Пәнді оқытудың мақсаты: физикалық географияның негізгі бөлігі - ландшафттанудың теориялық негізін оқып - үйрену; табиғи кешендердің дамуында физикалық географияның алатын үлесін арттыру; халық шаруашылығының қажеттіліктері үшін ландшафттану ілімінің нәтижелерін практика жүзінде қолдана білу.
Пәнді оқып - үйренудің міндеттері: а) географиялық қабықтың ландшафттық сферасы туралы түсінікті жан - жақты қарастыру; ә) студенттерді табиғи - территориялық кешендерге ландшафттық сипаттама беруге, оның жеке компоненттеріне баға бере білуге үйрету; оларды «Ландшафттану» бойынша жазылған ғылыми әдебиеттерді талдай білуге үйрету; ландшафттық зерттеулердің негізгі әдістемелерімен таныстыру.
«Ландшафттану негіздері» пәнін меңгеру нәтижесінде студенттерде келесідей құзыреттіліктер қалыптасады: