13 Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері
Пәнді оқып-үйрену өтілген барлық материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады, емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханға жіберудің міндетті шарты – бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау болып табылады.
Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардың түрлеріндегі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары және т.б., межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық мәнімен шығарылады.
Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық және СӨЖ тапсырмаларын орындаған және тапсырған), жіберу рейтингі 50 балдан төмен емес студенттер жіберіледі.
Студенттердің әр пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады:
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі, мұнда ЖР 0,6-дан көп емес, ал ҚБ 0,3-тен төмен емес.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы 50-ден жоғары болғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Студенттерге емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері емтихан тапсырған күні немесе ертеңінде (егер жазбаша емтихан түстен кейін қабылданса) хабарланады.
Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақылау және қорытынды емтихан 0-100%-ға дейін бағаланады.
Студенттің оқу жетістіктері төмендегі кестеге сәйкес бағаланады.
.
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Балдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
14 Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар
Босатылған сабақтар деканатпен қойылған тәртіп бойынша қайта тапсырылады. Көп дегенде екі сабақты ғана босатуға болады. Сабаққа 2 рет кешігу 1 рет сабақ босатқанмен тең. Екі рет сабақ босатқаннан кейін оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуіне құқылы және бұл мәселе әкімшілік шешімін табуы керек. Дәрістерге бөтен, яғни осы топтың студенті емес адамдарға кіруге болмайды.
Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды қайталау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі жазбаша жұмыстармен тексеріледі.
Студенттің оқытушымен орындайтын өздік жұмысын орындау барысында келесілерді есте сақтау қажет:
оқу пәні бойынша кестеге сәйкес сабақтардан оқытушының берген ақпаратын студенттердің белсенді түрде қабылдауын жүзеге асыру;
оқытушының нұсқауларына сәйкес студенттер өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып-үйрену, үй тапсырмаларын, курстық жұмыстарды орындайды. Осы кезеңде студенттерден жұмыс әдістерінің білуді, олардың жұмысты орындау барысында кездескен қиыншылықтарын хабарлауды, жұмыстарды өзіндік ұйымдастыруды талап етіледі;
оқу материалын меңгеру барысында кездескен қиыншылықтарды жүйелеу және талдау, осы жұмысты оқытушымен реттеу;
студенттер оқытушыға өздерінің сұрақтарын қойып, түсініксіз жайларды нақтылап, кеңестер алады.
15 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статистика, Москва, 2000.
Қосымша әдебиеттер
Б. Бурибаев, Р. Дузбаева, А. Махметова. Основы информатики и вычислительной техники. Сборник задач и упражнений. Алматы: «Мектеп», 2005.
Джулия Келли. Самоучитель Access 97. Питер. Санкт-Петербург, 2000.
Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Математика және информатика кафедрасы
5В060200 Информатика мамандығы студенттеріне
«» пәнінің
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
5В060200 Информатика мамандығы студенттеріне
«Ақпараттық жүйедегі деректер базасы» пәнінің
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
Мәліметтер қоры ненің нәтижесінде пайда болды?
Файлдық құрылым мәліметтерінен мәліметтер қорының негізгі айырмашылығы қандай?
Алғашқы (түйінді) кілт дегеніміз не?
Басқа жазбадан сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?
Сыртқы кілт дегеніміз не?
Басқа жазбаға сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?
Құрылымы бар, сақталатын өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы қалай аталады?
Иерархиялық және желілік мәліметтер қорының тұтастығы нені білдіреді?
Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
Қандай мәліметтер қорларында мәліметтерді байланыстыру үшін физикалық көрсеткіштер қолданылады?
МҚ әкімшісінің қызметіне не жатады?
МҚ әкімшісі нені орындайды?
Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
Мәліметтер қоры серверінде не орналасады?
Ақпараттық жүйеге не кірмейді?
Қандай ақпараттық жүйе жергілікті деп аталады?
МҚ-мен жұмыс істейтін, ақпараттық жүйелерді программалық қамтамасыз етуге не жатады?
Clipper деген не?
Екі буынды модельде компьютер-сервер мен компьютер-клиент арасындағы қызметтер бөлінуінің нұсқаларын атап көрсетіңіздер.
Мәліметтер қорын қолданылатын жергілікті ақпараттық жүйелер құрудың негізгі нұсқаларын көрсетіңіздер.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер қорына қол жеткізу қалай ұйымдастырылады?
Иерархиялық және желілік мәліметтер қорының тұтастығы нені білдіреді?
Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не?
Қандай мәліметтер қорларында мәліметтерді байланыстыру үшін физикалық көрсеткіштер қолданылады?
Нысанның бір элементі үшін өрістер мәндерінің жиынтығы не болып табылады?
Мәліметтер қорында өріс деп нені айтамыз?
Кортеж дегеніміз не?
Мәліметтер қорының құрылымы мәліметтердің берілуінің қай деңгейінде сипатталады?
Мәліметтердің берілуінің қандай деңгейі тасымалдағыштағы мәліметтердің орналасу тәсіліне сәйкес?
МҚ берілуінің қанша деңгейі бар?
Пайдаланушы деңгейінде мәліметтер қоры қандай түрге ие болады?
Атрибут дегеніміз не?
Э.Коддтың жұмыстары мәліметтер қорының қандай моделінен негізделген?
Мәліметтер қорының дамуында болашақта қандай бағыттары бар?
Реляциялық кестеде қанша алғашқы (түйінді) кілт болуы мүмкін?
Реляциялық кестеде қанша сыртқы кілт болуы мүмкін?
Реляциялық кестеде алғашқы және сыртқы кілттерінің болуы міндетті ме?
Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің екеуінен, бастапқы кестелердің жазбалары тек бір рет кездесетін жаңа кесте құрайды?
Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің екеуінен жалпы жазбаларды бөліп алады?
Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестеден екінші бастапқы кестеде жоқ жазбаларды бөліп алады?
Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестенің әрбір жазбасына екінші бастапқы кестенің әрбір жазбасын біріктіреді?
Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестеден, берілген шарттарды қанағаттандыратын жазбаларымен жаңа кесте құрайды?
Реляциялық алгебраның қандай амалына SELECT (<кесте>:<шарт>) командасы сәйкес келеді?
Реляциялық алгебраның қандай амалы берілген бағандарды таңдау жолымен бастапқы кестеден жаңа кесте құрайды?
Реляциялық алгебраның қандай амалы <кесте аты>. [1 баған, 2 баған,...,N баған] командасына сәйкес келеді?
Реляциялық алгебраның қандай амалы JOIN (1 кесте, 2 кесте) командасына сәйкес келеді?
Реляциялық алгебраның қандай амалында проекцияны көбейту, құру және таңдауды орындалады?
Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші кестенің жолдары, екінші кестенің әрбір жолына сәйкес жолын таңдау арқылы жаңа кестені құрайды?
Реляциялық есептеулерде сұраныс қандай түрге ие болады?
Реляциялық алгебраның қандай амалы кестенің атауын береді?
Реляциялық алгебраның қандай амалы үшін, бастапқы кестенің құрылымы бағандардың саны бойынша, және типі бойынша да сәйкес болуы қажет?
Бірінші, екінші, үшінші және төртінші қалыпты формалар нені қажет етеді?
Егер реляциялық кесте 2-ші, 3-ші немесе 4-ші қалыпты формада болмаса, онда нені орындау қажет?
Реляциялық алгебра және реляциялық есептеулер бойынша жұмыстар кімге байланысты?
Реляциялық кестені сипаттау барысында атауы және типі нені білдіреді?
Реляциялық мәліметтер қорында логикалық байланыс ненің көмегімен орнатылады?
МҚ құрылымы деген не және мәліметтер қорының құрылымы қайда сақталады?
Мәліметтер қорының моделі дегеніміз не?
Реляциялық алгебраның командасы бір рет жүгінуде нені өңдеуге мүмкіндік береді?
МҚ қандай моделінде мәліметтер арасындағы байланыс бағытталған граф түрінде болады?
МҚ қандай моделінде мәліметтер арасындағы байланыс еркін граф түрінде болады?
Реляциялық есептеулер сұранысында мақсаттық тізім нені анықтайды?
Қандай жағдай да реляциялық кесте екінші қалыпты формада болмауы мүмкін?
Реляциялық кесте қандай жағдайда үшінші қалыпты формада бола алмайды?
Қандай МҚ-да өрістердің көпмәнді мәндері жеке кестелер болып саналады?
Қандай МҚ-да бірінші қалыпты форма қоятын, шектеулер алып тасталған?
Көпөлшемді модельдің қандай амалы гиперкубтың қандай да бір шектелген бөлігіне өтуді береді?
Көпөлшемді модельдің қандай амалы өлшемдер ретін өзгерту үшін қызмет етеді?
Көпөлшемді модельдің қандай амалы ақпараттардың барынша нақты түрде берілу үшін қызмет етеді?
Көпөлшемді модельдің қандай амалы ақпараттардың жалпы берілулері үшін қызмет етеді?
Көпөлшемді модельде гиперкубтың қырын құрайтын, мәліметтердің бір типті жиыны қалай аталады?
Көпөлшемді модельде өлшемнің мәндерінің бекітілген жиыны қалай аталады?
МҚ қандай моделі интеллектуальды жүйелерде қолданыс тапты?
МҚ қандай моделі мәліметтерді талдамалық өңдеуге арналған?
Объектілі-бағытталған модельде нысандарды құру үшін шаблон не болып табылады?
Объектілі-бағытталған модельде дана (экземпляр) дегеніміз не?
Мәліметтер қорының объектілі-бағытталған моделінде инкапсуляция, полиморфизм және мұраға алу дегеніміз не?
Класс ұғымы қандай негізгі ұстанымдарға (принциптерге) негізделеді?
МҚ қандай моделі күшті өзара байланысқан мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді?
1978 жылы мәліметтер қоры бойынша ANSI/SPARC комитеті не ұсынды?
МҚ кейіптеу деңгейлері нені бейнелейді?
Мәліметтер қорының құрылымы мәліметтердің берілуінің қай деңгейінде сипатталады?
Мәліметтердің берілуінің қандай деңгейі тасымалдағыштағы мәліметтердің орналасу тәсіліне сәйкес?
МҚ берілуінің қанша деңгейі бар?
Пайдаланушы деңгейінде мәліметтер қоры қандай түрге ие болады?
МҚБЖ дегеніміз не?
Қандай МҚБЖ иерархиялық деп аталады, барынша танымалдарын атап шығыңыздар?
Қандай МҚБЖ реляциялық деп аталады, кең тараған түрлерін атап шығыңыздар?
Мәліметтер қорының сервері болатын, танымал МҚБЖ атап шығыңыздар?
МҚБЖ-ның негізгі қызметтерін атаңыздар?
Мәліметтер сөздігі нені қамтамасыз етеді?
Рұқсатсыз қол жеткізуден мәліметтерді қорғау нені қарастырады?
Мәліметтер деңгейінде тұтастық және қарама-қайшылықсыз дегеніміз не?
Сыртқы кілттің мәндері үшін сәйкес алғашқы кілттердің мәндерінің бар болуы нені білдіреді?
Мәліметтер сөздігі неден тұрады?
Басынан аяғына дейін мәліметтермен жүргізілетін амалдар тізбегі қалай аталады?
Мәліметтермен жүргізілетін амалдарды орындау нәтижелері қандай жағдайда МҚ-ға тасымалданады?
ODBC дегеніміз не?
Әр түрлі МҚ-да кейіптемелердің физикалық деңгейінде жалпы жағдайда қандай форматтар болады?
QBE тілі нені кейіптейді?
QBE тілінің теориялық негіздері не болып табылады?
QBE тілі нені қамтамасыз етеді?
QBE тілі не үшін қызмет етеді?
CASE-құралдарына не жатады?
Ақпараттық жүйелерді құру және ілесе жүру үдерістерін қолдайтын программалық құралдар қалай аталады?
Қорғау жүйелерін бұзудың мүмкін зардаптарын атап шығыңыздар?
Есептеу жүйелерінде ақпаратты кешенді қорғаудың мүмкін деңгейлерін көрсетіңіздер?
Ақпараттарды қорғаудың негізгі әдістерін сипаттаңыздар?
Қорғаудың программалық-аппараттық құралдары қандай?
Қорғаудың қосымша құралдарын атаңыздар?
SQL тілі қандай мәліметтерді өңдеу құралы болып табылады?
SQL қандай тіл болып табылады?
1992 жылы SQL тілінің қандай стандарты пайда болды?
SQL тілінде белгісіз немесе анықталмаған мәліметтер қалай белгіленеді?
SQL тілінің теориялық негізі не болып табылады?
SQL тілінің функцияларын атаңыз
SQL тілінің қай операторы МҚ-ға қол жеткізуді басқарады?
SELECT, INSERT, DELETE, UPDATE операторлары не болып табылады?
REVOКE операторы нені орындайды?
SQL тілінің алғашқы стандартын кім және қашан жасаған?
Құрастырушы: ____________ Алимова Ж.С.: «___» _______2014 ж.
«Математика және информатика» кафедрасының отырысында қарастырылған:
«26» 04 2014ж., № 9 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Джарасова Г.С. «___» _______2014 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |