Рефератты дайындауға арналған ұсыныстар:
Бірнеше деректі пайдалану керек, алдын-ала қысқаша тезистер жазып алу керек, мағынасына байланысты қалыптастырып, жоба жасау керек; логикалық құрылымға сүйену қажет; тезистерді ой қорытындыларымен байланыстыру керек, реферат мәтінінде өзініздің анализіңіз, ой қорытындыңыз, пікіріңіз болуы керек. Сондықтан, «менің ойымша», «осылай деп есептеймін», «менің пікірімше» деген сөз байланыстарын қолданасыз; кіріспеге, қорытындыға, сілтемелерге назар аударыңыз; ең соңында реферат мәтінін толық оқып шығып, бағалаңыз, қателері болса түзетіңіз. Рефераттың сөзі жатық, ғылыми тілде, мазмұны айқын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |