Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет95/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   192

Спорттық жаттығулар


Шанамен сырғанау.
Төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату; шаналармен төбешікке көтерілу; төбешіктен түскенде тежеуге, мұзды жолдармен өздігінен сырғанау.
Шаңғы тебу.
Шаңғымен бірінің артынан бірі сырғымалы қадаммен жүру. Төбешікке қосалқы қадаммен, қырымен көтерілу. Ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешеді.
Велосипед және самокат тебу.
Үш дөңгелекті және екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау.
Жүзуге дайындық
Суға түсу, суда ойнау. Суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп, қимылдар орындау. Иекке дейін, көздеріне дейін суда отыру. Судан шығу. Бетін суға түсіру. Басын суға түсіру. Еркін әдіспен жүзуге талпыну.
Спорттық ойындардың элементтері
Кегль ойындарына үйрету. Бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру. 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру.
Футбол
Берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір-біріне домалату.
Хоккей
Берілген бағытта шайбаны таяқпен домалату, оны қақпаға енгізу.
Денешынықтыру сауық кеші 2 айда 1 рет өткізіледі, ұзақтығы –
20 минут.
Денешынықтыру мерекесі жылына 2 рет (жазда және қыста) өткізіледі, ұзақтығы - 45 минут.
Денсаулық күні 2 айда 1 рет өткізіледі, ұзақтығы - 30 минут.
Дербес қимыл белсенділігі
Балалардың доптармен ойындарын жетілдіру, денешынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру. Ауа райының жағдайын ескере отырып, балалардың таза ауадағы қимыл белсенділігі үшін жағдайлар жасау.
Шынықтыру және сауықтыру жұмысы
Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы және жергілікті су шараларын жүргізуді жалғастыру: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды , денені шаю. Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру.
Мәдени- гигиеналық дағдылар
Бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату.
Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.
Жалпы дамытушы жаттығулар
Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Кеудеге арналған жаттығулар
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу. Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу. Екі қолды белге қойып, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтерілу; екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін ұшымен қою, топылдату. Қатарынан 4–5 рет жүрелеп, екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақ пен екі тұсқа көтеріп, отыру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет