-баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
-мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;
- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
- әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторинг ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және дене саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
- баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Бағдарламаның құрылымы: түсіндірме жазба, білім беру салаларының мазмұны мен күтілетін нәтижелерден тұрады.
Бағдарлама мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6(7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас ─ 5 жастан 6(7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін ─ мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы).
Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне ұсынылады.