Бағдарламасы (syllabus) 3 Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырып №18 Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі



бет33/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#80128
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
kriminalistika

Тақырып №18 Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы. Кейінгі тергеу әрекеттері.
Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
Алаяқтық қылмыстары азаматтық қуқықтық мәмілелермен немесе каржышаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған жағдайларда анықтама органдары тергеуге дейінгі келесідей тексеру жұмыстарын жүргізеді: құжаттар мен нормативтік актілерді талап ету және тексеру, жәбірленушіден, сезіктіден және т.б. түсініктемелер алу, ревизия тағайындау, мамандармен кеңес жүргізу. Осы жұмыстармен қатар жедел-іздестіру шараларын да жүргізеді.
Алаяқтық қылмыстарды тергеудің алғашқы мазмуны бастапқы тергеу ситуациясына байланысты құрылады. Қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтерді негізге ала отырып, тергеу ситуациясын торт категорияға бөліп
қарастыруға болады.
1. Алаяқ белгілі, ол алаяқтық әрекет жасау үстінде немесе оны жасап біткен соң ұсталды. Мұндай жағдайларда тергеу әрекеті келесідей кезектілікпен жүргізіледі: сезіктіні жеке тінту және одан жауап алу; тінту кезінде алынған
заттай дәлелдемелерге қарау; оқиға болған жерді қарау; жәбірленуші мен куәлерден жауап алу.
2. Алаяқ белгілі, бірақ ол тергеуден бой тасалап жүр. Бұл тергеу ситуациясындағы негізгі мәселелердің бірі алаяқты іздестіру. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу, заттай дәлелдемелерді қарау-тергеу әрекеттерінен басқа да келесідей
әрекеттер жүргізіледі: ішкі істер органдары бөлімшелерінің сезіктіні іздестіруге байланысты бағыты анықталады; жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылады; сезіктінің жеке басын және оның болуы мүмкін жерлерді анықтауға байланысты шаралар қолданылады.
3. Алаяқ белгілі, бірақ оның әрекеттері бүркемеленіп заңды мәмілелер ретінде көрсетілген. Мұндай ситуацияларда сезікті жүргізген әрекеттердің сипаты мен қүқыктық негіздерін анықтай отырып, төмендегідей зерттеулер жүргізіледі: алаяқтық арқылы жасалған келісім туралы кужаттарды қарау және алу, осыған қатысты лауазымды адамдарды анықтау мен олардан жауап алу, бұл операцияларды реттейтін заңдарды қарастыру.
Алаяқтық әрекеттерін жасыру мақсатымен заңцы тұлғалардың (акционерлік коғамдар, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, жеке кэсіпорындар және т.б.) шаруашылық қызметін тексеру керек. Сонымен қатар, тексерілетін фирманың жарғылық және өзге де құжаттарын алу және зерттеу; инвентаризация мен ревизияны тағайындау; жұмыс орындарын қарау немесе тінту; салымшыларды анықтау және олардан жауап алу (жеке адамдардан инвестиция ретінде жиналған ақша қаражаттары орынсыз жұмсалса); фирманың мүлкін, қаражатын және құнды заттарын іздеу; банктік есептеріне тыйым салу.
4. Алаяқ белгісіз. Мұндай жағдайда тергеуші: жәбірленушіден, мүмкін куәлардан жауап алады; субьективті портрет құрастырады; криминалистикалық тіркеу арқылы ашылмаған алаяқтық қылмыстарын жасалу тәсілі бойынша және осыған уқсас жолмен жасалған қылмыстарды жасаған қылмыскерлерді аты-жөні бойынша іздестіру шараларын жүргізеді; жедел-іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастырады.
Тергеудің бастапқы кезеңінде келесідей жалпы типтік болжаулар ұсынылады:
• алаяқтың қылмысы арызданушының хабарлаған жағдайларындағыдай жасалған;
• алаяқтық қылмысы орын алмайды, қылмыстың басқа түрі (қорқытып талап ету, шабуыл жасап тонау және т.б.) жасалған;
• азаматтық-куқықтық мәміле заңды түрде жасалған (заем, айырбастау, сату-сатып алу).
Осы үш ситуацияның ақпараттық негізін талдау нәтижесінде жалпы болжаулар құрып оны тексеру қажеттілігі туындайды, яғни алаяқтық қылмысы шынымен бастапқы алынған мәліметке байланысты жасалған ба, сондай-ақ алаяқтылықты инсценировкалау әрекеті болуы мүмкіндігін анықтау. Жеке болжаулар әдетте, міндетті түрде қылмыскердің жеке басын, оның жүрген жерін анықтау мен бурынғы ашылмаған ұрлық қылмысын жасаулары мүмкіндігі жайлы мәліметтер алумен, мүлкі үрланған мекемелердің қызметкерлері мен қылмыскерлердің байланысын, қылмыс жасаған жері мен оған келтірген зиянньщ мөлшерін анықтаумен байланысты құрылады.
Төртінші ситуация негізінен алаяқтың жеке басын анықтау максатында, оның бурыңғы қылмысқа катыстылығы және оның осыған ұқсас жолмен жасалған ашылмаған қылмыстарына қатысының болу мүмкіндігі анықталады.
Аталған санаттағы қылмыстық істер бойынша дәлелденуге жататын мән- жайлар: 1) алаяқтық қылмысы жасалды ма (орын алған ба); 2) қылмысты жүзеге асыру орны, уақыты, жағдайы, тәсілі; 3) қылмыстық ниеттің болуы; 4) қылмыстық қол суғылган зат (нені иеленіп алды), алаяк қанша мөлшерде ақша заңсыз алды; 5° алаяқтық кімге қатысты жасалған (мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарға, коммерциялық құрылымдарға, жеке тұлғаларға); 6) қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтер (жұмыс орны, еңбек ету сипаттамасы, сотталғандығы, қылмыс жасау ниеті мен тәсілі, бурын жасалған қылмыстағы, қылмыстық топтағы рөлі); 7) алаяқтық топ және басқа да қылмыстық әрекетке қатысушылар туралы мәліметтер (құрамы, саны, техника мен және қарумен қамсыздандыруы, сыбайлас жемқорлармен байланысы, мамандандырылуы); 8) жәбірленушінің жеке басы, алаяқпен байланысқа түсу жағдайы туралы мәліметтер; 9) алаяқтык жасауға себеп болған мән-жайлар. Алаяқтық қылмысы заңды тұлғалардың инсценировкалауымен жасалған жағдайда келесі мән-жайлар анықтауға жатады: мұндай тулганың құқықтық
мәртебесі және ұйымдасқан-қуқықтык формасы, мәміле мен операцияны жүргізетін лицензиясының бар-жоқтыгы; бағалы қагаздар шыгару тәртібі мен валюталық, кедендік және басқа да заңдылықтардың сақталу тәртібі және т.б.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет