Бағдарламасы syllabus семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады



Дата31.12.2019
өлшемі0,96 Mb.
#55240


1. Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS

Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.

Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:


Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық/

семинар сабақтары



Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ







2

15

15

-

15

45

90

Аралас емтихан

Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы

2. Пән туралы мәліметтер

Курстың мақсаты: Курсты өту барысында қазақ әдебие сын ғылымы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.

Курстың міндеті: Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұшатыстырыла негізделмек.

Пререквизиттері: Әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы.

Постреквизиттері: әдеби теориялық ұғымдарды толықөтай меғгеріп, әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет әдебиет теориясы

3. Студенттерге қойылатын талаптар:

Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.



Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.

Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек

Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.

Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.

Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.


5. Курстың мазмұны
Бірінші апта

1 дәрістің тақырыбы: Әдеби сын туралы түсінік.



Қарастырылатын мәселелер:
1. Әдеби сын туралы түсінік.

2. Әдеби сынның мақсаттары мен міндеттері

3. Әдеби сынның тууы

Аталған пәннің негізгі көздеген мақсаты - әдеби даму жолдарының қыр–сырын аңғару, түсіну, талдау процестерімен тікелей байланысты болу керек. Сондай-ақ қазақ әдебиеті сынының туу және қалыптасу кезеңдеріне әдебиет тарихы мен байланысын көрсету болып табылады. Бұл пәнді оқу барысында сыншылық ой-пікірлердің өрістеу жолдарымен оның өсу, даму жай-күйімен танысамыз. Сонымен қатар бұл курстың басты мақсаттарының бірі осы бір қиын да абыройлы жолға түсіру. Пәнді оқыту барысында шәкірттерді қазақ әдеби сынының пайда болу, қалыптасу жолдарынан, ұзақ тарихынан хабардар ету, әдебиеттің дамуы сыншы ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту. 1. Қазақ әдебиеті мен бірге оның ғылымы да жан – жақты даму үстінде. Қазақ әдебиетінің теориясы мен көп томдық тарихы жасалынып, ұлттық игілігімізге айналды. Алайда, бір ғана партия билеп-төстеген әміршілік заманда қоғамдық өмірдің барлық мәселелелеріне таптық тұрғыдан баға беру принципі әдебиеттану ғылымына кейбір тұстарда кедергі туғызып, оның шын мәнінде ғылыми арнада дамуына кесір келтіргені де белгілі. Қазір қазақ әдебиеттану ғылымы сан ғасырлық тарихы бар ұлттық әдебиетімізді бар болмысымен, сыр - сипатымен танып білу жолында жіберілген олқылықтардың орнын толтыруда. Әсіресе, ауыз әдебиетін, көне дәуірден бүгінгіге дейін әдеби мұраларды ғылыми жүйеге түсіріп, парасаттылықпен пайымдауда қыруар міндеттер алда тұр.

Бұл салада басқа туыстас әдебиеттерде істелінген істерге көз жіберсек, ұлттық әдеби сынның тарихын жасауға талпынып жатқан елеулі адымдарды көреміз. Ал, қазақ әдеби сынның жағдайына келсек, мүлдем басқаша. Қазақ әдеби сынны жүріп өткен жолдарды ғылыми тұрғыдан бағдарлау ісінде де атқарылған атқарылған, жүргізіліп жатқан ірілі-уақты еңбектерді атап өткен дұрыс. Бұлардың ішінде тқазақ әдебиеті сынының тарихын көп жылдардан бері үзбей зерттеп келе жатқан белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің еңбегін алдымен атаған абзал. Ол «Қазақ әдебиеті сынының туу және қалыптасу жолдар» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, «Сын сапары», «Оңаща отау» атты кітаптарын жариялады жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арнап «Қазақ әдеби сыны тарихы» (1994) оқулығын жазды. Сөйтіп, Т. Кәкішевтің зерттеу еңбектерінде қазақ әдеби мәселелері шешілді. Жекелеген дәуірлерді, қаламгерлердің сыншылдық қызметтерін қарастырған диссертациялар ққорғалып, кітаптар шыға бастады. Мысалы, М. Әуезовтің, Е. Ысмайыловтың т.б. эстетикалық көзқарастарына арналған еңбектер жарық көрді. Сонымен бірге, сынның мәселелері қазақ әдебитеттану ғылымында бірсыпыра зерттеулерде жанамалай әртүрлі дәрежеде сөз болады. Жекеленген мақалалар да баршылық. Сонда да болса қазақ әдебиеті сынының мәселелерін арнайы зерттеген еңбектер әлі де аз. Әсіресе, әдеби сынның теориясына қатысты зерттеулер жоқтың қасы.

«Сын жанры – жалғыз қазақ әдебиетінде ғана емес, басқа әдебиеттерде де барынша аз зерттелген творчестволық сала. Әсіресе, оның теориясы, методологиялық негіздері жайындағы огй-пікірлерде нақтылықтан гөрі жалпылық басым». «... күні бүгінге дейін сын жанрының өз теориясы жан-жақты зерттеліп, эстетикалық канонға айнала қойған жоқ» - деп жазады профессор Т. Кәкішев.



  1. СОӨЖ тақырыбы: Әдеби сынның тиімділігі.

СӨЖ тапсырмалары: Әдеби сынның табиғаты.

1 практикалық сабақтың тақырыбы:



Сынның әлеуметтік сипаты.

1.Сынның зерттеу нысаны, субъектісі.

2.Сынның қызметі.

2- СОӨЖ тақырыбы: : Әдеби сын туралы түсінік, Жуковський пікірі

СӨЖ тапсырмалары: Қазақтың сыни ой-пікрінің оянуы, әдеби сынның тууы

Есеп беру түрі: Реферат жазу.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. С.Қирабаев. Революция және әдебиет, І том, А.1977, 355-б.

2. А.С.Бушмин. Критику – в первые ряды, «Русская литература», 1972,№13, 14-б.

3. В.Г.Белинский. Шығармалары, ІІ том, А, 1955, 123-б.

4. А.Байтұрсынов. Шығармалары. А, 1989, 221-б.

5. Г.Гегель. Наука логики, ІІІ том, М, 1972, 291-б.


Екінші апта

2 дәрістің тақырыбы: Лингвистикалық немесе семиотикалық сындар.



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Лингвистикалық сын туралы түсінік

  2. Семиотикалық сын туралы түсінік

  3. Лингвистикалық немесе семиотикалық сындардың ерекшеліктері

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық – көркемділік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сын әдебиеттің тарихы және теориясымен тығыз байланысты. Мәселен әдебиет тарихы мен сынның тарихы бір-бірімен жалғас, бірін-бірі толықтырып тұрады. Әдебиет теориясы әдеби процестің заңдылықтарын, шығрмаларды идеялық, стильдік ерекшеліктері тұрғысынан талдау принцптерін анықтау болса, әдеби сынның негізгі міндеті шығарманы нақты тексеріп, жетістік кемшіліктерін саралап, эстетикалық баға беру.Әдеби сын сөз өнерінің бүгінгі таңдағы даму жолдарын анықтауға ат салысады. Әдеби сындарға пайымдаулар жасап, түйінді пікірлер айтады. Әдебиет сөз өнерінен басталады. Ол міндетті түрде көркем тілмен жазылуы керек. Тілі нашар шығарма көркем әдебиет бола алмақ емес. Өмір құбылыстары көркем тілмен ғана көркем шындыққа айнала алады. Көркем тіл- көркем әдебиеттің басты қасиеті. Көркем тілсіз әдебиет те жоқ. А.Байтұрсынов «Тілдің міндеті-ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау... Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек... Сондықтан сөзден жэасап сөз шығару деген жұмыс әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді» - деп, көп нәрсені аңғартады.

«Сөз – барлық фактілердің, ойлардың киімі» (Горький) болса, «фраза – ойдың костюмі» (И.П.Граве).

Сөз көркем шығармадан орын алуы үшін барлық жақтарынан джа өлшеуден өтуі керек. Халық тілі қарым-қатынас жасау құралы болса, әдебиет тілі сезімді көркем формада беріп, экспрессивті қызмет атқарады. Сөз көркемдік қатынастарға түскенде өзінің бар мүмкіндігімен жарқырап көріне алады.

М.Бахтин «Поэзия сөздің бар шырынын сығып алатындай барынша үлкейіп көрінеді.» деп жазады. Сөз көркем әдебиетте негізінен эстетикалық қызмет атқарады. Ол өмір құбылыстарын, адамдардың ішкі жан дүниесін бейнелі түрде беруінен көрінеді. Көркем әдебиеттегі сөз суреткердің ой-сезімдерін ғана беріп, бейнелі жинақтаулар ғана жасап қоймайды, сонымен қатар жазушы жасаған көркемдік әлемнің ажырамас бір бөлігіне де айналады. Сол себепті де сыншы жаңа кітаптың алдымен, тілдік жағына назар аударады. Шығарманың тілі сын көтеретін болса ғана пікір айтумен шектеледі. Әдетте, тілі көркем шығарманың көркемдік құдіреті жоғары болады.

Тіл жазушының қолындағы құрылыс материалы іспеттес. ШЩебер суреткер сол материалдарды пайдалана отырып, өзінің әдеби туындысын жасайды. Оның іргетасының мығым, керегесі кең, шаңырағының биік көтеріліп, уықтарының берік байлануы, жалпы тұрқының ойдағыждай жақсы шығуы тікелей құрылысшы- қаламгердің шеберлігіне , дарынына байланысты. М.Горький «әдебиеттің бірінші элементі, басты қаруы және фактілермен, өмір оқиғаларымен бірге материалы-тіл» деп көрсетеді. Әдебиетші жазушылық тәжірибесіне сүйене отырып, тілмен жұмыс істейді. Тіл оның бесаспап қарцы болғандықтан да оны үйренуді барлық уақытта тоқтатпай, өз сезімдерін, ойларын дәл де анық, әсерлі де қарапайым түрде беруге жетілу керек. Адамар туралы жаза салу оңай шаруа емес. Адамдардың суретін бояумен, немесе қаламмен қалай болса, сөзбен де солай салу деген сөз.

3-ОЖСӨЖ тақырыбы: Лингвистикалық немесе семиотикалық сындардың ерекшеліктері.

СӨЖ Тақырыбы: Жазушының стилі.

2 практикалық сабақтың тақырыбы: Семиотикалық сындар.

Семиотикалық сын туралы түсінік

Семиотикалық сындардың ерекшеліктері



4-СОӨЖ тақырыбы: Лингвистикалық сын түсінігі

СӨЖ тапсырмалары: Лингвистикалық сын ерекшелігі

Есеп беру түрі: Конспектілеу.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Т.Кәкішев. Сын сапары, А. 1971.

2. К.Сыздықов. М.Әуезов - әдебиет сыншысы, А. 1973.

3. Б.Бурсов. Критика как уначарськ, «Звезла»., 1973 №6, 207-б.

4. В.Кожинев. Критика как компонент литературы, М. 1976.

5. Л.Новиченко. Критика есть література, «Вопросы литературы», 1971, №10, 5-б.

6. К.Сейдеханов. Әдебиет жанашыры, А.1972.

7.А.В.Луначарский. Шығармалар жинағы, 8 том, 1967, 122 б.




Үшінші апта

3 дәрістің тақырыбы: Мақала.



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Мақала дегеніміз не?

  2. Мақаланың түрлері

  3. Теориялық немесе ғылыми мақала.

Әдеби сының тарихы ертеден басталады. Көркем шығармалар дүниеге келіп, халықтың кәдесіне асудың өзі-ақ оларды сын көзбен қарап, бағалау қажеттігін туғызатыны анық. Бірақ сол бағалаудың өзі әдеби туындының құны мен мәнін анықтап, пікір қорыту әр кезде әр жағдайда әр түрлі болады. Ауыз әдебиеті жағдайында өлең-жырды, дастанды, ертегі-аңызды тыңдаушылардың бағалауы болашақ әдеби сынның тек алғашқы адымдары деуге болады. Жазба әдебиет қалыптасып, баспасөз, газет-журналдар пайда болған кезде нағыз толық мағынадағы әдеби сын өрбіп, өркендей бастайды.

Өнер шығарманың жетістік – кемшілігін пайымдау қоғамдық сананың нәтижесі. Әдебиет тарихына көз жіберсек, 18 ғасырда Германияда Лессинг, Францияда Дидро, еңбектерінің мәні зор болды.Ал Россияда 19ғасырда Белинский, Чернычевский т.б. әдеби сынды биік деңгейге көтерді. Қазіргі кезде әдеби сын жан-жақты өркендеп, толыға түсті. Бұл салада сын мақала, сыни пікір, шолу мақала, эссе, әдеби портрет сияқтыталдау, тұжырымдап пікір қорыту, ерекшелігі әртүрлі жанрлық түрлер кең өріс алып келеді. Мақала терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Бірінші, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдың жалпы аты ретінде қолданылып жүр. «Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Екінші, нақтылы баспасөз жанрының атауы. Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек,мақала да сол секілді осы қатардан белді орын алады. Мақала баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын мүмкіндігі молырағы. Біз мақаланы осы жанрлық тұрғыдан қарастырмақпыз.

Мақаланың мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан маңызды оқиғаларды, құбылыстарды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Сондықтан да мақалада әдеби сынның ғылыми-публицистикалық сипаты айқын көрінеді. Мақаланың қай сипатының (ғылыми, публицистикалық) басым екендігін көп жағдайда ажыратудың өзі қиын. Әдетте, ғылыми-публицистикалық біртұтастыққа айналып, сыншылық талдау мен пайымның биік өресі көрініс тауып жатады. Мақаланың осы басты екі сипатының бірі кемшін жатса, онда жанрдың екі аяғын тең баса алмай, бірдеңенің жетіспей жатқандығы. Құрғақ ғылыми талдаулардың оқырман қауымға түсінікті бола бермейтіндігі сияқты, нақтылы фактілерге, талдауларға негізделмеген жалпылама сөздердің де жалықтырып жіберетіндігі анық. Сондықтан да баспасөз бетіндегі мақала жанры көбіне әдебиеттану ғылымымен көршілес қонып, аралас-құралас жатады.

Мақаланың құрылымдық жағына келсек, мұнда сынның басқа жанрларының көптеген элементтерінің кездесетіндігі көрінеді. Мысалы, басты міндеті шығарманың не жайлы екендігімен таныстыру болатын аннотацияның , рецензияның, творчестволық портреттің бір уақыттағы, бір түрдегі, бір жанрдағы шығармаларды бағдарлауға арналған шолудың, талдаудағы, ой айтудағы өзіндік артықшылықтарын мақала емін-еркін пайдаланады. Сондықтан да мақала - әдеби сынның құрылымы жағынан аса күрделі, сипаты жағынан сын жанрларының аса қажеттігі негізгі қасиеттерін бойына сіңірген, пікір білдірудің небір ыңғайлы да ұтымды формаларын тауып, қолдана білетін өміршең де әмбебап жанр.

Мақаланың сынның басқа жанрларынан ерекшелендіріп тұратын өзіндік өзгешеліктері бар. Ең бастысы, жоғарыда айтып өткеніміздей, мақала міндетті түрде нақтылы бір күн тәртібінде тұрған, әдеби процесс алға ұсынған, қоғамдық маңызы бар зәру мәселеге арналады. Осындай қасиетіне орай оны кейде проблемалық мақала деп те атайды. Демек, мақалада проблемалық ой басқа жанрларға қарағанда айрықша, мен мұндалап, тақырыбынан-ақ көрініп тұрады. Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



5-ОЖСӨЖ тақырыбы: Айтыс мақала

СӨЖ тақырыбы: Теориялық және ғылыми мақала.

3 практикалық сабақтың тақырыбы: Проблемалық мақала

Проблемалық мақаланың өзге мақалалардан айырмашылығы.

Оның қамтитын негізігі мәселелері



6-СОӨЖ тақырыбы: Мақала туралы толық түсінік

Үй тапсырмасы: Мақала жазудағы ережелерге сипаттама беру.

СӨЖ тапсырмалары: Қалаған тақырыбыңда мақала жазу

Есеп беру түрі: Мақала жазу.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті. «Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.

2. Ю.Суровцев. О научно-публицистической природе критики. «Зведа», 1975, №4, 192-б.

3. В.Г.Короленко. Он томдық шығармалар жинағы, Х том, М, 1956, 484-б.


Төртінші апта

4 дәрістің тақырыбы: Әдеби сынның принциптері.



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Әдеби сын принциптері дегеніміз не?

  2. Әдеби сынның негізгі принциптері

  3. Әдеби сын принциптерінің маңызы

Әдеби сының өрістеуіне біздің елімізде шығып тұратын ҚР Ғылым Академиясы хабарлары бар. «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Таңшолпан» сияқты әдеби газет-журналдар да үлкен үлес қосып келеді.

Сынның жазба әдебиетке тән жанр екені онымен үзеңгі қағыса тарихи эстетикалық сахнаға шығатыны көркем әдебиеттің бүгінгісіне назар аударып, келешегіне барлау жасайтыны, алынбаған шеберлік қамалдарын нұсқайтыны жаңалықтың жаршысы болып, қалың жұртшылыққа әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсіндіретіні, насихаттайтыны теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шығармалар.

Алайда әсемдікті танып білу, оны ардақтау, сұлулықтың сырын ашып, ажарсыздық пен келіссіздікті мінеу сияқты эстетикалық түсініктер халық творчествасына оның ауыз әдебиетіне жат па? Әрине жоқ.

Сыншының әдебиетті талдаушылық, бағалаушылық қызметінде басшылыққа алып, ұстанып отыратын қағидалар бар. Олар әдеби сынның принциптері деп аталады. Жалпы алғанда, принцип дегеніміз зерттеу барысында басынан бастап басшылыққа алынып отыратын идея, негізгі идея. Таратыңқырап айтсақ, теорияның тірек болар негізі, қалыптасқан ережесі, танып-білу заңы, сыншының нақтылы жағдайларда ұстанатын тәртібі.Әдеби сыннның барлық жақтарына тікелей қатысты жалпыға ортақ, қалыптасқан негіздері, сыпатын анықтайтын талаптары, ережелері. Сонымен принциптің әдебдиетті талдау ұғымында оның барлық салларына тікелей қатысы бар, ортақ, орталық ереже, ғылыми жүйенің негізі екендігі көрінеді.

Әдеби сыннның принциптері – сынның әдебиетті талдаудағы оқырмандарды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудегі бүкіл мазмұнын, бағытын, ұйымдастырылуын, әдістерін айқындап отыратын негізгі ғылыми қағидалар. Олар әдебиетті зерттеу істерінде жеке дара қолданылмайды, бір-бірімен тығыз байланывста болып, көбіне бірлікте пайдаланылады. Олар сыншылық қызметтің барысында жалпы әдеби талдауларға ортақ сыпат танытады. Сондықтан да қажетті принциптерді жақсы білу, қатаң ұстану – сыншылық қызметтің дұрыс бағытта, жемісті болуының бірден-бір шарты. Бұл принциптер әдебиеттің сынымен ғылымымен бірге пайда болып, қалыптасқан, әбден сыннан өткен бірден-бір ғылыми жолсеріктер болып табылады. Олар белгілі бір дәрежеде сол ғылым саласының даму деңгейін де аңғартады.

Әдеби сынның принциптерін шартты түрде екіге бөлуге болады. Бірінші топқа сынның бағытын, мазмұнын айқындауға қатысты принциптер кіреді. Олар:

-Идеялылығы;

-Шыншылдығы;

-өмірмен байланыстылығы;

-халықтығы;

-ғылымилығы;

-тарихшылдығы;

Екінші топқа сынды жүргізудің әдістеме(методика) жақтарына қатысты құралдарын (газет, журнал, жинақ, т.б.), жанрлық түрлерін (рецензия, мақала, фельетон, дөңгелек стол, сұрақ-жауап,т.б.), аудитория ерекшеліктерін ескеруге қажетті, яғни оның тиімділігін арттыруға көмектесетін принциптер жатады. Олар:

-жауынгерлігі;

-жүйелілігі, жинақтылығы (комплектілігі);

-түсініктілігі;

-оқырмандар аудиториясын ескеріп отыру;

-ұтымдылығы, ыңғайлылығы (оптимальность);

-әсерлілігі;

-актуалдығы,т.б.

Бұл принциптер бір-бірімен тығыз байланысты өмір сүреді. Әдетте аражігін ажыратудың өзі қиынға соғады. Сыншылдық тәжірибеде принциптер біртұтас ережелер жиынтығы ретінде әрекет етеді.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



7-ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықтың өзін-өзі танып білуі.

СӨЖ тақырыбы: Сынның өмірмен байланыстылығы.

4 практикалық сабақтың тақырыбы: Сынның халықтығы.

Тапсырмалар:

Сынның халықтығы дегеніміз не.

Қандай жағдайда сын халықтық болады.

8-СОӨЖ тақырыбы: Әдеби сын принциптері туралы түсінік

СӨЖ тапсырмалары: Әдеби сын принциптерінің маңызы

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті. «Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.

2. Ю.Суровцев. О научно-публицистической природе критики. «Зведа», 1975, №4, 192-б.

3. В.Г.Короленко. Он томдық шығармалар жинағы, Х том, М, 1956, 484-б.

4. Т.Кәкішев. Сын сапары, А. 1971.

2. К.Сыздықов. М.Әуезов - әдебиет сыншысы, А. 1973.

3. Б.Бурсов. Критика как литература, «Звезла»., 1973 №6, 207-б.

4. В.Кожинев. Критика как компонент литературы, М. 1976.

5. Л.Новиченко. Критика есть література, «Вопросы литературы», 1971, №10, 5-б.

6. К.Сейдеханов. Әдебиет жанашыры, А.1972.

7.А.В.Луначарский. Шығармалар жинағы, 8 том, 1967, 122 б.
Бесінші апта

5 дәрістің тақырыбы: Шығармашылық портрет.



Қарастырылатын мәселелер:

Шығармашылық портрет дегеніміз не?

Шығармашылық портреттің негізгі объектісі

Шығармашылық портреттің талданылуы


Талай ғасырдан бері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті э,стетикалық мұратты қалыптастыру барысында елдік пен ерлікті әсемдікпен сұлулықты, әделдік пен имандылықты ардақтауды, жалғандық пен жамандықтан, зорлық пен зомблылықтан, ажарсыздық пен көріксіздіктен жиренуді үрету, ұғындыру арқылы жұрттың көркемдік талап талғамын жетілдіруге озық өнегесі бар ауыз әдебиеті көне дәуірде де, бүгінгі замандарда өзінің ықпалынан арылған жоқ.

Сол сияқты «ата балаға, көпті көрген көне жаңа талап жасқа сын айтып, болашағына болжау жасау- қазақ елінде ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі» екендігін еске алғанда, қазақтың билер және шешендік сөздерінен нелер шұрайлы ойларды кездестіреміз. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің эстетикасын терең зерттеп, мән мағынасын жварқырата түсіндірсек, әр халық өзінің дүние танымының шама шарқына қарай адамзат мәдениетіне үлес қоса алатындығын, түйінді ойлар мен қомақты пікірлер айта алатындығын байқаймыз.

Қазақ ауыз әдебиетінде тамаша үлгілерінде әсіресе, ақындар айтысында халықтық эстетиканың таным түсінігін қалыптастырадын шырайлы өрнектер жиі кездеседі. Айтылар ой, қорыта пікір, бере баға өнердің, әсіресе сөз өнепрінің қадыр қасиетін өнерпаздың дарын қуатын айқындайтын халықтық эстетиканың әр палуан принциптері бой көрсетеді. Әдеби сындағы шығармашылық портрет жанры жайлы пікірлерде әлі де басы ашылып нақтыланбаған мәселелері баршылық. Қазіргі кездегі жанрлық жіктелуден гөрі ара жіктері бір-бірімен жақындасып, жымдасып, араласып, жойылып жатқан құбылыстар шығармашылық портретте де байқалады. Тіпті, жанрдың терминдік атауы да түрліше жазылып жүр. Көп реттерде әдеби портрет, портреттік очерк, нақтылы қаламгер туралы мақала, эссе бір—бірінің синонимі ретінде қолданылып, ажыратылмайды. Шынында да бұлардың мағыналарының жақын екендігі рас, бірақ бір емес. Объектінің, айтар ойдың сыпатына орай, сынның мүмкіндіктері кейде «ұлғайып», кейде кішірейіп, жанрлық түзілуіне тікелей әсер етіп отыруының нәтижесінде жіктелістер туумен бірге басқалармен аралас құралас та күшейіп жатады. Жоғарыдағы түрліше атауларды да осы тұрғыдан түсіну қажет.

Көркем әдебиеттегі басты тұлға-суреткер. Сондықтан қандай да бір әдеби шығарма, құбылыс жайлы әңгіме еткенде, оның авторына соқпай өту қиын. Әдебиет туралы пікір білдіру – белгілі бір дәрежеде жазушы жайлы да әңгімелеу. Ал жазушының шығармашылығы хақында пікір айту жайлы жалпы әдеби сынның басты міндеттерінің бірі. Сондықтанда Б.Бурсов айтқандай, әдеби сын да суреткер жүріп өткен шығармашылық жолдармен жүріп, көріп, сана сарабынан өткізетіндей. Бұл жолда жазушы көркемдік жинақтаулар жасаса, сыншы осылардың барлығын ой көзінен, талдаудан өткізіп, ғылыми қорытындылар түйеді. Сол себепті де сын жанрларының өзіндік белгілері айқындала бастаған кездің өзінде-ақ жеке қаламгердің суреткерлік болмысын көрсетуді мақсат тұтқан шығармашылық портрет жанры жиі көрінді. Л.П.Гроссман сынның 17 түрлі жанры бар деп көрсеткенде, алдымен әдеби портретті атаған. Бұл жерде әдеби портреттің іштей әлі жіктеліне қоймағандықтан оның негізі біз қарастырып отырған шығармашылық портрет болды деп топшылаймыз.

Шығармашылық портреттің негізгі объектісі суреткер дегенде оның шығармашылығына ден қойылады. Өмірбаяндық, естелік, толғаныс, құжат сияқты түрлі мағлұмат-әдістер кеңінен қолданылуы мүмкін. Бірақ, осының бәрі белгілі бір шамада қажетіне қарай пайдаланылып, жазушының қаламгерлік қолтаңбасын , яғни шығармаларының өзіндік болмыс-бітімін, өзгешелік сипаттарын ашуға қызмет етеді. Ал, шығармаларды таладп, бағалауда негізінен аналитикалық талдау тәсілдері де қолданылады да басқалары оған қосымша көмекші әдістер болады. Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

9-ОЖСӨЖ тақырыбы: Сынның сатиралық жанрлары.

СӨЖ тақырыбы: Сынның сатиралық жанрларының негізгі ерекшеліктері.

5 практикалық сабақтың тақырыбы: Шығармашылық портреттің теориялық жағы.

Тапсырмалар:

Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі әдебиетіміздегі өрлеу.

Әдебиет пен өнер туралы идеологиялық қаулы-қарарлар.

3. Көркем шығарманы поэтикалық талдау



10-СОӨЖ тақырыбы: Шығармашылық портрет туралы түсінік

СӨЖ тапсырмалары: Өз ойыңнан шығармашылық портрет жаса

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Т.Кәкішев. Сын сапары, А. 1971.

2. К.Сыздықов. М.Әуезов - әдебиет сыншысы, А. 1973.

3. Б.Бурсов. Критика как литература, «Звезла»., 1973 №6, 207-б.

4. В.Кожинев. Критика как компонент литературы, М. 1976.

5. Л.Новиченко. Критика есть література, «Вопросы литературы», 1971, №10, 5-б.

6. К.Сейдеханов. Әдебиет жанашыры, А.1972.

7.А.В.Луначарский. Шығармалар жинағы, 8 том, 1967, 122 б.


Алтыншы апта

6 дәрістің тақырыбы: Эстетикалық сындар.



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Эстетика - әдемілік туралы ғылым.

  2. Эстетикалық сындар дегеніміз не?

  3. Эстетикалық сындардың қызметі.


Бағзы замандардан өнермен талғам қатар жүрген жақсы мен жаманның, ізгілік пен зұлымдықтың, сұлулықпен ажарсыздықтың ара жігін ажырататын танымділік, парасат әрқашан әділдік туын тіккен. Бұл процесс халақтық эстетикада ғана емес, көне замандағы түркі ескерткіштерінде, орта ғасырлық жазбаларда, Алтын Орда замандардағы қазақ хандығы тұсындағы жыраулардың, шешен билердің туындыларында, жарғыларында кездеседі. Көне дәуірдегі туындылардың көркемдік сипатына Б.Кенжебаев пен Ә.Марғұлан Ұлы отан соғысына дейінгі екезеңде көңіл аударды. Әл Фараби араб ақындары шыңғарма жазғанда міндетті түрде қалыптласқан ережелерді басшылыққа алғандарын айтады. Әл- Фараби көне түркі заманымен келесі кезең бастаулар өлі арада өмір сүпргендіктен оның осы екі этапқа да қатысы бар екенін естен шығармау керек. Әр әдеби шығарма – белгілі бір дәрежеде көркем дүние. «Әдебиет – өмірді сөз арқылы көркем бейнелейтін өнер». Өнер түрлерінің ішінде сөз өнері есте жоқ ескі заманнан келе жатқан ең көнесі де, ең бастысы да. Барлық уақыттарда да сөз өнеріне ерекше мән беріліп келген. Сөз өнерімен айналысқан ақын-жазушылардың қоғамдық беделі аса жоғары болған. Ғасырлардан ғасырларға ұласқан сөз өнері әдебиеттің қасиетін қасиетін оның көркемдік жақтары айқындайды. Қандай да бір жақсы идеялар өзіне сай көркем формада айтыла алмаса, ол әдебиет емес. Сол себепті де көркем әдебиеттің өнер туындысы ретінде көркемдік сипаттарын ашып көрсету – әдеби сынның басты мақсаты. Жаңа туындының көркемдік дәрежесін, оның осмы саладағы жаңашылдығын, қосқан үлесін анықтау – сыни талдауларға қойылатын басты талаптар. Әдебиет сөз өнеріне жататындықтан оны әдебиеттану ғылымымен бірге эстетика ғылымы да зерттейді. «Эстетика – әдемілік туралы ғылым» болғандықтан, әдеби сын эстетика ғылымының жетістіктерін де өз қызметінде барынша пайдаланып отырады. Көркем шығарма эстетикалық талдаулар жасау сыншының өнер туралы жан-жақты білімдар, эстетикалық түйсігінің, талғамының жоғары болуын талап етеді. Жалпы, эстетикалық сындардың болуы – әдеби ой-пікірдің кемелдік дәрежеге жеткендігінің де белгісі. Кезінде В.Г. Белинскийдің әдебиетке тек эстетикалық сындар керек деп талап қойғаны белгілі. «Шығарманың эстетикалық қадір –қасиетінің дәрежесін анықтау сынның бірінші ісі болу керек. Шығарма эстетикалық талдауды көтермесе, оны тарихи тұрғыдан сынаудың да қажеті жоқ.» - деп жазған болатын ұлы сыншы. Өз ойын шығарма тек өнер туындысы болу мақсатымен жазылып, әлеуметтік өмірдің қан-тамыры соғып тұрған мазмұнсыз болса, онда жасанды түрде суреттелген формалардың ешқандай құны болмайды деп жалғастырады. Плехановтың эстетикалық талдаулар сыни зерттеудің жоғары сатысында – екінші актісінде болады деген пікіріне жоғарыда тоқталып кеттік. Сонымен эстетикалық талдаулар жасау – әдеби сынның идеалы. Әдеби шығармада ең алдымен, көркем тілмен жазылып, көркемдік қасиеттерге ие болып, оқырмандарды эстетикалық жағынан тәрбиелеу оның басты мұраттарының бірі саналса, осы қаншалықты дәрежеде жүзеге асты деген негізгі мәселені тек эстетикалық талдаулар жасау арқылы ғана шешуге болады. Мұндай талдаусыз көркем әдебиеттің шын өнер туындысы, немесеемес екендігін анықтау мүмкін емес.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



11-ОЖСӨЖ тақырыбы: Әдеби шығарманың көркемдік құнын анықтау.

СӨЖ тақырыбы: Ақын-жазушылардың шығармаларының эстетикалық құндылығын анықтау.

6 практикалық сабақтың тақырыбы: Үйлесімділік.



Тапсырмалар: 1. «Үйлесімділік» ұғымы.

2.Сындағы үйлесімділіктің көрініс беруі.



12-СОӨЖ тақырыбы: Эстетикалық сындар туралы түсінік

СӨЖ тапсырмалары: Эстетика ұғымы

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Т.Кәкішев. Сын сапары, А. 1971.

2. К.Сыздықов. М.Әуезов - әдебиет сыншысы, А. 1973.

3. Б.Бурсов. Критика как литература, «Звезла»., 1973 №6, 207-б.

4. В.Кожинев. Критика как компонент литературы, М. 1976.

5. Л.Новиченко. Критика есть література, «Вопросы литературы», 1971, №10, 5-б.


Жетінші апта

7 дәрістің тақырыбы: Жанр туралы.



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Жанр туралы түсінік

  2. Жанр түрлері

  3. Жанрдың әдеби сындағы атқаратын қызметі

Түркі тілінің ең кесек және әлемдік мәні бар бір туындысы Ж.Баласағұнның «Құтты білігі» . Бұл шығармада сол кездегі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халхқының құрамына кірген ру тайпалар тілдерінің тұтастық тапқаны соншама, әр ел әр жұрт өзімдікі деп иемденуге хақыолы болды және шығарманың тілін түсіну жағынан онша қинала бермеді. Сондықтан талай ғасыр дъәрежесінен туған даналық шешендік сөздер, жыр толғанда өзінің төл дүниеңдей сезәіледі. Сөз өнері ғылымындағы жанр мәселесі – аса күрделі проблемалардың бірі. Сондықтан да сын жанерларын әңгіме етпестен бұрын жалпы жанр мәслелесінің жай-күйіне тоқтала кеткен жөн. Әлемдік әдебиеттану ғылымының тарихында жанр туралы түрлі кездерде айтылған пікірлерді Аристотельден бастап кездестіреміз. Бұларда жанр сипатын әр т.рлі қырынан әңгімелеп, табиғатын аша түсушілік бар. Солай бола тұрсак да «жанр дегеніміз не?», «оны жіктеудің шарттары» деген сияқты негізгі сауалдарға жауап іздегенде басы ашылмаған қиындықытар туындайды; оларды шешудің түрлі жолдары ұсынылып отырған. В. Г. Белинский «Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу» деген мақұаласында осы жайлы арнайы әңгімелейді. Сыншы мақаласын «поэзия - өнердің жоғары тегі» деп бастайды да поэзияның үш тегі – эпос, лирика, драма – бар екендігін көрсетеді, Осында әдеби жанрлар туралы әңгіме болғанмен де «жанр» термині айтылмайды. Ол тектің түрлері ретінде ғана сөз болады. Белгілі әдебиет теориктерінің өздері де жанр проблемасының аса күрделілігіне назар аударып отырған. Б. ТОмашевский жанрларға жіктеудің өте қиындығын, оны әдеби дамудың белгілі бір тарихи кезеңіне ғана қатысты қарастыру керек екендігін ескертеді. Орыс тіліндегі әдебиеттану еңбектерінде жанр мәселесінің қиындығына назар аударып, оны шешу жайлы өз ойларын ұсынған пікірлер көп. Түрлі экспедицияларда, әдебиеттану бойынша жоғарғы оқу орындарында арнлаған оқулықтарға, сөздіктерде бұл мәселе төңірегінде түрліше шешімдер бой көрсетіп келді. Мысалы, 1966 жылы жарық көрген !Поэтикалық сөздікте» жанр нақтылы текке жататын әдеби шығарманың белгілі түрі деп анықталса, «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» тіпті анықтама айтылмай, жалпылама түсініктер берілген. Белгілі әдебиет теоритигі Г. Л. Абрамович тіпті әдебиеттің тегі, түрі, жанр деген ұғымдардың ара жігін ажырататын жұрт қабылда\ған анықтаманың күні бүгінге дейін жоқтығын жазады.

Жанр туралы пікірлерді келтіріңкіреп отырғандағы мақсатымыз – бұл мәселенің күрмеуінің күрделілігіне, шешілуі оңай бола қоймайтындығына назар аудару. Оның бір ұшығы жалпы әдебиеттану ғылымындағы «тек», «түр», «жанр» категорияларының ұғымдық жағынан бір-бірінен ажыратылмай келе жатқандығына да байланысты болса керек. Әдеби сынның жанрлық жүйесін айқындау оның сан сипатты табиғатынан туындайды. Сол себепті де оған бір ғана әдеби, публицистикалық принциппен, өлшеммен келге болмайды. Сынның жарларын анықтағанда, оның көркемдік мипаты әдеби принциті қажет етсе, публицистикалық табиғаты публицистикалық, ғылымилығы ғылыми өлшемдерді қолдануды міндеттейді. Осы тұрғыдан сын жанрларын алдымен әдеби, публицистикалық, философиялық деп жіктеуге болады.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



13-ОЖСӨЖ тақырыбы: Әдеби сын жанрының объектілері.

СӨЖ тақырыбы: Әдеби сын жанрының атқаратын міндеттері.

7 практикалық сабақтың тақырыбы: З.Қабдоловтың жанрларды жіктеуі.

Тапсырмалар:

Ақын поэмаларының жанрлық ерекшеліктері

Олардың поэтиалық жүйесінде фольклор мотивтерінің қызметі

14-СОӨЖ тақырыбы: Жанр дегеніміз не?

СӨЖ тапсырмалары: Жанрдың әдеби сындағы атқаратын қызметі

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті. «Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.

2. Ю.Суровцев. О научно-публицистической природе критики. «Зведа», 1975, №4, 192-б.

3. В.Г.Короленко. Он томдық шығармалар жинағы, Х том, М, 1956, 484-б


Сегізінші апта

8 дәрістің тақырыбы: Аннотация.

Аннотация – сын жанрының ең шағын көлемдісі

Аннотацияның негігі міндеті

Аннотация ерекшелігі

Қазақтың сыни ой пікірін зерттеген уақытта европалық тұрғыдан қарау, соған бейімдеу қатерлі де қате. Әр халық өзінің көркемдік таным білігінен өнікті ой тапқанда ғана адамзат әлеміне бекер келмегенін түсінеді. Сондықтан көне заманда туған көрікті ойларды қазақ әдебиет сыны тууының бір қайнар көзі ретінде қарастырылып ғылыми жағынан дұрыс, эстетикалық тұрғыдан өнімді жол болған.

Өз заманының саяси әлеуметтік мәселелер жайында талай толғанған Шоқан, Ыбырай, Абай көркем әдебиет туралы көптеген ойлар мен тың пікірлер айтқан. Ұлы ағартушы – демократтар қазақтың сыншылық ойын оятып құнарлы аңызға асыл дәндер екті. Көркемсөзге эстетикалық талап қою, оған тиісті баға беру насихаттау, ұғындыру, түсіндіру мақсатындағы ой пікірлер қазақ әдебиеті сынының туа бастауының белгісі. Аннотация – сын жырларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәнінде әдеби сынның бастау алар бұлағы. Алғаш көрінген түрі десе де болады. Аннотация объектісі – бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты – кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Әдеби сынның басқа жанрлары сияқты алдына көп міндеттер қоймайды; жоғарыда айтылған бір ғана мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның негізгі жанрлық ерекшелігін айқындайтын өлшем болып табылады. «Қазақ совет энциклопедиясында» аннотацияға мынадай анықтама берілген:

Аннотация(лат.annotatie-ескертпе) – кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама». Бұл анықтамаға сүйенсек, аннотация дегеніміз – кітап туралы қысқаша сипаттама. Ал, «Қысқаша әдеби энциклопедияда» «кітап, мақала, қолжазба, шығарма мазмұнының қысқаша мазмұндамасы» деген түрде түсіндірілген. Академик М.Қаратаев бір мақаласында аннотацияны «қысқаша мазмұндама» деп атапты. Профессор Т.Амандосов аннотацияны рецензияның «ең шағын да қысқа түрі» екендігін, ол «шығарманы қысқа, тұжырымды баяндап береді», «кеңірек үгіттеуді көздейді» деп жазады. Т.Кәкішев «аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді» -дейді.

Аннотацияның басты қызметі кітапқа қысқаша сипаттама беру десек те, тәжірибеде мұнан да басқа міндеттерді қоса атқара беретіндігі де бар. Әсіресе, рецензия, жазушы портреті жанрларына тән сипаттар жиі көрініс табады. Егер аннотацияны белгілі бір бағытта кеңейте түссе, оның басқа жанрларға айналып кетуі оңай.

Сонымен, аннотацияны орынды пайдалана білсе, өзіндік ерекшеліктерімен бірге мүмкіндіктері де бар, ыңғайлы шағын жанр екендігіне көзіміз жетеді. Тиімді қолданса, әдебиетке тигізер қолғабысы артарлықтай. Жаңадан шығып, өмірге жол тартып жатқан кітаптарды қалың оқырмандарға таныстырып, үгіттеуде аса пайдалы қызмет атқаратын, әдеби сында алатын өзіндік орны бар қалыптасқан жанр дейміз.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

15-ОЖСӨЖ тақырыбы: Рецензия.

СӨЖ тақырыбы: Рецензияның публицистикалық сипаты

8 практикалық сабақтың тақырыбы: Аннотацияның негізгі міндеті.



Тапсырмалар:

Аннотация – сын жанрының ең шағын көлемдісі.

Аннотацияның ерекшелігі.

8-СОӨЖ тақырыбы: Аннотацияның негігі міндеті

СӨЖ тапсырмалары: Өздерің қалаған көркем шығармаға аннотация жазу

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1.М.Қаратаев. Әдебиет және эстетика. А., 1970.

2. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті.»Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.

3. В.Дементьев. Критик это писатель. «Писатель и жизнь» (МГУ, 1978) 38-б.



Тоғызыншы апта

9 дәрістің тақырыбы: Әдеби сынның басқа да жанрлық түрлері.



Қарастырылатын мәселе:

  1. Қазақтың әлеуметтік ой-пікрін молайтудағы ұлы тұлғалардың ықпалы

  2. Абайдың сыны

  3. Ыбырай сыны

  4. Шоқан сыны

Қазақтың ұлы ағартушы демократының сыншылық ой пікірлерін шола байандаған уақытта үшеуіне тән ерекшелік анық бой көрсетеді де олардың ой пікіріне арна болған сөз өнерінің үлкен сілемі көрінеді.

Қазақтың сыншылық ойының оянып бастау шағына Шоқан, Абай, Ыбырай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша өрнекті.

Мұның өзі тарихи, сондай- ақ әдеби мәдени даму барысыенда қазақтың ағартушы демократтары нәр алған ұлы арналардың үлгі өнегесін апрдақтап қана қоймай барынша терең игере білуге, тиімді насихаттай білуге жаңа дәуірге сай.

Қазақтың әлеуметтік ой пікірін ояту жолында тарихи ұлы ұлы еңбек сіңірген Шоқан, Ыбырай, Абайлар сыншылық пікірдің алымын молайтып айтарын нақтылай түсті. Әдеби сынның басты қызметі- әдебиет пәнінде болып жатқан құбылыстар жайлы қара қылды қақ жарып шындықты айту. Бұл – әдеби сынның туа біткен, маңдайына жазылған, ешкім таласпайтын үлесі. Сын өз қызметін шындықты айтқан кезде ғана атқара алады. Ал, түрлі жағдайлардың әсерімен әдебиеттің шындығы айтылмаған жағдайда сынның да қадірі түседі, тіпті сын жоқ дегенге дейін әкеледі. Қазіргі қазақ әдеби сыны жайлы «сын жоқ» деген сияқты пікірлердің бой көрсетіп қалып жүргені де осы себептерден болса керек. Әдеби процесте болып жатқан келеңсіз құбылыстар жайлы сыншылар шырылдап айта алмаған жерлерде сынның да беделі түседі. Бұл жағдайлар әсіресе әкімшілдікпен (тоталитарлық) билеп- төстеген, түрлі пікірлердің айтылуына жол берілмеген кездер де жиі кездеседі.

Өткен ғасырдағы орыс әдеби сынында «шыншыл сын» («реальная критика») деген үлкен мектептің болғаны белгілі. Олар әдебиеттің мақсаты өмір шындығын көркем түрде көрсету болса, сын сол көркем әдебиетте шындықтың қаншалықты дәрежеде екендігін анықтауы тиіс деп білді. Бұл талаптар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Сыншы суреткер өз шығармасында әлеуметтік өмірдің шындығынан туындап отырған мәселелерді көре алды ма, көрсе оның мәні мен маңызын бұзбай сол күйінде жеткізе алды ма, болмаса, бұра тартып жалғандыққа барды ма деген мәселелердің төңірегінде біраз тер төгендігі анық. Ал, өмірдегі шыны қайсы, жалғаны қайсы дегендерді анықтауға оның білім дәрежесі, өмірлік бағыты көмектеседі. Әйтпесе, бүгін шындық деп танылған нәрсе ертеңгі күні басқаша болуы мүмкін. М.Горький көрсеткендей, көрінген фактінің бәрі әлі шындық емес, ол- әлі піспеген шындық. Оны ой қазанына салып қайнатып, нағыз шындықты таза күйінде қорытып ала білу керек.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



17-ОЖСӨЖ тақырыбы: Әдеби параллелдер.

СӨЖ тақырыбы: Әдеби сынның идеялығының ерекшеліктері..

9 практикалық сабақтың тақырыбы: Әдеби сынның идеялығы.



Тапсырмалар:

1. Сындағы идеяның орны

2. Сындағы идеяның маңыздылығы

18-СОӨЖ тақырыбы: Қазақтың әлеуметтік ой-пікрін молайтудағы ұлы тұлғалардың ықпалы

СӨЖ тапсырмалары: Абай, Ыбырай, Шоқан сыны

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Т.Кәкішев. Сын сапары, А. 1971.

2. К.Сыздықов. М.Әуезов - әдебиет сыншысы, А. 1973.

3. Б.Бурсов. Критика как литература, «Звезла»., 1973 №6, 207-б.

4. В.Кожинев. Критика как компонент литературы, М. 1976.

5. Л.Новиченко. Критика есть література, «Вопросы литературы», 1971, №10, 5-б.


Оныншы апта

10 дәрістің тақырыбы: Сынның шыншылдығы.



Қарастырылатын мәселе:

1. Әдеби сынның басты мақсаты.

2. Шындықты танып білу.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде «Түркістан уалаятының» газеті мен «Дала уалаятының» газеті патша өкіметінің отарлық саясаты мүддесімен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ойдың тегеурінді дүмпуінің әсерінен шыққан еді. Сондықтан патша үкіметі «қазақ оқығандарының ұлт баспа сөзі жөнінде қойған талаптарын өз мүдднсіне орай шешуге тырысты».

Қазақтың мәдени әлеуметтік өміріндегі зор оқиға «Түркістан уалаяты газетінің» 12 жыл бойына шығып тұруы. Бұл газетте саяси эжканомикалық миәселелермен қатар, оқу ағарту жұмысының жәй күйін өнер білімнің пайдасы орыс ғылымымен мәдениетінің жетістігі туралы біраз мақалалар жарияланған. Әдеби сынның басты қызметі- әдебиет пәнінде болып жатқан құбылыстар жайлы қара қылды қақ жарып шындықты айту. Бұл – әдеби сынның туа біткен, маңдайына жазылған, ешкім таласпайтын үлесі. Сын өз қызметін шындықты айтқан кезде ғана атқара алады. Ал, түрлі жағдайлардың әсерімен әдебиеттің шындығы айтылмаған жағдайда сынның да қадірі түседі, тіпті сын жоқ дегенге дейін әкеледі. Қазіргі қазақ әдеби сыны жайлы «сын жоқ» деген сияқты пікірлердің бой көрсетіп қалып жүргені де осы себептерден болса керек. Әдеби процесте болып жатқан келеңсіз құбылыстар жайлы сыншылар шырылдап айта алмаған жерлерде сынның да беделі түседі. Бұл жағдайлар әсіресе әкімшілдікпен (тоталитарлық) билеп- төстеген, түрлі пікірлердің айтылуына жол берілмеген кездер де жиі кездеседі.

Әдеби сынның шыншылдығы әдебиеттану ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, әдебиетіміздің жай- күйін, жетістіктері мен кемшіліктерін ешбір бүкпесіз тура айтуынан көрінеді. Оқырманға керегі- шындық. Ал, мынау шындық деп жалғанды ұсынғанда, оқырман оған сенбейді де, оған деген сенімін жоғалтады. Шындық айтылған жерде ол әділеттілік атты үлкен күшке айналып, оқырмандар жүрегіне жол табады. Әдебиеттегі кемшіліктерді жоюға деген қоғамдық пікір туғызып, алғы шарттар жасайды. Әдебиеттің тура жлда дамуы үшін күрес қоғамдық пікір арқылы жалпыхалықтық сипат алады.

Әдебиеттің басты мақсатының өзі- өмір шындығын көркем шындыққа айналдыру. Энгельс айтқандай, «типтік жағдайларда типтік бейнелер жасау». Кезінде В.И.Лениннің Л.Толстой туралы жазған мақаласында ұлы суреткердің шығармаларында замана шындығы көрінбей қалмайды деген пікір айтқаны белгілі. Осы өмір шындығын көркем шындыққа айналдыру қалай болса солай емес, белгілі бір өнер шарттылықтары арқылы жүзеге асады. Әдебиеттің сыны осы көркем әдебиетте өмір шындығы қаншалықты дәрежеде көрініс тапты деген басты сауалға алдымен жауап беруі тиіс. Ал, әдебиет өмірдің дәл көшірмесі емес, оны жеткізудің көркем шарттары, заңдылыұтары бар екендігі белгілі. Өмір шындығы мен көркем шындықтың арасында айырма бар. Өмір шындығы ұғым, көркем шындық бейне (образ) түрінде өмір сүреді. Көркем шындық- өмір шындығының жинақталған, жалпыланған, белгілі бір дәрежедегі шартты бейнесі. Суреткер өмір шындығынан аттап кетпей, өнердің шарттылық сипаты арқылы өмір материалдарын еркін пайдаланып, өз идеяларын ұтымды жеткізу мақсатымен шығармашылық еркіндікке қолы жетеді.

Өткен ғасырдағы орыс әдеби сынында «шыншыл сын» («реальная критика») деген үлкен мектептің болғаны белгілі. Олар әдебиеттің мақсаты өмір шындығын көркем түрде көрсету болса, сын сол көркем әдебиетте шындықтың қаншалықты дәрежеде екендігін анықтауы тиіс деп білді. Бұл талаптар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Сыншы суреткер өз шығармасында әлеуметтік өмірдің шындығынан туындап отырған мәселелерді көре алды ма, көрсе оның мәні мен маңызын бұзбай сол күйінде жеткізе алды ма, болмаса, бұра тартып жалғандыққа барды ма деген мәселелердің төңірегінде біраз тер төгендігі анық. Ал, өмірдегі шыны қайсы, жалғаны қайсы дегендерді анықтауға оның білім дәрежесі, өмірлік бағыты көмектеседі. Әйтпесе, бүгін шындық деп танылған нәрсе ертеңгі күні басқаша болуы мүмкін. М.Горький көрсеткендей, көрінген фактінің бәрі әлі шындық емес, ол- әлі піспеген шындық. Оны ой қазанына салып қайнатып, нағыз шындықты таза күйінде қорытып ала білу керек.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

19-ОЖСӨЖ тақырыбы: Абайдың сын туралы пікірі

СӨЖ тақырыбы: Сын туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер

10 практикалық сабақтың тақырыбы: Ақын-жазушылардың сынға көзқарасы.



Тапсырмалар:

1. Қазақ ақын-жазушыларының әлеуметтік ой-пікірлерді молайтудағы ықпалы

2. Қазақ авторларының алғашқы сын туралы айтылған пікірлері.

20-СОӨЖ тақырыбы: Сынның шыншылдығы дегеніміз не?

СӨЖ тапсырмалары: Сынның шыншылдығы туралы өздеріңнің ой-пікірлеріңді білдіріңдер

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Б.Бурсов. Критика как литература, «Звезла»., 1973 №6, 207-б.

2. В.Кожинев. Критика как компонент литературы, М. 1976.

3. Л.Новиченко. Критика есть література, «Вопросы литературы», 1971, №10, 5-б.

4. К.Сейдеханов. Әдебиет жанашыры, А.1972
Он бірінші апта

11 дәрістің тақырыбы: Әдеби шолу.



Қарастырылатын мәселе:

  1. Әдеби шолудың міндеттері

  2. Әдеби шолудың маңыздылығы

  3. Әдеби шолудың анатомиялық құрылымы

Қазақ елінің өнегелі ұлдарының ісімен қызметіде орайын тауып әнгімеленгген. Қазақтың мәдени өмірінде тұңғыш рет жарық көрген «Түркісчтан уалаяты» газетінің алғашқы санынан бастап өзінің еліне, отанына адал қызмет етіп, еңбек сіңірген адамдарды қадірлнп, оған сый құрмет көрсету қажеттігін ескеріп отырды.

«Дала уалаятының газеті» әдебиетпен өнерге, аңызбен жырға, тарихи шежірелерге байланысты орасан, зор материалдар жариялап, елдің санасын ояту бағытында үлкен еңбек сіңірді. Аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Олар әдеби процесстен үзік-үзік мағлұматтар ғана береді, мүмкіндіктері шектеулі. Ал, көркемдік дамудың тұтас көрінісін жасап, ондағы басты тенденцияларды анықтау шолудың еншісінде. Өйткені, әңгіме аннотация мен рецензияда бір кітап, шығармашылық бір жазушы, мақалада бір мәселе жайлы, яғни әдеби процесті құрайтын жекелеген фактілер маңында ғана өрбіп, одан әрі өрістей алмайды. Атынан-ақ көрініп тұрғандай, көркем әдебиетте жүріп жат,ан өмірдің біртұтас көрінісін жасау әдеби шолудың басты мақсаты болып табылады. Бұл- оңай шаруа емес. Бүкіл әдебиетте болып жатқан көркемдік құбылыстарды шолу үшін сыншының өзі де осыларды шола алатын, көре алатын биікте тұруы қажет. Әдеби дамудың шымырлаған ағыстарын көре білу үшін сыншының әдғеби, қоғамдық ғылымдармен жан-жақты қарулануы керек. Онсыз өзеннен қармақсыз балық ұстаймын деумен бір.

Демек, әдеби шолудың негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір де, мақсаты соны шолып, пікір білдіру екен. Негізгі мәселе – сыншының әдеби өмірді, даму бағыттарын қалай көре білуінде, даму бағыттарын айқындайтын әдеби фактілерді дұрыс айыра алуында. Көркемдік даму процесі ылғи да бір бағытта бола бермейді; шығармашылық ізденіс жолында аяқтың шалыс түскен тұстары да, қиындықпен келген жетістіктері де қатар жүріп жатады. Дарияның негізгі ағысы тереңінде жататыны сияқты әдеби дамудың басты бағытын айқындайтын құбылыстар да бірден көзге шалына бермейді. Оның үстіне жаңалықтың қашанда қиындықпен келетіні, өзіне жолды күреспен ашатыны тағы бар. Әдеби өмірде туындап жатқан сандаған құбылыстардың қайсысы жаңалық, қайсысы кемшілік, қай бағыттың болашағы бар, немесе өткінші қажеттіліктерден туындаған уақытша ғана нәрсе екендіктерін айқындау сыншыдан жан-жақты білімдарлықпен қатар әдеби түсінікті де, яғни әдеби көрегенділікті де қажет етеді. М.Әуезовтың елуәншә жылдардың соңындағы жастар поэзиясын шолған «Жыл келгендей жаңалық сеземіз» атты мақаласынан қлы жазушының әдеби көрегенділігіне таң қаласыз. Сол кездегі жас ақындар І. Мәмбетовтің, Т. Шапошевтің, Т. Молдағалиевтің, С. Жиенбаевтың, Қ.Мырзалиевтің алғашқы өлеңдерінен-ақ олардың болашақтарының үлкен екендіктерін дөп басып, болжай білген.

Әдеби шолудың сынның басқа жанрларынан басты ерекшелігі – шолынып отырған әдебиет объектісінің шынайы көрінісін жасау. Ал әдеби өмір дегеніміз – жекелеген әдеби фактілердің, құбылыстардың жиынтығы. Олардың барлығын қамту қиын: қажеті де шамалы. Сондықтан сыншы үшін аса күрделі де қиын міндет – сан алуан фактілерді ажыра біліп, сол фактілердің негізіндебарып әдеби өмірдің шындығын айту. Демек, сыншы алдымен әдеби фактілермен жұмыс жасайды. Сол фактіліреді танып барып, көркемдік процестің күрделі мәселелерін тани алады екен. Сыншының сыншылық қасиеттері өзіне қажетті фактілерді дұрыс іріктеп алудан әдеби өмірді бақылау барысындағы ойларын дәлелдеуге дәйек боларлық деректерді ұтымды пайдаланудан көрінеді. Білімдарлық пен шеберліктің де қажет болар кезі – осы тұс.

Әдеби өмірдің негізгі фактілеріне жаңа кітіаптың шығуы, дарынды қаламгердің көрініп, ол туралы түрлі қоғамдық пікірлердің айтылуы, әдеби айтыстар сияқты оқиғалар жатады. Жыл сайын жүздеген кітап шығады. Бір қарағанда бәрі де – әдеби оқиға. Бірақ, солардың ішінде бірлі- жарымы ғана шын мәніндегі әдеби оқиға болып, оқырман назарын аударуы немесе кейбір шын шығармалар бірыңғай кітаптар тасқынынан шыға алмай, тасадща қалып қоюы да мүмкін. Міне, осы жерде сыншы осылардың барлығын жіті көзбен қарап, сана сарабынан өткізіп, жақсы мен жасықты ажырата біліп, әдебиеттің шырылдаған шындығын айта білуі керек.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

21-ОЖСӨЖ тақырыбы: Әдеби хабар.

СӨЖ тақырыбы: Әдеби хабар еркшлеліктері.

11 практикалық сабақтың тақырыбы: Әдеби шолудың міндеттері.

Тапсырмалар:

1. Әдеби шолудың маңыздылығы.

2. Әдеби шолудың анатомиялық құрылымы.

22-СОӨЖ тақырыбы: Әдеби шолу дегеніміз не?

СӨЖ тапсырмалары: Әдеби шолудың маңыздылығы неде?

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1.М.Қаратаев. Әдебиет және эстетика. А., 1970.

2. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті.»Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.

3. В.Дементьев. Критик это писатель. «Писатель и жизнь» (МГУ, 1978) 38-б.
Он екінші апта

12 дәрістің тақырыбы: Эссе.



Қарастырылатын мәселе:

  1. Эссе жанры туралы түсінік

  2. Эссенің ерекешліктері

  3. Эссе жанрында қалам тербеп жүрген авторлар

«Дала уалаяты газеті» қазақ тілінің тазалығын сақтау жайында жаприялаған материалдарында Ы. Алтынсарин идеясын қорғап әрі дамытқан. . А.Құрманбаев өзінің « қазақ тілі хақында» деген мақаласында « Алтынсарин қөазақ тілін мейлінше өте бай тіл деген, ол тілде қандай кітап болсада жазып шығуға болады деген» деп Ыбырайдың өнегелі ойын дәлелге келтіреді.



Сонымен қазақтың қоғамдық өмірінде пайда болған баспасөз орындары, әсіресе, «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаяты газеті» халықтың әлеуметтік сана сезімін ояту бағытында бір қыдыру үлкенг еңбек сіңірсе, еінші жағынан, қазақ әдебиет сынының тууына дайындық жасады. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссе тақырыбы эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.

  1. Кіріспе-берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім.Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап істейтіндігімізді анықталады.

  2. Неізігі бөлім-негізгі ой мен мәселеге байланысьты аргументтер жинақталған бөлім.Негізгі бөлімде дәлелдер,дәйектемелерді,түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып,тақырыпты ашады,көтерілген мәселені айқындап,оның туу себептерін көрсетеді.

Қорытынды-тақырып бойынша түйін.Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлелдемелер бойынша түйін шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Газет-журнал беттерінде жиі жарық көретін тағы бір жанр түрі - эссе. Эссе туралы айтылган ойлар мен тұжырымдар аз емес. Алайда оны әдебиет сынының жанрына жатқызуды жөн көрген Д.Ысқақұлының пікірінше: «Эссе - көркем жанр. Солай бола тұрса да оның сыншылық сипаты айқын. Эсседе ғылыми талдаулардан гөрі автордың өзіндік әсерлері, шығармашылық тәжірибелеріне негізделген ойлары басым, шағын көлемді, еркін құрылымды келіп, көркем әдеби стильде жазылады»,-дейді. Ал, әдебиеттану терминологиялық сөздігінде эссеге сын жанры деп қана емес: «Эссе тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры...»,- деп анықтама береді.

Байқауымызша, эссені жазушылар мен публицистер түрлі бағытта жазады. Біреулер объектінің көркем бейнесін жасау, ашу болса, енді біреулер тек ой - толғанысын жеткізе жазады. Ал тағы біреулері өз ой-толғамын жеткізе отырып, объектінің көркем бейнесін ашуды қатар жүргізеді. Демек, эссені жазу жазушының жазу стилі мен ойлау қабілетіне байланысты болады және эссеист жанрдың өзіне тән қасиеттерін жіті білуі қажет.

Эссе туралы ғалым Д.Ысқақұлы: «Сонымен сын жанрларының ішіндегі эссе жанры - әдебиет жайлы не бір құнарлы ойлардың бір бұлағы, эдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан ақжолтай пікірлерді оқырмандарға жан жылуымен, эсем эсерімен, бейнелі бояуымен сол күйінде жеткізудің бірден бір арнасы. Кәркем эдебиет пен оның сынының арасында жүріп, екеуіне бірдей қызмет ететін өміршең жанр. Қазақ эссеистикасы элі жас. Оның болашағы алда. Қазақ эдебиеті мен сынында эссенің эссеистикасы аталатын үлкен өркенді салаға айналатындығына сеніміміз мол», деген пікір айтады.

Қазақ баспасөзіндегі ерекше жанрларының бірі ретінде атап кеткен эссе жанры да өз ішіндегі портреттік-эссе деп аталатын түріне «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы санында «Академик Қозыбаев» атты портретгік-эссе жарық көрді. Бүл эссе М.Қозыбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған. Авторы - сол кездегі КСРО Журналистер одағының мүшесі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Материал портреттік-эссе болғандықтан мұндағы ой мен мақсат  бір   ғана  адамның  өмірі  мен  60  жасқа дейін ерліктерін көрсету екені белгілі. Жоғарыда айтылғандың  барлығы жазушының стилі мен ойлау қабілетіне байланысты. Эсседе автордың өзіндік көркем ойлары айқын аңғарылады. Бұл эссенің басты өзінің көркемдік    тұрғыдағы    мынадай    сөйлеммен    ашылады: «Қазақ халқының   тарихына,   ең   қайғылы,   қаралы   кезең   болып   енген, Атыраудан Алтайға дейінгі ұлан-байтақ өлкені бұрын-соңды болмаған аштық жайлаған сол бір зұлматқа толы жылдың қарашасында Қозыбай ақсақалдың ортаншы ұлы Қабаштын шаңырагында сәби дүниеге келді». Портреттік-эссенің жазылу стилі  қарапайым көрінгенмен, академиктің өмірлік портретін ашу, жетістігін жеткізуде мақала авторының бар шеберлігін саліаш.і көрінеді. Жалпы, осы аталған эссе көбінесе жазылу түріне қарай сын жанрларының шығармашылық портрет түріне көбірек келеді. Себебі, шыгармашылық портрет, зерттеушілеріміздің пікірінше «жазушы туралы кұжатты очерк» [93, 895-6] ,-деп аталған болатын. Бұл жанрдың ерекшелігі — негізгі объект тұлға және кез-келген жайды сөз еткенде автордың қатысынсыз жүзеге аспайды. Сондықтан, эссе жанры шығармашылық портретке, әдеби портретке де жанасады.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

23-ОЖСӨЖ. тақырыбы: Эссе.

СӨЖ тақырыбы: Эссе.

12 практикалық сабақтың тақырыбы: Эссе жанрының ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

1. Эссенің өміршеңдігі.

2. Эссе жанрында қалам тербеп жүрген авторлар.

24-СОӨЖ тақырыбы: Әдеби хабар.

СӨЖ тапсырмалары: Әдеби хабар еркшлеліктері.

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1.М.Қаратаев. Әдебиет және эстетика. А., 1970.

2. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті.»Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.

3. В.Дементьев. Критик это писатель. «Писатель и жизнь» (МГУ, 1978) 38-б.


Он үшінші апта

13 дәрістің тақырыбы: Сынның публицистикалық сипаты.



Қарастырылатын мәселе:

1. Сынның публицистикалық сипаты.

2. «Айқап журналы мен «Қазақ» газетінің әдеби сынын тудырудағы тарихи маңызы

Қазақ қауымына атар таң, шыққан күн болуға талаптанған «Айқап» журналы саяси-әлеуметтік, шаруашылық, оқу ағарту мәселелерімен қатар әдеби шығармаларға әңгіме, өлең сыншылық пікірі бар материалдарға үнемі орын беріп отырды.

Қазақ әдебиетінің сол дәуірдегі творчествалық проблщемаларын мүмкін қадірінше сарапқа салып, жұрттың эстетикалық талап талғамын қалыптастыруғ,а алғашқы қадам жасағанда «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті. Сондықтан бұлардың қазақ әдебиет сынын тудырудағы орны ерекше.

«Айқап» журналында кейінен «Қазақ» газетінде жариялаған педагогикалық сипаты басым материалдар қазақтың сыншылық ойы ұшталып келе жатқандығын, ғылыми пікір тұжырымдауға икемі бар екендігін көрсетіп, қоғамдық сананың жалпы даму барсында сыни пікірдің өткірлену, нақтылау тенденциясына ойысқандығын көрсетеді.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

25-ОЖСӨЖ тақырыбы: Сынның публицистикалық сипатының ерекшеліктері.

СӨЖ тақырыбы: Сынның ғылыми сипатының ерекеліктері.

13 практикалық сабақтың тақырыбы: Сынның ғылыми сипаты.



Тапсырмалар:

Сынның ғылыми сипаты

Ғылымилықтың сыншыға берер пайдасы.

26-СОӨЖ тақырыбы: «Айқап журналының әдеби сынын тудырудағы тарихи маңызы

СӨЖ тапсырмалары: «Қазақ» газетінің әдеби сынын тудырудағы тарихи маңызы

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Б.Сарбалаев. Өткірдің жүзі, А, 1992.

2. Е.Исмайлов. Сын мен шығарма, А, 1960.

3. Е.Исмайлов. Әдебиет теориясының мәселелері, А, 1940.


Он төртінші апта

14 дәрістің тақырыбы: Сынның өмірмен байланысы.



Қарастырылатын мәселе:

  1. Сынның өмірмен байланысы

  2. Сынның өмірмен байланысының ерекшеліктері

«Айқап» және оның төңірегіндегі прогресшіл күштер Абай негізін қалағант жазба әдебиет дәстүрін ағартушылық демократтық бағытта өркендете түсті. Көркемдік шеберлік жағынан Абай көтерілген биікке шықпасада, идеялық нысана жағынан біршама айқындыққа, қанаушымен қаналушылардың айырмашылығын ажырата аларлықтай дәрежеге жетті. Ал «Қазақ» газеті азаттық идеясын пәрменді насихаттағанда революционер – демократтар деңгейіне дейін көтекрілгенін аңғармауға болмайды. Сын – коллективтік ұжымның жігер күшімен дүниеге келер жанр. Өз өнерпаздығын тек сынмен байланыстырған дарынның жеке дара бөлініп шықпағанына қарамастан, қазақтың әдебиет сыны туып, өзінің жанрлық сипатымен даралана бастады. Ұзақ толғақпен туған жанрды қазақ басылымддары аяқтандырып, көркемдік сахнасына еркін шығарған.

Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты. Өмірмен байланыстық әдеби сынға қойылатын негізгі талаптардың бірінен саналады. Рухани өміріміздің, қоғамдық құрылысымыздың өзекті, зәру мәселелерімен тығыз байланысты болу - әдеби сынның күшті жақтарының бірі. Халықтық әдеби сынның сара бағытын айқындап отыратын болса, ғылымилық сипат оның жоғары сапалылығын, пікір нанымдылығын, дәләлдеу нақтылығын қамтамасыз етсе, өмірмен тығыз байланыстылық принципі халыққа, күнделікті рухани тіршілігізме жақындата түседі; өміршеңдік қасиетінбелгілейді. Басқа принциптер тек қайнаған өмірмен байланысты болғанда жүзеге аса алады. Бұл жерде өмірмен тығыз байланыстылық дегеніміздің басқа принциптермен тікелей байланыста, солардың көрінісі, өмір сүру формасы екендігін байқаймыз. Егерде өмірде қолданылмаса, принциптер құр догма, схоластика болып шығар еді. Әдеби сын әдеби өмірмен тығыз байланыста творчествалықпен дамып, үнемі жаңғырып, байып отырады. Әдеби сын да «күнделікті өмірдің тәжрибесіне негізделіп құрылуға тиісті». Бұл талапты орындамаушылық әдеби сынымызға елеулі нұқсан келтіреді.

Әдеби сынның өмірмен байланыстылығын дұрыс түсініп, орынды қолдана білу керек. Сынның өмірмен байланысы дегеніміз - әдеби процесті күнделікті қоғамдық – рухани тіршілігіміз ұсынып отырған, алға қойған зәру мәселелермен тығыз байланыстырып, диалектикалық материализм ілімі тұрғысынан талдау болып табылады. Бұл – мәселені кеңінен алып қарағандағы мақсат. Ал, сынның әдебиет көлеміндегі өмірмен байланысы дегенде көркемдік дамудың барысы алға шығарып, шешімін күткен мәселелерді әдеби сынның дер кезінде сезініп, көтере білуін, үн қосып, өзіндік пікр білдіруін, жол нұсқауын айтамыз.

Л.Г.Якименко сыншы көркем әдебиетті өзінің білімі мен эстетикалық талғамына ғана емес, сонымен бірге өзі басынан өткеріп, көрген, сезінген тәжірбиелеріне де сүйеніп те талдайды деп жазады. Әдебиет өмірдің көркем көрінісін жасайтындықтан да сыншы әдебиет қана емес, ол суреттеп отырған өмір құбылыстарын да бес саусақтай білуі керек. Өмірді тек ғылыми тұрғыдан біліп, күнделікті тіршіліктің сан – салалы көріністерін өз көзімен көрмеген сыншы пікірі әрине, шындықтан алыстау жатады. Неғұрлым сыншының өмірлік тәжірбиесі мол болса, ол айтқан пікірлер соғұрлым нақтылы, толығырақ шығады.

Н.А.Добролюбов сын әдеби шығарманы негізге ала отырып, өмірдің құбылыстарын түсіндіруге міндетті деп білген. Ал, сынның мақсаты «көркем шығарманың жазылуына негіз болған өмір құбылыстарын анықтау» деп көрсетеді. Ұлы сыншының бұл айтқандарына сыншы тек әдебиеттің ғана емес, өмірдің де зерттеушісі екендігін ұғынамыз. Сыншы әдебиет арқылы қоғамдық құрылысымыз жайлы пікір білдіреді. Бұл оңай міндет емес. Сыншыдан әдіснамалық, ғылыми тұрғыдан терең қаруланып, эстетикалық сезіне білумен бірге қоршағанорта, адамдар жайлы жан – жақты хабардар, өмір тәжірбиесі болуы да талап етіледі.

Сыншыға өмірді тек кітап арқылы үйрену жеткіліксіз. Өмірдің өзін көріп, сезінбеген сыншының айтпағы батыл шықпайды; тіпті өзі көрмеген нәрсе жайлы жазып, пікір атудың өзі екіталай. Мәселені төтесінен қойып, білгірлікпен тура пікір айтылмаған жерде шын мәніндегі сын да жоқ.

Өмір шындығы мен көркем шындықтың ара қатынвсын ажырата білу – қазіргі әдеби сынымыздың алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелердің бірі. Көркемөнерді «мұндай өмірде болады», немесе «мұндай болмайды» деген сияқты тұрпайы салыстырулар арқылы бағалауды сынымыз әлдеқашан басынан өткеріп, теріске шығарды. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін өмір шындығы мен өнер шындығының арасындағы өзіндік ерекшеліктерді жете ажырата алмай, сыңаржақ пікір білдіретін кейбір сын мақалаларада кездесіп қалады. Сөйтіп, сынның өмірмен байланысы өмірді білу сыншыға қаншалықты қажет болса, өнердің өзін, заңдылықтарын жете түсінудің де соншалықты екенін көреміз. Бұл жереде шыншылдық пен өмірмен байланысты қағидалары әдеби сында бір бүтін, бір – бірімен тығыз байланыста көрінеді. Өмірдің, әдеби процестің шындығын ажыратып, айта білу үшін сыншыға ылғи да өмірмен тығыз байланысты болып, одан үйрену қажеттілігі туады.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



27-ОЖСӨЖ тақырыбы: Сынның өмірмен байланысының ерекшеліктері.

СӨЖ тақырыбы: Сынның идеялығының ерекшеліктері.

14 практикалық сабақтың тақырыбы: Сынның идеялығы.

Тапсырмалар:

Сынның идеялылығы

Идеялылықтың сыншыға берер пайдасы.

28-СОӨЖ тақырыбы: Сынның өмірмен байланысы

СӨЖ тапсырмалары: Қоғамдағы болып жатқан кез-келген құбылысқа (теледидардағы бағдарламалар, жарнамалар, шығармашылық адамның жеке туындысы) өз сыи пікіріңді білдір.

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Б.Сарбалаев. Өткірдің жүзі, А, 1992.

2. Е.Исмайлов. Сын мен шығарма, А, 1960.

3. Е.Исмайлов. Әдебиет теориясының мәселелері, А, 1940.


Он бесінші апта

15 дәрістің тақырыбы: Сынның тарихшылдығы.



Қарастырылатын мәселе:

  1. Сынның тарихшылдығы

  2. Сынның тарихшылдығының маңызы

Дәйектеме сынның жарнама сфыннан және аннотациядан едхәуір айырмасы бар егер жарнама сын көркем шгығарманың дүниеге келгендігін хабарлау міндетін атқарса аннатоция сол шығарманың негізгі мән маңызын қысқа түйіндейді.

талдау жасауды мақсат етпейді. Ал дәйектеме сын пәлендей талдау жасай қоймағанмен, оқушыға шығармааынң оқиғасын мәнін жазылу себебеін түсіндіреді.

20-сыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің шығармаларында озсындай сын материалдары жие кездескендіктен, оны аннотациямен роецензия аралығындағы құбылыс екенін ескеріп, дәйектеме сын деп атаған орынды. Тарихшылдықтың мағынасы өте кең. Диалектикалық материализмнің жалпыға ортақ, аса маңызды теориялық қағидасы ретінде ол қоғам мен табиғатты танып білудің темірқазығы сияқты барлық, әсіресе қоғамдық ғылым салаларында зеттеу бағытын айқындаушы негізгі принцип болып табылады. Тарихшылдық кең мағынасында заттар мен құбылыстарды даму, қалыптасу, нақтылы тарихи байланыстары күйінде танып-білуді білдіреді. Өмірді танудың диалектикалық әдісінің негізін құрап, әрбір нәрсені қалай пайда болды, дамыды, бүгінгі күйге қалай жетті деген сауалдар ауқымында қарастырып, қоғам дамуының ғылыми көрінісін жасауға ұмтылады.

Әдебиет те қоғамдық құбылыс. Сондықтан оны да тарихи тұрғыдан қарастыру қажеттілігі туады. Мұның кең мағынасы - әдебиетті қоғамдық дамумен байланыста, тарих ғылымынң жетістіктерін пайдалана отырып, зерттеу деген сөз. Тарихсыз әдебиетті зерттеу жалаңдыққа апарады. Өйткені, тарих қоғам дамуының ғылыми шежіресі болса, әдебиет – көркем бейнесі. Екеуі де тарихи қоғамды танып біледі, бірақ екеуі де екі түрлі – бірі ғылыми, екіншісі көркемдік жолмен. Екеуінің де түпкі мақсаты біреу. Ол – қоғам дамуының тарихи шындығын бар болмысымен танып білу. Сондықтан қаншалықты дәрежеде қөрініс тапқандығын айту үшін сыншы сол дәуірдің тарихи мағұлматтарын кеңінен пайдаланады. Демек, тарихи құбылысты бейнелеген әдебиетті тарихи тұрғыдан қарастыру – оны ғылыми түрде танудың бірден-бір шарты. Бұл жерде тарихшылдық ғылымилықпен ұштасып жатады. Ғылымилық, ғылымның жетістіктерін әдебиетті талдауға қолдауну болса, тарихшылдық соның бір қыры, яғни, өмірді ғылыми тұрғыдан танып-білудің философиялық негізін зерттеу ісіне нақтылы пайдалану болып табылады. Тарихшылдық - сыншының сыншылық қызметінде бастан-аяқ ойында ұстап, бағыт-бағдар беріп, таным процесін ретке салып отыратын принцип. Ол зерттеудің әдіснамалық негізін, әдістерін айқындайтын аса маңызды философиялық категория.

В.Г.Белинский: «Әрбір өнер туындысы өз дәуіріне, тарихи заманына, суреткердің қоғамға қатынастарын орай қаралуы тиіс: оның өмірін,т.б.ү қарастыру шығарманың жасалуын түсіндіруге қызмет етеді» деп жазған болатын.

Тарихшылдық принципі әдебиеттану ғылымында едәуір зерттелген. Олар дща бұл қағиданың өзіндік ерекшеліктері біршама негізделген. А.Бушмин тарихшылдық жалпы теориялық шолулардан шегіністерден емес, әдеби құбылыстардың себеп-салдарлық байланысынан көрінеді. Деп біледі. Мәселе, фактілердің көп қамтылуында емес, қандай көзқарас тұрғысынан қандай фактілер іріктелініп алынады, олар тарихи дамудың қандай тұжырымы тұрғысынан түсіндіріледі, олар зерттеу барысында неге бағындырылған деген сауалдарда жатыр.

Академик, Д.С.Лихачев тарихшылдық принципі, біріншіден оның өзіндік қозғалысы, яғни жасалу процесі, екіншіден, оның шығармашылдық ғұмырбаяны ретінде автордың жазушылық өсуі, үшіншіден белгілі бір кезеңдегі әдебиет дамуындағы құбылыс ретіндегі тарихи-әдеби қозғалысы тұрғысынан қандай фактілер іріктеліп алынды.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



29-ОЖСӨЖ тақырыбы: Әдеби сынның тиімділігінің ерекшелігі.

СӨЖ тақырыбы: Сынның тарихшылдығының ерекшелігі.

15 практикалық сабақтың тақырыбы: Әдеби сынның тиімділігі.

Тапсырмалар:

Әдеби сынның тиімділігі

Әдеби сынның тиімділігін саралау.

30-СОӨЖ тақырыбы: Сынның тарихшылдығы

СӨЖ тапсырмалары: Сынның тарихшылдығы туралы шағын ой-толғау жаз.

Есеп беру түрі: Конспектілеу



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Б.Бурсов. Критика как литература, «Звезла»., 1973 №6, 207-б.

2. В.Кожинев. Критика как компонент литературы, М. 1976.

3. Л.Новиченко. Критика есть література, «Вопросы литературы», 1971, №10, 5-б.

4. К.Сейдеханов. Әдебиет жанашыры, А.1972
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. Алматы, 1989

2. Белинский В.Г. Собрание сочинений в трех томах. Алма- Ата, 1948

3. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы, 1997

4. Кәкішев Т. Сын сапары. Алматы, 1971

5. Кәкішев Т. Оңаша отау. Алматы, 1987

6. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994

7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2002.

8. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, Алматы, 1999

9. Нұрғали Р. Вершины возвращенной казахской литературы . Алматы, 1998

10. Ордалиев С. Қазақ драматургиясының очеркі. Алматы, 1968

11. Серікқалиев З. Алтын жамбы. Алматы, 2001.

12. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997.

13. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Алматы, 1993.

14. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. Алматы, 1999

15. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы, 1995.

16.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995.

17. Ахметов З. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996.

18. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

19. Әл-Фараби. Избранные трактаты. Алматы, 1994.

20. Өшімбаев С. Сын мұраты. Алматы, 1974.

21. Әдібаев Х. Талап талғам. Алматы, 1970.

22. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1981.

23. Әбдезұлы Қ, Т.Әлімқұлов шығармаларындағы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы. Алматы, 2001.

24. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. Алматы, 1971

25. Бисенғали З. Казахская проза. Начало ХХ века. Алматы, 2001.

26. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов – драматург. Алматы, 1982.

27. Дербісәлин Ә. Қазақтың октябр алдандғы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

28. Дербісәлин Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995.

29. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. Алматы, 1967.

30. Еңсегенов Т. Әдебиетіміздің бастауы Авестада. Алматы, 1996.

31. Ергөбек Қ. Жазушы шеберханасы. Алматы, 2002.

32. Егеубаев А. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі. Алматы, 1999.

33. Есембеков Т. Драматизм и казахская проза. Алматы, 1997.

34. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, 1986.

35. Жұмағали З. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1999.

36. Кәкішев Т. Сәбең әлемі. Алматы, 2000.

37. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Алматы, 2000.

38. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2001.

39. «Қазақ». Алматы, 1998.

40. Қабдолов З. Арна. Алматы, 1989.

41. Қамзбекұлы Д. Смағұл Садуақасов. Алматы, 1996.

42. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. Алматы, 1991.

43. Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар. Алматы, 1997.

44. Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 1999.

45. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтандақ беттері. Алматы, 1995.

46. Қоңыратбай Т. Эпос және этнос. Алматы, 2000.

47. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, 2002.

48. Мағауин М. Хандық дәуіріндегі әдебиет. Алматы, 1993.

49. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. Алматы, 1996.

50. Мархабаев А. Қазақ фонтастикалық әдебиеті. Алматы, 1998.

51. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. Алматы, 1997.

52. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2000.

53. Ордалиев С. Сөз зегері. Алматы, 1982.

54. Сейдімбек А. Күй-шежіре, Алматы, 1993.

55. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Алматы, 1982.

56. Сыздықов К. Мұхартанудың беймәлім беттері. Алматы, 1997.

57. Түрысбек Р. Ж. Аймауытов. Алматы, 1999.

58. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы, 2001.

59. Ыбырайымов Б. Сырлы әлем. Алматы, 1997.

60. Ысқақұлы Д. Сын сымбаты. Алматы, 2000.

61. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. Алматы, 2000.

62. Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романы. Алматы, 1997.

63. Ысқақұлы Д. Сын сымбаты. Алматы, 2000.

64. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. Алматы, 2000.

65. Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романы. Алматы, 1997.


3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма-ның мақсаты мен мазмұны

Ұсыныла-тын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

ОЖСӨЖ тапсырма-ларын орындау (барлығы 16 тапсыр-ма)




Жоғарыда көрсетілді

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Тақырып бойынша 15% дейін

Тапсырма-лардың орында-луын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

2

СӨЖ тапсырма-ларын орындау

(барлығы 15 тапсыр-ма)



Ойлау қабілеттерін шыңдап, шығар-машылықтарын дамыту

Жоғарыда көрсетілді

СӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Барлығы 8% балл

Өз беттерімен жұмыстануға үйрету

3

Жазба жұмыс (реферат) түрінде аралық бақылау

Студенттерге реферат бере отырып, олардың іздендіру, білімдерін тереңдету.

Жоғарыда көрсетілді




Барлығы 8% балл




5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







40

Тест




  1. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы


«Қазақ филологиясы» кафедрасы
Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы – «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәні

Кредит саны - 2





Әдебиет атауы

Барлығы

Ескерту

Кітап-ханада

Кафе-драда

Студент-тердің қамтылу пайызы

%


Элек-тронды түрі

1

2

3

4

5

6

7

1.

1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. Алматы, 1989

2. Белинский В.Г. Собрание сочинений в трех томах. Алма- Ата, 1948

3. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы, 1997

4. Кәкішев Т. Сын сапары. Алматы, 1971

5. Кәкішев Т. Оңаша отау. Алматы, 1987

6. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994

7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2002.

8. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, Алматы, 1999

9. Нұрғали Р. Вершины возвращенной казахской литературы .Алматы, 1998

10. Ордалиев С. Қазақ драматургиясының очеркі. Алматы, 1968

11. Серікқалиев З. Алтын жамбы. Алматы, 2001.

12. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997.

13. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Алматы, 1993.

14. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. Алматы, 1999




6





54 %







2.

2





18%







3.

2





18 %







4.

1




9 %







5.

1




9 %







6.

1





9 %







7.

6




54 %







8.

5





45 %







9.

5





45 %







10.

8





72 %







11.

7




63 %







12.

5





45 %










10




90 %








1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

-Қазақ сыни ой-пікірдің оянуы және әдебиет сынының тууы

-Көне дәуірдегі сыншылық ой-пікірлер

-Әл-Фараби және эстетика

-Жүсіп Баласағұнның эстетикалық көзқарастары

-Алтын орда дәуіріндегі әдебиет

-Жыраулар поэзиясындағы көркемдік таным

-Шоқан Уәлиханов және әдебиет

-Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін саушы

-Баспасөз және сын

-«Айқап» журналының әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы

-«Қазақ» газеті және әдеби сын

-Жазба әдебиет және сын

-ҚазАПП және 20-жылдардағы қазақ әдеби сыны

-Отызыншы жылдардағы әдеби сынының ахуалы

-37-жыл ойранының себептері


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

-Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдеби сын

-50-60 жылдардағы әдеби сынның дамуы

-Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы

-Әдеби мұраны игеру мәселелері және сын

-Сын жанрларының даму

-Қазақ әдеби сынындағы ізденістер

-Ғаббас Тоғжановтың шығармашылығы

-Әбдірахман Байдилдин шығармашылығы

-Бейсембай Кенжебаев шығармашылығы

-Есмағамбет Ысмайылов шығармашылығы

-Қажым Жұмалиев шығармашылығы

-Темірғали Нұртазин шығармашылығы

-Белгібай Шалабаев шығармашылығы

-Серік Қирабаев шығармашылығы

-Рахманқұл Бердібаев шығармашылығы


Емтиханға дайындық сұрақтар

-Қазақ сыни ой-пікірдің оянуы және әдебиет сынының тууы

-Көне дәуірдегі сыншылық ой-пікірлер

-Әл-Фараби және әстетика

-Жүсіп Баласағұнның эстетикалық көзқарастары

-Алтин орда дәуіріндегі әдебиет

-Жыраулар поэзиясындағы көркемдік таным

-Шоқан Уәлиханов және әдебиет

-Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін саушы

-Баспасөз және сын

-«Айқап» журналының әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы

-«Қазақ» газеті және әдеби сын

-Жазба әдебиет және сын

-ҚазАПП және 20-жылдардағы қазақ әдеби сыны

-Отызыншы жылдардағы әдеби сынының ахуалы

-37-жыл ойранының себептері

-Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдеби сын

-50-60 жылдардағы әдеби сынның дамуы

-Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы

-Әдеби мұраны игеру мәселелері және сын

-Сын жанрларының даму

-Қазақ әдеби сынындағы ізденістер

-Ғаббас Тоғжановтың шығармашылығы

-Әбдірахман Байдилдин шығармашылығы

-Бейсембай Кенжебаев шығармашылығы

-Есмағамбет Ысмайылов шығармашылығы

-Қажым Жұмалиев шығармашылығы

-Темірғали Нұртазин шығармашылығы

-Белгібай Шалабаев шығармашылығы

-Серік Қирабаев шығармашылығы

-Рахманқұл Бердібаев шығармашылығы
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, т.б.):

-Қазақ сыни ой-пікірдің оянуы және әдебиет сынының тууы

-Көне дәуірдегі сыншылық ой-пікірлер

-Әл-Фараби және әстетика

-Жүсіп Баласағұнның эстетикалық көзқарастары

-Алтин орда дәуіріндегі әдебиет

-Жыраулар поэзиясындағы көркемдік таным

-Шоқан Уәлиханов және әдебиет

-Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін саушы

-Баспасөз және сын

-«Айқап» журналының әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы

-«Қазақ» газеті және әдеби сын


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Қабдолов З. Арна. Алматы, 1989.

2. Қамзбекұлы Д. Смағұл Садуақасов. Алматы, 1996.

3. Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар. Алматы, 1997.

4. Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 1999.

5. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтандақ беттері. Алматы, 1995.

6. Қоңыратбай Т. Эпос және этнос. Алматы, 2000.

7. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, 2002.

8. Мағауин М. Хандық дәуіріндегі әдебиет. Алматы, 1993.

9. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. Алматы, 1996.

10. Мархабаев А. Қазақ фонтастикалық әдебиеті. Алматы, 1998.

11. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. Алматы, 1997.

12. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2000.

13. Ордалиев С. Сөз зегері. Алматы, 1982.

14. Сейдімбек А. Күй-шежіре, Алматы, 1993.

15. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Алматы, 1982.

16. Сыздықов К. Мұхартанудың беймәлім беттері. Алматы, 1997.

17. Түрысбек Р. Ж. Аймауытов. Алматы, 1999.

18. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы, 2001.

19. Ыбырайымов Б. Сырлы әлем. Алматы, 1997.

20. Ысқақұлы Д. Сын сымбаты. Алматы, 2000.

21. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. Алматы, 2000.

22. Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романы. Алматы, 1997.

23. Ысқақұлы Д. Сын сымбаты. Алматы, 2000.

24. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. Алматы, 2000.

25. Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романы. Алматы, 1997


10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі - жоспарланбаған
11. Тест тапсырмаларының нұсқасы

1. «Сынағаннан әдебиет ақсамайды, қайта сынның жоқтығына әдебиетті тот басады. Жазушының қайрағы- сыншы» - деген кім?

С.Сәдуақасов

А. Байтұрсынов

Т.Кәкішев

М. Әуезов

2. «Қазақ әдебиеті сынының туу және қалыптасу жолдары» деген таќырыпта докторлык диссертация қорғаған ғалым.

Т.Кәкішев

Е. Ысмайлов

М.Әуезов


Д. Ысқақұлы

Сыншыныѕ зерттеу объектісі.

Әдебиет- жазушы

өмір- жазушы

шығарма- оқырман

қоғам- әдебиет

3. «Сыншылар дегеніміз- жазушы боламын деп талап қылып, жолы болмағандар» деген кім?

Л.Н. Толстой

В.Т. Белинский

В.Ф.Воробьев

И. Тургенев

4.А. Байтұрсыновтың сын турасындаєы сөзі.

«Дарынды сөзді сынау үшін де білім керек»

Әдебиет ардың ісі

«Сын әдебиетті әр кезеңде өзін- өзі танып отыру қажеттілігінен пайда болды»

«Әдебиет сынмен көркейеді»

5. Әдеби сын пікірлері неге сүйенеді?

болжап айту

образдап айту

көркемдеп айту

дәлелдеп айту

6..Ќоғамдық ғылымдар ішіндегі сынмен тығыз байланысты сала.

эстетика

философия

этика

публицистика



7.«Біздің ұғымымызша сыншы кім? Ол- философ, публицист, әдебиетші - ғалым... Сын ғылыммен қаруланған өнер болуы керек» деген кім?

С. Маршак

Ф. Гладков

Т. Кәкішев

Ю. Суровцев

8. Сынның негізгі сипаттарының бірі

публицистикалық

қоғамдық


танымдық

болжамдық

9. Әдеби сынның негізгі міндеті

әдеби өмірдегі елеулі нышандарды насихаттап отыру

қазіргі әдебиеттің тек зәру жақтарын көрсету

таза эстетикалық сындар жасау

туындының, автордың бірыңғай жетістігін таныту

10.Сынның негізгі өмір сүру арнасы

баспасөз

радио


теледидар

мақала


11. «Біздің сынымыз қозғалмалы публицистика болуы тиіс»деген кім?

В. Дементьев

Белинский

Ю. Борев


В. Брюховецский

12.Әдеби сынның субъектісі

сыншы

әдебиет


жазушы

өмір


13.Әдеби сынның жанрлары

аннотация, мақала

лирика, драма

роман, рецензия

баспасөз, мақала

14. В.Воробьев әдеби сын әдістерінің ішінен ең негізгі деп атап көрсеткені

әлеуметтік- эстетикалық

салыстырмалы- тарихи

биографиялық

психологиялық

15."Белинскийді оќыдым... Пушкин туралы мақала- керемет. Мен енді ғана Пушкинді таныдым" деген кім?

Л. Толстой

М. Әуезов

Ш. Айтматов

С. Мұќанов

17.« Мағжанның ақындығын сынауымызға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз, толық сынау үшін оның алды- артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек» деген жазушы

Ж.Аймауытов

М. Әуезов

Ғ. Мүсірепов

Ғ. Мұстафин

18.«Мағжан терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің емес, ұлт ақыны... Ұлтты жалпағынан алып ќарайды» деген пікірді кім айтќан?

Ж.Аймауытов

М.Әуезов

С. Мұқанов

Ғ. Мүсірепов

19.М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясына қазақ халқының өткендегі жарты ғасырлық өмірінің энциклопедиясы деп баєа берген єалым

Ќ. Сәтбаев

Ќ. Жұмалиев

Б. Кенжебаев

Р.Бердібаев

20. Өзінің поэтикалық дарындылығы жағынан қазақтар бірінші орынға ие екеніне дау айту қиын» деген кім?

Шоқан


В. Радлов

А. Левшин

Потанин

Глоссарий
Әдебиет - арапша, асыл сөз

Сюжет - зат, француз сөзі

Троп - иін, грек сөзі

Лирика - аспап, грек сөзі

Сонет - сыңғырлау, итальянша

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:





«Әлем әдебиеті тарихы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

1

10









+

+

+

+

+




+

+

+

+

+




2

ОЖМӨЖ

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Семинар сабақтары

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

МӨЖ

0,5

16














































5

Аралық бақылау

2

4






















+



















+




Р1 + Р2




60

















































Емтихан




40














































Барлығы




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)



Білімді бағалау кестесі


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда магистрантқа жоғары баға қойылады. Магистрант әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).



1. Сабаққа қатысу.

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар.

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін



12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік

қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.

Бұл тарау жоспарланбаған
13. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

Кесте бойынша


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет