Жалпы дамытушы жаттығулар Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолдарды басқа қою, оларды екі жаққа созу және түсіру. Орындықтың арқасына, қабырғаға арқасымен сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру, таяқты (құрсау) жоғары көтеру, иықтан асырып түсіру, бастапқы қалыптан қолдарды буынынан жан-жағына айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар
Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Кезекпен аяқты бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.
Аяққа арналған жаттығулар
Тізесін бүгіп тұрып, аяқтарды кезекпен көтеру. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Аяқтың саусақтарымен жіпті жинау; құмы бар қаптарды іліп алып, бір орыннан басқа орынға ауыстыру. Қосалқы қадаммен жүру. Тұрған қалыпта аяқ саусақтарымен орамал және басқа ұсақ заттарды іліп алып оларды басқа орындарға қою. Аяқ өкшесін айналдыру.
Достарыңызбен бөлісу: |