1965 жылы сəуір айында Мəскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия жəне Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 6 сатыдан тұратын схема ұсынды.
Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін)
Ерте сəбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).
Нəрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жасқа дейін)
Жаңа туған бала (туған сəттен 1 – 2 айға дейін)
Жасөспірімдік шақ (14-15 жастан 17 жасқа дейін)
Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)
Жеткіншектік шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақ
|
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс-әрекеті – ойын.Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді.
|
Бастауыш мектеп шағы
|
Бұл жастағы балалардың іс-әрекеті – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С.Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.
|
Жеткіншектік шақ
|
Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі кездейсоқтық емес. Н.К.Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп көрсетеді.
|
Жасөспірімдік шақ
|
Бұл кезеңде жастар Отан, қоғамалдында тұрған әлеуметтік-саяи және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады.
|
Жасөспірімдік шақ деңгейіне 10-сынып қазақ тілі бойынша тапсырмалар құрастырдым:
Тарау атауы: Ү бөлім. Білім. Ғылым.Инновация. Тілдік жүйе және норма
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев ғылым –білім туралы.
Сабақтың мақсаты: -Мәтіннің мазмұны мен құрылымын анықтап, көз жүгіртіп оқиды;
-Мәтіндегі автор көзқарасын, көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп , зерттеп оқиды;
Тапсырмалар:
Тапсырма №1. Жоғарыда берілген мәтін бойынша кестеде берілген тапсырманы орындаңыз.
Дескрипторы:
- мәтіндегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені анықтайды;
- факті мен көзқарасты зерделеп , зерттеп оқиды;
Тапсырма №2. Мәтіннің мазмұны мен құрылымына көз жүгіртіп оқыңыз.
Дескрипторы:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді;
Мәтіннің құрылымын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |