Бағдарламасы (Syllabus)


Кафедра меңгерушісі ________________ т.ғ.д., қауымд. профессор Бердіғожин Л.Б



бет2/50
Дата19.01.2022
өлшемі122,58 Kb.
#129504
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
М.С.К. Силлабус Қазақстан қазіргі заман тарихы 2021
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Кафедра меңгерушісі ________________ т.ғ.д., қауымд. профессор Бердіғожин Л.Б.

(қолы)


Факультеттің ОӘК қабылданды______ хаттама № _____ «____» __________ 20____ ж.

Факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы ___________ п.ғ.к. Нагимов Ш.

(қолы)


1. Силлабус (Syllabus)

1.1 Оқытушы туралы мәлімет:

Жұмыста болу уақыты: 8:30-18:30



Сабақ кестесінен бос уақыт:


1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Ұлттық код модулі

Оқу пәнінің атауы және коды- SIK 1101 «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»

ҚР және ЕСТS кредиттер саны: 3/5
ББ бойынша оқу жоспарынан көшірме

Сабақ түрі

Сағаттардың жалпы саны

Күзгі семестр

Көктемгі семестр

Дәріс

30













Семинарлық сабақ

15













СӨОЖ

15













СӨЖ

75













Аралық аттестация

15













Барлығы

150














2. Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні жалпы білім беретін міндетті пән болып табылады. Қазақстанның қазіргі заман тарихы – Қазақстан территориясында ХХ ғасырдың басынан бастап күні бүгінге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үрдістерді біртұтас деңгейде зерттейтін ғылым.



ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, Дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да ұлт өкілдері құрайтын Қазақстан халқының тарихы, бүкіл адамзат тарихының бір бөлімі, Отан тарихының заңды жалғасы. Ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдың бас кезінен бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы, сонымен қатар, қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, Дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған, Тәуелсіздіктің жүзеге асқан кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан – осы процестерді оқытуға аса көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты, обьективті зерттеп, зерделеу және негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сана мен азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Бұл пән – қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Сондықтанда бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жоспарларына енгізілген.

Отанымыздың тарихын оқу білім алушының бойында Қазақстан Республикасының өткені, қазіргісі туралы түсінікті қалыптастырады. Бұл еліміздегі әлеуметтік – экономикалық, саяси процесстерді шынайы бағалауға мүмкіндік береді, оларды білу патриоттық, мақтанушылық сезімдерді дамытуға ықпалын тигізеді.


Пререквизиттер:  «Қазақстан тарихы» пәнінің мектеп курсы, адам және қоғам
Постреквизиты: Философия, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет