Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет91/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   192

Күтілетін нәтижелер:


- табиғаттың маусымдық өзгерістерін анықтайды;
- табиғатқа қамқорлық жасауға ынталанады;
- бірнеше ағаштардың түрлерін, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістерді таниды және атайды;
- үй және жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды;
- табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды.


II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Қоршаған ортамен таныстыру


Менің отбасым
Өзінің отбасы, отбасылық қарым- қатынас туралы әңгімелеп беру дағдыларын қалыптастыру.
Қоршаған ортадағы заттарды, кеңістікті бағдарлауды меңгерту.
Заттардың сапалары мен қасиеттерін:сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.
Балаларға түрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдануды, бейтаныс заттардың атқаратын қызметтерін түсіндіру, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгерту.
Балаларды өзге адамдардың іс - әрекеттерін бақылауға үйрету.
Көлік, байланыс құралдары
Жерде жүретін және ауада ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін бекіту.
Ересектер еңбегі
Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсетуге деген тілектерін қолдау.
Қазақстан - менің Отаным, еліміздің рәміздері
- Қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйімен таныстыруды жалғастыру. Қазақстанның туы туралы түсінік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет