Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет90/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   192

Күтілетін нәтижелер:


- отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;
- мазмұнды-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды;
- қазақ халықының тұрмыстық заттарын атайды;
- заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауды біледі;
- көлік құралдарын біледі;
- мектеп, балабақша, балабақша қызметкерлері туралы түсініктерге ие;
- жануарлар мен құстарға қамқорлықпен қарайды;
- өздері тұратын қала мен ауыл туралы, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие.
Экология негіздері
Өлі және тірі табиғат құбылыстары және заттары
Өлі және тірі табиғат жайлы білімдерін қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Дағдыларын қалыптастыру:
- ауа райының жағдайларын анықтай білу
- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау;
Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету.
Бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.Табиғат бұрышын мекендеушілерге және қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет