Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар(Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау жолдарын 108 – 115-суреттерде көрсетілген қадамдарға сәйкес орындап шығу, бірақ мәліметтерді топтастыруға көбірек көңіл бөлу (110 сурет). Алынған басылымды қарап шығу.
Мәліметтерді сұрыптауға көңіл бөле отырып басылым жасау (111 сурет). Алынған басылымды қарап шығу.
Сандық өрістер үшін нәтижелер шығаруға көңіл бөле отырып басылым жасау (112 сурет). Алынған басылымды қарап шығу.
Басылымның түрін таңдауға (113 сурет) және басылымның стилін таңдауға (114 сурет) көңіл бөле отырып басылым жасау. Алынған басылымды қарап шығу.
Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.
3 тапсырма
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бірнеше кестенің негізінде басылым жасау қадамдарын 1-тапсырмадағыдай етіп орындап шығу. Алынған басылымды қарап шығу.
Басылымдар жасау кезіндегі және 2-тапсырмадағы мүмкіндіктерді зерттеп шығу, бірақ мұнда басылым бірнеше кестелер негізінде құрылатын болсын. Алынған басылымды қарап шығу.
Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.
5 тапсырма
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты)парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап шығу (117 сурет).
6 тапсырма
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Басылым құру үшін Конструктор режиміне қалай кіруге болады?
Басылымды түзету кезінде Конструктор режимі қандай мүмкіндіктер береді?
Басылымда жазу (надпись) фоны мен мәтінінің түсін қалай өзгертуге болады?
Өрістің қарпін, қаріптің көлемін, қанықтылығын және т.б. осылар сияқты параметрлерді қалай өзгертуге болады.?
Басылымға суретті қалай енгізеді?
Access-те көп кестелі басылымдар жасаудың қандай тәсілдері бар?
Негізгі және бағынышты басылымдардан шығаратын көпкестелі басылымдарды қалай жасайды?
Басылымды қарап шығу?
Беттің параметрлері қалай өзгертіледі?
Басылымды қалай сақтайды?
Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӘНЕ МАКРОС ҚҰРУ. Мақсаты: MS Access МҚБЖ-де форма құру режимдерімен танысу. Басқару элементтерімен жұмыс жасап үйрену. Формамен макростар арасында байланыс орнату. Форма – көрнекі түрде берілген ақпараттар жиыны.
Макрос - арнайы тілде жазылған макрокомандалар жиыны. МҚ жұмыс жасағанда дайын макрокомандаларды қолдану арқылы МҚ жүйелі ету мүмкіндігі бар.
Форма құрудың төрт түрі бар:
Конструктор
Форма шебері (Мастер форм)
Автоформа (баған бойынша, ленталық, кестелік, қиылысқан (сводная) кесте, қиылысқан диаграмма)