Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы.Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған.
Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.Этнография ғылымының құрамында 19-20 ғасырлар арасында дербес бағыт ретінде пайда болған.Оған 19 ғасырдың 70-ші жылдарында Солтүстік және Орталық Америка жеріндегі көптеген үндіс тайпаларының зерттелуі ықпал етті.
Структурализм, оның тіл білімінде алатын орны, негізгі концепциялары мен ұстанған бағыттары. Структурализмнің негізгі мектептері.
Прага мектебі. Бұл мектепке топтасқан көренкті зерттеушілер: В.Матезиус, Р.Якобсон, Н.Трубецкой т.б Прага мектебінің фонологияда жеткен табыстары. Бұл салада Н. Трубецкойдыңи атқарған рөлі, ғылыми табыстары. Копенгаген мектебі. Бұл мектептің глоссематика атауының себебі. Мектептің қолбасшысы Дания лингвисі Лун Ельмслев, оның еңбектері. Копенгаген мектептебінің тілді зерттеуде ұстанған өзіндік принциптері. Ұстанымдардағы кемшіліктер. Копенгаген мектебінің Прага мектебінен айырмашылықтары.
Америка университеттік мектебі, оны қалыптастырушыларо Эдуард Сепир мен Леонард Блумфилдтердің көзқарастарындағы айырмашылықтар. Бұл мкетеп қолданған дискриптивтік әдістің ерекшелігі. Америка мектебінің пайда болуына негіз болған себептер. Бұл мектептің структурализм өзге мектептерінен айырмашылықтары, ерекшеліктері. Л.Блумфилдтің зерттеулерінде бихевиоризмдік (мінез-құлық) психологияның концепцияларын басшылыққа алды. Оны Л. Блумфилдтің механистік теория деп атауы. Бұл теорияның жетістіктері мен кемшіліктері.
Л. Блумфилдтің дескриптік Йель мектебін қалыптастыруы. Оның білімін Э.Харрис, Б.Блок, Ү.Хоккет. Дж.Трейджер т.б. шәкірттерінің дамытуы.
Этнографиялық лингвистика, оның Америка және Германия мектептері. Америка мектебін қалыптастырушылар Эдуард Сепир мен Бенджамин Уорф болғандығы. Олардың этнографиялық лингвистикаға арналған еңбектері. Э. Сепирдің көтерген проблемалары.
Германия этнографиялық лингвистика мектебін қалыптастырушы Лео Вайегербердің «неміс тілінің күші туралы» еңбегінің мәні.
№7 практикалық сабақтың тақырыбы: Структуралық және этнографиялық тіл білімдері.
Тапсырмалар:
Прага структуралық мектебі.
Копенгаген структуралық мектебі.
Дескриптивтік Америка мектебі.
Этнографиялық лингвистика.
Достарыңызбен бөлісу: |