- отбасы мүшелері туралы, оларға өзінің қарым-қатынасы туралы әңгімелейді;
- айналасындағы заттардың қолданысын біледі;
- заттардың сапасы мен қасиеттерін: сипау, дәмін тату және есту арқылы таниды;
- көлік құралдарын таниды және атайды;
- бағдаршам белгілерінің маңызын түсінеді және атайды;
- басқа адамдардың еңбек нәтижелеріне құрмет танытады, көмек көрсетуге ынталы;
- қазақтардың дәстүрлі мекені туралы түсініктерге ие;
- Қазақстан Туын таниды атайды.
Экологиянегіздері Өліжәне тірі табиғатқұбылыстарыжәнезаттары Балалардың өлі табиғат нысандары жайлы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту дағдыларын жетілдіру.
Табиғаттағымаусымдықөзгерістер Көктем мезгілінде ауа райының жағдайларын бақылау және анықтай білуді жетілдіру. Жаз мезгілінің кейбір сипаттық ерекшеліктері жайлы білімдерін жетілдіру. Жаз мезгілінде табиғатты бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Өсімдіктерәлемі Туған өлкенің өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерін жетілдіру. Ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін тану және атау, өсімдіктердің бөліктерін тану дағдыларын қалыптастыру.
Жануарларәлемі Балалардың үй жануарлары және олардың төлдері, жабайы жануарлар туралы, өздеріне таныс жануарлардың сыртқы ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау, оларға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру.
Құстар мен жәндіктер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Қоршаған ортаның объектілеріне жағымды, ұқыпты қатынастарын қалыптастыру.