Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.
Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды.
Кеңес тіл білімінің бірсыпыра бағыттарда бұрынғы орыс тіл білімінің ғылыми дәстүрін жалғастыруы. Алайда Кеңес тіл білімі бырыңғай методологияға-маркстік философияға негізделді. Оның тілдің әлеуметтік табиғаттың мойындай отырып, тілді қарым-қатынас құралы, сананың шындық өмірдегі көрініс деп тануы.
Кеңес тіл білімінің теориялық мәселелерді практикамен өмір қажеттілігімен ұқсастыра білуі. Елдегі сауатсыздықты жоюды, оқу орындарына қажетті оқулықтарды даярлауды, жазу-сызуы жоқ халықтардың өзіндік әліпбилерін жасауды қолға алды.
Кеңес тіл білімінде ХХ ғасырдың 30-50 жылдары академик Н.Ә. Маррдың «Тіл туралы жаңа ілім» теориясының үстемдік құруы. Бұл теориядағы кемшіліктер.
Н.Ә. Марр теорисына байланысты. 1950 жылы «Правда» газетінде ұйымдастырылған айтыстар. Соның нәтижесінде бұл теорияның Кеңес тіл білімінен аластатылды.
Кеңес тіл білімінде жалпы және жеке тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде ұжымдық зерттеулердің іске асырылуы. Кеңес тіл білімінде тіл білімінің көптеген салаларының жан-жақты дамуы. Көптеген ғылыми мектептердің қалыптасуы. Тілдердің проблемаларын зерттеумен шұғылданатын одақтық, ұлттық, ғылыми кадрлардың өсіп шығуы. Кеңес тіл білімінің жетістіктері.
№8 практикалық сабақтың тақырыбы: Кеңес тіл білімі.
Тапсырмалар:
Кеңес тіл білімі 1920-30 жылдарда.
«Тіл туралы жаңа ілім» теориясының кеңес тіл біліміне әсері.
Кеңес тіл білімінде тіл салаларының дамуы.
Түркітану және қазақ тіл білімі кеңес дәуірінде.
Достарыңызбен бөлісу: |