1 жастан 1 жас 6 айға дейін Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді тани білуге, табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтарды, жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй құстары мен жануарларды (ит, мысық, қоян, тотықұс) бақылауға, шөпті, гүлдерді, ағаштарды (бұталарды) ажыратуға және оларға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Заттарды, еңбек құралдарын, жануарларды, кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру.
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығы дамыту, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін
Аталған жастағы балаларда қоғам өміріндегі кейбір нақты жағдаяттар жайлы қарапайым ұғымдар қалыптасады.
Балалар үйренеді:
- қоршаған ортадағы және суретте берілген заттарды, көлік түрлерін,үй жануарларын танып, олардың дауыстарына еліктеуді;
- жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын,белгілерін ажыратады және атайды;
- табиғат құбылыстарын бақылап, оларды атайды;
- гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөледі;
- кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біліп, оларды суреттерде және шынайы тани біледі;
- су мен құмның қасиеттерін біледі.
Режимдік сәттер барысында танымдық қабілеттерін қалыптастыру үшін қоршаған ортамен таныстыруды қамтамасыз етуде, түрлі заттардың қасиеттерімен, пішіндерімен, түстерімен танысу мақсатындаойындар ұйымдастырылады.
Күтілетін нәтижелер:
- кейбір жануарларды шынайы тұрғыда, суреттерден, ойыншықтардан таниды және атайды, олардың дауыстарына еліктейді;
- қоршаған ортадағы және суреттегі заттарды таниды;
- шөп, гүлдерді, ағаштарды ажыратады және оларға қамқорлық танытады;
- нақты түстегі гүлді табады,ересектің көмегімен гүлді, ағашты, шөпті көрсетеді;
- кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біледі, оларды суреттерде және шынайы таниды;
- табиғат құбылыстарын атайды;
- су мен құмның қасиеттері жайлы ұғымдарға ие.
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ТОП
Достарыңызбен бөлісу: |