Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет12/19
Дата18.10.2023
өлшемі0,97 Mb.
#186431
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Қазақ балалар адебиеті, Ж.Ғ.Мусина

8-СОӨЖ тақырыбы: Ғ.Мұстафин шығармашылығы. Әңгіме-повестері, романдарындағы тәрбие, адамгершілік мәселелері.
Тапсырмалар: Жазушы еңбектеріндегі балалар өмірінің суреттелуі.
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Т. Жароков шығармашылығы
Есеп беру түрі: талдау-реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Қазақ балалар әдебиеті.-А, 1974ж

  2. Дәдебаев Ж. Мұстафин Ғ. А. 1989ж

  3. Мұстафин Ғ. Өмір белестері.

  4. Ахметов.Ш Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А,1965

  5. Жароков Т. Таңдамалы шығармалар. А. 1978

  6. Қазақ газет-журналдары (2000-2010)

Тоғызыншы апта
9 дәрістің тақырыбы: Жаңғыру кезеңіндегі балалар әдебиетінің дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: С.Жұбатыров, “Отты өткел”, Н.Мұраталиев, “Жасылкөлдің құпия тұрғыны”
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1960 – 70 жылдарда Б.Ысқақовтың, Б.Тәжібаевтың, Қ.Ыдырысовтың пьеса, инсценировка жинақтары шықты. Қ. б. ә-нің ең қаулап дамыған кезеңі – 70 – 80 жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын “Жалын” баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық әдеби байқау өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша игі әсер етті. Т.Нұрмағамбетов, О.Бөкеев, К.Ахметова, М.Қабанбаев, Н.Дәутаев, Қ.Омаров, М.Айымбетов, А.Асылбеков, Т.Сәукетаев, Ө.Ақыпбеков, т.б. ақын-жазушылар Қ. б. ә-н жанрлық-көркемдік тұрғыдан байытуға айтарлықтай үлес қосты. Бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда, 70 – 90 жылдардағы балалар әдебиеті өмір шындығын қамту өрісінің кеңдігімен, шеберлік деңгейінің биіктігімен ерекшеленеді. Мыс., шытырман оқиғалы шығармалардың төм. сынып оқушыларына арналған үлгілері (С.Жұбатыров, “Отты өткел”, Н.Мұраталиев, “Жасылкөлдің құпия тұрғыны”), таңғажайып оқиғалы повестер (Жұбатыров, “Алыстағы аралдар”, Н.Мұраталиев, “Ғажайып мекенге саяхат”) балалардың қызыға оқитын шығармаларына айналды. Мұндай шығармалар өз кезінің өзекті әлеум.-моральдық мәселелерін балалардың ой өрісіне, талғамына лайықтап, өрнектей білді. Әлімбаев, Мырзалиев, Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, әрі қысқа, әрі нұсқалығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтерінің молдығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Бұл жылдардағы балалар әдебиетінің мәселе қою сипаты да айрықша. Қ.Омаровтың, Р.Әбілқадырованың, Дәутаевтың, Н.Ақышевтың, С.Дүйсенбиевтің, Қ.Түменбаевтың, Ж.Қорғасбектің, т.б. балаларға арнаған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылумен бірге, заманымыздың көкейкесті мәселелеріне араласады, оны шешудің жолдарын іздейді. Қ. б. ә-нің әр кезеңде әрқилы дамуына қоғамдық-әлеум. жағдай, тарихи-саяси талаптар шет ел әдебиеті әсер етті.
9 практикалық сабақтың тақырыбы: С.Бегалин мен Ө.Тұрманжанов шығармашылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет