Тақырып № 19 Экономика саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесі Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара әрекеттестігі. Келесі тергеу әрекеттерінің тактикасы. Сараптама түрлері мен оларды тағайындау реті. Қылмыскерлер қимылынан келген материалдық залал мөлшерін анықтау. Нақтылы кәсіпкерлік салалардағы экономикалық қызмет шеңберіндегі қылмыстарды тергеу ерекшеліктері . Қылмыстың жасалуына итермелейтін жағдайларды анықтау және жою.
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың кримина-листикалық сипаттамасы төмендегідей ерекшеліктердентұрады:
Экономика саласында жасалатын қылмыстар – мүліктік қатынастарға бағытталған нақты бір материалдардағы (өндірістерге, зауыт, фабрика, акциялар мен ақшалай қаражаттарына, мұнай мен газ өнімдеріне, астық және дайын өнімдерге) қол сұғушылық болып табылады;\
Экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез келген экономикалық қылмыстарды жасаған субъектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салаға байланысты бір лауазымды құзыреттілік берілген тұлғалар жасайды;
Экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортасында, атап айтқанда: өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынадай операциялар жүргізіледі – қаржылық және материалдық есеп-шоттар, мұнда міндетті түрде мамандар, қызметкерлер және сол сияқты басқа да тұлғалар болуы тиіс;
Барлық шаруашылық және қаржылық операциялар тиісті құжаттармен рәсімделеді. Сондықтан да қылмыскердің экономикалық қылмыстардан көрініс табатын кез келген әрекет немесе әрекетсіздіктері әрқашан да жазбаша ресми құжаттарда электрондық түрде немесе мәлімет беретін құжаттың алғашқы нұсқасында бекітіледі. Мұнда қылмысқа қатысты кез келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады.
Экономикалық қылмыстар негізінен жасырын (латенттік) сипатта жасалады. Қылмыскердің білімділігі – қылмыстың ізін жасыруңа байланысты әр түрлі шараларды ойлап табуына, оларды қамтамасыз етуге алдын ала әр түрлі айла- әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан да қылмыстық істі қөзғауға байланысты нақты әрі толық негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Қылмыскердің жасаған әрекеттері бірнеше қылмыс түрлерімен байланысты болады. Мысалы: несиені заңсыз алу қылмыстары жалған кәсіпкерлік қылмыстарымен байланысты болуы мүмкін.
Экономка саласындағы қылмыс көбіне ұйымдасқан түрде жасалады. Қылмыстық әрекетке қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі құқық қорғау қызметкерлері қатысады. Кейде экономика саласындағы қылмыстарды ұйвмдасқан топ болып жасауға жоғары қызметтегі шенеуніктер қатысады.
Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі құрылысы жағынан – ұрлық, адам өлтіру, жолкөлік оқиғасы қылмыстарын және басқа да қылмыстарды тергеу әдістемесінен айырмашылығы айтарлықтар көп емес. Басқа қылмыстардағыдай элементтер экономикалық қылмыстарынан да көрініс табады, яғни қылмыстық-құқық, қылмыстық-процестік актілер ескертіледі, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады.
Барлық жеке әдістемелер алдымен экономикалық қылмыс түрінің нақты бір қылмыстық-құқықтық сипаттамасына сүйенеді. Қылмыстық – процессулдық негіздер – тексеру әрекеті кезеңінен бастап қылмыстық істі қөзғауға дейінгі және айыптау қорытындысын жасау кезеңін аяқтай отырып жеке әдістеменің барлық кезеңдерін өткізеді.
Экономика саласында жасалатын қылымстық әрекеттің өзіндік қасиеті келесідей әрекеттерді жүргізуден тұрады- қылмыстық әрекеттің белгілерін қарастыру қиын болғандықтан алдын ала тексеру әрекеттерін жүргізу қажеттілігі туындайды, содан кейін ғана тергеудің алғашқы, кейінгі және қорытынды кезеңдері басталады. Барлық жеке әдістемелерді ұсыныстар алғашқы шараларды жүргізу мен басқа да кезеңдері бойынша шектеледі.
Тергеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыруға болмайтын жедел әрекеттер жүргізіледі. Жорамалданған қылмыскерді анықтағанша тергеуші қызу түрде жұмыс жасайды. Кейінгі кезеңінде негізгі жұмыс оның кінәлі екендігін дәлелдеуге байланысты жүргізіледі. Қорытынды кезең айыптау қорытындысын жасаудан тұрады.
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстарды тергеу барысында әр түрлі формадағы арнайы білімдерді пайдалануға тура келеді. Сондықтан да тергеу ( құжаттарды қарау, компьютерлік техникаларды қарау, тінту, жауап алу және т.б.) әрекеттерін жүргізуге мамандарды қатыстыру; ревизия, аудит тағайындау; сот- сараптамасын тағайындау; мамандармен кеңес жасау талап етіледі.
Жеке әдістеменің құрылысы келесідей элементтерден тұрады:
Типтік ситуациялардан және тергеудің алғашқы кезеңінен;
Тергеудің кейінгі кезеңінен;
Экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде арнайы білімдерді қолданудан;
Тергеушінің әр түрлі қызметтермен өзара қарым қатынас жасауынан.
Экономикалық қылмыстар бойынша өңделген әрбір жеке әдістемелерден аталған барлық элементтер көрініс табады.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.