3) Қазіргі Қазақстандағы ғылым мен техника.
Қазіргі уақытта ғылым саласындағы басым бағыттардың бірі әлемдік ғылым кеңістігіне кірігу болып табылады. Ғылым мен техника саласында Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Корея, Жапония, Германия, Франция, Польша, Ресей, Украина және т.б. елдермен 30-дан астам мемлекетаралық келісімдер жасалды. Осындай интеграцияның маңызды құралы – бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу. Мысалы, Назарбаев Университетінде ЛСА Жапон компаниясы күн фотоэлектрлік жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу жобасын жүзеге асыра бастады. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Ядролық зерттеулер біріккен институтымен (ЯЗБИ) ынтымақтастықта табысты жұмыс істейді. Үндістанмен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Келісім бойынша үнді тарапынан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде заманауи суперкомпьютер орнатылды. Президент тапсырмасына сәйкес дарынды шетелдік ғалымдарды жұмысқа тарту бойынша, соның ішінде үздік қазақстандық ғалымдарды елімізге қайта оралуға ынталандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Отандық ғалымдардың ауқымды халықаралық жобаларға қатысуы үшін жағдайлар жасалып жатыр.Қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы педагогтар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді қолдануды игеру, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін алға тартады. Осы бағытта Қазақстанда әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасу мақсатында атқарылып жатқан жаңашыл идеяларда өз нәтижелерін көрсетіп жатқандығын баспасөз арқылы көру,есту жаңа міндеттерді жүктейді. Шетелдік тәжірибелерді бақылай отырып, тиімді жақтарын өзімізге енгізу уақыт талабы. Дегенменде, бұл тұрғыда әр елдің өз жолы болуы заңды . Олай дейтін себебім,әр ұлттың менталитеті бар. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік үрдісі мүлдем жойылып кетуі мүмкін емес жағдай. Бірақ, қазіргі таңда уақыт талабына сай бетбұрыс жасауда керек.
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және Мемлекет басшысы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін; қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін; техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін береді.
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және Мемлекет басшысы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін; қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін; техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 679 Жарлығына сәйкес Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық 19 жұмыстың ішінен іріктеліп алынған үш жұмысқа берілді.
«Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» атты жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Математика және математикалық моделдеу институтының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |