Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет5/24
Дата19.10.2023
өлшемі497,53 Kb.
#186702
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

2-СОӨЖ тақырыбы:Әдеби мәтіннің функциялары: мифопоэтикалық, интенсиалдық, экспрессивтік, репрезентивтік, бағалаушы-интерпретациялық.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:Қазақ тіл білімі ғалымдарының көркем мәтінге қатысты айтқан ой-пікірлерін жинақтап, талдау. Жинақталған пікірлер негізінде мәтінге өзіңіз анықтама беріңіз.
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.
2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.
3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.
4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.
5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.
7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.
8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.
9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.
10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.
11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.
Үшінші апта
3 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Тілдік тұлға және интертекстуалдылық
2. Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері.
3. Көркем мәтіндегі референция.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қаламгер өзі түзіп отырған мәтінге бұрыннан өзіне таныс, таныс болғанда да оқырмандардың басым көпшілігі үшін эталон саналатын туындылардың түрлі деңгейдегі таңбасын кіргізіп, оның эмоционалдық, бағалауыштық, ассоциативтік, символдық әлеуеті арқылы алғашқы мәтінді еске түсіртеді және жаңа шығарманың семантикасын толықтырып, байытады. Ғылыми айналымда бұл үдеріс нәтижесінде пайда болатын жаңа мәтінді, таңбасы енгізілген алғашқы туындыны және ол таңбаның вербалды көрінісін терминдермен атауда бірізділік жоқ. Мәтінаралық байланыстарға қатысты ұғымдарды төмендегідей түсінуге тиіспіз: интертекст – басқа мәтіндермен байланысы түрлі маркерлер арқылы көрініп тұратын, уақыты жағынан кейін түзілген көркем шығарма және оған цитация қағидатымен кіргізілген лексика-семантикалық, коммуникативтік бірлік; интертекстуалды немесе келтірінді элемент – көркем туындының семантикасын түзуге, түрлі ассоциация тудыруға ықпал ететін, басқа мәтіндермен байланысы имплицитті, эксплицитті түрде әр қилы тілдік деңгейде вербалданған бөгде мәтін немесе прецедентті құбылыс фрагменті; интертекстуалдылық немесе интертекстуалды байланыстар - мәтінаралық байланыстардың жалпы атауы; претекст немесе прецедентті құбылыс – уақыты жағынан бұрын түзілген көпке белгілі эталон деп есептелетін мәтін немесе құбылыс.
Мәтінаралық байланыстар дискурстың барлық түрлерінде кездескенмен, көркем коммуникациядағы интертекстуалды элементтердің маңызы ерекше.
Интертекстер әр түрлі қырынан қарастырыла алады: интертекст түзген немесе қолданған автор тұрғысынан, интертекстердің мәтіндегі қызметі тұрғысынан және көркем шығарманы оқитын оқырманның қабылдауына сәйкес.
Әр қаламгер интертекстуалды элементтерді өз интенциясына сай түрлі міндеттерді шешуге қолданады. Ақын немесе жазушы тарапынан, әдетте, мынадай мақсаттарда жұмсалады: а) өзі үлгілі, идеалды мәтін деп санаған көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің жекелеген фрагментімен өз туындысының семантикасына қосымша мән үстеу, оны толықтыру, дамыту, байыту); ә) бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекст арқылы сипаттау, бағалау, ол бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы ықтимал); б) этикеттік (қаламгердің претекст авторына, сол арқылы бүтіндей әдеби бағытқа немесе претекске қарым- қатынасы – эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); в) айшықтау (өзінің немесе кейіпкерінің, персонажының ойын байланыстыру, сабақтау, дәлелдеу, қорытындылау, толықтыру, жалғастыру); ғ) аялық білімін, тілдік- мәдени құзіретін таныту.
Интертекстердің өздері де генетикалық, репрезентациялық және ресімделуі тұрғысынан қарастырыла алады: интертекске негіз болған прецеденттілік феномендері; морфонологиялық, лексикалық, синтаксистік, құрылымдық деңгейлердегі ашық және жасырын цитация; лексикалық, пунктуациялық, графикалық маркерлер.
Интертекстуалдылық оқырмандар тарапынан қабылдануына, претекстердің қаншалықты таныс екеніне орай автор интенциясына сәйкес толық түсінілетін, жартылай түсінікті және мүлде түсініксіз деп те жіктеледі.
Интертекстуалды байланыстар уақыты жағынан бұрын және кейін пайда болған көркем мәтіндердің арасындағы, бір функционалды стильге жататын әр жанрдағы көркем мәтіндер арасындағы семантикалық сабақтастықты, көркем мәтін мен басқа функционалды стильдегі мәтіндердің өзара байланысын, көркем мәтін мен басқа семиотикалық жүйеге жататын мәтіндердің қатысын, көркем мәтін мен түрлі тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық деректермен астарлы байланысын және бір автордың әр уақытта жазған шығармаларының арасындағы байланыстарды көрсетеді. Бұл байланыстардың тілдік көріну механизмдері мен олардың мәтіндегі позициясына, қызметіне, екі мәтіннің қабысу тәсілдеріне байланысты бірнеше топтамасы болғанмен, олар, негізінен, мынадай түрлерге бөлінеді: 1) цитаталық тақырып, 2) эпиграф, 3) қыстырынды романдар, 4) хаттар, 5) күнделіктер, 6) цитаталар, 7) аллюзия, 8) реминисценция.
Қазақ көркем әдебиетінде кездесетін интертекстуалды элементтер типологиясын төмендегіше құруға болады: цитата және цитация, аллюзия және реминисценция, центон интертекстер, мәтін ішіндегі хаттар, құжат негізді интертекстер, синкретті интертекстуалдылық, роман ішіндегі роман, мәтін ішіндегі күнделік және түс, пародия және перифраз, мәтіндерді жалғастыру.
Көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы сөйлеу субъектісі өзгеруінің нақтылығына орай ішкі немесе сыртқы интертекстуалдылықты ажыратуға болады, яғни интертекстуалдылық өмірде нақты бар прецедентті құбылыс цитациясына негізделсе, сыртқы болып есептеледі. Егер шығарма авторы интертекст ретінде өз қиялынан туған сурет, құжат, хат яки күнделікті пайдаланса, оны ішкі интертекстуалдылық деп атайды. Аталған келтірінді элементтер проза және поэзия жанрындағы көлемді және шағын туындыларда ұшырасады.
3 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем шығарма әлемі
Тапсырмалар:
1. Мәтіндегі фактуальдық, фабульдық, метафоралық баяндау.
2. Көркемдік мәтіннің көпфункционалды табиғатының көрінісі екендігі.
3. Көркем жинақтаудың негізгі сатылары: жинақтау және мифологияландыру.
4. Фабульдық және мифологиялық мәтіндер, олардың ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет