Тақырыбы: «Құстар әлеміне саяхат»



Дата15.09.2017
өлшемі397,82 Kb.
#33744
ЖМБМ«Еркем-ай» бөбекжай-бақшасы»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «қатынас»



Бөлім: «қазақ тілі», «таным»

Тақырыбы: «Құстар әлеміне саяхат»

Ересектер тобы



Қазақ тілі мұғалімі:

Абильтаева Венера Сериковна

Петропавл қаласы 2017 жыл



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Жас шамасындағы топ: мектепке дайындық тобы

Қазақ тілі мұғалімі: В.С.Абильтаева

Білім беру саласы: «қатынас», «таным»

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: «Құстар әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Таныс суреттерден жылдың мезгілдері туралы ойларын, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіру, балалардың ойлауын, тілін, сөздік қорларын сұрақ-жауап арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап күтуге дағдыландыру, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: аққу, ұя, жұмыртқа, торғай, қарлығаш, сауысқан, бұлбұл.

Көрнекілігі: Магнит тақта, құстардың суреттері, күннің, жемшашардың суреттері, лингофон, үнтаспа.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме!

Балалар, сендер бүгін қандай әдемі және жақсы едіңдер, осындай әдемі және жақсы балаларды мен қазақ тілі сабағына шақырамын. (Балалар өз орындарына отырады). (Мұғалім мен балалар лингафон арқылы сөйлеседі). Балалар, біздің бөлмеге күннің көзі сәулесін шашып тұр. Айтыңдаршы, күннің көзі қандай болады?

Дұрыс, балалар күннің көзі сендерге рахметін айтып жатыр, ол үшін біз сендермен бір тапсырманы орындауымыз керек. Мына суретке қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген, кім айтып береді? (тақтаға көктемнің суретін ілу, балалар суреттегі бейнелерді әңгімелеп береді).



- Жақсы, балалар, құстар әлеміне барғыларың келе ме?

-Онда сұрақтарға жауап беріңдер. Қандай құстарды білесіңдер?

- Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты құстар нешеге бөлінеді?

-Дұрыс, онда құстар болып ұшайық (балалар орындарынан тұрып, құс болып ұшады)



-Біз қайда келдік? (үнтаспаны жіберу, құстардың орманда сайрағанын естірту).

-Кімдердің дауыстары естілді?

Балалар, мен сендерге «Бақтағы оқиға » атты әңгімені оқып берейін. «Айгүл анасымен бірге келе жатты. Күн суық, жаңбыр. Бақта адам жоқ. Жолдың үстінде Айгүл кішкене ғана жұп-жұмсақ бір нәрсенің жатқанын байқап қалып, жүгіріп келеді. Көргені кішкентай торғайдың балапаны болды». Одан әрі не болғанын сендердің ойларыңнан кейін айтамын. (Балалар өз ойларын айтады).

- Дұрыс, ал енді әңгімені ары қарай тыңдайық. «Айгүл торғайдың баласын қатты аяп, үйіне әкеліп қарайды, өз қамқорлығына алады. Күн жылынғанда ұшырып жібереді. Торғайдың балапаны Айгүлді қимай бірнеше рет айналып ұшып, жоғары көтеріле береді».

- Дұрыс, торғайға өз тақпақтарымызды айтып берейік. Ең алдымен бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Кәне, қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

- Кәне, торғайға арнап қандай тақпақтар айтар едіңдер?

-Дұрыс, балалар сендер құстар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Өте тамаша, балалар қазір біз сендермен құстарды топтастыру ойынын ойнаймыз.(Ойынның мақсаты: құстарды ажырата білуге үйрету. Күннің жанына жыл құстарын, жемшашардың жанына қыстап қалатын құстарды топтастыру). Жыл құстары (күннің көзі) – аққу, қарлығаш, тырна, қараторғай. Қыстап қалатын құстар (жемшашар) – торғай, қарға, көгершін, шымшық.

-Жақсы, балалар, енді сендер құстарға байланысты тыйым сөздерді айта аласыңдар ма?

- Айта ғой.

(лингафонмен жауап беру).

Дұрыс, балалар енді сендермен сурет бойынша сұрақ-жауап ойынын ойнайық. (Тақтаға слайд арқылы құстардың суреттерін көрсету, мұғалім сұрақты оқйды, балалар кезекпен тақтаға шығып, суреттегі құсты дұрыс тауып айтып береді).



  • Ең әдемі құс қандай құс?

  • Тауда мекендейтін қандай құс?

  • Ең кішкентай құс қандай құс?

- Қарға қандай?

- Үкінің көзі қандай?



  • Қандай құсты емші дейміз?

- Аққу қандай құс?

- Құстарға не шашамыз?

- Не жасап береміз?

Дұрыс, балалар енді біз сендермен құстар туралы жұмбақтар шешейік. (жұмбақтың жауабындағы құстардың суреттерін тақтаға теріс іліп қою, балалар сол құстардың суреттерін дұрыс тауып, түзу қою).

Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы?

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты.

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді....................

Үні ғажап, дүлдүл,

Бақта сайрар.............

Тоқылдатып, мазаны алып, Ағаштарды мазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті тазалап.

Орыннан орынға ауысқан,

Ұшқалақ қара ала..............

Дұрыс, балалар біз бүгін орманда біраз саяхаттап жүріп қалыппыз, енді біз бақшамызға қайтуымыз қажет, ол үшін мына ойынды ойнап жіберейік. Ойын: «Құстар қалай үн қатады?» (Бұл ойын сөзбен ойналатын ойын. Тақтаға слайд арқылы аққудың, бұлбұлдың, бүркіттің, көгершіннің, торғайдың суреттерін көрсету.Балалар суреттердегі құстарды атап, олардың дауыстарын дауыстап береді).

Аққу.............................................

Бұлбұл ........................................

Бүркіт..........................................

Көгершін.....................................

Торғай..........................................

Дұрыс, балалар, міне біз балабақшамызға да келіп жеттік, сабақта аяқталып қалды. (Сабақты қорытындылау).



-Біз бүгін қайда бардық?

-Дұрыс, орманда не көрдіңдер?

-Қандай құстарды білесіңдер?

Жақсы, балалар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, ал енді қонақтармен қоштасайық . Сау болыңдар!



Шеңбер бойында тұру.

Қолды алға созу.

Қолды көкке созу.

Қолды қонақтарға созу.

Қолды кеудесіне қою.

Басты төмен ию.

-Күннің көзі сары, дөңгелек, жарық, жылы нұрын шашады.


Бұл суретте көктем айы бейнеленген. Көктемде күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік атып, жапырақтар шыға бастайды, балалар қысқы киімдерін шешіп, жеңіл киімдерін киеді, құстар жылы жақтан ұшып келеді. Тракторшы жер жыртып жүр, құстар жердің бетіне шыққан құрттарды жеп, пайда келтіріп жатыр.

-Иә.

-Қарға, сауысқан, торғай, қарлығаш, аққу т.б.

- Құстар жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты-қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып екіге бөлінеді.

-Біз орманға келдік.


-Құстардың дауыстары естілді.

Айгүл балапанды үйіне алып кетті.

Айгүл оны тастап кетті. Айгүл балапанды жылытты.

Торғайдың айналып ұшқаны-Айгүлді қимағаны, рахмет айтқаны.



(қанаттарын қағу)

(қанаттарын қағып, айналу)
(қанаттарын қағу)

(қанаттарын қағып, секіріп-секіріп алу)
Шыр-шыр еткен торғайды,

1-бала. Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

2-бала. Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды

«Қарға қаңқылдаса, қысты шақырады»,

«Қара құс басып жейді, Сұңқар шашып жейді», «Көкек өз атын шақырады», «Құс жеткен жеріне қонады».


(Балалар, тақтаға бір-бірден шығып, өзіне ұнаған құс жайлы айтып тақтаға іледі).

-Иә.
1-бала: «Аққуды атпа».

2-бала: «Құстың ұясын бұзба».

3-бала: «Құстың жұмыртқасын жарма».


- Тотықұс.

  • Бүркіт.



  • Торғай.

- Қарға қара.

  • Үлкен.



  • Тоқылдақты.

  • Аппақ құс.

  • Жем, нанның қиқымын шашамыз.

  • Ұя.


(Аққу)


(Қарлығаш)


(Шымшық)

(Бұлбұл)

(Тоқылдақ)

(Сауысқан)

(қиқылдайды).

(сайрайды).

(шаңқылдайды).


(уілдейді).

(шиқылдайды).

-Орманға саяхатқа бардық.

-Орманда әр түрлі құстарды көрдік.



-Жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды білеміз.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: құстар туралы : аққу, қарлығаш сөздерінің қазақша атауларын естеріне сақтайды, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып үйренеді.

Игеру керек: тапсырылған жұмысты аяғына дейін жеткізу дағдысын игереді.

Үйрену керек: суреттер арқылы құстарды ажыратып, олардың аттарын дұрыс атай біледі.
Каталог: uploads -> doc -> 03cb
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03cb -> Бекітемін: Күні: 21. 10. 2016 ж. Тәрбие сағатының тақырыбы: Тұран өркениетінің ұлы перзенті – Жалаңтөс Баһадүр
03cb -> Сабақ типі: аралас Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап Көрнекілігі: таблицалар, суреттер Сабақтың барысы
03cb -> Оқулықпен жұмыс жасай білу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет