Балаларды үйрету:
- құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды;
- құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.
Білімдерін қалыптастыру:
- әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;
- материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр) туралы;
- кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік туралы;
- қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы.
Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;
- заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;
- құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;
- құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.
Жаратылыстану
Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;
- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды;
- көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;
- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқайды;
- жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;
- аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;
- табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды.
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |