу үшiн жүргiзiледi.
Оқиға болған жердi қарау кезiнде iздердi тауып бекiтумен қатар, олардың пайда болу механизiмiнде анықтау шеберлiгi болу керек. Қазiргi кезде iздердi бекiтiп алуда полимерлер қолданылады. Полимерлер көмегiмен қиын жерлерде орналасқан iздерден көшiрмелер алуға болады (көпқырлы беткейлерден саусақ iздерiнен, бұрғылау iздерiнен және т.б.). Осындай мақсатта төмендегiдей полимерлердi пайдалануға болады: “К” синтетикалық пастасы, “СКТН”, тиоқол “Т” және басқалар. Аталмыш материалдар көмегiмен iздiң микроскопиялық қыртыстары үлкен дәлдiкпен көшiрiп алынады.
Трасологияның заты ретiнде iздердiң үш тобын қарастыруға болады: 1. кескiнделу iздерi, оның iшiнде: а) адам iздерi (антропоскопия); б) құрал-саймандар, өңдiрiс механизмдерiнiң iздерi (механоскопия); в) транспорт құралдарының iздерi (транспорттық трасология); 2. заттар, iздер ретiнде (құлыптар, пломбалар, заттардың бөлшектерi); 3. нәрселер, iздер ретiнде (жанар-жағармай, автомобиль бояуының қалдықтары, топырақ, шаң-төзаң ұшқындары және т.б.).
Iздер бойынша объектiнi және осы iздердiң пайда болу механизiмiн анықтаудың криминалистикалық мағынасы елеулi болып отыр. Мұндай мiндеттердi шешу арқылы қылмыс қаруын анықтауға, оның субъектiсi туралы мағұлматтарды (оның физикалық белгiлерi, кәсiби дағдалары және киiмi туралы) алуға болады. Сонымен қатар, қылмыстың жасалу тәсiлi, қылмыстық қастаңдылық заты туралы мәлiметтердi, нақтылы тұлғаның қылмыстық қимылдары мен табылған iздер арасындағы себептiк байланысын және қылмысқа итермелеушi жағдайларды анықтауға болады.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет