БАҒдарламасы (Syllabus) «Құю өндiрiсi» пәні бойынша 050709 «Металлургия»



Дата20.06.2018
өлшемі0,56 Mb.
#44110
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту бағдарламасының титульдік парағы (Syllabus)



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

«Құю өндiрiсi» пәні бойынша



050709 «Металлургия» және 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтары

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

МПУ ҰС Н 7.18.3/38



БЕКІТЕМІН

ММЖжКФ деканы

________ Т.Т.Тоқтағанов

(қолы)
«____» ________ 20___ ж.

Құрастырушылар: т.ғ.к., профессор ______________ Сүйіндіков М.М.

(қолы)

магистр, оқытушы ______________ Шошай Ж.Ш.



(қолы)

Металлургия кафедрасы


Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
«Құю өндiрiсi» пәні бойынша
050709 «Металлургия» және 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтарына арналған
Пәннiң «____» ________ 20____ ж. бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

Металлургия кафедрасының отырысында ұсынылған 20___ж. «____» ________

хаттама №____
Кафедра меңгерушісі _____________ Сүйіндіков М.М.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетiнiң оқу-әдістемелік кеңесі қолдады 20____ ж. «____» ________

хаттама №____,


ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов

(қолы)



1 Оқытушы тұралы мағлұмат

Сүйiндiков Мерхат Мәдениұлы

Профессор, техника ғылымдарының кандидаты

Металлургия кафедрасы Б-1 корпуста орналасқан (Павлодар қ., Чокин ак. к. 139 үй, 224 аудиториясы, телефон 67-36-23 қос. 217).


2 Пән туралы мағлұмат

3 курс (5 семестр – емтихан).


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Дәріс сабақтарының түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Студенттің өздік жұмысының саны

Бақылау

түрі


барлығы

дәріс

зертх.

барлығы

ОӨЖ

5

3

45

30

30

90

45

емтихан


4 Пәннің Мақсаты:

Пәндi оқытудағы мақсат – металлургия мамандығында оқитын студенттердi металдардан бұйым жасаудың негiзгi бiр түрi құю өндiрiсi туралы білім беру, ондағы құйма қалып жасау, металл балқымасын дайындау, қалыпқа балқыманы құю және құюдың арнаулы түрлерiмен таныстыру.

Мазмұны:

Құйма жасаудың дәстүрлi және арнаулы әдiстерiмен, құйма қалыбын жасауға керек материалдармен, түрлi қорытпалардан құйма жасау технологиясымен және жабдықтарымен танысу.


Пәннің міндеті

Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттердің мағлұматтары болуы керек:

– құйма жасаудың әдiстерiнен, құйма қалыбын жасауға керек материалдардан, түрлi қорытпалардан құйма жасау технологиясы мен жабдықтарынан.
5 Біліміне, қабілетіне және машықтарына қойылатын талаптар
пәнді оқу нәтижесінде студенттердің білуі керек:

– металдар мен қорытпалардың кристалдану теориясын;

– құю өндірісінің технологиялық негізін;

– әртүрлі қорытпалардан құйма өндіру;



  • құю машиналарының және ДҮҚМ-да, құймақалыпқа металды құюдың заманауи технологиясын;

  • құйма бойында ақауларды пайда себептері және құю кезіндегі апаттық жағдайларда

пәнді оқу нәтижесінде студенттердің істей білуі:

– құю технологиясын басқаруды және кристалдану үрдісіне әсер ету жолдарын қарастыруды;

– бірқолданбалы құю қалыптарын жасауды;

– негізгі физика-химиялық, жылутехникалық және гидродинамикалық заңдылықтарды теңдеулердің көмегімен сипаттауды;



  • металдың сапасын жақсарту бойынша жарамды құйманы шығаруды көтеру шараларын әзірлеу;

  • апаттық жағдайда және ақаулардың пайда болуын жою бойынша шараларды өздігінен шешім қабылдай;

  • өндірістік жағдайларды(кәдімгі және экстремалды) саралап отыру.

Тәжірибелік машықтарды меңгеру:

– стандарттарға сәйкес әдістер мен өлшеу құрылғыларын таңдау (техникалық регламентпен);

– аспабтар мен жабдықтарды қолдана білу.
6 Пререквизиттер

Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде алған білімдері және машықтары болуы керек: физика, химия, математика, мамандыққа кіріспе, материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы, кристаллография және металография .


7 Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: металлургия өндірісінің технологиясы 1, металлургия өндірісінің технологиясы 2, металлургиялық цехтардың жабдықтары және жобалау, құю және кристалдандыру, кен дайындау және байыту.


8 Пәннiң тақырыптық жоспары

р/р


Тақырыптар атауы

Сағаттар саны




Дәрiс

Тәж.

Зерт.

СӨЖМ

1

2

3




4

5

1.

Кiрiспе. Құйманы жасау кезеңдері.


1






1(2)

2



2.

Құю қорытпаларын дайындау негіздері және олардың қасиеттері. Құйма балқымасын қорыту негiздерi. Құймалардың қатаюы мен суынуы

2




(2)4

10

3.

Құйма үлгiсiн жасау

1







2

4.

Қалып және өзекше жасау.

2







10

5.

Құйма қалып материалдары.

3




6(12)

10

6.

Металл құю жүйесi.

2







6

7.

Қалыпқа металл құю. Құйманы суыту, қағымдау және тазарту.

2




4(8)

8

8.

Құйма жасау технологиясын жобалау.

2







8

9.

Шойыннан құйма жасау

3







4

10.

. Болаттан құйма жасау.

3







4

11.

Түстi металдар қорытпаларынан құйма жасау.

3







4

12.

Құюдың арнаулы әдiстерi.

3







10

13.

Металлургия жабдықтарына арналған құймалар

3







4

14.

Құйма қорамдарға қорытпаларды құю

2







4

15

Үздіксіз құйып алынған дайындамалар өндірісі

1




2(4)

4




Барлығы:

30




15(30)

90

9 Пәннің қысқаша сипатталуы


«Құю өндірісі» пәні профильдеуші пән. Пәндi оқытудағы мақсат – металлургия мамандығында оқитын студенттердi металдардан бұйым жасаудың негiзгi бiр түрi құю өндiрiсi туралы білім беру, ондағы құйма қалып жасау, металл балқымасын дайындау, қалыпқа балқыманы құю және құюдың арнаулы түрлерiмен таныстыру.


10 Курс компоненттері
Пән тақырыптарының мазмұны
1 тақырып. Кiрiспе. Құйманы жасау кезеңдері.

Құю өндiрiсiнiң жалпы сипаттамасы. Құйма алу технологиясының схемасы. Бiрқолданбалы құм-сазды қалыптың элементтерi.



2 тақырып. Құю қорытпаларын дайындау негіздері және олардың қасиеттері. Құймалардың қатаюы мен суынуы.

Құйма балқымасын қорыту негiздерi. Металдар мен қорытпалардың физикалық касиеттерi. Балқымалардың газдармен, отқа төзiмдi материалдармен әрекеттесуi. Балқыма қорытудың негiздерi. Құймалардың қатаюы мен суынуы. Құйманың қатаюы. Құйманың кристалдық құрылысының қалыптасуы. Құйма бойында отыру қуыстары мен кеуектерiнiң қалыптасуы. Ликвация. Құймадағы газ қуыстары. Құйманың бойында кернеу пайда болуы. Құйма бетiнiң қалыптасуы.



3 тақырып. Құйма үлгiсiн жасау.

Үлгi мен үлгi тақтасы. Өзекше жәшiгi. Қорамжәшiктер. Аспаптар мен құралдар.



4 тақырып. Құйма қалып материалдары. Құмдар. Саздар. Көмекшi материалдар. Қалып және өзекше қоспалары.

5 тақырып. Қалып және өзекше жасау. Қолмен қалыптау. Машинамен қалыптау. Өзекше жасау ерекшелiктерi. Қалып пен өзекшенi кептiру, химиялық қатайту. Қалыпты жинау.

6 тақырып. Металл құю жүйесi. Құю жүйесiнiң жiктелуi. Құю жүйесiн есептеу.

7 тақырып. Қалыпқа металл құю. Құйманы суыту, қағымдау және тазарту. Құю шөмiштерi. Автоматты құю-мөлшерлеу құрылғылары. Қалыпты қағымдау. Өзекшенi қағымдау. Құйманы шабу,қырнау, тазарту, термиялық өңдеу. Құйманың ақаулары және оны түзету.

8 тақырып. Құйма жасау технологиясын жобалау. Үлгiлеу-құю нұсқамалары.

9 тақырып. Шойыннан құйма жасау. Шойынның құрылымы мен қасиеттерi. Сұр шойыннан құйма жасау. Созылмалы шойыннан құйма жасау. Берiктiгi жоғары шойыннан құйма жасау. Ақ және ағартылған шойыннан құйма жасау. Шойын қорыту.

10 тақырып. Болаттан құйма жасау. Болат құймалардың жiктелуi. Көмiртектi болаттан құйма жасау. Қоспалы болаттан құйма жасау.

11 тақырып. Түстi металдар қорытпаларынан құйма жасау. Алюминий қорытпаларынан құйма жасау. Магний қорытпаларынан құйма жасау. Мыс қорытпаларынан құйма жасау. Никель қорытпаларынан құйма жасау. Қиын балқитын металдар қорытпаларынан құйма жасау.

12 тақырып. Құюдың арнаулы әдiстерi. Қабықша қалыпқа құю. Балқымалы үлгi бойынша құю. Кокильге құю. Қысыммен құю. Центрден тепкiш күшпен құю. Үздiксiз және жартылай үздiксiз құю. Электрлi қож арқылы құю.

13 тақырып. Металлургия жабдықтарына арналған құймалар. Илемдеу бiлiктерiн құю. Құйма қорам құю.

14 тақырып. Құйма қорамдарға қорытпаларды құю.

Құйма кесектердің тағайындалуы және оларға қойылатын талаптар. Құйма қорамдарға қорытпаны үстінен құю. Қорытпаларды сифонды әдіспен құю.



15 тақырып. Дайындамаларды үздіксіз құйып алу өндірісі. Дайындаманы үздіксіз құю машиналарының конструкциясы. Үздіксіз құйып сапалы дайындамалар мен слябтарды алу.
Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі
1 тақырып - Кiрiспе. Құйманы жасау кезеңдері.

№1 сабақ


Бiрқолданбалы құм-балшық қалыптарда құйма өндiру технологиясы

2 тақырып - Құю қорытпаларын дайындау негіздері және олардың қасиеттері. Құйма балқымасын қорыту негiздерi. Құймалардың қатаюы мен суынуы

№2 сабақ

Алюминий қорытпаларын кедергiлi электр пештерiнде балқыту

Шикіқұрамды есептеу әдістемесімен және қорытпаны дайындау кезегімен танысу.
5 тақырып - Қалып және өзекше жасау.

№3 сабақ


Құю қалыптарын қолмен қалыптау

Қалыптау қоспасының құрамымен, оларды дайындау және құю қалыптарын жасау бойынша операциялармен танысу

№4 сабақ

Құю қалыптарын машинамен қалыптау

Машинамен құю қалыптарын жасау бойынша операциялардың кезеңдерімен танысу

№5 сабақ


Өзекше жасау

Өзекшені жасау кезеңдерімен танысу


7 тақырып - Қалыпқа металл құю. Құйманы суыту, қағымдау және тазарту.

№6 сабақ


Құйманы жасаудағы орындалатын соңғы операциялар

Құйманы жасаудағы орындалатын соңғы операциялар мен олардың тағайындалуы мен танысу.

№7 сабақ

Құйма кесектердің құрылымының пайда болуына құюдың әртүрлі параметрлерінің әсерімен танысу

Қорытпаның суыну жылдамдығының құйма кесек құрылымына әсерімен танысу.
15 тақырып. Дайындамаларды үздіксіз құйып алу өндірісі.

№8 сабақ


Үздіксіз құю арқылы құйма кесек алу

Құю жылдамдығының құйма кесек сапасына әсері мен және үздіксіз құюмен танысу.



Студенттердің өздiк жұмыстарының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру

түрі

Бақылау

түрі

Көлемі,

сағ.

1

Дәріс сабақтарына кірмеген тақырыптарды қосымша оқып игеру

Конспект

Конспект

тексеру


30

2

Дәріс сабақтарында өткен тақырыптарды конспект, оқулық, оқу құралдарынан оқып пысықтау

Конспект

Конспект тексеру

30

3

Зертханалық жұмыстарды қорғауға дайындалу

ЗЖ есебі

Есеп қорғау

8

4

Межелік бақылауға дайындалу

Тест сынағы

МБ1,

МБ2


8



Студенттердің өз бетімен оқып үйренуі үшін ұсынылатын тақырыптар тізімі
1 тақырып. Құйманы жасау үшін құю қорытпаларының таңбасын таңдау.

Ұсынылатын әдебиет: [17], 39-77 б.



2 тақырып. Құйма ақаулары және оны болдырмау шаралары.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 128-131 б.



3 тақырып. Шойындардың құрылымдары мен қасиеттері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 136-155 б.



4 тақырып. Әртүрлі қорытпаларды балқыту пештері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 172-183 б, 184-185 б, 213 б, 216 б, 222 б.



5 тақырып. Құю жүйесін есептеу әдістемесі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 109-115 б.



6 тақырып. Электрлі қож арқылы құю.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 241 б.



Бақылау шараларының күнтізбелік графигі

«Құю өндірісі» пәнi бойынша күндізгі оқу түрі 050709 «Металлургия» және 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған сабақ үстінде жұмыс жасауға және СӨЖ –ді орындау және тапсыру бойынша тапсырмалар




1 рейтинг (5 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

20

24

28

28

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1,2 ДҮТ

3,4 ДҮТ

5,6 ДҮТ

7,8 ДҮТ

16

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

Сабаққа қатысу және зертханалық сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1 зертҮТ

2 зертҮТ

3 зертҮТ

4 зертҮТ

16

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

4

4

4

4

Зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е

 

Е

 

Е

 

Е

32

Бақылау формасы

 

 

1ТҚ

 

2ТҚ

 

3ТҚ

 

4ТҚ

Макс.балл

4

8

 

8

 

8

 

8

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

1 ӨМҮТ

2 ӨМҮТ

3 ӨМҮТ

4 ӨМҮТ

5 ӨМҮТ

6 ӨМҮТ

7 ӨМҮТ

36

Бақылау формасы

 

 

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл

6




4

4

4

8

4

4

8

2 рейтинг (5 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

26

26

26

22

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

9,10 ДҮТ

11,12 ДҮТ

13,14 ДҮТ

15 ДҮТ

14

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

2

Сабаққа қатысу және зертханалық сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

5 зертҮТ

6 зертҮТ

7 зертҮТ

8 зертҮТ

16

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

4

4

4

4

Зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е




Е

 

Е

Е 




32

Бақылау формасы

 

5ТҚ

6ТҚ

 7ТҚ

 8ТҚ

Макс.балл

4

8

8

8

8

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

8 ӨМҮТ

9 ӨМҮТ

10 ӨМҮТ

11 ӨМҮТ

12 ӨМҮТ

13 ӨМҮТ

14 ӨМҮТ




38

Бақылау формасы

 

К

К

К

К

К

К

К




Макс.балл

5

5

5

5

5

5

5

8



Шартты белгілеулер: 1ДҮТ –№1 дәріске дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, 1зертҮТ –№1 зертханалық жұмысқа дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Р – рұқсатнама, Е – Есеп, 1ТҚ – №1 зертханалық жұмысты қорғау, 1ӨМҮТ – №1 өздігінен материалды меңгеруге берілетін үй тапсырмасы; К – коллоквиум.



Қорытынды рейтингтi есептеу әдiстемесi
Пән бойынша Қорытынды Бағаны (Қ) Жіберу Рейтингі (ЖР) мен Қорытынды Бақылау (ҚБ) ұпайларын олардың үлестеріне (Үжр, Үқб) көбейту арқылы мына формуламен есептейдi:
Қ=ЖР·Үжр+ҚБ·Үқб
Осы пән бойынша қорытынды бақылау түрi емтихан болып табылады.

Университеттiң ғылыми кеңесiнiң шешiмi бойынша бақылау түрлерi және ағымдағы үлгерiм бойынша келесiдей ара салмақ үлесi тағайындалған.






Қорытынды бақылау түрi

Бақылау түрлерi

Ара салмақ үлесi

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерiмдi бақылау

0,6

Студенттердің пән бойынша семестрдегі жіберу рейтингі мынаған тең:


ЖР=(Р1+Р2)/2
Семестр ішіндегі Р1 мен Р2 рейтингтері былай анықталады:
Р1(2) =АҮ1(2)·0,7+МБ1(2)·0,3
Ағымдағы Үлгерім (АҮ) жоғарыдағы Бақылау шараларының күнтiзбелiк кестесi арқылы 100 ұпайлық баған бойынша есептеледі.

Межелік Бақылау (МБ1 және МБ2) бағасы әрбір рейтинг (Р1 және Р2) мерзімі келгенде 100 ұпай бағанымен анықталады.



Қорытынды Бақылау (ҚБ) ұпайы да 100 балдық жүйемен бағаланады.
Ұпай санымен алынған пән бойынша қорытынды рейтинг (Қ) төмендегi кестеге сәйкес өзiнiң сан түрiндегi (С), әрiп түрiндегi (Ә) және дәстүрлi жүйедегi баға түрiндегi (Д) баламасына айналдырылып, “Тәлiмгерлердiң оқу жетiстiктерi журналына” және “Рейтинг тiзiмдемесiне” жазылады.


Ұпай тү-рiндегi қо-рытынды баға (Қ)

Ұпайлардың сандық баламасы (С)

Әрiп жүйесiнде бағалау (Ә)

Дәстүрлi жүйе бойынша бағалау (Д)

Емтихан, диф.сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ емес


Ескертпе:

Межелік бақылауға (МБ) жіберілу үшін студенттің Ағымдағы үлгерімі (АҮ) бойынша ұпайы болуы керек.

Егер студент Межелік бақылауға (МБ1, МБ2) кірмей кетсе немесе одан 50 баллдан төмен ұпай алса, ондай жағдайда студенттің Рейтингі (Р1, Р2) есептелмейді. Мұндай жағдайда декан студентке МБ тапсыру үшін жеке мерзім тағайындайды.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберілу үшін студент пәннің жұмыстық бағдарламасында белгіленген талаптардың барлығын (зертханалық, өзіндік жұмыстарды, берілген тапсырмаларды) орындап шығуы және Жіберу рейтингі (ЖР) бойынша 50 ұпайдан кем алмауы керек.

Жіберу рейтингі (ЖР) мен Қорытынды бақылау (ҚБ) бойынша оң бағасы бар студенттің ғана Қорытынды рейтингі (Қ) шығарылады. Болмашы себептердің салдарынан Қорытынды бақылауға (ҚБ) келмей қалған жағдайда ондай студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

11 Курс саясаты
Оқу үрдiсiне қатысу деген сабаққа уақытымен келу, тақырыпты талқылауда белсендiлiк көрсету, оқу бөлмесiнде өзiн тәртiптi ұстау, басқа студенттер мен оқытушыға бөгет жасамау болып табылады. Сабаққа кешiкпеу керек.

Дәрiс сабақтарға қатысудың әрқайсысы 2 ұпаймен, ал зертханалық сабаққа қатысу 3 ұпаймен бағаланады.

Зертханалық жұмыстарды орындап, белгіленген мерзімде есебін жазып қорғаудың маңызы зор. Осы жұмыстардың есебін қорғау 7...9 ұпайдан болып тағайындалған. Сонда бір зертханалық сабақта отырып, осы жұмысқа қатысқаны үшін 3 ұпай және өткен жұмыстың есебін қорғап 7, 8 немесе 9 ұпай, барлығын қоссақ 10 ұпайдан 12 ұпайға дейін жинауға болатынын есте ұстау керек.

Тәлiмгердiң өздiк жұмысы дәрiс сабақтарында берiлген тақырыптарды өз бетiмен тереңдете оқу, зертханалық жұмыстарды орындауға дайындалу, оқыған тақырыптар бойынша конспект жазудан тұрады. Жазған конспектiнi оқытушыға көрсетiп, тақырып мазмұнын толық келтiріп, ауызша жауап берсе әрбiр тақырып 5 ұпаймен бағаланады. Аса маңызды деген тақырыптар (3, 13 және 14 тақырыптар) бойынша 7, 8 ұпай беріледі.

Семестрде екi мәрте, 8-шi және 15-ші аптада, бiрiншi және екiншi межелiк бақылау жүргiзiледi. Әрбір межелiк бақылауда тәлiмгер 100-ге дейiн ұпай ала алады. Межелiк бақылау тест түрінде қабылданады. Қойылатын сұрақтар саны мүмкiндiгiнше өткен тақырыптарды түгелдей қамтиды. Маңызды деген тақырыптар бойынша бiрнеше сұрақ болуы мүмкiн.

Емтихан тапсыру 100 ұпаймен бағаланады.

Тәлiмгерлердiң оқу тәртiбiн бұзушылығы ұпай азайту түрiндегi айып салумен жазаланады. Айып шамасы төмендегiдей болады.


  • Дәрiс немесе зертханалық сабаққа қатыспаса 0 ұпай қойылады.

  • Сабаққа кешiгiп келсе 1 ұпай жоғалады.

  • 15 минуттан артық кешiккен жағдайда сабаққа кiргiзбей 0 ұпай жазылады.

  • Тәртiп бұзып сабақтан қуылса - 0 ұпай.

  • Тәртiбi үшiн ескерту алып, бiрақ сабақта қалдырылса 1 ұпай шегерiледi.

Тапсырманы орындау және қорғау кестесiн бұзу былай жазаланады.

Мерзiмiнен кеш жазылған конспект немесе қорғалған зертханалық жұмыстардың ұпай сандары кестеде көрсетiлгеннен кешiккен сайын азайтылып отырады. Семестрдiң соңғы жұмасына дейiн кешiктiрiлген жұмыстардың ұпайы 0 –ге дейiн азаяды.



12 Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1 Литейное производство. Учебник для металлургических специальностей вузов. М., 1987.-256 с.

2 Сүйіндіков М.М., Түсіпбекова М.Ж., Быков П.О. Құю өндірісі. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. -Павлодар, ПМУ, 2006.-24 б.

3 Сүйіндіков М.М., Құю өндірісі. Металлургия және машина жасау мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2010. – 134б.
Қосымша әдебиеттер

1 Абрамов Г.Г., Панченко Б.С. Справочник молодого литейщика. М., 1991.-319 с.

2 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiк: Металлургия және кен iсi/жалпы ред.басқарған А.Қ.Құсайынов –Алматы, 2000 –288 бет.

3 Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк: Металлургия /Жалпы ред. басқарған проф. Е.Арын –Павлодар,2002 –65 бет.


Ұсынылатын мерзімді басылымдар

«Литейное производство» журналы



«Библиотечка литейщика» журналы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет