Сабақтың негізгі міндеті шығармаларды тыңдау, мазмұны бойынша түсінікті ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, тақпақтарды түсіну үшін жағдайлар жасау.
Шығарма кейіпкерлеріне деген жанашырлық дағдыларын, халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоциялы түрде жауап беруді қалыптастыру.
1 жастан 1 жас 6 айға дейін
Шағын қарапайым мазмұнды әңгімелерді, тақпақ, әлдилерді сурет, ойыншық, түрлі әрекеттер және аудио-бейнематериалдар арқылы тыңдау мәдениетін және оларды түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Көркем мәтінді тыңдау және оның мазмұнын белсенді қабылдау дағдыларын дамыту.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін
Мәнерлі сөйлеудегі: көркем шығарманың мазмұнына қатысты айтылатын сұраулы, бұйрықты, лепті интонацияларды түсінуін дамыту. Мәтінді қайталап оқу, көрсету арқылы сөздерді айта білуге үйрету.
Балаларға ойын әрекеттерін, оқу, айтып беру, көрсету барысында мәтінге сәйкес таныс әуендерді орындай білуге, халық шығармаларының, тақпақтар мен әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне эмоциялы қабылдауға баулу.
Екі жасқа толғанда - адамдар мен жануарлардың әрекеттері бейнеленген шағын әңгімелерді, ертегілерді, өлеңдерді тыңдауға және эмоционалды көңіл-күйлерін білдіруге, балалардың түсінуіне жеңіл табиғат құбылыстарын: қар, жаңбыр, жел, шалшық т.б. атауға үйрету.
Оқу, айтып беру және көрсету барысында балаларды шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, пікірін айтуға баулу.
Балалардың мәнерлеп сөйлеуді түсінуін, мәтіндегі сөздерді айта білу дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Балалар ойын әрекеттерінде халық шығармаларының, тақпақтардың, әндердің музыкасы мен ырғағына көңіл күйін білдіреді, адамдар мен жануарлардың әрекеттерін, табиғат құбылыстарын сипаттауға үйренеді.
Шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық сезімдерін білдіру, көмек көрсету сезімдерін қалыптастыру.
Кітаптардағы суреттерді қарастыруды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- өзінің, жақын адамдарының есімдерін, киімнің, жиһаздың, ыдыстардың, кейбір қозғалыс құралдарын атай біледі;
- бөлмедегі және одан тыс заттардың(бақшада, аулада, көшеде) атауларын біледі;
- кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын біледі;
- заттардың белгілерін, жай-күйлерін, орналасқан орындарын атайды;
- жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдарды, уақыттық және сандық қатынастардың атауларын атайды;
- жай сөздерді қолданады және оларды түсіндіреді;
- өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық- жануарлардың дене мүшелерін ажыратады және атайды;
- дыбыстық еліктеуіш сөздерді жалпы қолданылатын сөздермен ауыстырады (аб- аб-ит);
- құрылымы мен мазмұны бойынша қарапайым тіркестерді тәрбиешінің ойыншықтарды, өзінің қимылдарын көрсетуін түсінеді;
- жай сөйлеммен айтылған өтініштерді орындайды ;
- 1–3 әрекеттен тұратын, қуыршақ пен ойыншықтармен күрделі емес шағын сахналауды түсінеді;
кейбір есімдіктерді (мен, біз, сен, маған), үстеулерді (онда, сонда); сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды (-да, -де,- та, -те) қолданады;
- таныс заттар туралы сұрақтарға сөзбен немесе қысқа сөз тіркесімен жауап береді;
- сөзбен немесе қысқа сөз тіркесімен өз өтінішін білдіреді, тапсырманы мұқият тыңдайды және оны басқа адамға жеткізе алады;
- дауысты дыбыстарды және түсінікті артикуляциялық қатынастағы дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
- шағын, қарапайым әңгімелерді, тақпақтарды, өлеңдерді, сәйкес суреттерді қолдана отырып тыңдайды, түсінеді;
- көркем мәтінді тыңдайды және оны эмоциямен қабылдайды;
- шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |