1 қадам – Ms-Excel -ден Ms-Access-ке мәліметтерді экспорттау 2 қадам – қосымшаның басты формасын қалыптастыру 3 қадам – ADO технологиясы бойынша Ms-Access МҚ-на қосылу
1 қадам – Ms-Excel -ден Ms-Access-ке мәліметтерді экспорттау
Өзіңіздің жұмыс папкаңызда қосалқы «MyWorld» атауы бар папканы құрыңыз.
Ms-Access бағдарламасын іске қосыңыз. Ms-Access-ті іске қосу менюінен «Жаңа мәліметтер қоры» пунктін таңдаңыз. Экранда «Жаңа мәліметтер қорының файлы» атты терезе пайда болады. Бұл терезеде Сіз құрған «MyWorld» папканы табыңыз және оған кіріңіз. «Файл атауы» өрісінде «MyWorld» мәнін басыңыз, содан кейін «Құру» батырмасын басыңыз.
Ms-Access-тің ішінде «MyWorld: мәліметтер қоры» атты терезе пайда болады.
Келесі команданы орындаңыз: Файл – Сыртқы мәліметтер – Импорт. Пайда болған терезеде Елдер.xls (папка Дайындаулар) папкасын табыңыз. Әрі қарай шебердің белгілерін қадағалаңыз. Нәтижесінде «MyWorld: мәліметтер қоры» терезесінде «Елдер» атты кесте пайда болады.
Егер Access-те маңызды элементтердің атаулары (мысалы, кестелердің атаулары және өріс деп те аталатын кесте бағаналарының атаулары) бос орынға ие болса, онда ол әрі қарай бірқатар мәселе туғызуы мүмкін. Сондықтан оларды қайта атаумен айналысамыз.
«Елдер» кестенің жарлығын белгілеңіз, МҚ терезесінде «Конструктор» батырмасын басыңыз. Сіз кесте конструкторы терезесіне түсесіз.
Бұл терезеде «Атауы» өрісіне «Өрістің өлшемі» қасиетінің мәнін 50 етіп белгілеңіз.
Барлық басқа өрістерге «Өрістің өлшемі» қасиетінің мәнін «Ұзын бүтін» етіп белгілеңіз.
«Өріс9» өрісінің атауын «ЖұмысшыЕр» деп өзгертіңіз.
«Өріс12» өрісінің атауын «ЖұмысшыӘйел» деп өзгертіңіз
«Қалалық ерлер» өрісінің атауын «ҚалаЕр» атауына өзгертіңіз.
«Қалалық әйелдер» өрісінің атауын «ҚалаӘйел» атауына өзгертіңіз.
«Ауылдық ерлер» өрісінің атауын «АуылЕр» деп өзгертіңіз.
«Ауылдық әйелдер» өрісінің атауын «АуылӘйел» деп өзгертіңіз.
«Сақтау» батырмасын басыңыз және кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін деген пайда болған ескертуге «Иә» (орындауды жалғастыру) деп жауап беріңіз.
Одан кейін конструктордың терезесінде «Түр» (саймандар тақтасында шетінен сол жағында) батырмасын шертіңіз және кестенің барлық мәліметтері өздерінің орнында екендігіне көз жеткізіңіз.
Ms-Access-пен осымен жұмысты аяқтаңыз.
2 қадам – қосымшаның басты формасын қалыптастыру
Delphi-ді іске қосыңыз және жаңа жобаңы құрыңыз. Оны алдында Сіз құрған «MyWorld» папкасына сақтаңыз (UnMainмодульдің атауы, MyWorld жоба файлының атауы).
Форманың қасиетін объектілердің испекторы көмегімен келесідей өзгертіңіз:
Қасиет
|
Қасиеттің мәні
|
Name
|
fmMain
|
Caption
|
Страны мира
|
Енді басты формаға Panel команентін орналастырыңыз және оның қасиеттерін объектілердің испекторы көмегімен құрастырыңыз.
Компонентттің қасиеті
|
Қасиеттің мәні
|
Name
|
paTop
|
Align
|
alTop
|
Height
|
25
|
Формаға тағы да бір тақтаны орналастырыңыз және оған келесідей қасиеттердің мәнін бекітіңіз:
Компонентттің қасиеті
|
Қасиеттің мәні
|
Name
|
paBot
|
Align
|
alBotttom
|
Height
|
25
|
Формаға үшінші тақтаны орналастырыңыз және оған келесідей қасиеттердің мәнін бекітіңіз:
Компонентттің қасиеті
|
Қасиеттің мәні
|
Name
|
paLeft
|
Align
|
alLeft
|
Width
|
120
|
Формаға Splitter компонентін орналастырыңыз (стр.Additional).
Формаға тағы да бір тақтаны орналастырыңыз және оған келесідей қасиеттердің мәнін бекітіңіз:
Компонентттің қасиеті
|
Қасиеттің мәні
|
Name
|
paMid
|
Align
|
alClient
|
paTop тақтасына SpeedButton батырмасын орналастырыңыз (стр. Additional) және оған келесідей қасиеттерді бекітіңіз:
Компонентттің қасиеті
|
Қасиеттің мәні
|
Name
|
BtnHelp
|
Top
|
1
|
Left
|
1
|
Glyph
|
Көп нүктелі батырманы шертіңіз және экранда пайда болған терезеде Load батырмасын басыңыз. Экранда .bmp. кеңейтілуі бар файлды іздеу үшін терезе пайда болады. Бұл терезеде Дайындаулар папкасына кіріңіз және Help.bmp . файлын таңдаңыз.
|
paMid тақтасына RxDBAware бетінен RxDbGrid компонентін орналастырыңыз, оның Align қасиетін alClient-та етіп бекітіңіз. paBot тақтасына DataControls бетінен DBNavigator компонентін орналастырыңыз, оның Align қасиетін alRight -та етіп бекітіңіз. Сізде суретте көрсетілгендей шығуы керек.
3 қадам – ADO технологиясы бойынша Ms-Access МҚ-на қосылу
Формаға DataAccess бетінен DataSource компонентін және ADO бетінен ADOQuery компонентін орналастырыңыз. DataSource компоненті үшін оның DataSet қасиетін ADOQuery1 мәнінде бекітіңіз.
ADOQuery1 компонентін бөліп көрсетіңіз және объектілер инспеукторында ConnectionString қасиеті жанында көп нүктесі бар батырманы шертіңіз.
Экранда төменде көрсетілген терезе пайда болады. Онда радиобатырманы Use Connection String басасыз және Build –ті шертесіз.
Біздің алдымызда қосылу қасиеттері таспырмаларының көп бетті терезесі ашылады. «Мәліметтерді жіберуші» (Provider) бетінде Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider пунктісі бойынша шертіңіз. Содан кейін «Қосылу» (Connection) бетіне өтіңіз, немесе «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
Қандай жағдайда болсын сіз төменде көрсетілген терезеге шығасыз:
Көп нүктесі бар батырманы шертіңіз, ашылған терезеде сіз құрған MyWorld мәліметтер қорын таңдаңыз және Ашу батырмасын басыңыз.
Қосылуды тексеру батырмасының көмегімен тексеруді өткізіңіз. Егер тексеру табысты өтсе, онда OK басыңыз.
OK батырмасын басыңыз.
ADOQuery1 компоненті үшін объектілер инспекторында оның SQL қасиетін SELECT * FROM СТРАНЫ мәнінде бекітіңіз.
ADOQuery1 компоненті бойынша екі рет шертіңіз және пайда болған өрістер редакторында тышқанның бірінші батырмасын басыңыз, содан кейін шыққан менюден «Add all fields» пунктін таңдаңыз. Сіз бізбен құрылған «ЕЛДЕР» кестесінің өрістерінің толық тізімін көру керексіз.
ADOQuery1 компонентінің Active қасиетін True мәнінде бекітіңіз.
RxDBGrid1 және DBNavigator компоненттері үшін DataSource1 мәніндегі DataSource белгілеңіз. Осыдан кейін RxDBGrid1 «Елдер» кестесінен мәліметтер пайда болуы керек..
RxDBGrid1 компоненті бойынша екі рет шертіңіз және пайда болған өрістер редакторында тышқанның бірінші батырмасын басыңыз, содан кейін шыққан менюден «Add all fields» пунктін таңдаңыз. «Атау» өрісі үшін объектілер инспекторында Width қасиетін 120 мәнінде бекітіңіз.
Жобаны орындалуы үшін іске қосыңыз. Бас форманың түрі төмендегі суретте көрсетілгендей болуы қажет:
Тәжірибелік жұмыс №2. Сұрауларды құру. Іздеу және фильтрация.
Енді бағдарлама Access МҚ – ның кестесінен жазуларды олардың кестеге енгізілу тәртібімен шығарады. Егер қолданушы кесте жазуларын сұрыптаудың, мысалы бағана атауы бойынша тышқан батырмасын шерткеннен кейін, тәртібін белгілеу және өзгерту мүмкіндігіне ие болса, қолайлы болушы еді. TRxDBGrid компоненті Grid-тың бағана атаулары батырма ретінде қолданыла алатындығын анықтайтын TitleButtons қасиетіне ие. Оның мәні = False. True мәнінде бұл қасиетті бекітуде мұндай батырманы басуды өндеу үшін және атауда батырма қасиеттерін бекіту үшін OnTitleBtnClick оқиғаны қолдануға болады .
Достарыңызбен бөлісу: |