Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет5/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192

Күтілетін нәтижелер:


- негізгі қимыл түрлерін үйлестіре алады;
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін өз-өзіне қызмет көрсетудің алғашқы дағдыларын игерген;
- ересектердің көмегімен өзін ретке келтіреді;
- тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттанған сезімін білдіреді;
- дене жаттығуларын орындауға ықылас танытады.


1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін


Жүру.Жолмен жүру (ені 30 см, ұзындығы 3-5 м), орындықтардың, текшелердің, таяқтардың, кегльдердің арасымен, текшелерден, құрсаулардан, таяқшалардан аттап жүру; құрсаудан құрсауға өту; жоғары, төмен қойылған көлбеу тақтай үстімен; тәрбиешімен бірге гимнастикалық орындықтың үстімен жүру; қолдарына заттарды ұстап, бағытты өзгертіп жүру; допты домалатып артынан жүру; жәшіктің үстіне немесе гимнастикалық орындыққа шығып, түсу; жүру («сарбазға», «тышқанға», «күшікке», «құсқа», «аюға») еліктеу.
Еңбектеу. Гимнастикалық орындықтың үстінен, астынан өрмелеп еңбектеу; домалаған доптың артынан еңбектеу, жоғары қойылған көлбеу тақтайдың, гимнастикалық орындықтың бойымен еңбектеу. Бір аяқты екінші аяқтың жанына қойып, бөренеден асып өту.
Домалату және лақтыру. Допты шағын төбешіктен домалату, допты тәрбиешіге, басқа балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, баланың кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.
Жалпы дамытушы жаттығулар: қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру; қолды алға созу, қолды арқаға қою, бүгу және қайта жазу; қолдың білектерін сермеу, айналдыру; қолдың алақандарын жоғары, төмен бұру; қолдың саусақтарын бүгу, ашу, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу; заттарды бір-біріне беру арқылы отырып және тұрып оңға, солға қарай бұрылу, алға еңкейіп және түзулену; сүйемелдеу арқылы жүрелеп отыру, секіруге ұмтылу.
Қимылды ойындарды ұйымдастырудың түрлері – жұптасып , шағын топпен, топпен ұйымдастыру түрлері.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Гигиеналық талаптарды сақтау дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
Тамақтану кезінде:
- үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру;
- орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру;

    • тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту.

Жуыну кезінде:

    • қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақанымен жуу;

    • ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.

Киініп-шешіну кезінде: киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау.
Баланың түбекке сұрануы, өз түбегінің орнын білуі, өзінің ғана түбегіне отыра білуді бекіту.
Ескерту жасалған кезде қалтасынан өзі қол орамалын алып және мұрнын сүртіп, қайтадан қалтасына сала білу.
Өз киімдерінің, орамалының орнын, үстел басындағы өз орнын, киіміне арналған шкафты білу.
Дербес қозғалыс әрекеттерін қамтамасыз ету.
Балалардың дербес ойындарында қимыл белсенділігін реттеуге ықпал ететін жағдайлар жасау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары және салауатты өмір салты дағдыларын бойына сіңіру. Балаларды шынықтыруды күні бойы және ұйқыдан соң киіндіру кезінде жүзеге асыру.
Киіміндегі олқылықты байқай білуге тәрбиелеу, ересектердің көмегімен өзін ретке келтіруді, ұқыптылыққа және тазалыққа қанағаттану сезімдерін дамыту.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Медицина қызметкерінің жетекшілігімен ауада және суда шынықтыру шараларын жүргізу.
Бөлмедегі ауа температурасы қалыпты болғанда киімдерін ауыстыру, массаж кезінде және күндізгі ұйқыдан соң ұзақтығы 3–5 минут болатын ауа ванналары іске асырылады.
Күнделікті шынықтырудың бір түрі — суды ағызып, қолын шынтаққа дейін жуу. Сумен шынықтыру бөлме температурасы
+22°Стөмен болмағанда жалпы немесе жергілікті шаралар түрінде жүргізіледі.
Арнайы шынықтыру шаралары (ұсынылған тәсілдердің біреуі қолданылады):

  • беліне дейін және бүкіл денесін дымқыл шүберекпен сүрту. Судың температурасын +36°С бастап +28°С жеткенге дейін біртіндеп төмендету (4–5 күн сайын 2 градусқа төмендету). Денесінің белгілі бір бөлігін сүртінуде су температурасын +35°С бастап +23°С дейін (4 күн сайын 2 градусқа төмендету) жеткізу.

  • қарама-қарсы температурадағы жылы, салқын су құю: басында су температурасы +36°С бастап +25°С дейін, соңында +38°С бастап

+18°С дейін.
Жаз мезгілінде барлық режимдік сәттер мүмкіндігінше таза ауада ұйымдастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет