Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет177/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   192

Сурет салу


Заттық сурет салу
Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) елестету және заттарға қарау арқылы бере білу ұғымдарын қалыптастыру. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету.
Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.
Біліктерді қалыптастыру:
- түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей алу;
- жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;
- жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;
- қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;
- табиғат нысандарын бейнелеу;
- түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдау;
- өз жұмысының нәтижесін бағалау.
Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру; барлық құстар сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан ұқсас болып келеді, түсіне, пішіні мен бөліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету. Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдары балалардың сюжетті сурет салуына ауысады.
Сәндік сурет салу.
Түрлі пішінді қағазда симметриялық ою-өрнектерді құрастыра білуге тәрбиелеу, көлемді пішіндерді безендіру.
Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.
Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнердің желісі бойынша сурет салу.
Сюжеттік сурет салу.
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі кеме және т.б. қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.
Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және т.б. сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру.
Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.
Жаз мезгілінің табиғат құбылыстарын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, ойдан сурет салуды қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет