Бағдарламасы syllabus семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі497,53 Kb.
#53964
1   2

1.Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS

Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.

Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:

Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық/

семинар сабақтары



Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ







3

30

15

-

30

150

225

Аралас емтихан

Аралық бақылау - семестрдің8 және 15 аптасы

2. Пән туралы мәліметтер

Мақсаты:дискурстың функционалды-прагматикалық теориясын әдебиет туындыларының негізінде жан-жақты оқытып-үйретуде болып табылады.

Курстың міндеті:

1.Көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістерін анықтау;

2. Көркем мәтіннің функционалды-прагматикалық теориясының негізгі аспектілерін ашу;

3. Әдеби-сыншыл дискурсты жүйе түрінде пайымдап, оның әдеби үдерістегі орнын айқындау;

4. Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілерін оқып үйрету;

5. Көркем мәтіннің синтагматикалық және прагматикалық ерекшеліктерін көрсету;

6. Көркем мәтіннің интерпритация қабылдауын және негізгі принциптерін ашу.

Пререквизиттері:Тіл біліміне кіріспе. Әдебиеттануға кіріспе. Халық ауыз әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тарихы. Шетел әдебиетінің тарихы. Әдебиет теориясы. Жалпы тіл білімі. Мәдениеттану. Философия.

Постреквизиттері:Әдебиеттанудың өзекті мәселелері. Әдебиеттанудың философиялық мәселелері.

3. Магистранттарға қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда магистрантқа жоғары баға қойылады. Магистрант әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).



Сабаққа қатысу:

Магистрант сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1-і себепсіз қалдырылса, курстан шығарылады.



Аудиториядағы тәртіп:

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:



  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында магистранттың төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

  1. Өз пікірін дәлелдесе;

  2. Сабаққа белсенді қатысса;

  3. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.

Үй тапсырмасы:

Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.



Жеке семестрлік тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті түрде орындалуы қажет. Семестрлік жұмыстар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) түрінде орындалып, қорғалады. Жұмыстан қателер табылған жағдайда ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.



Өзіндік жұмыс:

Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.



4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Аталған курсты оқып үйрену нәтижесінде алған білімдерін магистранттар өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде, ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланатын болады.
5. Курстың мазмұны

Бірінші апта

1 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістері



Қарастырылатын мәселелер:

1. Құрылымдық-функционалдық әдіс және оның негізгі ұғымдары. Телеологиялық әдіс (Р.Якобсон).

2. Көркем мәтінді оқып үйренудегі әдебиеттану әдістері және тарихи-әлеуметтік бағыт (В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Д.И.Писарев және т.б.).

3. Мәдени-психологиялық бағыт (Фрэнк Р. Ливис, Айвор А. Ричардс, У. Эмпсон және т.б.).



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқырманның ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мұмкін. Оқырман көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқырманның өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Көпшілік оқытушылар талдамас бұрын, шәкіртімен сол туынды жайында арнаулы әңгіме, пікірлесу өткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді. Оның тиімділігі сол, оқытушы шәкіртінің көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғартады, талдауда қандай мәселелерге назар аудару керек, соған бағыт-бағдар алады. Ең басты мәселе, оқырманды өз беттерімен талдауға жетелейді, тілін дамытады, көркем шығарманы қабылдай білу, әрі оған пікір айта білу дағдыларын қалыптастырады. Оқырманмен пікірлеспей, алдын ала олардың көркем туынды туралы (талданатын) ойлары, сезімдерін білмей, ескермей талдау жасау шәкіртті жаттандыққа, оқытушы мен оқулық пікірлерін қайталап айтушылыққа ұрындырады. Әдебиетші мұғалім алдындағы оқушыға оқырман деп қарап, оны оқырман ретінде тәрбиелеу керек. Әр бала – жеке тұлға. Ол – психологиялық жағынан болсын, дүниетанымы, білім жағынан болсын, бір-біріне ұқсамайтын жеке адам. Талдау, ең алдымен, міне, сол жеке адамның пікіріне де сүйенуі тиіс. Әдебиеттану ғылымы әдеби талдауда ең басты мына мәселелерге көңіл аудартады яғни ғылыми талдаудың негізгі принциптері мынадай:а) Көркем туындыдағы авторлық көзқарас; в) Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі; б) Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланысты ашу.

Әдеби талдауда осы принциптерді басшылыққа алу оқылып жатқан көркем туынды туралы, оның авторы туралы үстірт пікірлер мен жалған бағалардан сақтандырады. Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдіс-тәсілдерін қалай меңгергеніне де байланысты. Әрине, сөз жоқ, мұғалімнің терең әдеби білімі, кең ой-өрісі, көркем туындыны объективті түрде бар бітім-болмысымен қабылдай білу де талдауға әсер етеді. Талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады.

1 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтін теориясының пәні мен міндеттері

Тапсырмалар:

1. Деконструктивизм және оның көркем мәтінді оқып үйренудегі негізгі тәсілдері (Ю.Кристева, Ж.Деррида).

2. Когнитивтік бағыт және оның мәтін танудағы рөлі (У.Г.Ленерт, Р.Де Богранд, У Лабов және т.б.).

3. Лингвистикалық әдіс (А.А.Леонтьев, М.Риффатер және т.б.)



1-СОӨЖ тақырыбы:Әдеби герменевтика рецептивтік теориясы. Әдебиеттанудағы формализм (В.Б.Шкловский, Ю.Н.Тынянов, Б.В.Томашевский, К.Брукс, Д.Рэнсом және т.б.).

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Мәтінді оқып үйренудің семиотикалық әдісі және структурализм (В.Пропп, Ю.Лотман, Р.Барт).

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Екінші апта

2 дәрістің тақырыбы:Көркем мәтіннің функционалды-прагматикалық теориясы



Қарастырылатын мәселелер:

1. Мәтін прагматикасы – мәтіннің коммуникативтік моделінің бөлігі

2. Мәтін прагматикасы – әдеби үдеріс субъектілерінің (автор, оқырман) бөлігі

3. Мәтін прагматикасы – тіл мен шындықтың бөлігі



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Көркем мәтінді туындататын да, тұтынатын да адам болғандықтан, антропоөзектік лингвистика тілдік тұлғаның дүниені көркем түйсінуі мен қабылдауын бір-бірінен ажырағысыз қарастырады. Көркем мәтін, ондағы мазмұндық-нақты, мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарды түзуге қызмет ететін санаттардың концептуалды және прагматикалық әлеуеті біртұтас, тиянақталған мәтін көлемінде әлі де толық сипатталмай жүргені белгілі. Көркем мәтіннің лексика-фразеологиялық қабатында кездесетін түрлі тілдік бірліктер арқылы орнатылатын экстралингвистикалық байланыстарды танып, білу үшін тілдік тұлға болып табылатын оқырманның когнитивтік базасы айрықша маңызды екені де аса ескерілмей жүрген мәселелердің бірі. Көркем мәтіннің басқа функционалды стильдегі мәтіндермен, басқа көркем мәтіндермен, сондай-ақ өзге семиотика жүйесіне жататын мәтіндермен байланысын көрсететін интертекстуалдылықтың вербалды көрінісі, ондай байланыстардың қолданылу себептері, оларға негіз болатын түрлі прецедентті феномендер және олардың көркем шығармадағы қызметі қазақ тіл білімінде зерттеу нысаны болмағандықтан, жұмыстың өзектілігін танытады.

Күрделі семантикалы коммуникативті-прагматикалық ашық жүйе ретінде өзіндік санаттарымен ерекшеленетін көркем мәтінді антропоөзектік тұрғыдан қарап, оның басқа мәтіндермен байланысу заңдылықтарын көрсету үшін қазақ әдеби үдерісіне қатысты прозалық және поэзиялық шығармалар пайдаланылды. Мәтінаралық байланыстардың әлеуетін өз шығармашылығында сәтті қолданатын авторлар қатарында М.Мақатаев, Қ.Шаңғытбаев, Ж.Жақыпбаев, Г.Салықбай, Ғ.Жайлыбай, С.Ақсұңқарұлы сияқты белгілі ақындар мен прозашы І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Т.Әбдіков, Н.Ораздарды, сондай-ақ поэзияға кейінде келген толқынды (М.Райымбекұлы, Д.Мәсімханұлы, Б.Мүбәрак, С.Сағынтай) атауға болады.

2 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтінді түсіндіретін негізгі әдістер

Тапсырмалар:

1. Көркем мәтіннің функционалды-прагматикалық теориясының пәні мен міндеттері.

2. Мәтіннің негізгі деңгейлері.

2-СОӨЖ тақырыбы:Әдеби мәтіннің функциялары: мифопоэтикалық, интенсиалдық, экспрессивтік, репрезентивтік, бағалаушы-интерпретациялық.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Қазақ тіл білімі ғалымдарының көркем мәтінге қатысты айтқан ой-пікірлерін жинақтап, талдау. Жинақталған пікірлер негізінде мәтінге өзіңіз анықтама беріңіз.

Есеп беру түрі: реферат



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Үшінші апта

3 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері



Қарастырылатын мәселелер:

1. Тілдік тұлға және интертекстуалдылық

2. Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері.

3. Көркем мәтіндегі референция.



Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Қаламгер өзі түзіп отырған мәтінге бұрыннан өзіне таныс, таныс болғанда да оқырмандардың басым көпшілігі үшін эталон саналатын туындылардың түрлі деңгейдегі таңбасын кіргізіп, оның эмоционалдық, бағалауыштық, ассоциативтік, символдық әлеуеті арқылы алғашқы мәтінді еске түсіртеді және жаңа шығарманың семантикасын толықтырып, байытады. Ғылыми айналымда бұл үдеріс нәтижесінде пайда болатын жаңа мәтінді, таңбасы енгізілген алғашқы туындыны және ол таңбаның вербалды көрінісін терминдермен атауда бірізділік жоқ. Мәтінаралық байланыстарға қатысты ұғымдарды төмендегідей түсінуге тиіспіз: интертекст – басқа мәтіндермен байланысы түрлі маркерлер арқылы көрініп тұратын, уақыты жағынан кейін түзілген көркем шығарма және оған цитация қағидатымен кіргізілген лексика-семантикалық, коммуникативтік бірлік; интертекстуалды немесе келтірінді элемент – көркем туындының семантикасын түзуге, түрлі ассоциация тудыруға ықпал ететін, басқа мәтіндермен байланысы имплицитті, эксплицитті түрде әр қилы тілдік деңгейде вербалданған бөгде мәтін немесе прецедентті құбылыс фрагменті; интертекстуалдылық немесе интертекстуалды байланыстар - мәтінаралық байланыстардың жалпы атауы; претекст немесе прецедентті құбылыс – уақыты жағынан бұрын түзілген көпке белгілі эталон деп есептелетін мәтін немесе құбылыс.

Мәтінаралық байланыстар дискурстың барлық түрлерінде кездескенмен, көркем коммуникациядағы интертекстуалды элементтердің маңызы ерекше.

Интертекстер әр түрлі қырынан қарастырыла алады: интертекст түзген немесе қолданған автор тұрғысынан, интертекстердің мәтіндегі қызметі тұрғысынан және көркем шығарманы оқитын оқырманның қабылдауына сәйкес.

Әр қаламгер интертекстуалды элементтерді өз интенциясына сай түрлі міндеттерді шешуге қолданады. Ақын немесе жазушы тарапынан, әдетте, мынадай мақсаттарда жұмсалады: а) өзі үлгілі, идеалды мәтін деп санаған көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің жекелеген фрагментімен өз туындысының семантикасына қосымша мән үстеу, оны толықтыру, дамыту, байыту); ә) бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекст арқылы сипаттау, бағалау, ол бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы ықтимал); б) этикеттік (қаламгердің претекст авторына, сол арқылы бүтіндей әдеби бағытқа немесе претекске қарым- қатынасы – эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); в) айшықтау (өзінің немесе кейіпкерінің, персонажының ойын байланыстыру, сабақтау, дәлелдеу, қорытындылау, толықтыру, жалғастыру); ғ) аялық білімін, тілдік- мәдени құзіретін таныту.

Интертекстердің өздері де генетикалық, репрезентациялық және ресімделуі тұрғысынан қарастырыла алады: интертекске негіз болған прецеденттілік феномендері; морфонологиялық, лексикалық, синтаксистік, құрылымдық деңгейлердегі ашық және жасырын цитация; лексикалық, пунктуациялық, графикалық маркерлер.

Интертекстуалдылық оқырмандар тарапынан қабылдануына, претекстердің қаншалықты таныс екеніне орай автор интенциясына сәйкес толық түсінілетін, жартылай түсінікті және мүлде түсініксіз деп те жіктеледі.

Интертекстуалды байланыстар уақыты жағынан бұрын және кейін пайда болған көркем мәтіндердің арасындағы, бір функционалды стильге жататын әр жанрдағы көркем мәтіндер арасындағы семантикалық сабақтастықты, көркем мәтін мен басқа функционалды стильдегі мәтіндердің өзара байланысын, көркем мәтін мен басқа семиотикалық жүйеге жататын мәтіндердің қатысын, көркем мәтін мен түрлі тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық деректермен астарлы байланысын және бір автордың әр уақытта жазған шығармаларының арасындағы байланыстарды көрсетеді. Бұл байланыстардың тілдік көріну механизмдері мен олардың мәтіндегі позициясына, қызметіне, екі мәтіннің қабысу тәсілдеріне байланысты бірнеше топтамасы болғанмен, олар, негізінен, мынадай түрлерге бөлінеді: 1) цитаталық тақырып, 2) эпиграф, 3) қыстырынды романдар, 4) хаттар, 5) күнделіктер, 6) цитаталар, 7) аллюзия, 8) реминисценция.

Қазақ көркем әдебиетінде кездесетін интертекстуалды элементтер типологиясын төмендегіше құруға болады: цитата және цитация, аллюзия және реминисценция, центон интертекстер, мәтін ішіндегі хаттар, құжат негізді интертекстер, синкретті интертекстуалдылық, роман ішіндегі роман, мәтін ішіндегі күнделік және түс, пародия және перифраз, мәтіндерді жалғастыру.

Көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы сөйлеу субъектісі өзгеруінің нақтылығына орай ішкі немесе сыртқы интертекстуалдылықты ажыратуға болады, яғни интертекстуалдылық өмірде нақты бар прецедентті құбылыс цитациясына негізделсе, сыртқы болып есептеледі. Егер шығарма авторы интертекст ретінде өз қиялынан туған сурет, құжат, хат яки күнделікті пайдаланса, оны ішкі интертекстуалдылық деп атайды. Аталған келтірінді элементтер проза және поэзия жанрындағы көлемді және шағын туындыларда ұшырасады.

3 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем шығарма әлемі

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі фактуальдық, фабульдық, метафоралық баяндау.

2. Көркемдік мәтіннің көпфункционалды табиғатының көрінісі екендігі.

3. Көркем жинақтаудың негізгі сатылары: жинақтау және мифологияландыру.

4. Фабульдық және мифологиялық мәтіндер, олардың ерекшеліктері.



3-СОӨЖ тақырыбы:Лингвистикалық салыстырмалық гипотезасы және оның мәтін мен шындық қатынасын түсінудегі рөлі. Ф.де Соссюрдің лингвистикалық теориясы.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Семиозис ұғымы (Ч.Пирс, У.Эко концепциялары). «Қабылдаушыдан» модальдылықтары және оның көркем мәтіндегі рөлі.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Төртінші апта

4 дәрістің тақырыбы: Көркемдік әлем және оның негізгі компоненттері



Қарастырылатын мәселелер:

1. Кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары

2. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік

3. Көркем мәтіннің оқиғалық кеңістігі.



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Мәтіннің логикалық түзімі, оның құрылымы уақыт пен кеңістік сияқты категориялармен ұйымдастырылады.

Континуум (лат. continuum-толассыз, жаппай) – уақыт пен кеңістіктегі қозғалыстың толассыз ағымы. Уақыт пен кеңістік – бүкіл материалдық дүниенің әмбебап қасиеті, құбылыстар әлемі болуының қажетті шарты. Мәтін ақиқаттың және белгілі бір қатынас жағдайының үзігі ретінде онсыз болмайды.

Континуум – мәтін категориясы. Континуум сөйлемде өткеріле алмайды, себебі сөйлемде ой дамымайды. Осы мағынада сөйлем статикалық құбылыс, оны шартты түрде фильмнің кадрымен теңестіруге болады. Тіпті «Ол белгіленген мақсат бағыты бойынша баяу жылжи бастайды»,-деген сөйлемнің өзінде қозғалыс бөлігін көруге болғанмен, онда континуум жоқ.

Континуум мәтіннің грамматикалық категориясы – когезия (байласым) мен үзілістің синтезі сияқты. Уақыт және кеңістік континуумдарын оқиғалар континуумы ретінде де белгілеуге болады.

Мәтінде уақыт қозғалысы бір желілі және бір бағытты болмайды.

Мәтін лингвистикасында мәтіндік уақыттың үш темпоральдық негізі болады: объективті (күнтізбелік), концептуальдық (оқиға) және перцептуальды немесе перцептивті (эмоциялық-экспрессивті). Көркем мәтіндерде тағы көркемдік уақыт бөлінеді.

Информативтік регистр бірыңғай үдерістің нақты ұзақтығынан ауытқыған фактілер, оқиғалар, қасиеттер туралы хабар ұсынады. Бұл-тікелей бақылаудың емес, не жанама бақылау нәтижесінде, не ойлау операцияларының нәтижесінде алынған білім.

Генеритивті регистрде «уақыттан тыс» және «уақыт бойғы» іс-әрекет қасиеттерді, қабілеттерді, сипаттаманы айту тәсіліне айналады.

«Бақылау орнын» болып жатқан жайға қарай өзгерте отырып, айтушы түрлі регистрлердің сөз бірліктерін құрайды. Оларды біріктіріп, мәтіннің кеңістік-уақыт көлемділігін, оқиға уақытын жасайды.



Перцептуалды (перцептивті) уақыт айтушының (жазушының) мәтін оқиғаларына қатысты уақыт пен кеңістікке шынайы немесе ойша позициясын танытады (лат.perceptio – қабылдау).

Перцептуалдылық дәрежесі ғылыми, іс мәтіндерінде минималды, көркем мәтіндерде максималды болады, соңғысында перцептуалды уақыт жеке уақытпен қосылып, жаңа құбылысты –көркем уақытты тудырады.



Көркем уақыт-сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы, шынайы, перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше араласқанын сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен ирреальность (шарттылық) бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылады.

Мәтіндік уақыттың синхронды және диахрондыаспектілері бар. Мағыналық акцент бірінші жағдайда «қашан болған» және «қаншаға созылды» ұғымдарымен, екіншісінде-уақыт қатынасындағы сабақтастық немесе реттілік ұғымдарымен (яғни мәтіндегі логикалық ұғыммен) байланысты.



Кеңістік континуумы уақыт континуумымен тығыз байланысты. Мұнда субъектінің қабылдауы арқылы өтетін шынайы әлемді көрсететін объективті кеңістікті бөліп алуға болады, сонымен қатар кеңістік сипаттарды өзінде кеңістік табиғаты жоқ ұғымдарға телуге болады, яғни мәтіндік кеңістіктің басқа түрлері– концептуалдық, психологиялық, әлеуметтік түрлері туралы айтуға болады.

Сондай-ақ жеке түрлерге ие (роман-эпикалық хронотоптар, мифопоэтикалық кеңістік) көркемдік кеңістік бар.

Материалдық құбылысты көрсететіндіктен мәтінде шынайы кеңістік те болады.

Кеңістік жүйесінде бастапқы нүкте болып табылатын сөйлеу субъектісіне қатысты әлдебір «осында» нүктесі «қазір» темпоралдық нүктесімен үйлесіп, мәтіндік хронотоптың «мен-осында-қазір» бастапқы антропоцентрлік пунктін құрайды.

Шынайы уақыт жаһандық, үзіліссіз және бөлшекті. Көркемдік осыларға қоса нақтылықты тудырады. Концептуалдық кеңістіктен көркем кеңістіктің айырмасы – ешқашан дерлік абстрактылы болмайды, орталыққа (орталық дегеніміз тұтас мәтін субъектісі, авторы, шекарасын олар белгілейді) қатысты белгілі бір шекарасы не бағдары бар.

4 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем шығарма құрылымындағы уақыт пен кеңістік

Тапсырмалар:

1. Предикация күрделі мәтіндік таңбаларды жасау мен тудыру құралы.

2. Әдебиетте іс-әрекетті көрсетудің метонимиялық принципі.

3. Жеке дара және тұтастанған іс-әрекет және олардың шығарма оқиғасына көшуі.



4-СОӨЖ тақырыбы:Аффектілі сюжеттік бірліктер (У.Ленерт) теориясы және оның көркем туындылардағы іс-әрекеттерді айқындаудағы рөлі. В.Пропп пен А.Греймастың модельдері.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Көркем және шынайы хронотоп (мекеншақ). Көркем шығармадағы сюжет пен фабула.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Бесінші апта

5 дәрістің тақырыбы:Көркем мәтіннің мазмұны мен түрі



Қарастырылатын мәселелер:

1. Көркем мәтін лингвистикасы.



2. Әдебиеттің мазмұны мен түрі «өзара ауыса алатын терминдер» екендігі (Л.Ельмслев).

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Мәтін лингвистикасы, текст лингвистикасы – тіл білімі ғылымының жеке саласы. Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі – мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы, басқалардан (мыс., ауызекі сөйлеуден) ерекшелігі, объективті болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің тілдік түзілу ерекшелігі, оны қабылдаудың сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б.мәселелерді қарастырады. Мәтінді зерттеуге қызығушылықтың артуына көптеген факторлар әсер етті. Оны зерттеу тілді әлемдік ауқымдағы кең құбылыс ретінде түсіну үшін де, қарым-қатынас жасаудың бірден – бір тұтас құралы ретінде ұғыну үшін де, тілдің адамзат қызметінің әр түрлі жақтарымен байланысын терең білу үшін де қажет болды. Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады. Өйткені бұлар тілдік тұлғалардың сөйлемде ғана емес, одан да ірі бөлшектердің құрамында қызмет етуін зерттегенде ғана ашылады. Бұл жағдай тілдің мәтін құру қызметіне зейін қойып, көңіл аударылуына негіз болады. Мәтін лингвистикасының қалыптасуы тілдік ілімдермен (лексикология, семасиология, морфология, стилистика) қандай байланысты болса, жалпы филологиялық (текстология, поэтика), тіпті филологиялық емес ілімдермен де (философия, логика, психология, эстетика) сондай байланысты. Қазіргі кезде мәтін лингвистиканың мынадай зерттеу бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1) мәтінді тіл жүйесіндегі өзіндік белгі сапалары бар ең жоғарғы тұлға-бірлік (жүйе) ретінде алып тексеру; 2) мәтіннің түрлерін ажыратып, мәтін типологиясын жасау; 3) мәтін құрушы тұлға-бірліктерді және олардың қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу; 4) мәтінге тән өзіндік категорияларды анықтау; 5) мәтін құрушы байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу. Мәтін – тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық – құрылымдық күрделі тұлға. Ол логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі. Сондықтан мәтіннің құрылысына, оның түрлі қыртыс-қабаттарына үңіліп, мәнді де сипатты ерекшеліктерін ашу, белгілі кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүру заңдылықтарын айқындау, сөйтіп мәтіннің ішкі бірлігінің сыр-сипатын түстеп-түгендеу – бүгінгі тіл білімінің басты міндеті. Мәтін лингвистикасы ілімі мен мәтін теориясы тығыз байланысты, екеуінің объектілері бір-бірімен ұштасып жатады. Мәтін теориясы мәтінді құрылымдық және қызметтік жақтарынан алып талдайды. Құрылымдық тұрғыдан зерттегенде мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығы сияқты негізгі сапаларына көңіл бөлінеді. Байланыстылығы – бұл мәтіннің дұрыс құрылуы – дұрыс құрылмауы деген мәселелермен ұштасады. Мұнда мәтін элементтері неден тұрады және олардың арасындағы байланыстың сипаты қандай, оны нелер құрайды деген сұрақтарға жауап алынады. Мәтін құрудың жалпы да ортақ принциптері, олардың мәтіннің мазмұндық, жанрлық т.б. ерекшеліктеріне байланысты болатындығы талдаудың негізгі объектісіне айналды. Мәтіннің тұтастығын зерттеу оның элементтерінің қызмет ауқымын айқындау тұрғысынан жүзеге асады. Мәтіннің мазмұнын ашу мәтіндегі қандай да болмасын зерттеулердің түпкі мақсаты болмақ. Сондықтан тіл тұлғаларының мазмұны ашық та, жабық-жасырын да келетін көркем мәтіндерді зерттеуде бұл, әсіресе, үлкен мәнге ие. Өзінің айтайын деген ойын, белгілі бір мазмұнды беру үшін автор қандай бейнелеу құралдарын таңдаймын десе де ерікті. Мәтіннің жасырын мағыналарын ашуда тіл таңбаларының екі жақты болмысына ден қойылады: тілдік тұлғалар (таңбалар) сол мәтіндегі не басқа мәтіндегі өзі сияқты тұлғалармен мағыналары және сыртқы тұлғалары бойынша үндесе отырып, мәтіннің басқа да компоненттерімен байланысқа түседі. Сондықтан мәтін теориясының жетістіктері көркем мәтіндегі талдауда кең пайдаланады.

Мәтін түрлерінің лексика және грамматикалық айқындығы болады. Әр лексикалық единицаның мағыналық және грамматикалық қолданыс түрлерінің мәтін түзудегі ықпалы айқын көрініп тұрады.

Көркем мәтін өнердің бір түрі ретінде адамға әсер ету қасиетімен ерекшеленеді. Бұл оның прагматикалық жағы. Көркем шығарма автордың өзіндік дүниеге, айналаға көзқарасын айқындаумен қатар, шығарма өз оқушысына бастан аяқ тұтас, біткен, хабарлар түрі ретінде жеткізіледі. Көркем шығарманы оқушы оқу барысында түрлі оқиғалармен танысады, әрі автордың айналадағы шындықты қаншалықты дәл жеткізуі, көркем дүниенің эстетикалық әсері үнемі бүкіл шығарманың өн бойынан табылуы қажет.

5 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдеби архетиптер

Тапсырмалар:

1. Москва лингвистикалық мектебінің (Р.Якобсон, Н.Трубецкой, П.Богатырев) және Орыс формальдық мектебінің (В.Шкловский, Б.Томашевский, Ю.Тынянов) мазмұн мен түр теориясы.

2. Мазмұн көркем мәтінге енетін сөз материалының формалық құрылым жүйесі екендігі.

3. Прага лингвистикалық мектебі көркем мәтін мазмұны мен формасының диалектикалық бірлігі туралы (В.Матезиус, Б.Гавранек, Я.Мукаржовский).



5-СОӨЖ тақырыбы:Әлеуметтік және мәдени феномендердің тілге ұқсастығы туралы болжамдардан туатын ой-пікірлер мен негізгі принциптер (Ю.М.Лотман, К.Леви-Стросс, Р.Барт). Әдебиеттің «екінші кодтық жүйе» (Ю.М.Лотман теориясы) екендігі. Көркем мәтінді «үшінші кодтық жүйе» ретінде ұғыну.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Актуализация ұғымы. Ф.Джеймсонның мазмұн мен форма концепциясы. Образдық мәтін.

Есеп беру түрі: реферат.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Алтыншы апта

6 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтіннің синтагматикалық және парадигматикалық аспектілері



Қарастырылатын мәселелер:

1. Әдебиеттану мен тіл біліміндегі эквиваленттілік ұғымы.

2. Көркем мәтін синтагматикасы мен парадигматикасы (Р.Якобсон, Р.Барт теориясы).

3. Қосарлы оппозиция принципі және оның әдебиет туындыларындағы көрінісі.



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Интертекстуалдылықты семантикалық тұрғыдан И. Смирнов айтқандай: «текстің басқа текстерге сілтеме жасау арқылы тек өзіне ғана тән мән-мағына тудыру қабілеті» деп түсінетін болсақ, көптеген текстерді түсіну үшін белгілі бір мәдени, әдеби ортаға кеңінен таныс шығарманы еске түсіру керек болады. Өйткені белгілі бір қоғамда бір уақытта өмір сүріп, ортақ тілді, мәдениетті, әдебиетті тұтынушылар үшін эталон деп саналатын әдеби шығармалар болып, олар сол қоғамдағы моральдік-этикалық ұстанымдардың эксплицитті көрсеткіші, насихатшысы ретінде қызмет етеді. Ал мұндай мәтіндерді оқитын адамдардың өмірлік қағидалары, көзқарастары, адамгершілік туралы пікірлері бір-біріне ұқсас, үндес болып, бір-бірін толықтырып отырады. Шығарма авторлары да осы мәдени, әдеби ортаның бір өкілі болғандықтан, өзін толғандырған, ойландырған мәселені жазған кезде қайтсе де басқа қаламгерлердің әсер-ықпалын сезінбей тұра алмайды. Мұндай әсер-ықпалдың саналы-санадан тыс екендігі туралы түрлі пікірлер бар. Алайда әр халықтың әдеби үдерісінде мәтінаралық байланыстардың барлығын дәлелдейтін мысалдар аз емес және мұндай байланыстар жеке дербес туындыны қабылдау, түсіну, талдау, интерпретациялау үшін айрыша маңызға ие. Бұл мәтінаралық байланыстар синтагматикалық (мәтіннің өз ішіндегі концептуалды орталықтардың өзара байланыстары) және парадигматикалық (осы семантика сипатталатын басқа да мәтіндермен байланыстары) қатынастарға түсу арқылы өздері маркерленіп те, маркерленбей де кіргізіліп отырған мәтіндердің мән-мағынасын байытатындықтан, ол мәтіндер бір интертекстуалды кеңістікте қарастырыла алады. Интертекстуалды ортақ кеңістік барын көрсететін маркерлер ретінде прецедентті феномендер, яғни прецедентті есімдер, прецедентті мәтіндер, прецедентті айтылымдар және прецедентті жағдайлар танылатынын ескерсек, олардың көркем дискурста вербалдануы мәтіннің интертекстуалдылығын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар мәтіннің тұтастық, байланыстылық, континуум сияқты басқа да санаттарын түзіп, қалыптастыруға қызмет етеді.

Мәтінаралық байланыстар зерттеле бастағаннан бері қаламгер түзіп отырған жаңа мәтінге енгізілетін бөгде сөз - келтірінді құрылымдар түрлі терминдермен аталып келді. Мәселен, прецедентті мәтін – шығыс мәтін, архетекст, мәтін-түпнұсқа, генотекст, пратекст, претекст, тілдік афоризм, логоэпистема, эквофорема, протослов, перифраз және ноэма. Терминдердің мұндай көп нұсқалылығы зерттеушілердің өз нысандарының қандай аспектілеріне баса назар аударуына байланысты еді. Бұлардың барлығы текстаралық байланыстарға негіз болатын алғашқы мәтіндерді атағанмен, олардың біреулері ешқандай коннотациясыз, бейтарап мәнді болса, енді біреулері бойында сақталып, қатталған ақпардың рухани әлемге, адамның психологиялық ерекшеліктеріне қатысы басымдығына орай эмоционалдылығы айқын қолданыстарға айналды.

6 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтін және көркем дискурс

Тапсырмалар:

1. «Иерархиялық синтагматика» көркем мәтіннің негізгі құрылымдық принципі екендігі.

2. Көркем мәтіндегі грамматикалық, фонетикалық және лексико-грамматикалық байланыс.

3. Байланыстылық және ырғақтылық ұғымы.

4. Көркем мәтіннің ырғақтық құрылымы.

6-СОӨЖ тақырыбы:Семантикалық метаморфозалар және олардың көркем мәтін құрылымындағы көрінісі. «Концептуалдық карталар» және олардың әдебиет туындыларындағы рөлі (А.Греймас).

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Құбылту мен айшықтау түрлері, олардың көркем мәтіндегі қызметі. Әдеби дискурстағы көркемдік-метафоралық референция.

Есеп беру түрі: реферат



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Жетінші апта

7 дәрістің тақырыбы: Әдеби шығармашылық табиғаты



Қарастырылатын мәселелер:

1. Әдебиеттің сөз өнері санатындағы дуалистік сипаты.

2. Шығармашылық және шығармашылық тұлға туралы ежелгі түсініктер.

3. Классицизм және романтизм дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым.



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Көркем шығармашылық - күрделі, жұмбақ әрі құпия процесс.Осы процесті алғашзерттеушілер - гректің антикалық дәуірініңфилософтары даосылай деген болатын.Содан беріқаншамағасырларөтті.Адамныңақыл-ойышығармашылықтыңсырларын шешуге ұмтылды.Олардың көпшілігі ғылым тарапынанашылды. Алайда, қазіргі таңда да өнердегішығармашылық қызметтізерттеу ісінде көптеген даулы әрі айқын емес мәселелер бар. Бүгінгікүнде шығармашылықтың «құпиялары» туралы айтуға, оның адамойының ерекше күрделі феномені болып табылатындығын баяндауғаәдебиеттану ғылымында да ерекше құлшынысбайқалады.

Қазіргікезеңдебұлфеномендіайқындаудажан-жақтызерттеулер жүргізілуде.Оған алуан түрлі мамандықтардағы ғалымдар,философтар,психологтар,эстетиктер,әлеуметтанушылар,өнертанушылар, тіпті кибернетиктер мен математиктер де қатысыпкеледі.

Олардың алғашқысыХХ ғасырға тәнболып келетін тұлғамәселесіне мұқият көңіл бөлумен байланысты болыпкеледі. Адамтіршілігіндегітереңзаңдылықтарқандайжәнеолардыңөзішындығында бар ма? Оның түп маңызы мен өмірлік мәні қандай?Тарихипроцесте, мәдениет дамуында тұлғаның ролі қандай? Осыжәне өзге де кейбір сауалдар төңірегінде философтар, әдебиетшілер,өнертанушылар жауап іздеп, көп зерттеулер жүргізді.Суреткердіэстетикалық қызметтің субъектісіретіндезерттеумен байланыстымәселелерді шешіпалмайынша,тұлғатуралыкез-келгенфилософиялық-әлеуметтік тұжырымдама түпкіесепте толық емес,шектеулі күйінде қалып отырады.

Екінші фактор - бұл көркемшығармашылық мәселелеріне дегенқызығушылықтыңқазіргізаманғығылымментехниканыңқажеттіліктерімен байланысты болуы. Академик А.Н.Колмагоров«Поэзиялықшығармашылыққа объективті талдау жасау адамныңтүйсіксіз синтетикалыққызметқұрылымдарымен,образдардыңқалыптасуқұрылымдарымен шұғылданатынғалымдар үшінөтемаңызды» - деп жазды. Солардың қатарындаэвристикалықәдісті ерекше атап көрсетті.Эвристика - адам қызметінің жаңалықашу мен өнердің табысқа әкелетін заңдылықтары менәдістерінзерттейтінғылым.Осыкөзқарастұрғысынаналғанда,көркемшығармашылықэвристикалық ойлаудың бір түрі болып келеді.

Үшінші фактор көркем шығармашылықтың өзтабиғаты меноныңнәтижелерін-романдарды,өлеңдерді,фильмдерді,картиналарды және т.б. эстетикалық қабылдау тәжірибесі арқылытанылады. Ілгеріден белгілі болғандай өнертуындысының пайдаболуының субъективті қайнар көздерін білу оны оңай әрі тереңтүсінугемүмкіндік береді. Суреткердің тұлғасы оның шығармасынаұқсас болмағанымен, бірақсоңғысы автордың ішкі дүние-сезімінбілдіруі, оның тәжірибесін өзектендіруі болыптабылады. Сондықтанорыс әдебиеттанушысы әрі сыншысы Ф.Д.Батюшков атап өткендей,«Туындыны толық түсіну мен жақсы көру үшін, оны жаратқанадамның жан-дүниесіне үңіліпқараукерек.Басқаша айтқанда,суретшініңшығармашылық зертханасына ену,оныңөмірсүружағдайларын, адами өмірбаянын тану қажет». Осы арқылыкөркемкемеңгерліктіқабылдауғажақындаутүсініктілеужәнежеңілдеу болып келеді.

7 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтіннің семантикасы

Тапсырмалар:

1. Позитивистер (О.Конта, И.Тэн және т.б.) еңбектерінің маңызы мен негізгі тұжырымдары.

2. Әдеби ықпал ұғымы.

3. Шығармашылық тұлға туралы Ю.Кристевой мен Ч.Ломброзоның интертекстуалдылық теориясы.

7-СОӨЖ тақырыбы:Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А.Маслоудың холистикалық әдісі.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Әдебиеттанудағы фрейдшілдік бағыт.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Сегізінші апта

8 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтіндегі автор бейнесі



Қарастырылатын мәселелер:

1. Әдебиетті оқып үйренудегі өмірбаяндық әдіс.

2. Автор және баяндаушы, олардың бейнелерінің жақындығы.

3. Көркем шығарма мазмұнында жазушының өмірбаяндық деректерінің көрініс табуы.



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Мағыналық категорияға: персонаж, уақыт, кеңістік, хабардың түп дерегі, автор образы, оқушы образы жатады.

Мәтіннің ең негізгі категорияларының бірі хабар беру (информативность). Көркем шығармадағы бүкіл баяндалатын оқиға деген эмоциясы т.б. тікелей автордың түпкі ойына байланысты. Көркем мәтін көркем образ, идеялық – эстетикалық информацияны жасаушы ретінде ерекшеленеді. Көркем мәтін кез-келген информациялық белгі – хабарлаушы болып табылады. Лексика – сөз, хабар берудің негізгі көзі, яғни сөз мәлімет берудің негізі. Мұда кілт, яғни түйін сөздердің және өте жиі қолданылатын лексиканың үлесі жоғары деңгейде тұрады. Мәтіннің өн бойында автор ойды ұстап тұрған әрі мәлімет беретін тірек сөзге көбірек айналып соғып, қайталайды.

Мәтін түзетін тілдік единицалардың функциясы мәтін ішінде айқындалып қызмет етіп тұрады.

Мәтіндегі тағы бір көрінетін категория – подтекст категориясы, яғни қосымша мағына жасау техникасы. Подтекст деген феномендік нәрсе, құбылыс деуге болады. Әдебиетшілердің көңіл қойып зерттеген бұл мәселесіне тілшілер кейін ғана назар аудара бастады. Подтекст ХХ ғасыр әдебиетінің жетістігі ғана емес, ол кез келген көркем шығарманың жазылғанына, уақытына қарамастан бұрыннан келе жатқан түсінік. Подтекст мәтін категориясы ретінде психологиялық прозаның авторлық позициясын эмоционалды, бағалаушы фактор. Подтекст болу үшін түгел мәтін жасалуы қажет. Подтекст туралы былай деуге болады: ойды жеткізуді сөзбен емес, немесе тікелей айту емес, ерекшетұспалмен оқушы өзініңкөңіл көзімен аңғаратын тұстар болады. Мәселен, сипаттамалы суреттеу, кейіпкердің мінез-құлқын баяндау, ауа – райын суреттеу. Суреттеу контексінің мақсаты – алдын ала болатын оқиғаны болжамдау, оқушысын дайындау.

Мәтін адамның жан - жақты көрінуіне оның жеке тұлға ретінде толық ашылуына мүмкіндік береді. Көркем шығарманың эстетикалық әсері – түрлі әлеуметтік мәдени факторларға, әрі жеке стильге байланысты.

Мәтіннің прагматикалық бағыты оның құрылысымен байланысты болады. Қандай да болмасын сөйлеу актісі белгілі бір адресаттың моделіне есептелген.

Функционалдық стильдің бір тармағы – көркем шығарма тілін лингвистика тұрғысынан зерттеуде мыналарды нысанаға алады:

а) «автор образы» дегеннің көрінісі;

ә) баяндаудың түрлері;

б) кейіпкердің сөзін беру принциптері;

в) кейіпкерлер тілі мен автордың өз тілінің көрінісі.

Бұл, негізінен, көркем проза стилистикасына қатысты проблемалар. Ал драматургия мен поэзия салаларында лингвистикалық стилистика бұдан өзгеше мәселелерді қояды. Орыс лингвистикасында драматургия тілі жан – жақты зерттелген. Ал қазақ тілінде енді ғана аздап қолға алынып жатыр.

Поэзияға келетін болсақ, мұндағы лингвостилистикалық ізденістер мүлде ерекше болады. Ең алдымен, поэзияның өзі «тұнып тұрған» образдылық (бейнелілік) болса, сол образдылықты жасайтын құралдар мен тәсілдерді зерттеу міндеті тұрады.

Лингвистикалық стилистика көркем сөздің ерекшеліктерін зерттейтін болғандықтан, оған ырғақ, эвфония, поэтикалық синтаксис, сөз арқылы берілетін бейне сияқты тарамдардықамтитын лингвистикалық поэтика кіреді. Поэзия тілін лингвистика тұрғысынан зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық мәселесі көзделеді. Ал образ жасампаздық тіл элементтерін (құралдарын) жазушының өз қаламында жарата білуі арқылы пайда болады. Сөз – образдың түрлерін, оның ұлттық бояуын (колоритін) тануда поэзия стилистикасының міндеті.

Қазақ тіл білімінде бұлардың барлығы да әлі жүйелі түрде зерттелмей келе жатқан салалар. Лингвистикалық негізде «автор образы» зерттеу объектісі болған жоқ. «Автор образы» - тіл жағынан алғанда көркем шығарманы стилистика тұрғысынан талдау деген сөз. «Автор образын» шығарманың баяндау стилінен, диалогтар мен монологтардың беру үлгісінен, экспрессивтік – стильдік элементтерінен көріп, тануға болады. Демек, «автор образы» - лингвистикалық проблема. Көркем шығарма құрылымы жағынан баяндау (автор сөзі) және диологтар (кейіпкер сөзі) болып бөлінеді. Сондықтан көркем шығармада баяндаудың авторлық нормаларын айқындап алу қажеттілігі туады.

8 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазіргі әдебиеттанудағы интертекстуалдылық мәселесі

Тапсырмалар:

1. Авторлық баяндау түрлері.

2. Мәтіндерді «мәтін – автор» мәселесі қырынан жіктеу: баяндау мәтіні, репрезентивті бағдарлаушы мәтін.

3. Баяндаушының жоспары және оның қазіргі әдебиет туындыларында көрініс табуы.

8-СОӨЖ тақырыбы:Лесли Фридер теориясының «мәтіндегі автор» мәселесіне қатыстылығы.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Әдеби кодификация ұғымы.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Тоғызыншы апта

9 дәрістің тақырыбы: Әдебиет – қарым-қатынастар мен көңіл-күйлерді білдіруші



Қарастырылатын мәселелер:

1.Автордың рухани әлемін көркем бейнелеудің тәсілдері.

2. Сезім ырғағы және оның көркем мәтін құрылымында көрініс табуы.

3. Қарым-қатынас және көңіл-күй, олардың әдебиет туындыларында бейнелену тәсілдері.



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Күшті әдеби прецедентті мәтіндердің қалыптасып, орнығуы қаламгерлерге ғана емес, негізінен, белгілі бір қоғамдағы оқырмандарға да байланысты болады. Прецедентті мәтіндер қоғам, адам өміріндегі түрлі өзгерістерге орай олардың көңіл-күйін, ұстанатын қағидаларын көрсетуінің нәтижесінде тарихи тұрғыдан ауыспалы коннотацияға ие болады да, бір кезеңде әсер-қуаты күшті болған мәтіндер келесі бір мезгілде мүлде ескерусіз қалуы мүмкін. Күшті әдеби мәтіндердің тілдік-мәдени қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес болуы немесе одан тыс қалуы әр қилы объективті және субъективті себептерге байланысты. Олардың ең бастылары ретінде зерттеуші Г.В. Денисова көрсеткен өлшемдерді атап айту керек: «автор табысын сәтті қолдану стратегиясы, оны оқитын және/немесе ол араласатын ортаның беделділігі, сондай-ақ мәтіннің өзінің ерекше қасиеті». Таратыңқырап айтар болсақ, қаламгер өз мәтініне салған мазмұнды-нақты, мазмұнды-астарлы, мазмұнды-концептуалды ақпарларды оқырмандардың өз мәнінде толық, автор ниетіне сай қабылдап, түсінуі; ақын-жазушы өмір сүріп отырған тілдік-мәдени қоғамдағы құндылықтар өлшемінің бірыңғай болуына байланысты белгілі бір әдеби шығарманы эталон ретінде танитын топтың болуы және олардың әдеби талғамдары тұтас қоғамда пікір қалыптастыра алатындай, сұраныс тудыра алатындай салмақты, беделді болуы; сондай-ақ мәтіннің қысқалығы, эмоционалдылығы, еске тез түсіп, ситуацияларға байланысты өзгертіп не өзгертпей қайта қолдануға бейімділігі, көп мағыналылығы, бағалау құралы бола алатындығы сияқты қасиеттері. Күшті әдеби прецедентті мәтіндердің қалыптасуына өткен ғасырдың 90- жылдарының басына дейін жұмыс істеп келген әдеби цензура да ықпал еткенін айта кету керек, өйткені шығармашылығын таратуға тыйым салынған қаламгерлердің көпшілігінің өлеңдері эталон мәтіндер қатарына жататынын уақыт өзі дәлелдеді. Мысалы, М. Жұмабаевтың шығармашылық контексі қазіргі ақындардың біразына прецедентті мәтін ретінде қызмет етуде. Бұл орайда Т. Шапайдың мына бір пікірін еске сала кету орынды: «Меніңше, кейбір әдебиеттерде, айталық, көне шығыс поэзиясында пәленшенің ұстазы (немесе, ізбасары, шәкірті) түгенше деп нақтылап айту тым шартты нәрсе. Мәселен, ортағасырлық шығыс шайырларының негізгі, анық ұстазы – тұтас әдеби канондар. Қазақтағы жыраулық поэзия туралы да осыны айтуға болады. ... Абайдан бастап, жалпыпоэтикалық үрдістермен қатар ақынға ерекше ықпал еткен, оның поэтикалық әлемінде үзілмей желі тартып жататын жеке есімдер пайда болды. Абай үшін қазақ топырағындағы мұндай ең алғашқы тұлға, даусыз – Дулат». Бұл пікір ғалымның Абай мен Дулат шығармаларының семантикалық, лексикалық, синтаксистік деңгейдегі байланыстарына, «ауыс-түйістеріне» қатысты ойларының кіріспесі болғанмен, мәтінаралық байланыстар қандай деңгейде болсын, көркемділік канонына, эталонына айналған мәтіндерден байқалатынын көрсетеді. Мұндай эталон мәтіндер әр уақытта түрлі объективті, субъективті себептерге байланысты бірде өзектеніп, бірде назардан, қолданыстан тыс қалып жатады, дегенмен олардың белгілі бір ұлттық-тілдік-мәдени қоғамдағы маңызы жойылмайды. Претекстер тілдік тұлға жадында белгілі бір тәртіппен, жүйемен сақталмайды, ол тек қажеттілік туған кезде ғана, тұтасымен немесе жеке фрагменттерімен ойға оралып, қарым-қатынасқа түсушілердің когнитивтік кеңістігін, тілдік-мәдени құзіретін танытады. Ал қаламгер де, оқырман да тілдік тұлға болғандықтан, өз жадынан дайын, әсерлі, басқаларға жақсы таныс фрагмент арқылы айтар ойына қосымша мән, реңк үстейді. Жоғарыдағы мысалдардың барлығында мәтін ішінде вербалданған прецедентті мәтін осындай қызмет атқарып тұр. Прецедентті мәтін өзі кіргізіліп отырған мәтінде мағыналық ұйытқы сөздердің парадигматикалық, синтагматикалық және эпидигматикалық қатынастары арқылы, түрлі символдар арқылы вербалданады. Интертекстуалды элементтер кейде арнайы маркерленсе, енді бірде еш ресімделмейді. Айта кету керек, қазақ әдебиетінде келтірінді құрылымдар көбіне тырнақшамен, бас әріптермен ажыратылады, тек Т.Әбдіковтің повесінде ғана метатекст элементі қара шрифтпен ерекшеленген. Прецедентті мәтіндерге қатысты айта кететін бір нәрсе: жекелеген зерттеушілер қазіргі тілдік қорымыздағы көптеген фразеологизмдер бұдан ұзақ уақыттар бұрынғы прецедентті мәтіндер үзіндісі, жұрнағы деп есептейді. Бұл пікірдің ақиқаттығын гендерлік сипат алған «атасы басқа, аттан түс» мәтелі де дәлелдейді. Арғы ата-бабаларымыз өмір сүрген кездегі қоғамның барлық мүшелеріне таныс аңыз-әңгіме, жыр немесе өлеңдер уақыт өте келе өзектілігінен айрылып, адам жадынан біртіндеп ығыстырыла бастайды. Белгілі бір мерзім өтіп, ұрпақтар алмасып, әлеуметтік- мәдени кеңістіктегі құндылықтар, бағалау өлшемдері өзгергенде, прецедентті мәтіндер бірте-бірте қысқартылып, ең соңында оның айрықша мәнді, аса әсерлі, өте бейнелі, ерекше есте сақталатын үзігі ғана ел жадында қалып қояды да, олар біртіндеп қанатты сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер қатарына өтеді. Мәселен, зерттеуші С. Жапақов аса жиі қолданылмаса да, эмоционалды- экспрессивтілігі жоғары «садағын сағымға ілдірген» фразеологизмінің ішкі формасын Шыңғыс ханға байланысты прецедентті мәтінмен байланыстырады. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген «Қара бауыр, қасқалдақ, қайда кеттің пыр-пырлап?» претексі де қазір өзектілігін азайтып, бірте-бірте қысқарып, тек Д.А. Қонаевты еске алу кезінде ғана, оның өзінде де осы мәтін алғаш қалай, не себепті пайда болғанын білетін адамдар қолданысында ғана кездесіп жүргені байқалады.

9 практикалық сабақтың тақырыбы:Мәтінді семиотикалық талдау

Тапсырмалар:

1. Әдеби стилистика.

2. Көркем мәтіндегі юмор мен ирония, олардың функционалдық мәні.

3. Әдебиет туындыларындағы комизм.



9-СОӨЖ тақырыбы:Әдебиет белгілі бір идеологияны таратушы. Сыншыл реализмдегі және романтиктердің (Шлегель, Кольридж, Сент-Бев концепцияларындағы) әдебиет жайлы ұғым.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:И.Тэн, У.Патер, О.Уальд сөз өнері туралы. Б.Кроченің экспрессионисшілдік эстетикасы. Әдебиеттің экспрессивтік қызметі.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Оныншы апта

10 дәрістің тақырыбы: Баяндаушы жоспары мен кейіпкерлер жоспары – көркемдік әлемді таныту формасы



Қарастырылатын мәселелер:

1. Табиғи нарратив моделі (У.Лабовтың теориясы), оның принциптері.

2. Әдеби шығарма құрылымындағы сюжетті-вербальді баяндау.

3. Көркем мәтіннің микрокомпоненттері мен макрокомпоненттері.

4. Көркем мәтін тілдік құрылымының қосжоспарлы сипаты.

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Көркем шығарманы талдап, интерпретация жасағанда, оның вербалды құрылымындағы бірде-бір тілдік құрал зерттеуші назарынан тыс қалмауы тиіс, өйткені мәтін семантикасын ашуға олардың барлығы бірдей қызмет етеді. Демек, визуалды образдардың вербалдануы да белгілі бір мақсатты көздейтіні ескерілуі қажет.

Өз кезегінде Н.А.Фатеева көркем мәтінге басқа семиотикалық жүйелер таңбасының кіргізілуін «интермедиалды семантикалық фигуралар» деп атайды. Зерттеуші келтірген мысалдарда басқа семиотикалық жүйелер туындыларының авторлары мен атаулары олар кіргізілетін мәтіндермен «метонимиялық» байланыстарға түсіп, аллюзиялық сипат алады. Ғалымның айтуынша, мұндай вербалданған визуалды және музыкалық образдар көбіне теңеу ретінде қолданылады.

Жалпы алғанда, түрлі семиотика жүйелері мәтіндерінің бұлайша өзара әрекеттесуі біршама жиі кездеседі. Дегенмен визуалды немесе музыкалық образдың вербалды мәтінмен өзара байланысының басқа да түрі – көркем мәтінге визуалды яки музыкалық бейненің толық немесе бір бөлігінің суреттелуі де - бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Біздіңше, осы типтегі мәтін ішіндегі мәтін «синкретті интертекстуалдылық» терминінің дефинициясына барынша толық сәйкес келеді.

Әрине, бұл жағдайдағы сөйлеу субъектісінің өзгеруі шартты нәрсе. Қалай болғанда да көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы кіргізіліп отырған визуалды немесе музыкалық образ оқырманға танылып отырады, өйткені қаламгер оны түрлі тілдік сигналдармен көрсетіп отырады.

Бейвербалды семиотикалық жүйелер туындыларының суреттеліп көркем мәтіннің тілдік құрылымына немесе иллюстрация түрінде публицистикалық мәтіннің құрылымына кіргізілуі өте жиі кездеседі. Бұл визуалды немесе музыкалық образ бен негізгі вербалды құрылымның қатар қабылдануы тудырған ассоциациялар нәтижесінде біртұтас мазмұн қалыптастырып, мәтінді дұрыс түсінумен, оның семантикасын ашумен байланысты.

Публицистика мен көркем коммуникацияда синкретті интертекстуалдылық әр түрлі байқалады. Публицистикада иконикалық мәтіндер (фотографиялар, шарждар, суреттер) вербалды мәтіннің қатарында, астыңғы, ортаңғы, үстіңгі жағында келіп, оның негізгі мазмұнын байытып, толықтырып, күшейтіп тұрса да, олардың ресімделуі мәтін ішіндегі мәтін форматында болмайды және олар өздерімен қатар алынған мәтіннің мазмұнын визуалды, кейде астарлы, ал енді бірде нақты түрде әр түрлі бағалауыш реңкте береді. Мұндай мәтіндерді қазақ зерттеушілері «креолды мәтіндер» деп атап, оларда берілген ақпар сатылап түсінілуі қажеттігін көрсетеді. Шынында да, солай. Мәселен, «Жас Алаш газетінің» 2008 жылғы 21 қазандағы санында «Ақпараттық соғыс немесе ұлтшылдық пен ұлтсыздық хақында» мақаласын Жеңіс Кәкенұлының суретімен безендірген. Суреттің атауы жоқ, алайда оның өзі жеке тұрып-ақ, интертекстуалды яки аллюзивті-реминисцентті, себебі Абылай ханның тарихи деректерден де, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан да белгілі атақты түсі негізінде салынған. Романда Бұқар түсті ханның тікелей өз ұрпағына қатысты жорығанмен, кейінгі тарихшылар, публицистер оны қазақ халқының тағдырына трансполяция жасап жүргенін ескерсек, осы ақпарлардың бәрі мақаланы түсініп, интерпретациялауды біртіндеп жүзеге асыруға ықпал етеді. Мақала ақпары астарлы түрде, синкретті түзіледі.

Ал көркем коммуникацияда визуалды немесе музыкалық материалдың суреттеліп кіргізілуі - әдеттегі нәрсе. Вербалданған образ оқырманды қайтсе де реалды визуалды немесе музыкалық образды көз алдына елестетуге яки есіне түсіруге, оларды салыстыруға жетелейді. Басқа семиотикалық жүйенің реалды мәтіні, оның вербалды көрінісі және жалпы тұтас мәтін оқырман ойында біртұтас картина жасап, қабылданып отырған мәтіннің эмоционалдық әсерін ұлғайтып, эстетикалық құндылығын арттырады. Көркем шығарма авторы үшін басқа семиотикалық жүйе туындыларын вербалдап енгізу мазмұндық- концептуалды және мазмұндық-астарлы ақпарды жеткізу тәсілі болса, оқырман үшін сол берілген ақпарларды қабылдау, ашу жолы болып есептеледі.

10 практикалық сабақтың тақырыбы:Автор және оқырман

Тапсырмалар:

1. Баяндаушы жоспары, оның ерекшеліктері.

2. Нарратив баяндаушы жоспарының басты элементі.

3. Әдеби-сыншыл дискурстағы баяндау үрдісі.

4. Әңгімеші мен лирикалық кйіпкер, олардың айырмашылығы.

5. Атаулы және атаусыз баяндау, олардың шығармада көрініс табу формалары.

10-СОӨЖ тақырыбы:Кейіпкерлер жоспары. «Бөгде сөз». Көркем шығарма құрылымында бөгде сөздің ұйысу тәсілдері. Төл сөз. Авторлық баяндау мен бөгде сөздің өзара ықпалы екендігі. Төлеу сөз. Ортақ төл сөз. Олардың стилистикалық айырмашылықтары.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Көркем мәтіннің полифониялық құрылымы. Сана тасқыны, сана тасқынындағы баяндаушы жоспары мен кейіпкерлер жоспарының бейнелену ерекшеліктері.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Он бірінші апта

11 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтінді қабылдаушы



Қарастырылатын мәселелер:

1.Көркем мәтіннің мәнін ұғынудың алғышарттары.

2. Әдеби компетенция ұғымы.

3. Шынайы және мінези оқырман.



Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Қандай да бір қоғамның әр қилы салаларындағы коммуникацияны орнықтыру, жеңілдету, жеделдету үшін қолданылатын мәтіндер бірнеше функционалды типтерге бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіне тән узуалды құрылымы, сөзқолданысы, синтаксистік конструкциялары болады. Мұндай мәтіндер дәстүрлі стилистикада сөзқолданыс ерекшеліктері мен заңдылықтары тұрғысынан зерттеліп, функционалды стилистиканың жеке сала болып қалыптасуына көп ықпал жасады. Мәтіндердегі мағыналық ұйытқы сөздердің қолданылу жиілігі, белгілі бір тақырыптық-семантикалық өріске қатысты сөздердің түрлі (парадигматикалық, синтагматикалық) байланыстары, ой қозғалысын қамтамасыз ететін тілдік бірліктердің (дейктикалық элементтер, синонимдер, жалғаулықтар) барлық мәтіндерде бірдейлігі, мәтін бөліктерінің формалды құрылымындағы тұрақтылық мәтін түзу заңдылықтарын сипаттауға мүмкіндік берді.

Ал мұның өзі мәтіндердің түзілуіне әсер ететін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды нақтылауға, мәтінді қабылдау инвариантын анықтауға, олардың басқа мәтіндермен, семиотикалық жүйе туындыларымен байланыстарын іздеуге қозғау салды. Бұл орайда көркем шығармаларды қабылдап, түсіну, қарастыру, интерпретациялау, зерттеуде аталған ерекшеліктер айрықша маңызды екені дәлелдеуді қажет етпейді.

Қалай дегенмен де, көркем мәтін аса күрделі семантикалық-құрылымдық жүйе ретінде өзіндік ерекшеліктерге, ортақ заңдылықтарға ие. Өзінің семантикалық көп қатпарлылығына, эмоционалды-экспрессивтілігіне, коннотативтілігіне, субъективтілігіне орай көркем мәтін оқырманнан да қандай болмасын білім аясын қажет етеді. Сондықтан көркем мәтін тек автордың тілдік құзіреті, әлемді тілдік бейнелеуі, ниеті, мүмкіндігі тұрғысынан ғана емес, оқырманның қабылдауы позициясымен бірлікте қарастырылуы қажет.

Қазақ тіл білімінің, әдебиеттануының негізін салушы А.Байтұрсыновтың: «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек» деген пікірі осы ұстанымның дұрыстығын дәлелдейді, яғни автордың болмыс өмірді өз бетінше қабылдап, дербес түйсінуі, оны эстетикалық өңдеуі, ой-ниеті басқа адамға, демек, оқырманға арналады. Ал оқырман өз кезегінде сол шығарманы түсіну үшін ондағы тілдік бірліктерді жақсы, барабар (адекватты) түсінуі қажет. Ол үшін оның тілдік құзіреті, жады дәл автордікіндей болмаса да, соған жуық, жақын болуы тиіс. Сонда ғана ол көркем туындының эстетикалық ақпарын, құндылығын сезіне, бағалай алады, өйткені адамның кез келген шығарманы қабылдауы эстетикалық ләззатқа негізделеді.

Оқырман көркем мәтінді толық, дұрыс қабылдау үшін ондағы автор қолданған түрлі тілдік құралдарға назар аударады, яғни көркем шығармадағы ең маңызды, мәнді деген мағыналық-құрылымдық бірліктер қайтсе де көзге түседі. Ұсыну қағидатына сәйкес келетін тілдік-стилистикалық тәсілдер дәстүрлі стилистикада әрқайсысы жеке-дара сипатталып келсе де, олардың біртұтас мәтін көлемінде қолданылуы белгілі бір концептуалды ақпарды өзектендіру және тиянақталған текст семантикасын интеграциялау мақсатын көздейтіні қабылдау стилистикасы аясында нақтылануы тиіс. Көркем мәтіннің вербалды құрылымында оқырман үшін ұсыну қағидатына сәйкес қызмет атқаратын тілдік бірлік ретінде түрлі интертекстуалды элементтерді де атауға болады.

Әрбір көркем туындыны түсіну, қабылдау, талдау қаламгер интенциясына және оны оқырмандардың қабылдауына байланысты. Осыған орай көркем мәтіннің стилистикасы автор және оқырманның тілдік тұлғасы тұрғысынан, бірақ бірлікте қарастырылуы тиіс. Автор стилистикасы, негізінен, дәстүрлі стилистика аясында зерттелсе, оқырман стилистикасын қабылдау стилистикасына (стилистика декодирования) жатқызамыз. Қабылдау стилистикасының басты тәсілдері мен қағидаттарын негіздеушілер ретінде орыс тілші-ғалымдары Л.В.Щербаны, Ю.С.Степановты, И.В.Арнольдті атауға болады.

11 практикалық сабақтың тақырыбы:Автор және әдебиет туындысының кейіпкері

Тапсырмалар:

1. Мінез оқырманның әдеби компетенциясы.

2. Оқырманның әдеби компетенциясының компоненттері әдеби тіл мен әдебиет тілін меңгеруі, көркем шығарманың лингвистикалық және текстуальдық кодтарын білуі.

3. Ассоциативті лакундар және мәтіндегі әлеуметтік-фондық ұғымдар.



11-СОӨЖ тақырыбы:Көркем мәтін құрылымындағы ұғым білдіретін зат және оның атауын білдіретін сөз, олардың қарым-қатынасы (депотативті, коннотативті).

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Қабылдаушының субъектіні бетке алуы.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Он екінші апта

12 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтін байланыс арнасы және ақпарат көзі сипатында



Қарастырылатын мәселелер:

1. Көркем мәтін автор мен оқырман арасындағы байланыстың ерекше арнасы және ақпарат таратушы.

2. Ашық және жабық көркем мәтіндер, олардың ерекшеліктері.

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Интертекстуалдылық қаламгер және оның мәтіні өмір сүріп отырған лингвомәдени кеңістіктегі қоғам мүшелерінің күнделікті сөйлеуінде, жазуында қайтсе де байқалады. Бұл көркем тексті оқу, қабылдаумен тығыз байланысты үнемі болып жататын үдеріс. Олар көбіне өзіне ұнаған көркем тексті, оның тілдік қабатындағы түрлі бірліктерді өзінің ой-пікірін білдіруге, белгілі бір жағдайларды бағалауға, тіпті болмаса өз эрудициясын көрсетуге пайдаланады. Ондай бірліктер өзінің автосемантиялылығы (контекстен үзіп алып, басқа контекске түсе алу мүмкіндігі), коммуникативтік ситуацияға сәйкес полисемантикалылығы және эволюцияға бейімділігі, қысқалығы, әсерлілігі нәтижесінде оқырманның тілдік жадында қалып, реті келген жағдайда қолданысқа түседі. Ал оны естіген адам басқа жағдайда, басқа кезде, басқа адамға қайта қолдануы ықтимал. Сол себептен кез келген функционалдық стильдегі және басқа семиотикалық жүйедегі мәтіндерден алынған интертекстер қоғам мүшелерінің қарым-қатынас құралы, яғни контакт орнату, оны дамыту сияқты қызметтер де атқарады. Бұл жағдайда интертекстуалды элементтің претекспен байланысы үзіліп, тиісінше ассоциациясы жоғалып, тек ситуативті жұмсалады. Интертекст автор құзіретінен шығып, қолданушының өз сөзіне айналады. Мәселен, өз сөйлеу тәжірибесінде Қ. Аманжоловтың «Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым» жолдарын (жанындағы досымен, бастығымен, тіпті қоғамдық көліктегі мүлде танымайтын адаммен сөзге келіскен) түрлі ситуацияларға бейімдеп қолданушы тілдік тұлғалар бар. М. Мақатаевтың «Сен мені, сезесің бе, неге іздедім?» жолын өз ниетіне сай «Білесің бе, мен сені неге іздедім» деп өзгертіп қолданушы туралы да осыны айтуға болады. Мұндай тұлғалармен сөйлесу барысында «қандай жауды жеңдің? қашан, қалай? неге, қашан іздедің?» сияқты қарсы сұрақтар арқылы коммуникация орнатылып, әрі қарай жалғастырылады. Бұл қолданушылар локалды кеңістікте жаңағы интертексті насихаттаушы деуге де болады. Интертекстің бұлайша ауызекі сөйлеу тілінде локалды кеңістікте, локалды уақытта аз ғана рет жұмсалуын кейбір зерттеушілер коммеморат деп атайды, яғни коммуникация сөзі терминнің сыртқы формасына негіз болған. Қолданыс жиілігіне, көптігіне байланысты мұндай интертекстердің бірте-бірте қанатты сөздер қатарына да өту мүмкіндігі бар екенін айта кетуге тиіспіз.

Осындай жағдайларды ескерген Г.В. Денисова интертекстердің қызметін 10-ға бөледі: 1. Интертекст - коммуникацияның алғашқы құралы; 2. Интертекст – ойын мезетін құру құралы; 3. Интертекст – бағалаудың жасырын құралы; 4. Интертекст – реципиентті сендіру құралы; 5. Интертекст – коммуникативтік әсер ету құралы; 6. Интертекст – ойды кіргізудің өзіндік құралы, пайымдаудың алғашқы баспалдағы немесе контакт орнату тәсілі; 7. Интертекст - өзіндік интерпретатор; 8. Интертекст – семантикасы және/немесе стильдік бояуы бойынша қарама-қарсы контекске түсіру жолымен пародиялау тәсілі; 9. Интертекст – «өз адамдарына» қарасты эрудиция көрсету тәсілі; 10. Интертекст – мәтінді айшықтау тәсілі.

Ғалым тізіп көрсеткен қызметтер, негізінен, жоғарыда көрсетілген классификацияның ұсақталған түрі деп айтуға болады. Жасырын бағалауыштық қызметі және қарым-қатынастың алғашқы құралы екендігінен басқа бесеуін сілтемелік қызмет тобына кіргізуге болады. Тек стилистикалық контраст контекске түскен интертекстердің барлығы пародия болмайтынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ ғалым жіктеуіндегі интертекстердің бірінші көрсетілген қарым-қатынас орнатушы қызметі кең мағынада мәтін түзушілік қызмет атқаратынын ескере отырып, өз тарапымыздан көркем мәтіндегі интертекстердің қызметін бес топқа біріктіруді ұсынамыз: 1. Интертекстердің сілтемелік қызметі; 2. Интертекстердің мәтін түзушілік қызметі; 3. Интертекстердің бағалауыштық қызметі; 4. Интертекстердің айшықтаушы қызметі; 5. Интертекстердің парольдік қызметі.

Әрине, көркем мәтінде интертекстердің тек бір ғана қызметі емес, бірнешеуі қатар байқалады. Көбінесе сілтемелік және бағалауыштық қызметі қосарлана көрінеді, өйткені интертекст авторы өзі эталон немесе түкке тұрғысыз деп таңдап алуының өзімен-ақ претекске және оның авторына бағалауын да, сілтеуін де көрсетеді. Ал бұл автор мен оқырман үшін интертекстер қызметі үнемі сәйкесе бермейтінін көрсетеді.

12 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдебиеттің сөз өнері сипатындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның табиғаты

Тапсырмалар:


  1. Оқырманның реакциясын басқару технологиялары.

  2. Кейіпкерлер «сызбасы» және олардың оқырман санасына ықпал етуі.

  3. Қабылдаушы факторы және оның модификациялары.

  4. Шынайы болуы мүмкін («ойдағы») оқырман.

12-СОӨЖ тақырыбы:Оқу шығармашылық үдеріс және ерекше құбылыс сипатында. Г.Яусстың теориясы. Көркем мәтіннің интерпелляциясы және конкретизациясы.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Постмодернистердің теориясы. Қалыптасып келе жатқан көркемдік әлемнің «гештальті» және жекелей қалыптасқан мәтінді айқындау.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Он үшінші апта

13 дәрістің тақырыбы: Байланыс орнатушылық қызмет және оның көркем мәтінде айқындалуының тәсілдері



Қарастырылатын мәселелер:

1. Көркем мәтінді қабылдау үдерісіндегі байланыс орнатушы қызметінің маңызы.

2. Әдебиет туындыларында оны таратудың негізгі тәсілдері: безендіру, мәтінді орналастыру.

3. Мәтіннің композициялық бірліктерінің маңызы.



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы интертекстердің және олардың претекстерінің толық немесе үстірт таныс екеніне байланысты оқырманның қабылдап, түсінуіне орай интертекстерді автор интенциясына сәйкес түсінілетін, жартылай түсінікті және мүлде түсініксіз деп топтастыруға болады.

Қазақ әдебиетінде мәтінаралық байланыстар типологиясы мынадай: цитата, цитаталы сөз (цитация), аллюзия, реминисценция, пародия, символика, тексті аяқтау. Цитаталы сөз кейде еш өзгеріссіз қолданылса, енді бірде кіргізілетін мәтіннің өзіне тән ерекшеліктеріне, автордың мақсатына қарай трансформацияға түседі. Цитата шығарма тақырыбы, эпиграфынан бастап, мәтіннің кез келген жерінде орналасуы және олардың, яғни мәтін мен цитатаның семантикалық арақатысы түрліше болуы мүмкін. Кең мағынада цитацияға аллюзия мен реминисценцияны, синкретті интертекстуалдылықты жатқызуға болады.

Қазақ ауыз әдебиетінен белгілі қайым айтысты интертекст ретінде қарастыруға да болады, себебі айтысушы әр жұп өз мәтіндерін алғашқы ортақ жолдарға құрады да, сол арқылы мәтін тұтастығын, байланыстылығын түзеді. Мұндағы байланыс лексикалық-семантикалық парадигма, синтаксистік цитация арқылы екі ақынның шумақтарында (күрделі синтаксистік тұтастықтарында) үнемі көрініп отырады.

Роман ішіндегі роман, мәтінді жалғастыру мәтінаралық байланыстардың ең күрделі түрлері болғандықтан, қазақ әдеби үдерісінде некен-саяқ болса, пародия, перифраз біршама жиі кездеседі деуге болады.

Қазақ қаламгерлері ішкі және сыртқы интертекстуалдылықты жиі қолданады, яғни өмірде нақты бар және өз интенциясына сай қиялынан тудырған құжаттар мен хаттарды, күнделіктерді өздері түзіп отырған туындыға сөйлеу субъектісін өзгерту, мәтін семантикасын толықтыру, дамыту үшін кіргізеді. Көркем мәтіндегі түс көбіне метасипаттау, яғни шығармадағы жекелеген оқиғаларды түсіндіретін, олардың шешімін көрсететін интертекстуалды элементтер ретінде байқалады.

Жалпы қазақ көркем мәтініндегі интертекстуалды элементтердің негізгі түрлері осылар болғанмен, қаламгерлердің кейінгі буыны эксперимент ретінде таза цитацияны, анаграмманы байқастап жүргені белгілі.

Мәтінаралық байланыстарды тілдік тұлға ретіндегі оқырманнан тыс қарастыруға болмайды, өйткені көркем шығарманың вербалды құрылымындағы келтірінді элементтерді танып, қабылдау, оны өзі оқып отырған мәтін семантикасымен байланыстыру оның аялық білімі, тілдік- мәдени құзіреті шегінде ғана жүзеге асады. Тілдік тұлға құрылымының үшінші прагматикалық деңгейі, негізінен, осы бірліктерді қамтитынын ескерсек, автор мен оқырманның когнитивтік базасы, кеңістігі көбінесе шамалас болып келеді.

Тілдік тұлғаның жадында түрлі мәтіндердің ізі сөз, сөз тіркесі, сөйлем, микромәтін деңгейінде сақталып, қаттала береді және олар белгілі бір тақырып немесе оқиға төңірегінде тиісті тәртіппен емес, бей-берекет орналасады да, адам қажет еткен сәтте оқыс еске түсуге, қайта қолдануға бейім болып келеді. Мұндай сөзқолданыс эмоционалды жағынан адамның жан дүниесіне жақын болып келеді де, сол арқылы оқырман оқып отырған мәтіндегі оқиғаның жекелеген белгісі өзектенеді. Мәтінаралық байланыстардың маркері болып саналатын бұл элементтердің қолданылуына, өзектенуіне уақыттың әсері болмайды, себебі олар адам жадында ұзақ мерзім бойы, қажеттілік туған жағдайға дейін еш қозғаусыз сақтала береді.

Тілдік тұлға өз жадында түрлі мәтіндердің өзіне ұнаған үзіктерін сақтауы мүмкін, ол мәтіндер қалың көпшілікке де, оқырмандардың аз ғана тобына да таныс болуы ықтимал.

Тілдік тұлғаның танымдық іс-әрекеті арқылы қалыптасатын интертекстуалдылық құрылымының өзіне тән өзегі немесе орталығы, динамикалық интертекстуалды қабаты және интертекстуалды перифериясы болады. Бұлардың алғашқысы, негізінен, біршама тұрақты болып, оған ұлттық когнитивтік базасына кіретін классикалық әдеби шығармалар, белгілі қайраткерлердің есімдері мен сөздері, қоғам үшін маңызды болған түрлі саяси-тарихи, әлеуметтік-мәдени оқиғалар, діни жәдігерлер жатады. Тілдік тұлғаның динамикалық интертекстуалды қабаты түрлі объективті, субъективті жағдайларға байланысты ұлттық және жеке білім аясына тәуелді болады да, өзгеріп отырады. Бұл орайда кеңес үкіметі тыйым салған әдебиет пен әлемдік әдеби үдерістің ығына қарай ауыспалы болып отыратын шетелдік туындыларды айтсақ та жеткілікті. Тілдік тұлғаның интертекстуалды перифериясын бұқаралық мәдениет мәтіндері, күшті әдеби емес мәтіндер құрайды, ол тез, жиі өзгеріп отырады.

13 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдебиет шығармаларының құрылымындағы баяндаушы бейнесін талдаудағы әдебиеттану принциптері

Тапсырмалар:

1. Тілдік-образдық мәтіндер.

2. Пиктографиялық элементтердің маңызы.

3. Көркем мәтін құрылымындағы өзіндік референция.

4. Әдебиет туындыларындағы металингвистикалық және байланысорнатушылық қызметтер.

13-СОӨЖ тақырыбы:Таңбаны тану құбылысы, оның көркем мәтіннің байланысорнатушылық қызметін таратудағы маңызы.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Көркем мәтіндегі шартты қабылдаушы.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Он төртінші апта

14 дәрістің тақырыбы: Эмпатикалық қызмет және оның құралдары



Қарастырылатын мәселелер:

1. «Эмпатия» ұғымының мазмұны.

2. Оқырманға әсер етудің тәсілдері мен принциптері.

3. Эмпатиялық қызметтерді белсенділендіру тетігі.

4. Эстетикалық сезім табиғаты мен мәселесі.

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Қаламгер интертексті өз шығармасына кіргізгенде түрлі мақсатты көздейді. Оларды шартты түрде 6-ға бөлуге болады: 1) өзі эталон мәтін деп санаған көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің жекелеген фрагменті арқылы өз туындысының семантикасын толықтыру, дамыту, байыту); 2) бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекспен бағалау, ол бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы ықтимал); 3) этикеттік (қаламгердің претекст авторына немесе претекске қарым-қатынасы – эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); 4) айшықтау (өзінің немесе кейіпкерінің, персонажының ойын сабақтау, дәлелдеу, қорытындылау, толықтыру, жалғастыру); 5) тілдік-мәдени құзіретін таныту; 6) оқырманның мәтінді автор интенциясына сай интерпретациялауына бағыт беру.

Әр қаламгер интертекстуалды элементтерді өз интенциясына сай түрлі міндеттерді шешуге қолданады. Ақын немесе жазушы тарапынан, әдетте, мынадай мақсаттарда жұмсалады: а) өзі үлгілі, идеалды мәтін деп санаған көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің жекелеген фрагментімен өз туындысының семантикасына қосымша мән үстеу, оны толықтыру, дамыту, байыту); ә) бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекст арқылы сипаттау, бағалау, ол бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы ықтимал); б) этикеттік (қаламгердің претекст авторына, сол арқылы бүтіндей әдеби бағытқа немесе претекске қарым- қатынасы – эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); в) айшықтау (өзінің немесе кейіпкерінің, персонажының ойын байланыстыру, сабақтау, дәлелдеу, қорытындылау, толықтыру, жалғастыру); ғ) аялық білімін, тілдік- мәдени құзіретін таныту.

Мәтінаралық байланыстар кейде белгілі бір автордың басқа қаламгердің адами қасиеттеріне, яғни жеке өз басына көзқарасын білдірсе, енді бірде оның шығармасына бағалауын көрсетеді. Мұндай бағалау эмпатикалық немесе сыни тұрғыда болуы мүмкін. Эмпатикалық бағалау қаламгердің өзін немесе шығармасын идеалды деп санауға байланысты болатындықтан, көбіне астарлы түрде вербалданады, яғни сол автор шығармашылығынан алынатын цитация, аллюзия, реминисценция түрінде келеді. Басқа қаламгерге сыни көзқарас көбіне пародиялардан байқалады.

Автор интертекстер арқылы мынадай міндеттерді шеше алады: өзі эталон текст деп санаған көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің жекелеген фрагменті арқылы өз туындысының семантикасын толықтыру, дамыту, байыту); бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекспен бағалау, ол бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы ықтимал); этикеттік (қаламгердің претекст авторына немесе претекске қарым-қатынасы – эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); айшықтау (өзінің немесе кейіпкерінің, персонажының ойын сабақтау, дәлелдеу, қорытындылау, толықтыру, жалғастыру); тілдік-мәдени құзіретін таныту.

14 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтін интерпретациясы мен мазмұнын талдау

Тапсырмалар:

1. Сөзбен баяндаудың эксплицитті және имплицитті мазмұны, олардың көркем мәтін құрылымындағы сәйкестігі.

2. Жасырын мәтіннің рөлі.

14-СОӨЖ тақырыбы:Көркем әдебиетті қабылдаушының рухани әрекеттері негізінде жіктеу (Аристотельдің, П.Хернадидің еңбектері).

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Көркем мәтіннің эмоционалдық әсер ететін типтері.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.



Он бесінші апта

15 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтін интерпретациясының принциптері



Қарастырылатын мәселелер:

1. «Мәтін» мен «оқырман» арасындағы қарым-қатынастың сипаты.

2. Көркем мәтінді оқырман қабылдауының табиғаты.

3. Н.Фрайша көркем шығарманы «түсінудің» типтері.

4. Көркем мәтіннің интерпретациясы және оның контекстуализациясы (И.Гюббенет, В.Задорнова).

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Әңгіменің әр абзацында дерлік кездесетін лексикалық және контекстік антонимдер, түрлі метафора, перифраз, мәтін бөліктерін байланыстырушы қызмет атқаратын келтірінді құрылым – кейіпкердің түсі, ондағы түр-түстер символикасы, графикалық құралдардың ақпарлылығы (көп нүкте, абзацтардың алшақ орналасуы), мәтін модальділігінің құбылмалылығы (бейтараптық, күмәндану, сенімділік, аңсау, үзілді-кесілділік, шарттылық сияқты сезімдер), интертекстердің бірнеше түрінің (цитата, хат, аллюзия) болуы лингвистер назарын ерекше аударады. Көркем мәтіннің композициялық-тілдік құрылымын құрайтын авторлық монолог, ішкі монолог, қосүнді сөз, диалогтің бәрі де осы әңгімеден табылады. Ал интертекстер автор баяндауында да, кейіпкер тілінде де кездеседі, демек, тілдік тұлғаның тілдік-мәдени құзіретін танытады.

Қаламгер эпиграф ретінде авторы көрсетілмеген нақыл сөзді алған: «Лишь глупцам не присуща трагедия, ибо они не понимают, что такое трагедия». Оны мәтін семантикасын интерпретациялау болжамы деп түсіну керек, яғни эпиграф пен әңгіме семантикасының ыңғайластығы байқалады. Эпиграфқа алынған афоризмнің эксплицитті, имплицитті қызметі айқын: оны әңгіме кейіпкерінің характерін ашатын кілт және сол эпиграфты қолданып отырған жазушының субъективті көзқарасын көрсететін элемент деп қарастыруға болады. Эпиграфтың микроконтексінде екі рет қолданылған трагедия сөзі – мағыналық ұйытқы сөз, себебі әңгімеде кейіпкерлер үшін ең қасіретті жайт суреттеледі. Мұндағы «глупец» сөзінің де концептуалды мәні бар, өйткені бұл сөз әңгіме кейіпкерінің жалпы сипатымен айқын контраста тұр.

Жазушының билингв ретіндегі тілдік құзіреті және осы арқылы әңгіме кейіпкерінің тілдік құзіреті түрлі интертекстермен әңгіменің көп қабатты, көп қырлы семантикасын түзуге мүмкіндік берген.

Әңгімеде «мәтін ішіндегі мәтін» құрылымды интертекстер бірнешеу: аты аталмаған кейіпкерлердің тіліндегі Грэм Гриннен алынған цитата, орыс халық әні, А.С.Пушкин өлеңінің үзіндісі, шығыс ақындарының жекелеген жолдары, қазақ халық әні «Ақбақайдың» аударылған жолдары олардың ұлттық-тілдік идентификациясын, мәдени-білім дәрежесін нақтылауға көмектеседі.

Көркем мәтіндердегі интертекстерді үш тұрғыда қарастыруға болады. Көркем шығарманы жазған адам, мәтін және оны оқитын оқырман қарым- қатынасына сәйкес интертекстердің кіргізілуі әр тұрғыдан түсіндіріле алады. Қаламгер интертексті өз шығармасына кіргізгенде түрлі мақсатты көздейді. Оларды шартты түрде 6-ға бөлуге болады: 1) өзі эталон мәтін деп санаған көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің жекелеген фрагменті арқылы өз туындысының семантикасын толықтыру, дамыту, байыту); 2) бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекспен бағалау, ол бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы ықтимал); 3) этикеттік (қаламгердің претекст авторына немесе претекске қарым-қатынасы – эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); 4) айшықтау (өзінің немесе кейіпкерінің, персонажының ойын сабақтау, дәлелдеу, қорытындылау, толықтыру, жалғастыру); 5) тілдік-мәдени құзіретін таныту; 6) оқырманның мәтінді автор интенциясына сай интерпретациялауына бағыт беру.

15 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтінді талдаудың әдіснамалары

Тапсырмалар:

1. Әдеби туындыны әлемнің моделі сипатында қабылдау.

2. Мәтінді түсінудің деңгейлері мен кезеңдері (У.Эко).

3. Ф.Джеймсонның «кеңейтілген көкжиектер» теориясы.

4. Көркем мәтін интерпретациясының негізгі процедуралары.



15-СОӨЖ тақырыбы:Көркем мәтін интерпретациясының негізгі әдістері: этикалық (Н.Фрай, Р.Барт, Г.Яусс. В.Изер және т.б.), рецептивті (Ж.Деррида, Ю.Кристева, Г.Блум, Дж.Харман және т.б.).

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



СӨЖ тапсырмалары:Көркем мәтін таксономиялық құрылым сипатында.

Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.

2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.

3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.

4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.

5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.

6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.

7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.

8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.

9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.

10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.

11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.


6. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Көркем мәтінді оқып үйренудегі әдебиеттану әдістері

2. Құрылымдық-функционалдық әдіс және оның негізгі ұғымдары

3. Мәтін прагматикасы

4. Тілдік тұлға және интертекстуалдылық

5. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік

6. Аффектілі сюжеттік бірліктер (У.Ленерт) теориясы және оның көркем туындылардағы іс-әрекеттерді айқындаудағы рөлі

7. Көркем мәтіннің ырғақтық құрылымы

8. Құбылту мен айшықтау түрлері, олардың көркем мәтіндегі қызметі

9. Шығармашылық тұлға туралы Ю.Кристевой мен Ч.Ломброзоның интертекстуалдылық теориясы

10. Мәтіндерді «мәтін – автор» мәселесі қырынан жіктеу: баяндау мәтіні, репрезентивті бағдарлаушы мәтін

11. Сезім ырғағы және оның көркем мәтін құрылымында көрініс табуы

12. Әдеби шығарма құрылымындағы сюжетті-вербальді баяндау

13. Оқырманның әдеби компетенциясының компоненттері әдеби тіл мен әдебиет тілін меңгеруі, көркем шығарманың лингвистикалық және текстуальдық кодтарын білуі

14. Қабылдаушының субъектіні бетке алуы

15. Көркем мәтіннің интерпелляциясы және конкретизациясы

16. Эмпатиялық қызметтерді белсенділендіру тетігі

17. Көркем әдебиетті қабылдаушының рухани әрекеттері негізінде жіктеу (Аристотельдің, П.Хернадидің еңбектері)

18. Н.Фрайша көркем шығарманы «түсінудің» типтері
7. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)

1-аралық бақылау тапсырмалары:

1. Деконструктивизм және оның көркем мәтінді оқып үйренудегі негізгі тәсілдері (Ю.Кристева, Ж.Деррида)

2. Когнитивтік бағыт және оның мәтін танудағы рөлі (У.Г.Ленерт, Р.Де Богранд, У Лабов және т.б.)

3. Әдеби мәтіннің функциялары: мифопоэтикалық, интенсиалдық, экспрессивтік, репрезентивтік, бағалаушы-интерпретациялық

4. Кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары

5. Көркем мәтін лингвистикасы

6. Көркем мәтін синтагматикасы мен парадигматикасы (Р.Якобсон, Р.Барт теориясы)

7. Шығармашылық және шығармашылық тұлға туралы ежелгі түсініктер

8. Автор және баяндаушы, олардың бейнелерінің жақындығы
2-аралық бақылау тапсырмалары:

1. Автордың рухани әлемін көркем бейнелеудің тәсілдері

2. Көркем мәтіннің микрокомпоненттері мен макрокомпоненттері

3. Шынайы және мінези оқырман

4. Ашық және жабық көркем мәтіндер, олардың ерекшеліктері

5. Көркем мәтінді қабылдау үдерісіндегі байланыс орнатушы қызметінің маңызы

6. Көркем мәтіннің эмоционалдық әсер ететін типтері

7. «Мәтін» мен «оқырман» арасындағы қарым-қатынастың сипаты


8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі

1. Әдеби герменевтика рецептивтік теориясы

2. Мәтінді оқып үйренудің семиотикалық әдісі

3. Мәтін прагматикасы – мәтіннің коммуникативтік моделінің бөлігі

4. Мәтіннің негізгі деңгейлері

5. Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері

6. Мәтіндегі фактуальдық, фабульдық, метафоралық баяндау

7. Көркем мәтіннің оқиғалық кеңістігі

8. Көркем шығармадағы сюжет пен фабула

9. Мазмұн көркем мәтінге енетін сөз материалының формалық құрылым жүйесі екендігі

10. Көркем мәтінді «үшінші кодтық жүйе» ретінде ұғыну

11. Қосарлы оппозиция принципі және оның әдебиет туындыларындағы көрінісі

12. Көркем мәтіндегі грамматикалық, фонетикалық және лексико-грамматикалық байланыс

13. Классицизм және романтизм дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым

14. Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А.Маслоудың холистикалық әдісі

15. Көркем шығарма мазмұнында жазушының өмірбаяндық деректерінің көрініс табуы

16. Әдеби кодификация ұғымы

17. Көркем мәтіндегі юмор мен ирония, олардың функционалдық мәні

18. Б.Кроченің экспрессионисшілдік эстетикасы

19. Көркем мәтіннің полифониялық құрылымы

20. Сана тасқыны, сана тасқынындағы баяндаушы жоспары мен кейіпкерлер жоспарының бейнелену ерекшеліктері

21. Көркем мәтіннің мәнін ұғынудың алғышарттары

22. Әдеби компетенция ұғымы

23. Көркем мәтін автор мен оқырман арасындағы байланыстың ерекше арнасы және ақпарат таратушы

24. Қабылдаушы факторы және оның модификациялары

25. Мәтіннің композициялық бірліктерінің маңызы

26. Оқырманның реакциясын басқару технологиялары

27. Көркем мәтін құрылымындағы өзіндік референция

28. Эстетикалық сезім табиғаты мен мәселесі

29. Көркем мәтінді оқырман қабылдауының табиғаты

30. Ф.Джеймсонның «кеңейтілген көкжиектер» теориясы
9. Бақылау түрі –аралас емтихан(емтихан материалының құрылымы)

Аралас емтихан түрі екі кезең бойынша өткізіледі.

1. тест тапсырмасын орындау. Студентке 25 сұрақтан тұратын тест ұсынылады. Тест сұрақтары «жеңілден ауырға» қағидасын сақтай отырылып, құрастырылады. Тест сұрақтары ашық түрде, бір немесе бірнеше жауапты қажет ететіндей болып келеді.

2. емтиханның ауызша түрі. Ауызша емтихан билеті 3 сұрақтан тұрады. Алғашқы екі сұрақ теориялық материал бойынша келсе, соңғы сұрақ – көркем шығармадан алынған сөйлем морфологиялық талдауға ұсынылады.

Ауызша емтиханды өткізу кезінде әрбір емтихан алушы (тәуелсіз емтихан алушы және оқытушы) Ауызша емтихан парағын толтырады. Аталған парақта әр студенттің жауап беру уақытының басталуы мен аяқталуы, билет сұрақтары мен қосымша сұрақтарға жауабының дұрыстылығы мен толықтылығы белгіленеді. Сонымен қатар студенттің жауабына қойылған бағаның қасына емтихан алушылардың қолдары қойылады.

100 балдық шкала бойынша баға емтихан билеттің әрбір сұрағы бойынша қойылады, орташа баға шығарылып, одан 40% алынып, өткен емтихан үшін қорытынды баға қойылады. Қорытынды бағаны есептеу үшін 3 сұрақтан тұратын емтихан билеті үшін келесі формула ұсынылады:

Сб Б 4 ,03

Бұл жерде



Б - 100 балдық шәкіл бойынша әрбір емтихан билетінің сұрақтары бойынша балдар қосындысы

Сб – пайыз түріндегі қорытынды баға (40% - дан шыға отырып)

Қорытынды баға емтихан ведомосіне енгізіліп, оған тәуелсіз емтихан алушы мен пәнді жүргізетін оқытушы қол қояды.

Емтиханның ауызша түрлерін өткізу кезінде аудиторияда білім алушылардың жалпы саны 7 – ден аспауы қажет.

Алғашқы кірген жеті білім алушыларға емтихан сұрақтарына жауап беру үшін дайындыққа 40 минут және кейінгі әрбір білім алушыға 10 минут беріледі.


10. Бағалау өлшемдері

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделеді: шынайылылық, әділділік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Семестрдің 7(8)-аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15-аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингтік бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға ағымдық, аралық бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

Семестр барысында студент екі аралық бақылау және семестр соңында емтихан тапсырады.

Пән бойынша берілетін әрбір тапсырма 100 балмен бағаланады.

Ағымдағы бақылау әр тапсырмаға қойылған бағаның орташа арифметикалық көрсеткіші болып табылады.

Студенттің рейтинг бағасы ағымдағы және аралық бақылаудың бағаларын қосып, екіге бөлу арқылы шығарылады. Мәселен,

R1 = (t1 + r1)/2 R2 = (t2 + r2)/2

Студент рейтингісінің орташа бағасы (Rор.) екі рейтингінің қосындысын екіге бөлу арқылы анықталады:



Rор. = (R1 + R2)/2

Пән бойынша қорытынды баға рейтингінің орташа бағасын 0,6-ға (яғни 60%) көбейту арқылы және емтиханның бағасы 0,4-ке (яғни 40%) көбейтіліп, шығарылған нәтижелерді қосу арқылы шығарылады.



І = (R1 + R2 / 2) х 0,6 + Е х 0,4

Бұл жерде – ағымдағы бақылау (t), аралық бақылау (r), рейтингі бағасы (R), емтихан (Е) және қорытынды баға (І).

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары және ауызша емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).


Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” пәні бойынша студенттердің білімін бағалау межелері


Дәстүрлі баға

Әріптік жүйе

Сандық эквивалент

Пайыздық мәні (100 баллдық)

Қойылатын талаптар

Өте жақсы

А

4

95-100

  • Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүйелі, толық, жоғары білім деңгейін көрсету;

  • Оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата білу, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыру;

  • Морфология саласындағы әр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларға қатысты өзіндік пікірін айта білу;

  • Ғылыми термин сөздерді нақты қолдану, стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс, дәл жауап беру;

  • Анықтама, ұғымдарды түсініп, теориялық мәселелерді мысалдармен дәлелдей білу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;  

  • Тілдік нормаларды сақтап, сенімді, қатесіз жауап беру, жауап беру барысында қосымша материалдарды орынды қолдана білу;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға белсене араласу, берілген тапсырманы өте жоғары деңгейде орындау;

  • Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.

А-

3,67

90-94

  • Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүйелі, толық білім деңгейін көрсету;

  • Теориялық материалды өз деңгейінде игеріп, қойылған сұрақтарға сауатты, дұрыс жауап беру;

  • Морфология саласындағыәр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларға қатысты өзіндік пікірін айта білу;

  • Әдеби нормаға сай сөйлей білу, стилистикалық тұрғыдан сауатты жаза білу;

  • Теориялық заңдылықтарды нақты мысалдармен дәлелдеп көрсете білу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;  

  • Қажетті тұста қосымша материалдарды орынды қолдана білу;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға белсене араласу, берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындау;

  • Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.

Жақсы

В+

3,33

85-89

  • Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер бойынша жақсы білім деңгейін көрсету;

  • Ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді меңгеру;  

  • Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға жүйелі қатысу, тапсырманы жақсы деңгейде орындау;

  • Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.

В

3

80-84

  • Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер бойынша жақсы білім деңгейін көрсету;

  • Теориялық материалды дәлелдеуде мысалдарды орынды қолдана білу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттермен таныс болу;  

  • Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жауап беріп, тапсырмаларды орындап жүру;

  • Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.

В-

2,67

75-79

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша ортадан жоғары білім деңгейін көрсету;

  • Теориялық материалды жақсы білгенмен, мысалдармен дәлелдей алмау;

  • Ұсынылған негізгі әдебиеттермен жалпылама таныс болу;

  • Берілген тапсырмаларды уақытылы орындап жүру;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарына қатысу, бірақ топтық талқылауда өзін көрсете алмау;

  • Сөйлемге морфологиялық талдау жасауда қателіктер жіберу;

  • Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

қанағаттанарлық

С+

2,33

70-74

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;

  • Оқу материалындағы негізгі ережелерді дұрыс түсінбей, мысалдар келтіруде қателіктер жіберу;

  • Пән бойынша ұсынылған әдебиеттерді толық қарастырмау;

  • Тапсырмаларды орындап жүргенмен, стильдік қателер жіберу;

  • Теориялық материалды мысалдармен дәлелдеуде қателіктер жіберу;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік көрсетпей, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;

  • Сөйлемге морфологиялық талдау жасауда жүйелілікті сақтамау;

  • Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау

С

2

65-69

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;

  • Оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсіну;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттермен толық таныс болмау;  

  • Сабақты жібермегенімен, үй тапсырмаларын орындауда олқылықтар жіберу;

  • Ереже, заңдылықтарды толық білмеу және мысалдармен дәлелдей алмау;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік көрсетпеу, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;

  • Сөйлемге морфологиялық талдау жасауда жүйелілікті сақтамау;

  • Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

С-

1,67

60-64

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;

  • Негізгі ұғым, ереже, заңдылықтарды толық білмеу, мысалмен дәлелдей алмау;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттерді толық білмеу және таныс болмау;  

  • Оқыған пән бойынша теориялық ұғымдарға талдау жасай алмау;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік танытпау, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;

  • Сөйлемге морфологиялық талдау жасаудың негізгі тәртібін сақтамау;

  • Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білмеу және мысалдар келтіре алмау.

D+

1,33

55-59

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша қанағаттанарлық білім деңгейін көрсету;

  • Пән бойынша білуге тиісті негізгі ұғым, ереже, заңдылықтармен толық таныс болмау, мысалмен дәлелдей алмау;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттерді толық білмеу;

  • Үй тапсырмаларын орындауда қателіктер жіберу, оқыған пән бойынша теориялық ұғымдарға талдау жасай алмау;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік танытпау, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы қанағаттанарлық деңгейде орындау;

  • Сөйлемге морфологиялықталдау жасаудың негізгі тәртібін сақтамау;

  • Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білмеу және мысалдар келтіре алмау.

D

1

50-54

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташадан төмен білім деңгейін көрсету;

  • Пән бойынша білуге тиісті негізгі ұғым, ереже, заңдылықтарды жаттанды тілмен айту, мысалмен дәлелдей алмау;

  • Ой-пікірлерді талдай алмау, сұраққа жауапты оқытушының көмегімен қайтару;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында немқұрайлылық таныту, топтық талқылаудан тыс қалу, тапсырманы төмен деңгейде орындау;

  • Сөйлемге морфологиялық талдау жасай алмау;

  • Сөйлемге кешенді талдау жасауды білмеу және дәлелдер келтіре алмау.

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-49

Білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмау, жаттанды сөйлеу, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбеу.


Егер де студенттің бағасы төмен деңгейде болатын болса, оған қосымша тапсырмаларды орындау арқылы баға көрсеткішін жоғарылатуға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда оқытушы студентке белсенді үлестірмелі материал ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет